Ауіпті және зиянды факторлардың адам организміне әсері.
бек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша нұсқаулықтарды жұмыс берушінің әзірлеу және бекіту ережелері.
ЕҚ және ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өміріне және денсаулығына басымдықты белгілеу; 2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету; 3) қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелері, процедуралары мен сынбағамдары болуы тиіс; 4) еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы біртұтас талаптарды белгілеуге; 5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес ЕҚ және ҚТ саласында қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың және ұйым басшыларының арасында құқықтар мен міндеттерді ажыратуға; 6) еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган, қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдері арасында ЕҚ және ҚТ саласындағы әрекеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге; 7) ЕҚ және ҚТ саласындағы заңнамаларға және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық келісім-шарттарға сәйкес болуға.
ЕҚ және ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу өздерінің құзіреттіліктеріне қарай сәйкес өкілетті мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. ЕҚ және ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркеуден өтуі тиіс және ресми жарияланған күннен бастап әрекетке енгізіледі.
ЕҚ және ҚТ бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс беруші бөлімшедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және тұтастай алғандағы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жекелеген жұмыс түрлеріне және жұмыс орындары үшін жүзеге асырады. Нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша келісім-шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы ғылыми мекеменің мамандары жүзеге асыруы мүмкін. Нұсқаулықтар жабдықтарды дайындаушы-зауыттардың пайдалану және жөндеу құжаттарында, және де жұмыс берушінің технологиялық құжаттамаларында мазмұндалған қауіпсіздік талаптарын және өндіріс жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республиаксының еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілері негізінде әзірленеді. Нұсқаулықтарда келесі тармақтар көрсетілуі тиіс: 1) нұсқаулықтың атауы, мұнда қандай мамандық үшін және жұмыстардың қандай түрі үшін арналғандығы көрсетілген; 2) технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы.
Нұсқаулықтың талаптары технологиялық процестің ретіне сәйкес және осы жұмыстар орындалатын жағдайларды ескеріп мазмұндалады:
1) еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың жалпы талаптары; 2) жұмысты бастау алдында еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары; 3) жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары; 4) апаттық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары; 5) жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігінің және қорғаудың талаптары.
Нұсқаулықтарды жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және қорғау қызметімен немее жауапты тұлғамен және басқа да мүдделі құрылымдармен, лауазымды тұлғалармен және қызметкерлердің өкілдерімен келіскеннен кейін бекітеді.
Жоғары қауіптілікке байланысқан кәсіптер немесе жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықтарды қайта қарастыру, үш жылда бір реттен сирек емес өткізілуі тиіс. Нұсқаулықтарды қайта мерзімінен бұрын қарастыру жаңа технологияларды немесе техникаларды енгізу кезінде, өндірістегі қайғылы оқиғаларды, апаттарды, қирауды тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, стандарттарының өзгеруіне байланысты.
5 дәріс.
Электр тоғымен жұмыс барысындағы еңбекті қорғау
Электр тоғының адам ағзасына әсері. Электр тоғынан зақымдану түрлері. Кернеу мен тоқтың шекті рұқсат етілетін деңгейлері.
Электр қондырғылары, құралдары мен агрегаттар өнеркәсіп мен тұрмыстың барлық салаларында кеңінен қолданыс тауып отыр. Электр қол аспаптары кең ауқымда қолданылады. Барлық жұмыс істеушілер қандай да бір дәрежеде электр энергиясымен байланысты. Электр тоғын дұрыс қолданбаған немесе белгіленген талаптарын сақтамаған кезде электр тоғы аса қауіпті болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес электр тоғынан зақымданудың өлімге әкелген жағдайларының 75-80% 1000 В дейін кернеумен электр қондырғыларында болады, бірінші кезекте 220 дан 380 В дейін кернеумен қондырғыларда. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіз еңбек шартын қамтамасыз ету үшін электр тоғының азам ағзасына қалай әсер ететіндігін, тоқтан зақымданудан қорғанудың қандай шаралары қолданылатындығын, электр тоғынан зақымданған адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігін және т.б. білу қажет.
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тоғы деп аталады. Металлдарда зарядтарды тасымалдаушылар электрондар – элементарлы зарядпен теріс зарядталған бөлшектер болып табылады. Тоқ күші i деп аз уақыт аралығында dt: өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр dq саны аталады.
Электр тоғы айнымалы болуы мүмкін, бұл жағдайда оның күші немесе бағыты (немесе екеуі де) уақытта өзгереді, немесе тұрақты болады, егер оның сипаттамалары өзгермейтін болса. СИ жүйесінде тоқ күшінің бірлігі ретінде ампер (А) қабылданған.
Электр тоғының адам ағзасына әсері өзгеше және жан-жақты сипатқа ие. Адам ағзасы арқылы өткен кезде электр тоғы ағзаның түрлі жүйелеріне термиялық, электролиттік және биологиялық әсер береді. Бұл жағдайда адамның өмірі үшін маңызды органдардың қызметі бұзылуы мүмкін: ми, жүрек, өкпе. Электр жарақаттары жалпы (электрдің соғуы) және жергілікті деп бөлінеді. Жергілікті электр жарақаттары – бұл анық көрінетін дененің зақымданулары: электр күйіктері, электр таңбалары, терінің металлдануы және механикалық зақымданулар. Электр күйіктері тоқтың адам денесі арқылы өтуінен немесе оған электр доғасының әсер етуінен болады. Электр доғасынан болатын күйіктер неғұрлым қауіпті және ауыр салдарларға әкеліп соғады (терінің зақымданған бөлігінің жансыздануы және тіндердің күйіп кетуі), себебі электр доғасының температурасы бірнеше мың градусқа жетеді. Шамамен барлық электр жарақаттарының 2/3 күйік болады. Электр тоғы өткен жерлерде теріде электр таңбалары пайда болады, олар анық көрінетін, диаметрлері 1-5 мм болатын сұр немесе солғын сары түсті дақтар. Бұл дақтар емделеді және уақыт өте зақымданған тері қалыпты түріне қайта келеді. Электр таңбалары шамамен электр жарақатын алған әрбір бесінші адамда кездеседі.
Терінің металлдануы оның үстіңгі қабаттарына электр доғасының әсерінен буланған немесе балқыған майда металл бөлшектерінің енуі салдарынан туындайды. Зақымданудың мұндай түрі тоқтың электролиттік әсерінің нәтижесінде де болуы мүмкін. Әдетте уақыт өте зақымданған тері түседі, зақымданған жері қалыпты түрге келеді, ауру сезімдері жоғалады. Терінің металлдануы шамамен әрбір оныншы зардап шегушілерде кездеседі.
