Дәріс. Пісіру жалғастары мен жіктері.
Пісіру жалғастары мен жіктерінің жіктелуі.
Пісіру жалғастары мен жіктері бірқатар сипатты белгілерімен жіктеледі:
- жалғас түрімен;
- пішіні мен ұзақтығы бойынша;
- пісіру түрімен;
- пісіру орындалатын қалпы бойынша;
- балқыған жік металын ұстату әдісімен;
- жасалған қабат санымен;
- пісіруге қолданылатын материал бойынша;
- пісірілетін бөлшектердің өзара орналасумен;
- пісірілетін құрылғы пішінімен;
- жікке әсер етуші күш бойынша;
- балқытылған металл көлемімен;
- жиектерді дайындау пішінімен.
-
а -түйіс; б -түйіс қайырылған; в - қалыңдықтары әртүрлі жаймалардың түйістері; г- айқасқан; д - бұрыштық; е- таврлы; ж - кескінді; з- бүйіржақ; и -қапсырмалы; к - электр тойтармалы; 1, 3- пісіру бөлшектері; 2 - қапсырма
12 - сурет. Пісіру жалғастарының негізгі түрлері
Жалғас түрі бойынша пісіру жіктерін түйіс, бұрыштық, таврлы және айқас жіктер деп бөледі (12-сурет). Түйіс жалғас деп бүйір жақ беттерімен бір-біріне түйістіріп жалғастыратын екі элемент жалғасын (12,а сурет) айтады. Бұрыштық жалғас - бір-біріне бұрышпен орналасқан (900 болуы шарт емес) екі элементтің (12,д сурет) жалғасы. Таврлы жалғас дегеніміз бір элементтің шеті бұрышпен орналасып, екінші элементтің бүйіржақ бетіне пісірілген (12,е сурет). Айқас жалғас деп элементтері бір-біріне параллель орналасқан және бір біріне айқастыра пісірілетін жалғастарды (12,г суреті) айтады. Кеңістіктегі орналасуына байланысты пісіру жіктері төменгі, тік, көлбеу және төбелік (13 - сурет) болып бөлінеді. Цилиндрлі бұйымдарды пісіргенде төбелік пісіруден тік пісіруге көшкенді жартылай төбелік қалып деп атайды.
а - кеңістіктегі қалпымен; б – ұзақтығымен; в- әсерлесу күшінің бағытына байланысты; г- сыртқы беттің пішінімен
13 - сурет. Пісіру жіктерінің жіктелуі
Пісіру жалғастарының жіктерін сондай-ақ сырт көрінісімен де бөледі: түзүсызықты жіктер, сақиналы, тік және көлбеу жіктер. Жіктерді ұзақты-ғыменен тұтас және үзіліспен деп бөледі. Тұтас жіктер, өз ретінде, қысқа, орташа және ұзын жіктерге бөлінеді. Жіктерді орындау сипатымен біржақты және көпжақты орындалатын жіктер деп бөлінеді. Сырт күшінің әсер ету бағытына байланысты пісіру жіктерін флангалы (бүйір), қарсы (лобовой), құрама (аралас) және қисық жіктер (13,в суреті) деп бөледі. Флангалы жікте сыртқы күш жік өсіне параллель әсер етеді, қарсыда (лобовой) - жік өсі әсер ететін күшке перпендикуляр келеді; аралас жікте бұл флангалы және қарсы жіктердің құрамасы, ал қисық жікте жік өсі ететін күш бағытына қисық бұрышпен орналасады.
Пісіруге дайындауда жиектер пішінінің геометриялық сипаттамасы.
Пісіруге дайындауда жиектердің пішіні қандай көрсеткіштермен сипатталады? Пісіруге дайындауда жиектердің пішіні келесі көрсеткіштермен сипатталады (14 сурет):
а - жиектерді пісіруге дайындау, б- жіктер
14 - сурет. Пішінінің геометриялық элементтері
- жиектерді өндеу бұрышы (α);
- түйісетін жиектер арасындағы саңылау (а);
- жиектерді топастау шамасы (S);
- қалыңдығы әртүрлі металдарды жалғағанда жайманы қиғаштау ұзындығы (L);
- жиектердің бір-бірінен ығысуы (δ).
