Естен таныға көрсетілетін көмектер
Есінен айрылған адамдар алғашқы дәрігерлік көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады.
Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі дәрмек: промедол, морфин, аналгин, олар болмаса кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінде жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізедә, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін жеткізеді.
Оны апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерін ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.
Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы.
Теріні айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.
Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.
Жұмсақ ұлпалар зақымдауының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді. Көбінесе көгереді, олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.
Тарамыстың созылуы ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылуы белгілері буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.
Алғашқы дәрігерлік көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын сулаған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкемен таныңыз, үлкен жараның ең жақсысы алғашқы көмекті жеке пакетіндегі дәкелі мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы ( мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде шбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз, егер қолыңызда дәке жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5 г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұздықағанақ қоюға болады.
Буының шығуы бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарым қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуцы толық және жартылай шығу(таю) деп бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуынан немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.
Буынның шығу белгілеріне мыналар жатады. Домбығу, буынның табиғи емес пішіні, буын т өңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сел қозғалғанда буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырауы.
Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы дәрігерлік көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегім ен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз. Бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.
Дененің ұзақ қысылымды болуы және оның салдары. Зілзала және апат аудандарындағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, сынықтарды астынан жылдам алып шығуға әрекеттену әрдайым сәтті құтқаруға әкелмейді. Аяғы бір тәуліктен астам қысылған адамның босатылған соң, бірнеше минуттан кейін жарық дүниемен қоштасуы, құтқарушыларды түсінбестік пен өкінішке қалдырғанын еслестетіп көріңіз.
Көптеген ғасырлар бойы осы құбылыстың қайғылы тұстары жұмбақ болып келді. Тек XIX ғасырдың аяғы мен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана дәрігерлер тамырлар сығылған кезде қысылған аяқ қолда ұлпалар алмасуының, ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің тез жиналатындығы туралы қорытындыға келді. Босағаннан және қан айналымы қалпына келген бойда ақ, организмге токсиндердің үлкен мөлшері барады.
Зардап шегуші жағдайының ауырлығы сонымен қатар зақымдалған аяқ қолға босаған кезде сұйықтың орасан зор көдемінің ұмтылатындығымен ушыға түседі. Аяқ қолдың көлемі күрт үлкейеді, бұлшық еттің кескіні жоғалады, аяқттқаттылығы соншалық жәй тықылдатқан кезде, ағашты тықылдатқанындай дыбыс шығады. Жіліншіктегі тамыр соғысы өте сирек білінеді. Сәл қозғалғанның өзі, сүйектің сыну белгісіндей ақ, жан дүниені сырқыратады.
Зақымдалған аяқ қолға плазманың үлкен көлемінің өтуі күре тамыр қысымын айтарлықтай төмендетумен қатар, токсиндердің шектен тыс көлемінің жинақталуын туғызады.
Улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағының тамырлар арасына қарай жөңкиді, бұл жүректің қызметін күрт бұзуға алып келеді. Нақ осы жәйт зардап шегішіні үйінділер мен қирандылар арасынан алып шыққаннан кейінгі алғашқы минутта жарық дүниемен қоштасуына себеп болды.
Ұзақ қысымда болу салдарынан бұлшық ет талшықтарының зақымдану нәтижесінде қанда бос миоглобиннің пайда болады.
Миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшыларын зақымдайды. Бұл бүйректің жұмысын қиындатады, дәреттің бөлінуі толығымен тоқтайды, соның салдарынан зақымданушы қаза болады.
XIX ғасырдың басында құтқарудың бірден бір шарты босағанға дейін қысылғанаяқ қолға алдын ала күйдіргі қою еді, бұдан кейін міндетті түрде ампутация (кесіп алу) жүргізіледі, егер бұл шара өмірді сақтағанның өзінде де өмірлік мүгедектікке душар етеді.
Мұндай сәттердің өзі сирек болғандықтан да, тағдырдың сыйы ретінде қабылданған.
Сол уақыттың өзінде де, зардап шегуге толық босағанға дейін суды көп ішіп, ал қысылған аяқ қол суықта болса, онда оған домбығуы мен улану дәрежесі едәуір төмен екендігін байқаған болатын. Бақытқа орай, осындай аяқ қолды сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Соңғы жылдары ұзақ қысуда қалу салдарынан тірі қалу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Көптеген елдердің құтқарушы қызметтері құтқарудың жаңка әдістерін меңгереді.
Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты. Әуелі плазмаларды айырбастайтын ерітінділерді тамырдың ішіне енгізуді жолға қою қажет. Ал ол жоқ юолса, сусынды көп ішкізген жөн. А литр сұйықты тамшылай енгізу қорғаныстық күйдіргілерді қоймаларға және аяқ қол сақтауға мүмкіндік береді.
Сұйықты қолдану болжамды жақсартады. Шығарғаннан кейін бірден бүкіл аяқ қолды таңып тастау қажет және сөйтіп қосымша қысатын қап жасайды. Бұл тек домбығуды ғана әлсіретпейді, сонымен қатар қайта бөлінетін плазма көлемін шектейді.
Барлық ықтимал құралдармен сырқырауды тоқтату және көлік шиналарын қою да көмек көрсетудің қажетті шарттары. Қалыптар сүйектердің зақымданғандығы немесе зақымданбағандығына қарамастан қойылады.
Жарақат алған орнында көмек көрсету. Мұндағы көмек көрсету екі кезеңмен көрсетіледі.
Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астында қысылып қалған аяқ қолды қалайша жылдам босатуға бйланысты.
Бақытсыз жаағдайлардың алғашқы минуттарынан бастап зақымданған аяқ қолға мұз немесе қар салынған пакеттер қойып, қаттырақ таңады және зардап шегушіге барынша көбірек ыстық сусын беру қажет.
Жер сілкінісімен апат аймағында жұмыс істейтін кәсіби құтқару командыларының құрамында міндетті түрде арнайы үйретілген адамдар болады. Олардың іс әрекетінің мәні үйіндіде қысылған адамның қолына қалайда тезірек жету және плазма айырбастау сұйықты тамырдың ішіне енгізу. Ал оның артынан арнайы техникамен келе жатқан оның жолдастраы аса сақтықпен, дабырасыз зардап шегушіні үйінді астынан алып шығады. Осындай әдіс сан мыңдаған өмірді құтқаруға мүмкіндік береді.
Екінші кезең жарақаттанушыны босатқаннан кейін көмек көрсетуді мүмкіндігінше азайту. Қатты таңып тастау, көлік шиналарын қою және қан айырбастағыш сұйықтарды енгізу, зардап шегушіні міндетті түрде «жасанды бүйрек» апараты болуға тиіс реанимация орталығына тез жеткізу істің сәтті аяқталуына үміттендіреді.
Балалар жарақатының себептері. Балалар жарақаты негізінен жас ерекшелікт еріне қатысты болып келеді: ой және дене еңбегінің даму деңгейіне, қажетті өмірлік тәжірибенің жоқтығына, шексіз құмарлыққа, еркелікке. Балалардағы тұрмыстық жарақаттар үй шаруашылығындағы берекесіздіктен: жанғыш, жарылғышг, жарылғыш заттар мен химикаттарды ұқыпсыз сақтағандықтан; электр, тұрмыс приборларының ақаулығынан туындайды. Ер балалар карбидпен, күкірт қышқылымен «химиялық сынықтарды» жиі өткізеді, мысалы, олар қышқыл қосындылардың ересек адамдар үшін бар жоғы жарты грамының өлімге алып келетіндігін білмейді! Балалар аспаптарымен жұмыс істегенде немесе оқшауландырылмаған электр өткізгіштеріне сүйкену арқылы жаралануы мүмкін. Балалар спорт және ойын алаңдарында ойнағанда жарақат алуы мүмкін.
Бас сүйек жарақаты.Бас сүйегі мен бас миының зақымдалуы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
Бас сүйегі мен бас миының жарақттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын және қатты ми қабы зақымданады.
Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырлуы, және де қысылуы болып бөлінеді.
Басқа қатты соққы тиген кезде мидың зақымдануы мүмкін.
Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30 дейінгі минутта естен айырылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғыларының бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілденінен білінеді. Зақымданушыда селқостық, ал кейде, керісінше, қозушылық байқалады.
Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айниды, кейде құстырады.
Қатты соққы толқыны әсерінен адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады. Ауыр дәрежедегі мидың сыдырлуы жараның өте өрескел бұзылуымен сипатталады.