Механикалық зақымданулар (терінің және түрлі тіндердің жыртылуы, шығып кетулер және т.б.) адам денесі арқылы өткен тоқтың әсерінен бұлшық еттердің қатты еріксіз ұстамалы тартылуларының салдарынан болады.
6 дәріс
Электр тоғымен жұмыс барысындағы еңбекті қорғау (жалғасы)
Электр тоғынан зақымданудан қорғау шаралары мен құралдары. Қорғаныстық жерлендіру және нөлдеу.
Электр тоғының салдарынан болған жазатайым оқиғалардың себептері әртүрлі және сансыз көп, бірақ олардың ішінде 1000 В дейінгі кернеумен электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
кернеулі тоқ өтетін бөліктерге кездейсоқ жанасу; оқшаулаудың зақымдануы немесе басқа да ақаулардың салдарынан кездейсоқ кернеулі болған электр қондырғыларының тоқ өтпейтін бөліктеріне жанасу; сөндірілген электр қондырғысында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оны қателесіп қосу салдарынан кернеудің әсеріне ұшырау; сымның жерге тұйықталуы және жер бетінде немесе адам тұрған негізде қадамдық кернеудің пайда болуы.
Электр қондырғылармен жұмыс барысындағы қауіпсіздік қолданыстағы нормативтік құжаттармен регламенттелген түрлі техникалық және ұйымдастыру шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі. Тоқтың зақымдауынан қорғайтын техикалық құралдар кернеулі желі элементтеріне адамдардың жанасуын ескертетін және жанасу болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдарға бөлінеді.
Электр қорғанысының негізгі тәсілдері мен құралдары – бұл тоқ өтетін бөліктерді оқшаулау және оны үздіксіз бақылау; қоршау құрылғыларын орнату; ескерту дабылы және бұғаттау; қауіпсіздік белгілері мен ескерту плакаттарын пайдалану; аз кернеуді пайдалану; желілердің электрлік бөлінуі; қорғаныстық жерлендіру; потенциалын теңестіру; нөлдеу; қорғаныстық ажырату; жеке электр қорғанысы.
Тоқ өтетін бөліктерді оқшаулау – электр қауіпсіздігінің негізгі шараларының бірі. Нормативтік құжаттарға сәйкес электр қондырғыларының тоқ өтетін бөліктерін оқшаулаудың кедергісі жерге қатысты 0,5-10 МОм кем болмауы тиіс. Жұмыс, екі еселік және күшейтілген жұмыс оқшаулауларына бөлінеді. Жұмыс оқшаулауы деп электр қондырғысының қалыпты жұмысын және қызметкерлер құрамын электр тоғының зақымдауынан қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулау аталады. Екі еселік оқшаулау жұмыс және қосымша оқшаулаудан тұрады, бұл жоғары электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (электр қол аспабы, тұрмыстық электр приборлар және т.б.). Екі еселік оқшаулау 5 МOм кем емес болуы тиіс, бұл қалыпты жұмыс кедергісінен 10 есе артық болады. Күшейтілген жұмыс оқшаулауы – бұл кедергісі 5МОм кем болмайтын сенімді орындалған жұмыс оқшаулауы.
Негізгі және қосымша оқшаулаушы құралдар бар. Негізгі құралдар жұмыс кернеуіне төтеп береді (1000 В дейін – бұл оқшаулаушы штангалар және тоқ өлшейтін тістеуіктер, диэлектрлік қолғаптар, саптары оқшауланған құралдар, кернеу көрсеткіштері). Қосымша электр қорғаныс құралдары адамды оқшаулауды күшейтеді – бұл диэлектрлік галоштар, диэлектрлік резеңке төсеніштер.
Электр жабдығының корпусында тоқтың тұйықталуы кезінде онда адамдарды зақымдау немесе өрттің шығуы үшін жеткілікті кернеу пайда болады. Бұл жағдайда адамдарды қорғау қамтамасыз етіледі: қорғаныстық жерлендірумен, нөлдеумен және қорғаныстық ажыратумен. Қорғаныстық жерлендіру – бұл электр техникалық және технологиялық жабдықтардың кернеулі болуы мүмкін металл тоқ өткізбейтін бөліктерін жермен немесе оның баламасымен әдейілеп қосу. Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болуы мүмкін. Жерлендіргіштердің кедергісі 1000 В дейінгі кернеулерде 4 Ом артық болуы тиіс. Нөлдеу - электр жабдықтарының корпустарын бірнеше рет жерлендірілген нөлдік сымдармен әдейілеп қосу. Нөлдеуге қойылатын негізгі қауіпсіздік талабы – ол қорғаныстың сенімді болуы мен жылдам әрекет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Қорғаныстың тағы бір түрі – қорғаныстық ажырату. Ол жерлендіруге қосымша немесе орнына ұсынылады.
7 дәріс
Электр тоғымен жұмыс барысындағы еңбекті қорғау (жалғасы)
Атмосфералық тоқтан қорғау. Электр тоғынан зақымданудың қауіптілік дәрежесі бойынша өндіріс жайларының жіктелімі.
Электр қауіпсіздігінің маңызды мәселесі найзағайдан қорғау болып табылады. Найзағай кезінде 150.000.000 В дейін кернеуге және 200.000 А дейін тоқ күшіне ие атмосфералық электр разрядтары адамдар мен жануарларды зақымдап қана қоймай, жер бетіндегі нысандардың жарылысына, өртенуіне және бұзылуына әкеліп соғады. Найзағай – бұл орасан зор ауа аралықтары арқылы электр тоғының өтуінің ерекше түрі, оның шығу көзі найзағай бұлтымен жиналған атомсфералық заряд болып табылады. Түрлі найзағайлық разрядтардың түрлі әсерлерімен байланысты адамдардың қауіпсіздігін, ғимараттар мен салулардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында найзағайдан қорғаныс жасалады.
Нормаға сай жарылыс және өрт қауіптілігіне, сыйымдылығына, отқа төзімділігіне және қорғалатын нысандардың мақсатына байланысты, сондай-ақ нысанның орналасқан географиялық ауданындағы орташа жылдық найзағайдың түсуін ескере отырып, найзағайдан қорғау құрылғысының үш санаты ажыратыла-ды. Найзағай тоғының әсерінің үш түрі ажыратылады: тікелей соққы, найзағай зарядының қайталап әсер етуі және ғимараттарға жоғары потенциалдардың (кернеулердің) өтуі.