Жиектерді бұрыштап өңдеу металл қалыңдығы 3 мм –ден асқанда орындалады, өйткені бұлай жасамаған жағдайда пісіру жалғасы қимасында шалапісірім, сондай-ақ металда артық қыздырма және күйдірме пайда болады.
Жиектерді қиғаштап өңдеген қимасы шағын жеке қабаттармен пісіруге мүмкіншілік береді, бұл жағдай пісіру жалғасының құрылымын жақсартады, пісіру кернеулері мен деформацияларын азайтады. Түйістіретін жиектердің арасындағы саңылау шамасы металл қалыңдығы, металл таңбасы, пісіру тәсілі ж.т.б. факторларға байланысты. Дұрыс таңдалған саңылау пісіру жалғасы қимасының сапалы пісірілуін қамтамасыз етеді. Қалыңдығы әртүрлі жаймаларды пісіргенде қалың жайманы қиғаштап, оның ұзындығымен қалың бөлшектен жұқа бөлшекке баяу ауысуын реттейді, бұл жағдай пісіру құрылғыларында кернеуді азайтуға ықпал етеді.Жиектерді топастау түбір жікті орындағанда пісіру процесін тұрақты жүргізуді қаптамасыз ету үшін жасалады. Егер топастық болмаса , ол күйдірмелер қалыптасуына алып келеді. Жиектердің өзара ығысуы пісіру жалғасының беріктігін нашарлатады, сондай-ақ шалапісірім пайда болуына және кернеулер шоғырлануына алып келеді.
Пісіру жалғасының жігі келесі геометриялық көрсеткіштермен сипат-талады:
- жік ені в;
- жік биіктігі h;
- жік катетінің шамасы К (таврлы, бұрыштық және айқас жалғастар үшін).
Пісіру жіктерінің шартты белгілері.
Сызбаларда пісіру жіктері, егер көрінетін жік болса, пісіру тәсіліне қарамай тұтас сызықпен белгіленеді (15 сурет). Пісіру жігінің көлденең қимасы 15в – суретінде көрсетілген.
а, б- көрінетін жік көрінбейтін жіктер; в - көлденең қимасы;
1- біржақты меңзер; 2- текше; 3, 4 - көрінетін және көрінбейтін жік элементтері
15 - сурет. Пісіру жіктерінің шартты көрсетілуі
Жіктің белгілеуін көлбеу сызық және текшемен орындайды. Қөлбеу сызықтың ұшында меңзер жасалып, оның ұшы жік орнына тіреледі.
Текше пісіру жігін сипаттайтын белгілерді орналастыруға арналады (егер жіктің беттік жағы көрсетілсе, онда белгілер текшенің үстіне орналасады, қарсы жағы болса текшенің астына орналасады).
Жіктің сипаттамалары келесі элементтерден тұрады:
- жіктің құрылғылық элементі мен типі стандартының белгісі;
- осы стандартта қабылданған пісіру жігінің әріп және санды белгіленуі;
- стандартта қабылданған пісіру тәсілінің шартты белгісі (көрсетілмеуі де
- бұрыштық, таврлы және айқас жалғастарға –жік пішінің белгісі және оның катетінің өлшемі;
- пісірілетін учаске ұзындығының өлшемі (үзіліс жіктер үшін), қадамы және шахматты немесе тізбекті жіктер белгілері;
- қосымша белгілер.
Қосымша белгілер көмегімен жікті орындаудың ерекше шарттары көрсетіледі (мысалы, күшейтуді алумен орындалатын жіктер, пісіруді жинастыру жағдайында орындау т.б.). Шартты белгілеу элементтері міндетті түрде көрсетілген ретпен орналасады және бір-бірінен сызықшамен ажыраты-лады.
Әдебиеттер:1 нег. [57- 68], 2 нег. [21-35], 1-3 қос.
Бақылау сұрақтары
1. Пісіру жіктері қандай сипатты белгілерімен жіктеледі?
2. Жалғас түрлеріне байланысты жіктердің қандай түрлері бар?
3. Металдың қандай қалыңдығынан бастап жиектерге қиғаштан өндеу жасалады?
4. Пісіру жігі қандай геометриялық көрсеткіштермен сипатталады?
5. Пісіру жіктері сызбаларда қалай белгіленеді?