Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
АЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАҚЫРЫБЫ: ЖАРАҚАТТЫҢ ЖӘНЕ ШОКТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Орындаған: Қасымбекова А
Тобы: АГ-103
Қабылдаған: Дауқабақ У
Алматы 2015 ж
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
.1
.
.3
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жарақат сыртқы себептердің әсерінен туындайтын аяқ қолдың шығуы мен сынуы, ет ткандерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет ткандерінің тұтастғы мен қызметінің бұзылуы. Жарақат алу әсері механикалық, химиялық (рентген сәулелері, радиоактивтік сәуле, электр жарығы, психикалық шошыну, қорқу) болуы мүмкін. Балаларда ең көп кездесетін зақымдану механикалық әсер етуден ( ауыртып алу, соғып алу, сыну, шығып кетуден) туындайды.
Шектелген бір уақыт аралығында пайда болған тұрғындардардың белгілі бір тобындағы жарақат жиынтығын жарақаттану деп атайды. Оны тұрмыстық, спорттық, көшелік, көлікте жарақаттану деп бөледі және бұлар кіші жстағы балаларда жиі кездеседі.
Кіші мектеп жасында кездесетін жарақаттың себептері: белгіленбеген орындарда, құрылыс алаңдары мен жол жөндеу орындарында, көшенің көлік жүретін бөлігінде, ашық люк, терезе маңында, балкондарда, үй төбесінде, аспалардағы тентектік, кіріп және кесіп кететін заттармен ойнау, басқыш, сүйеніштермен сырғанау, лифтідегі сотқарлық, ағаш, қоршау бойымен өрмелеу, жалаңаяқ жүгіру, отпен ойнау және т.б. Жарақаттың қайсысы болмасын, олардың кез келгені ағзада жалпы өзгерістерді туғызады ( жүрек қан тамырлары, тыныс алу, зат алмасу қызметінің бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің қатты шошынуы, қанның тоқтамауы, өмірлік қажетті дене мүшелерінің зақымдануы және т.б. нәтижесінде пайда болады. Елеулі қатты ауру және қан кетуімен қосарлана жүретін кең көлемдегі зақымдануда сырқаттың жалпы жағдайы кенеттен және жылдам нашарлай бастайды.
Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ қолдың шығуы.
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдалу түрлері. Бұдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектіңтташық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинистикалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара болуы).
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өндірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы), өндірістік емес ( тұрмыс, спорт, көше, көлік) және әскери болып бөлінеді.
Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады ( жүрек тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады ( қорқу, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінен аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетпеуінен сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айырылған бойда ауру құлайды.
Негізгі бөлім
Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
Талықсу кезінде сырқатты оның басын енесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет ( жағаны түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамтамасыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа мүсәтір спиртін искетеді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін пайдаланылады.
Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кордиамин енгізеді.
Коллапс өмір сүру үшін қауіпті жаағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті бозарады, аяқ қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған ( сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) кезде пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы сынап бағанасымен 50-80 -мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.
Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Толықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.
Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректі сыртынан ысқылайды ( жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.