Найзағайдың тура соққысы неғұрлым қауіпті, бұл кезде нысандар механикалық немесе термиялық қирауы мүмкін. Найзағай зарядының қайталап әсер етуі ғимарат ішіндегі тұйықталмаған металл контурларға потенциалын дәлдеуден тұрады, бұл ұшқын тудырады, металл құрылмаларды қыздырады, тіпті өрт немесе жарылыс та болуы мүмкін. Сонымен қатар қорғалатын ғимаратқа сыртқы металл құрылыстар мен коммуникациялар бойынша жоғары электр потенциалдары енуі мүмкін.
Найзағайдың соғуынан қорғау үшін найзағайды бағыттаушылар (жай тартарлар) жасалады, олар найзағайды өздеріне тартады және оның тоғын жерге тартады. Жай тартарлардың екі түрі бар: өзектік және торостық. Олар қорғалатын ғимараттан немесе құрылыстан бөлек тұру, ошқауланған және оқшауланбаған болуы мүмкін. Бұл жағдайда найзағайдың неғұрлым жоғары тұрған және жақсы жерлендірілген металл құрылмаларға тиетінін ескеру керек. Жай тартардың қорғау аймағы – жай тартарға жанасып жатқан кеңістіктің 99% cенімділік дәрежесімен найзағайдың тура соққыларынан құрылыстарды қорғауды қамтамасыз ететін бөлігі.
Электр тоғынан зақымдану қаупі елеулі дәрежеде қоршаған орта мен жағдайға байланысты болады. Ылғал, ыстық, улы булар мен газдар, тоқ өткізетін шаңдар электр құрылғыларының оқшаулауын бұзады, осылайша оның кедергісін елеулі төмендетеді. Кернеудің электр жабдықтарының тоқ өткізбейтін бөліктеріне өту қаупі туады. Сонымен қатар мұндай жағдайларда адам денесінің электр кедергісі төмендейді, бұл электр тоғынан зақымдану қаупін арттырады. Қауіп тоқ өткізетін едендер болған жағдайда тереңдей түседі. Сол себепті де, электр құрылғыларын орнату ережелерінде барлық жайлар үш классқа бөлінген: 1) қауіп жоғары емес жайлар – құрғақ, ауаның қалыпты температурасымен, тоқ өткізбейтін едендермен; 2) жоғары қауіпті жайлар – 70% ауаның қатысты ылғалдылығымен дымқыл, ұзақ уақыт температура 300С жоғары болатын, едені тоқ өткізетін материалдардан жасалған, тоқ өткізетін технологиялық шаңмен; 3) аса қауіпті жайлар – ылғалдылығы 100% жақын, химиялық белсенді орта, жоғары қауіпті жайларға тән екі және одан көп жағдайлардың бір мезгілде болуы. 2 және 3 класс жайларында электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмен кернеулі тоқты қолдану керек. Мысалдар: 1 класс – кеңселік офистер, дәл приборлармен зертханалар; 2 класс- жылытылмайтын қойма жайлары; 3 класс – машина жасау зауыттарының барлық цехтары: гальваникалық және аккумулятор батареялары және т.б.
8 дәріс
Сәулеленуден қорғау
Электр магниттік сәуле шығару (ЭМС). Радиожиіліктердің электр магниттік өрісі. УЖЖ ЭМС ағза тіндеріне әсері. ТЖЖ адамға әсері.
Жоғары, ультражоғары және тым жоғары радиожиіліктің электр магниттік өрістері (ЭМӨ) өнеркәсіптің түрлі салаларында кең қолданыс тауып отыр. Радиожиілік тоғын қолдану технологиялық процесстердің жылдамдығын арттыруға, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолдануға мүмкіндік берді, материалдарды өңдеудің жоғары сапасын қамтамасыз етті. Мұнаймен, газбен және т.б. жұмыс істейтін балқыту және қыздыру пештерін радиожиілік тоғымен электрлік жылытуға ауыстыру жұмыс орындарындағы ауаның ластануын күрт төмендетті, жұмысшылардың сәулелік жылу энергиясымен сәулелену уақыты мен қарқындылығын азайтты және еңбек жағдайын жақсартты. Екінші жағынан радиожиілік диапазонында ЭМС жүйелі түрде рұқсат етілетін мөлшерден асатын мөлшерлерде адам ағзасына әсер ете отырып, кәсіптік ауруларға себеп болып табылауы мүмкін. Нәтижесінде жүйке, жүрек-тамыр, эндокриндік және адам ағзасының басқа да жүйелерінде өзгерістер болуы мүмкін.
Тоғы бар өткізгіштің айналасында бірмезгілде электр және магниттік өрістер пайда болатыны мәлім. Ауыспалы тоқ кезінде магниттік және электр өрістері байланысты болады және біртұтас электрмагниттік өрісті түзеді. ЭМӨ кеңістікте жарық жылдамдығымен өз бетімен таралу қабілетіне ие.
ЭМӨ табиғи көздері – бұл атмосфералық электр, ғарыштық сәулелер, күннің сәуле шығаруы; жасанды - түрлі генераторлар, трансформаторлар, антенналар, лазерлік қондырғылар, микротолқынды пештер, компьютерлердің мониторлары және т.б. Кәсіпорындардағы ЭМӨ көздері - жоғары вольтты электр тасымалдау желілері (ЭТЖ), өлшеуіш аспаптар, қорғаныс және автоматика құрылғылары, жалғау шиналары және т.б.
Электрмагниттік толқындардың диапазоны 103 нан 1024 Гц дейінгі сәйкес жиіліктермен, ұзындықтармен толқындардан тұрады. Толқын ұзындығының кему шамасына қарай диапазонға радиотолқындар, инфрақызыл сәуле шығару, көрінетін жарық (жарық сәулелері), ультракүлгін сәуле шығару, рентген сәуле шығаруы және гамма-сәулелену қосылады.
ЭМӨ электр өрісінің - Е (В/м) кернеулілігімен және магниттік өрістің - Н (А/м) кернеулілігімен сипатталады. Е және Н шамалары – векторлық, олардың ауытқулары өзара перпендикуляр жазықтықтарда болады. Жоғары жиілікті (ЖЖ), ультражоғары жиілікті (УЖЖ) толқындардың диапазонында толқынның үлкен ұзындықтарына байланысты Е және Н жеке өлшеуге болады. Тым жоғары жиілік (ТЖЖ) диапазонында біртұтас ЭМӨ қалыптасады, оның кернеулілігін сәуле шығару W (Вт/см2) энергиясының ағынының тығыздығы бойынша бағалайды
Индукциялық қыздыру қондырғыларында сәуле шығару көзі индукциялық катушка болып табылады, диэлектрлік қыздыру қондырғыларында – жұмыс конденсаторы. Ауыспалы ЭМӨ металл затты салу кезінде соңғысы, бұл заттан өте отырып, онда аталған өрістің жиілігімен электр қозғалту күшін (ЭҚК) индукциялайтын болады. ЭҚК әсерімен металл затта ауыспалы электр тоғы (құйынды тоқтар) пайда болады, олар негізінен, қыздыра отырып, оның бетімен өтеді.
