Стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау

ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: оптикалық пирометр, қыздыру шамы,

амперметр, реостат, вольтметр, кілттер.

5.8.І ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ

Денелердің қыздырған кезде жарық шығаруын температуралық жарық немесе жылулық сәулелену деп атаймыз. Температуралық жарықтың тепе-теңдік сипатын дененің сәуле шығаруы нәтижесінде энергиясы қанша кемісе, өзі жұтқан сәулелік энергия мөлшері де сондай болумен түсіндіруге болады. Сөйтіп, жылулық сәулелену үшін тепе-теңдік күй өзінен-өзі орнауы керек. Сонда дене не аз, не көп энергия жұтқан жағдайда шығарылатын сәуленің қарқындылығы күшеюі немесе бәсеңдеуі нәтижесінде жүйе қайтадан бұрынғы күйіне оралады да, тепе-теңдік орнықты болады.

Дененің бетінен бірлік уақытты шығарылатын сәулелік энергия мөлшері дененің сәуле шығарғыштық қабілеті немесе энергетикалық жарқырауы деп аталады. Егер, дененің сәуле шығарғыштық қабілеті стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru спектрлік аралықтың бір алқабына есептелінсе, оны дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru деп атайды. Сөйтіп, дененің сәуле шығарғыштық қабілеті мынаған тең

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru (5.8.1)

Егер, дене мөлдір болмаса, онда дене бетіне түскен сәулелік энергияның біраз бөлігі жұтылады. Осы жұтылған энергияның түскен энергияға қатынасы дененің сәуле жұтқыштық қабілеті деп аталады. Демек, бұл шама түскен сәулелік энергияның қандай бөлігі жұтылғанын көрсетеді. Сонда, толқындар ұзындығы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru және стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru аралығындағы сәулелер энергиясының белгілі температурада дененің беті жұтқан бөлігін көрсететін шама дененің спектрлік сәуле жұтқыштық қабілеті стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru деп аталады.

Егер, дене бетіне түскен сәулелік энергияны талғамай толық жұтатын болса, ондай дене абсолют қара дене деп аталады. Осындай дененің сәуле жұтқыштық қабілеті бірге тең болады ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ). Ал абсолют қара дененің толық сәуле шығарғыштық қабілеті (5.8.1) өрнек арқылы табуға болады. Ондағы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru абсолют қара денені спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті, ол сәуленің толық ұзындығы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru мен температурасы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru – ға тәуелді болады, яғни

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

Неміс ғалымы Кирхгоф термодинамика заңдарына сүйеніп, сәуле шығарғыштық қабілетінің ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ), сәуле жұтқыштық қабілетіне ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ) қатынасы дененің табиғатына байланысты болмай, барлық денелерге бірдей, сәуленің толқын ұзындығы ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ) мен температурасына тәуелді функция болады деген қорытынды жасады, яғни

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru (5.8.2)

Осы қағида Кирхгоф заңы деп аталады.

Табиғатта толқын ұзындығына байланыссыз барлық сәулелерді түгел жұтатын абсолют қара дене кездеспейді. Сондықтан, дененің сәуле жұтқыштық қабілеті дәл бірге тең болмай, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru аралығында болады.

Абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті оның температурасы жоғарылаған сайын күшейе түседі. Яғни, температура жоғарылаған сайын дененің жарқырауы да күшейіп, одан шығатын сәуленің түсі де өзгереді. Олай болса, белгілі бір температурада абсолют қара дененің әр түрлі толқын ұзындығына сәйкес салыстырма сәуле шығарғыштық қабілетін эксперименттік қисықтарынан байқауға болады (5.8.1-сурет).

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

5.8.1-сурет

Абсолют қара дененің сәуле шығару қисығын сан жағынан зерттеудің нәтижесінде мынадай заңдылықтар ашылған болатын. Абсолют қара дененің жарқырауы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru оның төрт дәрежеленген абсолют температурасына пропорционал болады, яғни

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru (5.8.3)

мұндағы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - Стефан – Больцман тұрақтысы.

(5.8.3) өрнек Стефан – Больцман заңы деп аталады.

Неміс физигі В.Вин термодинамика және электродинамика заңдарына сүйене отырып жоғарыда айтылған (5.8.1-суреттегі) стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru толқын ұзындығының стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru температураға тәуелділік заңын ашты. Сонда абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілетінің максимал мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығы ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ) оның стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru абсолют температурасына кері пропорционал болады, яғни

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru (5.8.4)

мұндағы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru тәжірибемен алынған Вин тұрақтысы.