Қайғы басқан кезде сырқаттар қоршаған ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды, сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты осы күйден денені ауыратын дөрекі тітіркендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады.
Талықсыған кезде сырқатқа сыртқы дүниенің әсері сезілмейді, ол орталық жүйке жүйесінің зақымдалу салдарынан болады, мұның себептері әр түрлі. Олар бастапқы және қайталама болып жіктеледі. Бастапқы себептері орталық нерв жүйесінің зақымдалуы ішкі органдар мен жүйелер тарапынан болған қандай да бір аурудың салдары болып табылады.
Мидың қысылуы көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан немесе сынған бас сүйегінің сынығынан туындайды.
Әдетте жарақаттанған кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, сонан соң сананың бұзылуы басталады.
Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын және зардап шегушінің жәй күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.
Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды.
Тыныс алу бұзылған кезде, ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң, жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастауы мүмкін.
Тыныс жолдарын қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған аналгин және димедрол ерітіндісі немесе супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пеницилин тағайындайды. Басқа мұз салынған қуық қояды.
Бас жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі. Басқа таңғышты мынадай әдіспен қояды: 1 м-ге жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра отыра байқалады, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап, қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады. Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап, таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.
Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін, бинтті желке арқылы мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш қойылады.
Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды. Бұл таңғыш енді бинтпен немесе ұзындығы 75-80см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.
Көзге таңғыш қою маңдай желке арқылы айналдыра ораудан басталады,екінші айналымда желке тірегінен мойынға жақынырақ түсіреді және құлақтан төменірек алып, бетті қымтап көздің жаны арқылы маңдайға апарады. Үшінші айналым шеңберлік, бекітуші. Келесі айналымда жанай отырып желкеден құлақ, көздің үсті арқылы маңдайға апарады. Әрбір айналым сайын біртіндеп үстіңгі жаққа қарай орау арқылы көздің маңайын толық жабады. Сол және оң көзге таңғыш қою әдісінің ерекшелігі мынадай: ол көзді орау кезінде бүкіл орау барысында сияқты бинтті солдан оңға қарай, ал сол көзді орау кезінде оңнан солға қарай байлайды.
Мойын, көмей немесе желке жараланған кезде крест тәріздес таңғыш салынады. Бинтті айналдыра отырып әуелі бастың маңайын бекітеді, бұдан кейін жоғарырақ және сол жақтың артынан оны қиғаштатып мойынға түсіреді. Бұдан кейін бинт мойынның оң жақ бүйрегі үстімен жүргізіліп, оның алдыңғы үстіңгі бетін жауып, желкеге қайтадан әкеледі, оң және сол жақтан жоғары өткізіп, орауды қайталайды. Таңғышты басқа айналдыра отырып бинт орамдарымен бекітеді.
Кеуде мен іштің зақымдалуы. Кеуде жарақаты ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Кеуденің жабық зақымдалуы. Зақымдалуының осы түрінің ауырлығы кеуде құрылымының зақымдалу, өкпенің сыдырлу деңгейіне байланысты.
Жеке қабырғаның сынуы жөтелген және дем алған кезде, сынықтың төңірегі қысылған кезде қатты білінетін шаншумен сипатталады. Зардап шегуінің жалпы жағдайы қанағаттандырарлық болады.
Көптеген, әсіресе қабырғалардың екі жағының сынуы кеуде клеткаларының тыныс жолдарын бұзады және оттегінің жетіспеуіне және ауыр жағдайға ұшыратады.
Өкпенің зақымдануы гемо және пневмотараксқа, шелдің ауаға ьолуынан қан түкіруге алып келеді.
Ірі тамырларға қан қысымының күрт көтерілуінен және көк тамырдың қанға толу салдырынан жарақаттан және мойынның терісі күңгірт қызғылт түске енеді.
Кеуденің жарақаты. Кеуде жарақаттары атыс қаруынан немесе басқа заттардың салдарынан пайда болады. Бұл жарақттар плевра қуысының сыртында немесе ішінде болу мүмкін.
Кеуде жарақтының ауырлығы қанның кету көлеміне, тыныс алу мен қан айналымының бұзылу, жүйке рефлекторлық сырқаттану дәрежесіне байланысты.
Сүйектің сынуының белгілері.
