Алгоритм: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы

Мақсаты: Емдік мақсатта.. Көрсеткіші: Күйік, ісік, саусақтың жарақаты. Керекті-құралдар:

· Қайшы,

· бинт 5 см.

· Резенкелі қолғап

· ҚКҚ

Іс –әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандырып ем-шара барысын түсіндіру
  2. Науқастың келісімін аламыз.
  3. Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу

4. Резеңке қолғап кию.

  1. Науқасты өзімізге қарап отырғызып жараққаттанған қолды үстелдің үстіне қою;

6. Бинтті сол қолға ал ұшын оң қолға ұстау;

7. Білезік тұсынан бекіту жасау;

8. Білезіктен қолдын сыртымен қиғаш саусақтын ұшына апару(1орам)

9. Саусақтын ұшынан спираль тәрізді төменге саусақты орау(2 орам)

10. Қолдын сыртымен білезікке түсіп циркулярлы орау(3орам)

11. 1-ші,2-ші,3-ші орамдарды қайталап, келесі саусақтарды орап байлау.

12. Таңғышты айналмалы түрінде білезікке орап бекіту.

13. Қолғапты шешу, ҚКҚ тастау.

14. Қолымызды жуып, кептіру.

Ескерту:

1. Оң қол бас бармақтан бастап таңылады. Ал сол 5ші саусақтан.

2.Барлық саусақтарды бинттеу дұрыс тану кезінде алақан ашық болу керек.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

бұйрығы

23. Алгоритм: Жгут салу арқылы артериядан кеткен қанды тоқтату.

Мақсаты:Қан кетуді тоқтату

Көрсеткіштері: Артерия қан тамырларының зақымдануында

Қарсы көрсеткіштері:Жоқ

Керекті құралдар:

· Салфетка

· Резеңке жгут Эсмарха

· Ақ қағаз,калам

· Резеңке залалсыздандырылған қолғапты

· зарарсыздандырылған ертіндісі бар ыдыс

· үлкен дәке немесе қол орамал.

· Таңғыш материялы

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты қарау, тыныштандыру, жатқызу.

2. Науқастың және жараның жағдайын бағалау.

3. Резеңкелі залалсыздандырылған қолғапты кию.

4. Зақымданған жағын денеден біраз көтеріңкі етіп қою.

5. Қан кеткен жерден жоғарырақ, праксимальды салу керек.

6. Жгуттың астына материял немесе киімін қою керек.

7. Қан кетіп жатқан артерияны саусақпен сүекке итерип басып тұрамыз.

8. Аяқ-қолдан қан кетип жатқан жерден 2 см жоғары материял немесе орамалмен орау керек.

9. Қанды тоқтату үшін жгутті ақя-қолға қатты тартып немесе орап байлау керек.

10. Келесі орамды салу үшін; орамдар бір-бірінің үстіне Алгоритм: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы - student2.ru немесе Алгоритм: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы - student2.ru салыну керек, себебі, орамдар босамас үшін және теріні зақымдамау мақсатында

11. Жгуттың шетін ілгешекпен бекітеді немесе екі басын байлап тастайды.

12. Жгуттың дұрыс салынғанына көз жеткізуіміз керек (жгут салынған жерден төмен тамяр соғысы анықталмайды, жарадан қан кету тоқтайды, аяқ-қол ұштары бозарады).

13. Жгуттың салынған уақытын: күні, сағаты мен минутын көрсетіп жазып, жгуттың оралу бағытының астына салады.

14. Науқасты жатқызып тасмалдауымыз керек.

Ескерту!

- Жгутты жазда 1,5 – 2 сағатқа салынады. 30 минут сайын босатып отыру керек.

- Жгутты босатқанда қан кетіп жатқан жерді қолмен басып тұру керек.

- Балаларға жгут 1 сағаттан артық салуға болмайды.

- Жгутты таңғыш астына немесе киімнің астында қалып қоймау керек.

- Қыста жгут 30 минутқа немесе 1 сағатқа салыну керек. Аяқ-қолды жылы киіммен немесе одеялмен жабыду керек, сол жерге қызыл материял бөлігін қоюымыз керек.

- Резеңкелі жгуттың орынына ремен қолдануға болады.

Құжаттандыру:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

Наши рекомендации