Газ тарату механизмдерінің құрылымы мен жұмысы

Газ тарату механизмі.Төрт тактілі қозғалтқыштарда цилиндрлерді жаңа
зарядпен толтыру жəне жану өнемдерін шығару үшін газ тарату механизмімен
басқарылатын клапандарды қолданады. Газ тарату механизмінің құрылымы
клапандардың орналасуына жəне олардың жетектеріне тəуелді.    

Газ тарату ифазаларын тістегершіктегі белгілер бойынша. Автотракторлық жəне басқа шапшаң жүрісті қозғалтқыштарда жұдырықшалар мен тіректік мойындар таратушы білікпен бірге штампталады (8.1 - сурет).

Газ тарату механизмі былай жұмыс істейді білігінің жұдырықшалары итергіш тарелкасына тығыз тиіп тұрады.Білік айналғанда жұдырықшалар шығыңқы жағымен тарелкаларды итереді жəне бұл кезде итергіш көтеріледі. Итергіш қарнақ 23 арқылы күйентеге 13 бұралған винттің 12 шар тəрізді шетін басады.Күйентенің екінші басы жұмысшы бетімен серіппені 20 қысып ішкі жағымен клапанды төмен түсіретін стаканды16 басады. Төмен түсірілген енгізу клапаны25 цилиндрге ауа жүретін жолды ашады, ал төмен түсірілген шығару клапаны жұмыс істеген газдар шығатын жолды ашады. Жолдың көлденең қимасы жайымен ұлғаяды,ол ең жоғарғы шегіне жеткеннен кейін жұдырықша профиліне сəйкес төмен түседі. Клапан өз ұясына жұдырықшаның профильдік бөлігін итергіш тарелкасы өткеннен кейін толық отырады жəне серіппенің 20 Газ тарату механизмдерінің құрылымы мен жұмысы - student2.ru көмегімен ұясына тығыз жабыстырылады.

24.Дизельдерде отын беруді реттеу Қарсы камераға тозаңдатылатын дизельдерде отын75¸130 кГ/см2 (7,5 ¸13 МПа) қысыммен көлемі шамамен жалпы жану камерасының25 ¸40% құрайтын қарсы камераға бүріккішпен шашыратылады.Қарсы камера негізгі камерамен бір немесе бірнеше тесіктер арқылы байланысады.Қарсы камераға шашыратылатын дизельдерде жану процесі шамамен былай іске асырылады. Сығымдау кезінде байланыстыру арналарының кедергісі салдарынан негізгі камерада қысымның өсуі дəрежесі қарсы камераға қарағанда жоғары.Қысым айырмашылығы ауаның қарсы камераға қарқынды өтуіне əкеледі.Отын қарсы

камераға поршень ЖШН15 ¸200 қалғанда шашыратылады.Отын алғаш
тұтанғанда қарсы камерадағы қысым негізгі камерадағыдан артып ,кетеді

нəтижесінде газ ағысының бағыты өзгереді.Əдетте қарсы камераның көлемі үлкен болмағандықтан жəне ауа онда аз болатындықтан, мұнда шашыратылған отынның азғантай бөлігі ғана жанады.Пайда болған жану өнімдері жанып үлгірмеген отынмен бірге жоғарғы жылдамдықпен негізгі жану камерасына өтеді, мұнда олар цилиндрдегі сығымдаулы ауамен араласады, жану жалғасады.

Алынған жұмысшы қоспа жану өнімдерінің жоғары температур
(1600 ¸20000С) нəтижесінде қысымды 48 ¸50 кГ/см2 (4,8 ¸5 МПа)жоғарылата

жанады.

Қарсы камералы тозаңдататын дизельдердің ағынды шашырататындардан артықшылықтары төмендегідей:

- отынды шашырату қысымы салыстырмалы алғанда жоғары емес;

- отын сорғысы мен бүріккіштің құрылымдары қарапайымдандырылған;

- қымбат емес дизель отынын пайдалану мүмкіншілігі бар;

- қарапайымданған отын жүйесін тазалау жүйесін қолдану мүмкіншілігі

бар.