Сондықтан, сәулелік энергияның максимум шамасы толқын ұзындығына сәйкес ығысып отыратындықтан (5.8.4) өрнекті Виннің ығысу заңы деп атайды. Егер температура өсетін болса, онда энергиянын максимум шамасы толқын ұзындығының қысқа жағына қарай (УК-аймаққа), ал температура төмендейтін болса, толқын ұзындығының ұзару жағына қарай (ИҚ – аймаққа) ығысатын болады.

5.8.2 ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Жылулық сәуле шығару заңдарына негізделген жоғарғы температураларды өлшеуге арналған оптикалық әдістерді оптикалық пирометрия деп атайды.

Біздің тәжірибемізде жойылмалы сызығы бар пирометр қолданылады. Оның құрылысы төмендегідей (5.8.2-сурет):

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

5.8.2- сурет

О – обьективі арқылы жарқыраған дененің кескіні фотометрлік (Л) шамның қылымен беттестіріледі. Қыл сым мен кескін стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru окулярынан байқалынады, Ф-фильтр. Қыл сымның қызуының түсін реостат арқылы реттеуге болады. Температурасы анықталатын дененің түсі мен қыл сымның түсі бірдей болғанда тізбектегі ток пен кернеу жазылып алынады.

Пирометр тізбегіндегі миллиамперметр ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ) тікелей температураны көрсетеді. Сондықтан оптикалық пирометр арқылы ашықтық температура анықталады, өйткені абсолют қара дене үшін стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ал шамның қылы абсолют қара дене емес, ендеше нақты температура

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

Ал ( стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru ) график бойынша анықталады (5.8.3-сурет).

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

5.8.3- сурет

5.8.3 ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Бұл жұмыста Стефан -Больцман тұрақтысы анықталады. Абсолют қара дене үшін қыздыру шамының қыл сымы алынады. Қыздыру шамының қыл сымы абсолют қара дене емес, сондықтан ол абсолют қара дене бейнесіне тек жуықтайды. Шамды қыздыру үшін мына сұлбаны пайдаланамыз (5.8.4-сурет).

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

5.8.4-cурет

В-қыздыру шамының қыл сымы.

Қыздыру шамының қыл сымын қыздыру үшін шамды айнымалы ток тізбегіне қосамыз. Реостат стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru арқылы тізбектегі ток күшін стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru өзгерту арқылы қыл сымның қызуын реттеуге болады. Қыл сымды қыздыруға жұмсалған қуатты Стефан – Больцман заңына теңестірейік:

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru

бұдан

стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru (5.8.5)

табамыз.

мұндағы стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - бөлме температурасы, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - қыл сымның температурасы, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - пирометрдің көрсетуі, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - график бойынша анықталатын қосымша, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - қыздыру шамы қылының ауданы, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - жұту коэффициенті.

5.8.4 ӨЛШЕУЛЕР МЕН ӨЛШЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨҢДЕУ

5.8.4- сурет бойынша тізбекті жинау керек.

1. Осы суреттегі стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru -ді жылжыту арқылы қыздыру шамының В – қыл сымның температурасын жуықтап стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru - қа дейін қыздырайық.

2. 5.8.2- суреттегі пирометрдің стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru окулярын жылжыта отырып, сымның кескінің анықтап көреміз.

3. Пирометрдің В- батареясын (5.8.2- сурет) қосып пирометрдің Л- шамының қылын анықтап көреміз де , О және стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru (обьектив және окуляр) линзаларын жылжыта отырып, қыздыру шамының және пирометр шамдарының қылдарын бір жазықтыққа келтіріп, түстерінің бірдей болғандағы бейнесін бақылаймыз.

4.Осы алынған мәліметтерді мына кестеге жазамыз

N T стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru I стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru
               
               
               
               

5. (5.8.5) өрнекке қойып, стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru -ні анықтаймыз.

6. Есептеу кезіндегі стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru коэффициенттері белгісіз болғандықтан оқытушыдан ақыл – кеңес сұрауға болады.

7. Абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді анықтау керек.

5.8.5 БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Жылулық сәуле шығару дегеніміз не?

2. Денелердің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті деген не?

3. Денелердің сәуле жұтқыштық қабілеті деген не?

4. Денелердің спектрлік сәуле жұтқыштық қабілеті деп нені айтады?

5. Абсолют қара дене заңдарын түсіндіру керек.

6. стефан-больцман тҰраҚтысын аныҚтау - student2.ru тұрақтысының физикалық мағынасын түсіндіру керек.

Наши рекомендации