Бұл жағдайда, тоқ жиілігі жоғары болған сайын, тоқпен қыздырылатын қабат жұқа болады. Металлдың неғұрлым терең қабаттарының қызуы жылу өткізгіштігінің арқасында жүзеге асады. Мұндай тәсілмен диэлектриктерді қыздыру мүмкін емес. Металл емес затты қыздыру үшін оны жоғары жиіліктегі кернеу қосылған екі металл пластиналардың арасына орналастырады.
ЭМӨ барлық таралу аумағын, сәуле шығару көзінен бастап, үш аймаққа бөледі: жақын (индукция аймағы), аралық (дифракция аймағы) және алыс (толқындық аймақ). Жақын аймақтың радиусы (R/2) сәуле шығару көзінен шамамен 1/6 толқынды құрайды, ал алыс аймақ шамамен 6 толқын ұзындығына тең қашықтықта басталады (R/2); аралық аймақ олардың арасында орналасады.
9 дәріс
Ионизациялық сәулелеуден қорғану
Ионизациялық сәулелеудің түрлері. Ионизациялаушы сәулелердің негізгі сипаттамалары. Сәулелеу дозасы, жұтылған сәулелену және эквивалент-ті сәулелену дозасы.
Сәулелену дегеніміз иондалатын ортамен өзара әсерлесуі арқылы әр түрлі таңбалы электр зарядттарының (иондар) пайда болуын айтамыз. Бұл сәулелену заттардың сапасын бақы-лау үшін, ғылыми–зерттеу жұмыста-рында, ауыл шаруашылығында топырақ тығыздығын өлшеу үшін, медицинада қатерлі ісік терапиясы үшін кеңінен қолданылады.
Дегенмен, ионизациялық сәулелену адам ағзасына енген жағдайда қатерлі ауруларға алып келетінін есте сақтау керек: сәулелену ауруы, аққан (лейкемия), қатерлі ісіктер, тері аурулары. Келесі ұрпаққа да генетикалық жолмен берілуі мүмкін. Ионизациялық сәулеленудің анық белгілері пайда болмауынша әсері мәлім болмайды. Өте ауыр жағдайларда еңбекке жарамдылығы жоғалады немесе өлімге әкеледі.
Ионизациялық сәулеленудің екі түрі болады: а) корпускулалық, тыныштық масса бөлшектерінен(α және β – сәулелері және нейтрондық сәуле); б) электрмагниттік (γ –сәуле немесе рентгендік сәуле ) өте аз толқын ұзындығынан тұрады.
Альфа (α) - сәуле – гелий атомдарының ядросынан тұрады, үлкен сәулелену (ауада 1см жолда бірнеше ондаған мың иондар түзіледі) және өтімділігі аз (ауада кем дегенде 10см) қасиетіне ие. Альфа энергиясы – бөлшектері бірнеше Мэв аспайды. Олар шамамен 20000км/с жылдамдықпен қозғалады. Жүгіріс ұзындығы (α) – судағы және адам денесіндегі жұмсақ терісіндегі бөлшектер тығыздығы 700 есе ауа тығыздығын үлкейтетін бірнеше ондаған микрометрді құрайды.
Бета (β) – сәуле – электрондар немесе позитрондар ағынынан тұрады, радиоактивті ыдырау кезінде пайда болады. Альфа (α) бөлшегімен салыстырғанда бета (β) сәулесінің өтімділік қасиеті жоғары болады (бөлшек жылдамдығы шамамен 0,3-0,99, жүгіріс ұзындығы ауада – 1800см, ағзаның жұмсақ терісінде – 2,5см). Бета (β) ағынының толық жұтылуы үшін – бөлшек энергиясына 2 МэВ 3,5 мм алюминий қабаты керек. Бета (β) бөлшектің сәулелену қабілеті төмен.
Нейтрондық сәуле электр заряды болмайтын ядролық бөлшектер ағыны. Нейтрондар энергияға байланысты ақырын нейтрондар (1КэВ), аралық нейтрондар энергиясы (1 – 500 КэВ) және тез нейтрондар (500 КэВ – 20 МэВ) болып бөлінеді. Ақырын нейтрондар арасында энергиясы 0,2 эВ құрайтын жылулық нейтрондар болады.
Жылулық нейтрондардың жылдамдығы бөлме температурасында 2200 м/с болады. Нейтрондардың ядролық атомдармен серпімсіз әсерлесуінен екінші сәулелену пайда болады, зақымданған бөлшектерден және гамма квантынан (гамма - сәуле) тұрады. Нейтрондардың ядромен серпімді әсерлесуінен кәдімгі сәулелену қаралады. Нейтрондардың өтімділік қабілеті α – сәулесі мен β – сәулесінен жоғары болады (ауада 15м және аралық нейтрондарда 3см және тез нейтрондарда 10см ).
Гамма (γ) – сәулесі- бұл жоғары жиілікті ЭМС, ядролық реакция процесінен немесе радиоактивтік ыдырау нәтижесінде пайда болатын және ең аз сәулеленетін қасиетімен сипатталады.
Рентгендік сәуле ЭМӨ- нің бір түрі, 1МэВ-тан артық емес энергиясы бар және арнайы рентгендік тұрбалардан алына алады. Ол аз сәулелену және көп өтімділік қасиетіне ие.
10 дәріс
Ионизациялық сәулелеуден қорғану
Ионизациялық сәуленің организмге әсері. Ионизациялық сәуленің биологиялық әсері. Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары.
Радиациялық заттармен жұмыс істейдіндердің денсаулығына қауіп – қатер төндіретін қасиеттерге ие. Ионизациялық сәулелену адам ағзасына енген жағдайда: сәулелену ауруы, аққан (лейкемия), қатерлі ісіктер, тері аурулары, қан ұйуының бұзылуы, ішек – қарын тракттің бұзылуы,инфекциялық ауруларға, адам организмінің қарсы тұруының төмендеуі және т.б. шалдығады. Келесі ұрпаққа да генетикалық жолмен берілуі мүмкін. Өте ауыр жағдайларда еңбекке жарамдылығы жоғалады немесе өлімге әкелінеді.
