Тақырып. Тіс жегіні емдеу.

Тіс жегіні емдеудің екі түрі бар:

І. Жергілікті ем (этиотропты) – жұмсақ тіс кірлерін, зақымданған кіреуке мен дентинді алып тастау, тіс түбін оқшаулау, тістің анатомилық көрінісін және қызметін қалпына келтіру.

ІІ. Жалпы ем (патогенетикалық) – тістердің қатты тіндерінің тіс жегіге қарсы тұруын күшейту шараларына айтылады. Ол дәрі – дәрмектердің көмегімен тіс тіндеріне және жалпы ағзаға әсер ету.

Жалпы емі: Тіс жегі ауруының өршуінде, ауыз қуысында көптеген тіс жегімен бұзылған тіс болғанда, не жедел ағымды тіс жегіде тағайындалады. Мұнда ол төмендегілерге бағытталады:

- тіс жегінің негізгі себебіне;

- ағзадағы жалпы тіс жегіні тудырушы жағдайларды жоюға;

- ағзаның жалпы иммунитетін көтеру мүмкіндігіне;

- тістің қатты тіндерінің жалпы және жергілікті мәнбірлерге қарсы тұруына жағдай жасауға.

Дәрі – дәрмектерді тағайындау арқылы тіс тіндерінің қоректетуіне әсер етіп, кіреуке кристалдарының негізін құрайтын негізгі қорғаныс қызметінің жағдайын жақсартуға қаратылады.

Ол жедел ағымды тіс жегілерде байқалады. Жедел ағымды тіс жегі жүкті әйелдерде, жас өспірімдерде, көп науқастанып, әлсіреген балаларда кездеседі. Бұл науқастарда сүйек тіндерінде Ғ, Са, Fe, Cu, Mg және т.б. микроэлементтер кемейіп, өздерінің катализаторлық қызметін атқара алмайды. Сондықтан оларды қосымша ағзаға енгізу қажет болады.

Кальций - қалыпты жағдайда күніне кальции 1г ағзаға қажет болады. Бұл элементті дәрі - дәрмектер және тағамдар арқылы енгізуге болады. Са сүт және оның өнімдерінде, сары уызда, лобия, түсті қырыққабатта, балықта көп болады.

Дәрі – дәрмектерден:

1.Глюконат кальций 0,3 – 0,5г 1 таблеткадан күніне 3 рет

5 – 6 жастағы балаға 1 – 1,5г

7 – 9 жастағы балаға 1,5 – 2г

10 – 14 жастағы балаға 2 – 3г

2.Кальций глицерофосфат – 0,25г – 0,5г күніне 3 – 5 рет

3. Кальций лактат – 0,5 – 1г күніне 2 рет

Фосфор тіс және сүйек тіндерін өсуіне, қан жаратуына демеуші (стимулятор) болып саналады. Адам ағзасы күніне Р 1,5 – 2г талап етеді. Фосфор - ет, бауыр, жануар миында, балықта, лобияда өте көп.

Дәрі – дәрмектерден төмендегілер фосфордың орын толтыру үшін тағайындалады.

1.Фитин – құрамында түрлі Р қышқылдары бар препарат.

2.Геофитин – 0,25г таблеткада шығарылады. 1 таблеткадан күніне 3 рет тағайындалады.

3.Кальции глицерофосфат – 0,3 г күніне 3 рет.

4.Кальций глицерофосфат түйіршіктері – 1 – 1/2 шай қасықта күніне 2 – 3 рет.

Темір - күніне 15 мг ағза үшін қажет. Ол етте, бауырда, бүйректе, қара нанда, сары уызда, алма, құлпынайда көп болады. Препаратарынан темір лактат 0,3г күніне 3 рет қабылдау керек.

Фтор - жалпы ем үшін F қажетті элемент болып саналады. Ол тістің қатты тіндерін қатайтады.

Фторлы натрий таблеткада не ерітінді түрінде шығарылады. Суда F мөлшері 0,8 мг/л төмен болғанда тағайындалады. 2 жасқа дейін күніне 0,25 мг, 2 ден 5 жасқа дейін 0,5 мг күніне 5 тен үлкен болған балаларға 1 мг, одан көп беріп болмайды.

Тіс жегінің жедел түрінде ағзаның қорғаныс қызметін күшейту үшін ОЖЖ(орталық жүйке жүйесі) қызметін жоғарылатып әсер етуші препараттар тағайындалады. Оларға: жень – шень, алтын тамыр, элеутерококк, нуклеин қышқылының тұздары, пентоксил, метилура-цил, калии оротат, рибоксин т.б. жатады.