Жабық сынық белгілер:
· Сүйек сынған жердің сырқырауы;
· Аяқ қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
· Сүйек сынған жердің қанталануы мен домбығуы;
· Аяқ қол қызметінің бұзылуы;
· Буындар арасындағы аяқ қол төңірегіндегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.
Ашық сынық белгілері:
· Аяқ қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
· Жарада сүйек жарықшақтарының болуы;
· Жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;
· Аяқ қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.
Жарақаттану кезіндегі аурудың асқынуы. Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене ауырады, сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік сияқты жұқпалы ауруларды асқындырушы ретінде қызмет етеді.
Микроб пен зақымданған жараны жұқтыцрмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды.
Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен, шаң тозаңмен, қолдың кірімен, жараны таңған заттармен кіреді.
Газдан шіру аяқ жарақатынан жиірек байқалады, аурудың анық белгілерінің бірі жеңіл шаншудың пайда болуы, артынша қатты ауыруға ауысады. Жараның төңірегіндегі домбығады, аяқтың тері жұмылғылары су үстін қара дақ басады, тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде шықырлайды.
Сіреспенің алғашқы белгілері жоғары температура, жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі, асқазан төңірегінің, іш бұлшық етінің шаншуы, жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау бұлшық етінің қысқару және ауызды аштырмайтын шайнау бұлшық етінің түйілуі болып табылады. Біраздан кейін бұған жай тітіркеніс кезінде пайда болатын азапты құрысу қосылады.
Шоктың түрлері
Шок организмге шектен тыс күш сер еткенде дамитын, қан айналымының жедел жеткіліксіздігімен көрініс беретін ауыр патологиялық үрдіс. Бұл кезде гипоксия жағдайына байланысты зат алмасу үрдістері бұзылып, ағзалар қызметі өте әлсірейді.
Шоктың түрлері: пайда болу себептеріне қарап шоктың төмендегідей түрлерін ажыратады:
1)Жарақаттық, 2) гиповолемиялық, 3) кардиогендік, 4) сепсистік , 5)гемотрансфузиялық, 6) анафилактикалық , 7) нейрогендік.
Жарақаттық шок. Жүмыс орнында, әртүрлі табиғи апаттарда, қару-жарақты қолданғанда дамитын ауқымды жарақаттарда байқ-алады.
Гиповолемиялық шок. Көп қан кету жағдайында көп мөлшерде плазманы жоғалтқанда (мысалы, қүсу немесе іш кету нәтижесінде) сүйықтықтар мен электролиттер организмнен шығып кеткенде, яғни айналымдағы қан көлемі өте азайғанда дамиды.
Кардиогендік шок.Миокардтың көлемді инфарктыңда, жүрек жарылып кеткенде, өкпе артериясы тығындалып қалғанда, жүрек қызметінің кенеттен бүзылуымен байланысты.
Сепсистік шок.Грамтеріс бактериялар өсерінде (ішек таяқша-сы және т.б.) дамыса, оны эндотоксындік шок, ал грамоң бактериялар (мыс. staphilococcus aureus және т.б.) экзогендік шок деп деп аталады. Бактериялық токсиндер өсерінде қан тамырларының эндотелий қабаты зақымданып, оның өткізгіішііі ерекше артьш кетеді. Қан тамырларының кеңейіп кетуі (вазодилатация) қан қысымы-ның төмендеп кетуіне соқтырады. Сөйгіп, қанның басым бөлігі шетгегі кеңейген қан тамырларында қалып қойып, жүрекке қан келуі азаяды. Токсиннің әсерінде комплементтің фибринолиздік және кинин жүйелерінің белсенділігі күшейеді, тромбоциттер мен лейкоциттер белсенділігі артып, олар жасушалар мен тіндерді бүзады.
Гемотрансфузиялық шоктоптары сәйкес келмейтін қан қүйы-лғанда дамиды.
Анафилактикалық шокорганизмге әртүрлі аллергиялық реак-циялардың дамуына байланысты.
Нейрогендік шок,Жүлын-ми жарақаттанғанда немесе ауқым-ды дене жарақатында кездеседі. Оның негізгі себебі орталық нерв жүйесіне афференттік ауыру импульстарының шектен тыс түсуі. Осы жағдайда шеткі қан тамырлары ерекше кеңейіп, қан қысымы өте төмендеп кетеді.