Радиоактивті сәуленің үлкен қаупі ол адамның сезім мүшелерінде мәлім болмайтындығында. Адам ұзақ уақыт радиацияның әсерінде, ешқандай анық жағымсыз сезінулерді байқамай жүруі мүмкін. Бұл өзі адам өміріне үлкен қауіп және еңбекті қорғау талаптарына жайбарақат қарауынан, нәтижесінде жоғарыда айтылған қатерлерге алып келеді. Радиациялық заттармен жұмыс істеу үлкен қауіп екенінінің өзін түсіну басқа қауіптермен ешбір салыстыруға келмейтін жағдай.
Адам ағзасының радияциялық сәулеленуі сыртқы және ішкі сәулелену болып бөлінеді. Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз. Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б болатын , сәлеленудің көздері техника мен медицинада және т.б қатарларда қолданылады. Ішкі сәулелену деп адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз. Ішкі сәулелену адам ағзасында бүкіл уақыт бойы әсер етіп жүреді. Сондықтан да радияциялық изотоптар жартылай ыдырауымен және қарқынды сәулеленуімен адам ағзасында ұзақ мерзімді қатерлі ісікке алып келеді.
Радиациялық сәулеленудің адам ағзасына биологиялық әсері ағзада атомдар мен молекулалардың иондалуына байланысты, нәтижесінде молекулалық байланыстын және әр түрлі структурадағы химиялық байланыстын үзілуіне алып келеді. Ол өз кезегінде тірі жасушалардағы биохимиялық алмасу процесін зақымдайды. Сәулеленудің үлкен әсері және ұзақтығы жеке жасушалардың, мүшелердің өліміне, кейіннен бүкіл ағзаның өліміне алып келеді. Қазіргі таңда сәлеленудің үш жағдайын қарастырады: бірінші (жеңіл), екінші және үшінші (ауыр).
Ең қауіпті жағдай ағзаның сүйегінде, өмірге қажетті мүшелерде болуы. Радиациялық заттардың белгілі мүшелерде жиналуы оның тез зақымдануына алып келеді. Кейбір радияциялық заттар улағыш және жануар мен өсімдік уынан да қауіпті болады.
Адам ағзасындағы сәулелену дозасын білу үшін сәулеленудің түрін, ондағы радиациялық заттардың санын білу қажет. Сәулеленген дәрежені сәулеленудің ең максималды дозасы деп қарастыру керек. Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары сәйкес нормативтік құжаттарда белгіленген.
11 дәріс
Шудан, ультрадыбыстан, инфрадыбыс-тан қорғану.
Шу және оның сипаттамалары. Ауырсыну сезімдеріне дицибелдік шектік өлшемдер: 90-115дБ, 140дБ, 150дБ. Шуды нормалау.
Өндірістің барлық салаларындағы және транспорттағы техникалық прогресс техникалық құрылғылардың қуатының артуына және өндіргіштік қабілетінің артуына,көлік құралының жылдамдығына және қозғалыс интенсивтілігіне, қалалық құрылыстың дауына және т.б. байланысты адам өндірісте және тұрмыста әрдайым шудың үлкен интенсивтілігінің әсерінде болуына алып келді. Шу адам ағзасына және бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне зиянды әсерін тигізеді. Интенсивті шудың ұзақ уақыттық әсері есту қабілетін нашарлатуы мүмкін, жеке жағдайларда есту қабілетінен мүлде айырылуы мумкін. Шудың қауіптілігі оның біртіндеп әсер етуінде,зардап шегуші оның әсерін бірден түсінбейді. Шу еңбек қабілеттілігінің төмендеуі,еңбек сапасы,қателік және т.б. салдарынан экономикалық жоғалтулардың себепшісі болады. Жұмыс жасап отырған адам ойлау қабілетіне көп күш түсірген сайын оған әсер ететін шудың зияны соғұрлым жоғары болады.
Шумен нәтижелі күрес жүргізу үшін оынң физикалық табиғатын,негізгі пайда болу заңдылықтарын және таралуын білу қажет. Шу деп адам құлағына естілетін, жағымсыз дыбыстардың бәрін айтуға болады. Шу дегеніміз интенсивтілігі және жиілігі әртүрлі дыбыстардың ретсіз үйлесімділігін айтады. Дыбыстық толқындардың таралу кеңістігін дыбыстық өріс деп атайды. Дыбыс бұл серпімді ортада (қатты, сұйық, газды) жайылатын механикалық тербеліс және физикалық құбылыс. Дене қозғалысының қайталануы арқылы өтетін минималды уақыт аралығын тербеліс периоды (T), ал оған кері өлшемді тербеліс жиілігі (ƒ) деп атайды.
Сайып келгенде, тербеліс жиілігі 1 секунд ішінде өткен тербеліс санын анықтайды. Жиіліктің өлшем бірлігі Герц (Гц), 1Гц=1с‾¹. Дыбыстың тербеліс жиілікке байланысты үш диапазонға бөлінеді: 1) тербеліс жиілігі 20 Гц-ке дейінгі инфрадыбыстар 2) 20 Гц-тан 20000 Гц-ке дейінгі аралықтағы тербеліс жиілігі 3) ультрадыбыстық тербеліс жиіліктері: 20000 Гц-тан жоғары. Адамның есту қабілеті 20 Гц-тан 20000 Гц-ке дейінгі аралықтағы дыбыс тербелістерін естиді. Барлық дыбыстық диапазондарды мынадай түрлерге бөледі: 1) төмен жиілікті 400 Гц-ке дейінгі 2) орташа жиілікті 400Гц-тен 1000Гц-ке дейінгі және 3) жоғары жиілікті 1000Гц-тан жоғары.
Дыбыс дерекнамасы арқылы ауада пайда болатын тербеліс барысында дыбыстық қысым пайда болады және ол атмосфералық қысым үстіне таңылады.
