Диабет ауруында ең маңызды құрал-глюкометр.

Леуметтік аурулардың бірі - қант диабеті

Диабет — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.

Қант диабетінің пайда болу себептері:

Инсулинді өндіріп шығарушы асқазан асты бездерінің клеткаларын бұзатын вирусты жұқпалар. Диабеттің дамуына ықпал ететін вирусты жұқпалар: қызамық,вирусты паротит (шошқаборық), желшешек, вирусты гепатит және тағы басқалар.

Тұқымқуалаушылық ықпал. Әдетте қант диабетімен ауыратын адамдардың туыстарында қант диабеті жиі кездеседі. Егер ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын болса, олардың балалары диабетпен ауыру қаупі-100 %, егер ата-анасының бірі ауырса-50 %, ағасы немесе әпкесі диабетпен ауырса- 25 %.

Артық салмақтық;

Холестериннің шамадан тыс деңгейі;

Қан қысымының жоғарылығы;

Дұрыс тамақтанбау;

Күйзеліс пен уайым.

Қант диабетінің белгілері:

Қатты шөлдеу;

Бөлінетін зәр мөлшерінің көбеюі;

Жоғары терлегіштік;

Салмақты жоғалту және т.б.

Қант диабетінің асқынуы:
Жіті асқынулар
диабеттік кома; гипогликемия.
Созылмалы асқынулар жүрек пен қан тамырларын зақымдау; көзді зақымдау; аяқты зақымдау.

Пациентке глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеруге үйрету.

Әрбір диабеті бар науқас қандағы глюкозаны өздігінен анықтай білуі керек.

Андағы глюкозаны анықтау маңызды.

Саусақтан қан алынады. Саусақ ұшын арнайы қазіргі заманғы ланцетпен автоматтандырылған тескіш көмегімен тесіп, тамшы қан алынады. Саусақ ұшының ортасынан емес, жанынан тесудің мәні бар, ауырмайды, онда нерв ұштары азырақ.

Глюкометр жолақшасына қан тамшысы түсумен, есеп құралы қандағы қант деңгейін көрсетеді.

Диабет ауруында ең маңызды құрал-глюкометр.

Глюкометр қандағы қант мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Глюкометрді қолдану ережесі:

1.Қолыңызды жылы сабынды сумен жуып,кептіріңіз;

2.Тексеруге құралдарды дайындаңыз (глюкометр,иучка-скарификатор, тест-жолақтары, 70%спирт, мақта шариктері );

3.Тест-жолсғын глюктметрге қосыңыз;

4.Саусақ ұшын спиртті мақтамен өңбеңіз;

5.Саусақ ұшын ручка-скарификатормен тесіңіз;

6.Анализ нəтижесін күтіңіз (15 секундта экранда көрсетіледі);

7.Анализ нəтижесін күнделікке тіркеңіз.

Диабет ауруында ең маңызды құрал-глюкометр. - student2.ru

Глюкометрді қолдану жиілігі біліңіз:

- Қант диабетінің бірінші типінде-күніне 2 рет;

- Қант диабетінің II типінде –күніне 2 рет;

- Егер қандағы қант мөлшері қалпына келмей жатса күніне 8 тексеру жүргіху керек (тамаққа дейін,тамақтан 2 сағаттан кейін,тамақтан 5 сағаттан соң, ашқарынға таңертең, кешке, физикалық күш түскенде, ауырғанда).

Анализ нəтіжесінің дұрыс көрсетпеуінің себептері:

- қанды дұрыс мөлшерде алмау;

- Тест-жолақтарын дұрыс сақтамау(қараңғы құрғақ жерде сақтау керек);

- Глюкометр таза сақтамау.

Глюкометр жұмысының дұрыстығын қалай тексереміз?

- Глюкометрмен тез арада 3 рет өлшеу керек;

- Глюкозаға клиникада анализ жасатыңыз жəне глюкометрмен 3 рет өлшеңіз;

Пациентке инсулинлі шприц- қаламсапты қолдануды үйретеміз:

- Футлярды ашамыз,қаламсапты аламыз,қақпағын ашамыз;

- Инесін саламыз;

- Инсулин араласуы үшін қаламсапты жоғары – төмен қозғаймыз;

- Инеде ауа қалмас үшін 2 БР дозаға келтіріп жібереміз;

- Керекті дозаға келтіріп, иыққа немесе іш аймағына (кіндік айналасы), сан аймағына егеміз; Мән береміз: егу барысында бас бармақ және сұқ саусақ көмегімен иньекция орнын қысамыз.

- Бас бармақ және сұқ саусақты босатып 7- 10секунд күтеміз.

- Инені алып, қақпағын жауып футлярға саламыз.

Наши рекомендации