Қарсы тозаңдатылатын дизельдердің кемшіліктері:

- қозғалтқышты от алдыру қиындаған;

- цилиндрдің жұмыс көлемінің бірлігіне қатысты қозғалтқыштың өзіндік қуаты төмендеген;

- отынның өзіндік шығыны көбейген(ағынды шашыратумен
салыстырғанда 10 ¸15% көп).      
Құйынды камералы дизельдерде ауаның құйынды ағындары жасайтын

энергия пайдаланылады. Отын негізінен қоспа жасау мен жану басталатын құйынды камераға шашыратылады. Газ жану камерасының арнайы түріне жəне сəйкестендірілген құйынды камера мен негізгі камераны байланыстыратын каналдардың құрылымына сəйкес құйынды қозғалысқа .келедіҚұйынды камералы дизельдерде салыстырмалы алғанда шашырату қысымы жоғары емес (80 ¸130 кГ-см2 немесе 8 ¸13 МПа). Бұндай дизельдерді салыстырмалы алғанда төменгі ауа асқындығы коэффициенттерінде (a = 1,4 ¸1,6) иінді біліктің жоғарғы айналымдарымен жұмыс істей алады. Олар айнымалы режимдерге де жақсы бейімделген, жану қысымдары төмендеу, соның салдарынан басқа тəсілдермен тозаңдатылатын дизельдерге қарағанда тозуға төзімді.

25.Екі тактілі ІЖҚ газгаз тарату механизмі Газ тарату механизмдері цилиндрге жаңа заряд толтыру және жанған өнімдерді шығаруды басқарады, сонымен қатар сығымдау және ұлғаю тактілеріндегі цилиндрдегі жұмыс кеңістігінің тығыздығын қамтамасыз етіп тұрады.

Қазіргі заманғы автотрактор қозғалтқыштарында клапанды газтарату механизмді (төрттактілі дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштар) және саңылаулы (екітактілі іске қосу қозғалтқыштары ПД-8,ПД-10,ПД-350) түрлері қолданылады. Клапанды газтазартқыш механизмдер цилиндр блогындағы ойық жазықтыққа орналасуына қарай екі түрге бөлінеді:

Газтазарту механизмдерінің клапандары төмен қарай орналасқан(блокта, цилиндрлер бүйірінде), карбюраторлы және газды қозғалтқыштарда(4а-сурет);

Газтазарту механизмдерінің клапандары жоғары қарай (қақпақшада аспалы түрде) орналасқан шапшаң дизельдерде, карбюраторлы және газды қозғалтқыштарда қолданылады. Клапандары төмен қарай орналасқан газтазартушы механизмдер таратқыш біліктен 1, түрткіштен 2, серіппеден 3, бағыттаушы төлкеден 4 және клапаннан 5 тұрады (4а-сурет).

Таратқыш білік 1 айналғанда оның жұдырықшасы түрткіші 2 жылжыта отырып оны көтереді, түрткіш клапанға әсер етеді де серіппені 3 сығып оны ашады. Таратқыш білік жұдырықшасы түрткіштен өткен кезде, жанған газдар қысымымен және клапан серіппесінің әсерімен өз ершігіне отырып, канал тесігін нығыздап жатады.

Газ тарату механизмдерінің құрылымы мен жұмысы - student2.ru

ЖҚ

ЖҚ

4-сурет Газтазартушы механизмдер клапандарының схемасы.

а-клапандары төмен қарай бүйірінде орналасқан; б-клапандары жоғары қарай төбесінде орналасқан; 1-тартқыш білік; 2-түрткіш; 3-серіппе; 4-бағыттаушы төлке; 5-клапан; 6-күйінте; 7-штанга(итергіш) ; ЖҚ-жану қоспасы.

Наши рекомендации