Бұл арқылы бірлік уақытта энергияның дыбыс толқынымен орын алмастырылуы және оның толқын таралуына перпендикуляр бағытта пайда болуын дыбыс интенсивтігі деп атайды. Дыбыс қысымы мен дыбыс интенсивтігі өлшемі бойынша үлкен аралықта өзгереді. Қысым бойынша 108 ретке дейін, интенсивтілік бойынша 1016 ретке дейін. Адамның есту қабілеті абсолютті өзгеру интенсивтілігіне емес, жанама дыбы өзгеру интенсивтілігіне қабілетті. Соған орай практика жүзінде интенсивтілікпен дыбыс қысым деңгейін өлшеу үшін жанам логарифмдік шкала қолданылады. Ол децибел өлшемімен (дБ) көрсетіледі. Дыбыс қысымы мына формула бойынша анықталады: Lp=20 lgp/p0
Мұнда: p-Берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па; p0-шектік дыбыс қысымы (1000 Гц жиілікте, 2*10‾5,Па)
Жазу формуласы дыбыс интенсивтілігінің деңгейін анықтау формуласын көрсетіп тұр.
Барлық естілетін дыбыс диапазондары 140 дБ аралығында жатады. Сондықтан децибел шкаласын пайдалану ыңғайлы. Бұл әр түрлі шуларды 0 мен 140 дБ аралығында бүтін сандарды қолдану мүмкіндігін береді. Өйткені өзгеру деңгейі 1 дБ ге қарағанда аз, яғни бұл дыбысты естіп байқау мүмкін емес.
12 дәріс
Өндірістік дірілден қорғану
Діріл, оның көзедері және адамға әсері. Дірілдің шекті мүмкін деңгейлері.
Жұмысшылардың жағдайына келеңсіз әсер ететін заманауи өнеркісіптік құрылғыларды, транспорт құралдарын, қол машиналарын пайдаланымда дірілдің белгілі дәрежесі қоса беріледі. Дірілдің зиянды зардаптары машиналар мен тетіктердің ұлғаюымен өседі.
Діріл деп серпінді денелердің механикалық тербелістерін немесе механикалық жүйенің тербелісін айтады. Физикалық көзғарастан шу мен дірілдің арасында маңызды айырмашылық жоқ. Айырмашылық тек қана қабылдауда: діріл хабарлы аппараттармен және түйсік мүшелерімен, ал шу алдыңғы дәрісте айтылғандай сезім мүшелерімен қабылданады. Әрбір серпінді денеге немесе конструкцияға тепе теңдің жағдайынан тербелудің белгілі периоды мен жиілігі шығарылған Дененің немесе жүйенің тербелісі меншікті немесе мәжбүрлі болуы мүмкін. Егер дірілдеуші жүйе гармоникалық тербеліс жасаса, онда жүйелер ауысуы үш параметрмен сипатталады: ауысу амплитудасымен, тербелиелі жылдамдықпен және тербелмелі үдеумен. Бұл өлшемдер, ереже сияқты уақытпен өзгереді және олардың негізінде тербелмелі процесстердің сипаттамассы тіпті күрделі.
Тәжірибелік мақсатта әдетте екі параметр қолданылады: - ауысу амплитудасын және ауысу жылдамдығын. Шу үшін сияқты , діріл жылдамдығының мәні логарифмдік сипаттамалармен анықталады
, (1)
где Lv -дірілжылдамдық деңгейі, дБ; V – тербеліс жылдамдығы, м/с; V0 – халықаралық стандартта масштабталған, тербелмелі жылдамдықтың босағалық мәні. (V0 = 5 ×10-8 м/с).
Дірілді адам организміне әсер ету сипаттамасы бойынша жалпы және жергілікті деп ажырату қабылданған. Жалпы адамның барлық денесіне, ал жергілікті – жұмыс жасаушының қолына, иық белдеуіне әсер етеді. Технологиялық жабдықтардың жұмысы жұмысшы орналасқан еденнің, ауданның, отырғыштың шайқалуын туғызады, яғни діріл бүкіл организмге таралады. Жергілікті дірілдің әсері ұрғыш балғалармен, дірілдеткіштермен тойтарма қол машиналармен және т.б. жұмыс кезінде пайда болады.
Жалпы діріл әсері кезінде жігерлілікті шектеуге әкелетін жүрек жұмысының, жүйке жүйесінің, буындардың спазмалары, буындардағы өзгерістер байқалады. Егер жұмыс орнындағы тербеліс жиілігі адамның ішкі органдарының меншікті тербеліс жиілігімен сәйке келсе, (6-9 Гц) онда пайда болған резонанстан белгілі органдардың механикалық зақымдалуы мүмкін. Жергілікті діріл кезінде (мысалы, жұмысшының қолында) тері сезімталдығының бұзылуы болады, жүйке талшықтарының және мұрын қан тамырларының сезімталдығының жоғалуы, қол және саусақтарды тұз қайырылу және басқада келеңсіз жағдайлар байқалады. Дірілдің ұзақ әсері – кәсіби ауруларға әкеледі, діріл ауруында оның алғашқы кезеңінде ғана ем қолданғанда тиімді болуы мүмкін.
Сонымен жалпы және жергілікті дірілдер адам организміне әртүрлі әсер етеді немесе олар үшін әртүрлі рұхсат етілген мәндер орнатылған. Дірілді ГОСТ 12.1.012-78 «ССБТ. Діріл. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» сонымен қатар СН № 3044-84 « Жұмыс орнындағы дірілдің санитарлық қалыптары» (жалпы діріл) және СН № 3041-84 «Жұмысшылардың қолына берілетін, жергілікті діріл туғызатын машиналармен және жабдықтармен жұмыс кезіндегі санитарлық қалыптар мен ережеле».
Дірілдің дәрежесін өлшеу үшін дірілдің негізгі сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі аспаптар қолданады.
13 дәріс
Механикалық әсерлерден қорғану.
Жарақаттану себептері: байқаусыз қозғалыстар кезінде, құлап қалса, бұлшық етке көп күш түскенде, транспортпен әсерлескенде, машиналар-дың қозғалғыш бөлшектерімен мен механизмдер.
Әр түрлі өндірістік аппараттар түріне және типіне қарамастан қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз етуi керек, ал бұл тиiстi олардың конструкторлық өңдеуi, уақытында пайдалану, қазiргi қымбат емес және қауiпсiз материалдардың қолдануының сенiмдiлiгін қамтамасыз етуiмен бірге болуы мүмкiн. Әр түрлi технологиялық үдерiстерде әрдайым, адамның денсаулығы және өмiріріне қауiптi болатын аймақтардың болатынын есте сақтау керек. Мына мысалдармен көрсетуге болады: машиналар қозғалатын бөлшектері мен құрылғының әсерінен, жылжымалы бұйымдар, биіктіктен құлаған жабдықтардың нәтижесiнде жарақаттарының алуы; электр тоғынан туатын қауiп-қатер; сәулеленудің әсері (жылулық электромагниттi, иондаушы), шу және дiрiлдеудiң әр түрлi түрлерiнiң әсерi және тағы басқалар. Кеңiстiктегi қауiптi аймақтың өлшемдерi әр түрлі болуы мүмкін бұл жабдықтың қозғалысына байланысты айнымалы немесе тұрақты бола алады. Өндірістегі зиянды факторлардан қорғану үшiн осыған байланысты ұжымдық және жеке қорғаудың құралы, сонымен бiрге автомазация және процесстердiң қашықтан басқару мүмкiндiктерiн қолданылады.