Сонымен қатар патогенетикалық емде В тобының дәрумендері, С, D, А және Е дәрумендері тағайындалады.

В дәрумендеріағзаға азық – түлік арқылы да ендірсе болады. В тобы дәрумендері сыра ашытқысында, ноқатта, лобияда, қара нанда, гречка және арпа ұндарында көп болады.

С дәруменібалық, қара қарақатта, итмұрын жемісінде, лимонда, мандаринде, кивиде көп.

D дәруменібалық майында, треска бауырында, сарыуызда, сары майда көп болады.

А дәруменісары майда, сарыуызда, сәбізде, қызыл қалампырда болады.

Е дәруменікүнбағыс, жүгері, соя майларында көп кездеседі.

А, Е және D дәрумендері калий – фосфор алмасуын реттейді.

Жоғарыда айтылғандар ескеріле отырып құрамында макро және микроэлементтерге бай, көмірсулар шектелген, дұрыс тамақтануды жолға қою қажет.

Жергілікті ем:

Тіс жегі мен зақымдану дәрежесіне қарай жергілікті ем тағайындалады. Жергілікті этиотропты ем негізінде оташылдық жолмен орындалады. Олар төмендегі кезеңдерден тұрады:

- жансыздандыру;

- қуысты ашу;

- қуысты кеңейту;

- өлеттенген тіндерді кесіп алып тастау (некротомия);

- қуысты қалыптастыру;

- кіреуке шетін тегістеу;

- тіс жегі қуысын антисептик ерітінділермен өңдеу (70 спирт);

- құрғату;

- аралық пломбалар қою (емдік, оқшаулайтын);

- тұрақты пломба салу;

- пломбаны тегістеу, жылтырату.

Бұл кезеңдер тіс жегінің барлық дәрежелерінде қолдана бермейді.

І. Тіс жегінің дақ кезеңіндегі - қолданылатын жергілікті ем шаралар.

Дақ кезінде кіреукеде микроэлементтер жойыла бастайды. Оның түсі ағарып, бор тәрізді болады, үсті ақ кірлермен жабылады.

1) Ем қолданудан алдын ақ кірлерден тазаланып, 3 % сутегі асқын тотығы мен жуылады, ауыз қуысы шайылып мақта білтелермен сілекейден оқшауланады. Құрғақ ауамен кептіріледі, дақ сол кезде ағарып көрінеді. Дақты анықтау үшін метиллен көгінің 2 % сулы ерітіндісі де жағылып, боялуына қарай анықталады. Ошақ болса көк түске боялады.

Емдеу кезінде ошақ препаратталмайды. Тазаланған тіс беткейіне дәрі- дәрмектерді сіңдіру (аппликация) жолымен ендіріледі. Ол үшін төмендегі дәрілерді қолданамыз:

- 10 % глюконат кальции ерітіндісі;

- 1 – 3 % ремодент;

- 2 – 10 % кальции фосфатының қышқылдандырылған ерітіндісі.

Қолдану тәсілі:

- жоғарыдағыдай тіс беткейі тазаланып, құрғатылады;

- реминерализациялайтын ерітіндіге (кальции глюконат 10 %, ремодент, кальции фосфат) мақты тампон малынып, ошаққа 15 – 20 минутқа (әр 5 мин мақта ауыстырылады) қойылады;

- тіс беткейін құрғатып, 2 – 3 минутқа мақта тампонды 2 – 4 % натрии фтор ерітіндісіне малып қойылады.

2) Реминерализациялайтын емді фторлак не электрофорез жолымен де жасаса болады.

Электрофорез жолымен ременерализациялайтын ем жасау:

- тіс беткейі тазаланып, оқшауланып, құрғатылады;

- тіс беткейіне ерітіндіге малынған мақта тампон оң электродқа оралып қойылады, катодты науқас қолына береді.

Ток күшін 30 – 50 мкА ге көтереді. Емді 5 – 10 мин жасалады. 1 курсына 10 – 15 ем қабылдау қажет.

3) Фторлакпен тіс беткейлерін жабу.

- тіс беткейлері тазаланып, шайылады;

- тіс оқшауланып, құрғатылады;

- фторлак жағылады, 1 – 2 мин құрғатылады.

2 сағатқа дейін қатты тамақ және тағам жемейді, 12 сағатқа дейін тіс тазаланбайды.

Наши рекомендации