Қорғаныс құралдары мыналардан қорғау тиіс: қозғалыстағы бөлшектермен қауіпті жанасудан және кескіш құралдардан; жұмыс орнына өңделіп жатқан материалдың, қозғалыстағы және кескіш құралдың ұшып кетуінен; жұмыскерлердің құралдарды орнату барысында және кескіш құралды ауыстыру барысында жарақаттанудан; құралдың қозғалғыш бөлшектерінің бекітілген аумақтан шығып кетуінен; жұмыскерлердің ашық тұрған құдықтарға құлаудан, биіктітен құлаудан.
Қорғаныс құралдарына мыналар жатады: әр түрлі қоршаулар, сақтандырғыш клапандар, соңды сөндіргіштер, электрлі сақтандырғыштар, реле, айналыс санын шектеушілер, тежегіш құралдар, т.б. Сақтандырғыштар сөніп тұрған кезде жұмыс құралдары жұмыс істемеуі керек. Қауіп көзі жойылмайынша, қорғаныс құралдары жұмыс істеуі тиіс. Біз назарымызды қоршауыш қорғаныс құралдарына тоқтатайық. Қоршауыш қорғаныс құралдары стационарлы, қозғалмалы, және тасымалдаушы болып ажыратылады. Олар әр түрлі торлар, экрандар, терілер, және т.б. түрінде және әрқандай өлшемде, барынша адамды қауіпті зонадан қорғауға икемделіп жасалады. Сонымен қоса бұларға бірқатар талаптар қойылады. Қоршауыш қорғаныс құралдары: өңделініп жатқан өнім мен кесуші құрал бұзылғанда сынбауы керек; шу мен вибрацияны көбейтпеуі тиіс; кескіш құралды басқаруда қиыншылықтар тудырмауы тиіс. Қоршауыш қорғаныс құралдардың ішкі бөліктері қанық ашық түстерге боялуы тиіс (ашық қызыл, кызыл сары) себебі қоршауыш қорғаныс құралы алынып тасталынса, анық білінуі керек.
Техникалық құралдың керекті сигналды беретін, қызметкерлерге станоктың жұмысы туралы мағлұмат беретін,технологиялық параметрдің нормасынан ауытқуын көрсететін, қауіпті алдын-ала ескертетін құрылғысының бар болғаны маңызды. Мағлұматты беруіне байланысты дыбыстық, жарықтық және құрамдастырылған сигнал берудің түрлері бар. Газ шаруашылығында газдың ауаға таралуын оның иісі арқылы біледі,олар газға арнайы иісі шығатын қоспа қосады.
Сигнал беретін құрылғыны қолданысына қарай оперативті (процестің өтуі туралы мағлұмат беретін), ескертетін (қауіп төнгенде қосылады) және танитын (өте қауіпті түйіндерді көрсететін) болып бөлінеді.
екция 14
Қысым астында болатын жүйелердің қауіпсіздігі
Жүйелердің жарылысы, газ ағымын түзу соққысы кезіндегі механикалық әсердің қауіптілігі. Қысым сатында жұмыс жасайтын ыдыстар.
Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда технологиялық процесстерді жүзеге асыру, тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б. кезінде қысым жоғарылатудың әртүрлі жүйесі қолданылады:: құбырөткізгіштер, баллондар және сақтау қоймалары немесе қысылған, сұйылған, ерігіш газдар, булы және сулы қазандар, газгольдер және т.б үшін. Аталған жабдықтарды қысым астында жұмыс жасайтын ыдыстар деп атайды.
«Қысым астында жұмыс жасайтындар үшін құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдаланымдағы ережелерге» сәйкес қысым астында жұмыс жасайтын ыдыстарға химиялық және жылулық процесстреді жүргізу, сонымен қатар қысылған, сұйытылған қысым астында жұмыс жасайтын сұйықтың еріген газдарын тасымалдау үшін тығыз бекітіле жабулы сыйымдылық түсіндіріледі.Ыдыстың шекарасы штуцердің кіру және шығуы болып табылады. Осы анықтамадан ыдыс үшін негізгі қауіпсіздік талабы – пайдаланымның барлық кезеңі бойында оның тығыз жабылуын бақылау екені көрініп тұр. Тығыз бекітлу астында ыдыстың ішкі көлемін шектейтін қабырғалар және біріктірулерден сұйықтармен және газдармен өтпейтіндігі ұғылады. Тығыз бекітілгендік бойынша талаптар вакуумдық орнатқыштар және құрылғылар үшінде маңызды. Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды разгерметизациялау, қауіп қатердің қатарының тууы жеткілікті жиі кездеседі.
Олардың біріншісі қысым астында орналасқан ыдыстардың немесе жабдықтарыдың жарылуымен байланысты. Жарылыс – нәтижесінде адамдардың өмір мен денсаулығына қауіп туғызуға қабілетті қоршаған кеңістікте қоршаған кеңістікте соққылы толқын түзілетін және тарлатын физикалық және химиялық заттардың айналымынан тез таралатын процесс. Жарылыс кезінде қысым астында жұмыс жасайтын ыдыстар немесе оның бөлшектері орналасқан ғимараттардың құлауы, сонымен қатар жабдықтың ұшқыш сынықтарымен қызметкерлердің жаралануы мүмкін.
Қауіптің екінші түрі қысым астындағы орналасқан жабдықтың зат қасиетіне тәуелді. Сонымен қызмет көрсетуші тұлға егер жабдықта жоғарғы немесе төмен температурамен зат орналасса термиялық күю алуы мүмкін. Егер сыйымдылықта агрессивті заттар болсо, онда жұмыс жасаушылар химиялық күю немесе улануға тап болуы мүмкін. Радиацялық қауіп қатер әртүрлі радиоактивті заттардан тұратын жабдықтарды разгерметизациялау кезінде туындайды..
Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстан мен аппараттардың негізгі түрлерін қарастырамыз. Құбарлар – сұйықтар және газдарды тасымалдау үшін құрылым. Баллоны – қысылған және еріген газдарды тасымалдау және сақтау үшін ыдыстар. (осы құрылғылар туралы толығырақ келесі дәрісте айтамыз). Криогеннді ыдыстар әртүрлі сұйылған газдарды: ауа, оттек, азот, аргон және т.б. сақтау және тасымалдау арналған. Газгольдерлер механикалық қоспалардан және басқа мақсаттармен бөлінген қысылған газдардың үлкен санын сақтау және беру үшін арналған. Булы қазандар – отынды бұл құрылғы ондағы қысылған сұйық отындармен қысылған өнімдермен жылытылған және атмосфералық қысымнан жоғары бу алу үшін ұсынылған құрылым сыртында қолданатын құрылғы. Булы қазандардан басқа пайдаланымда: суқайнататын қазанда, утилизатор қазандар, қайнатқыш қазандар, сонымен қатар автоклавтар және компрессорлар бола алады..
Пайдаланымның қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін барлық ыдыстар жабдықталған болуы тиіс: 1) ортаның қысымын және температурасын өлшеу үшін аспаптармен; 2) сақтағыш құралдармен; 3) запорлы арматурамен; 4) сұйық деңгейін көрсеткішпен. Ыдыстар мен олардың элементтерін жасау, монтаждау және жөндеу завод өндіруші игерген технология бойынша жүргізіледі.
15 дәріс
Қысым астында орналасқан жүйелердің қауіпсіздігі.
Қысылған газды баллондар. Баллондардың куәландаруы. Баллондардың маркировкасы.
Алдыңғы дәрісте біз қысым астанда жұмыс істейтін баллон ыдысының тағайындауды анықтадық. Конструктивті көтеру үшін баллон шұраларды және штуцерлемен (тығындар) бір немесе екі қылтамен ыдыстарды ұсынады. Беріктікке есеп беруде, баллондарды жасау және пайдаланымдау кезінде оларған қосымша талаптар қсынады. Мысалы, тігіссіз тұрбалардан жасалған баллондар үшін беріктік қор коэффициенті үш реттен кем емес қолданылады.
Барлық балллондар ерекшеліктерінде ацетилен үшін баллондар: а) балонның жоғарғы және төменгі беттерін тексеру; б) сыйымдылығы мен салмағын тексер; в) гидравликалық сынау. 100 л сыйымдылықты баллондар сақтандырғыш клапандар мен төлқұжаттарды қоса алмайды. Жоғары сфералық бөлікте сондай сыйымдылықпен баллондарға осы таңбалау келтіріледі : а) Завод жасап шығарушының тауарлық белгісі; б) баллон номері; в) фабос баллонның нақты салмағы, (кг); г) күні (ай, жыл) жасалуы және келесі куәландыру жылы; д) жұмыс қысымы- р, (МПа немесе кгс/см2); е) сыналатын гидравликалық қысым , (МПа немесе кгс/см2); ж) сыйымдылығы (л); з) ОТК завод-жасап шығарушының таңбасы. Баллондарды нәтижесінде жарылғыш қауіпті қоспа түзетін дұрыс емес қосудан ескеру жасау үшін запролы шұралар әртүрлі өлшемді және әртүрлі бағытталған оймақтар (оң немес сол) дайындайды. Баллондар сонымен қатар әртүрлі бояулар және жазбаларға ие. (1 кесте. Қараң.).
Газға арналған баллондарды сынау кезеңдігі, коррозия тудырмайтын 5 жылдан кейін, ал шамданған газдар үшін 2 жылдан кейін. Сұйылған газдермен баллондардың толтырулар дәрежесі лайықты норма бойынша газды кеңістіктің болуын қарастыру керек.
Баллондар балонда орналасқан газ қысымын оттыққа, кескішке және сыйымдылыққа біршама томен қысыммен түсіретін жұмыс қысымының шамасына дейін түсіру үшін редуктор арналған. Редуктор, қысымды түсіре шығуда оны автоматты түрде қолдайды.Ол екі манометрге ие, баллондағы қысымды және жұмыс қысымын. (шығуда) көрсететін.
Өндірістік дірілден қорғану
Діріл, оның көздері және адамға әсер етуі. Дірілдің шектік мүмкін деңгейлері.
Қазіргі өнеркәсіптік жабдықтың, транспор қүралдарын, қол машиналарын қолдану жұмыс жасаушылардың денсаулығының жағдайына жағымсыз әсер ететін дірілдің түбегейлі деңгейін әкеледі. Дірілдің зиянды зардаптары машиналар мен механизмдердің жүрдектілігінің өсуімен ұлғаяды.
Серпінді денелердің немесе механикалық жүйелердің тербелісін діріл деп атайды.Физикалық көзғарастан шу мен діріл арасында маңызды айрмашылық жоқ. Айырмашылығы тек қабылдауда: діріл сезу аппараттарымен және сезім мүшелерімен , ал шу алдыңғы дәрісте айтылғандай есту мүшесімен қабылданады.Әрбір серпінді денеге немесе конструкцияға тепе теңдік жағдайынан белгілі тербелу периоды мен жиілігі нақтылы.Дене немесе жүйе тербелістері меншікті және мәжбүрлі болуы мүмкін. Егер дірілдейтін жүйе гармоникалық тербеліс жасаса, онда жүйелердің ауысуы үш параметрмен сипатталады: орын ауысу амплитудасымен, тербелмелі жылдамдықпен және тербелмелі үдеумен. Бұл шамалар ереже бойынша уақытымен өзгереді және тербелмелі процесстің сипаттамасы біршама күрделі тапсырма.
Тәжірибелік мақсатта әдетте екі параметр қолданылады – ауыстыру амрлитудасы және тербіліс жылдамдығы. Шу сияқты жылдамдықтың мәні логарифмдік мінездемелермен анықталады
, (1)
Мұнда Lv - дірілжылдамдық деңгейі, дБ; V – тербеліс жылдамдығы, м/с; V0 – халықаралық масштабта стандартталғын жылдамдықтың табалдырықты мәні (V0 = 5 ×10-8 м/с).
Дірілді адам организміне әсер ету сипаттамасы бойынша жалпы және жергілікті деп ажырату қабылданған. Жалпы адамның барлық денесіне, ал жергілікті – жұмыс жасаушының қолына, иық белдеуіне әсер етеді. Технологиялық жабдықтардың жұмысы жұмысшы орналасқан еденнің, ауданның, отырғыштың шайқалуын туғызады, яғни діріл бүкіл организмге таралады. Жергілікті дірілдің әсері ұрғыш балғалармен, дірілдеткіштермен тойтарма қол машиналармен және т.б. жұмыс кезінде пайда болады.