Рылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары

Ағаш конструкцияларды монтаждау әртүрлі тәсілдермен: жекеленген элементтерді бөлшектерді немесе конструкцияның құрастырмалы элементтері арқылы жүргізіледі. Ағаш бұйымдарын монтаждау тәсілі салынып жатқан бұйымдарға, оларды көтеру әдістеріне байланысты.

Ағаш бұйымдарын жекелеген элементтерден монтаждау жұмыстары мыналардан тұрады: алдымен ол орнатылатын жерге алдын ала жинастырылған элементтерді алып келеді, сонан соң осы элементтерден бұйымдар құрастырады (терезе блоктарын жекелеген қораптардан, жармалардан, фрамугадан, желдеткіш көзінен немесе жекелеген қалқаннан құралған қосалқы қабырғалар құрылғысы). Бұл тәсіл өте көп еңбек сіңіруді талап етеді және қол еңбегін қажет етеді, сондықтан да оны жұмыс көлемі азырақ кезде қолданады.

Ағаш конструкцияларды монтаждау кәсіпорындар мен құрылыс алаңдарында жиналатын ірі элементтер мен блоктар арқылы жүргізу ұсынылады.

Ағаш шеберлігі құрылыс бұйымдарын ірілендіріп құрастыруды ірілендірілген элементтер жобасы көлеміне сай етіп тексеруден бастайды.

Дайын конструкииялық элементтерден терезе және есік блоктарын, қосалқы қабырға секцияларын, шкаф блоктарын монтаждау тиімдірек.

Конструкциялық элементтерді бірден жобадағыдай етіп орналастырады, мұның өзі ғимараттың салуын тездетеді және арзандатады.

Ағаш конструкцияларын жобадағыдай етіп орналастыру үшін, конструкцияны вертикаль көтеру, оны жылжыту, көтеріп бұру және басқа жолдары арқылы әкелуге болады.

Ағаш конструкцияларын монтаждаған кезде атқарылатын барлық процесс жекеленген кезеңдерге бөлінеді, мұның өзі дайындық жұмыстарынан, конструкцияны жобадағыдай етіп құрастырып және орналастырудан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде конструкция монтаждалатын ойықтардың көлемінің дұрыстығын, монтаждалатын ағаш конструкциялардың еріктілігі мен орнықтылығын, жүк көтергіш құралдар мен механизмдердің, доңғалақты сатылардың, сигналдаушы аспаптың жәй-күйін тексеріп отырады.

Ағаш конструкцияларды орналастырмастан бұрын оны мұқият етіп дәлдейді. Сонымен қатар оны дымқылдан, қара күйенің түсуінен қорғау үшін не істелгенін тексеру керек. рылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары - student2.ru

Бұйымның жүк асатын арқанды ілетін жерін сырмен белгілейді. Бұдан басқа конструкциялардың дәл дұрыс құрастырылғанын,
оның жұмыс сызбасымен сәйкестігін, сонымен қатар кездесетін
ауытқуларды тексереді. Конструкцияларды орнататын жерін мұқият тексеріп, тегіс емес жері және ауытқуларды жою қажет.

Конструкцияларды орнына орнату жүк асатын арқанға байланысты, жүкті жобадағыдай етіп көтеру мен орнату, оны дәлдеу және біржолата бекіту болып табылады.

Ағаш конструкцияларды алдын ала бекітілген технологиялық
карта бойынша, ал егер ол болмаған жағдайда, бекітілген схема
бойынша монтаждайды

Ағаш конструкцияларды монтаждау үшін монтаждау жабдықтары — крандар, лебедкалар, блоктар т.б., монтаждау тетіктері және түрлі арқандар, қармауыштар қолданылады.

Айтылған машиналар мен тетіктер тиеу және түсіру жұмыстарында пайдаланылады.

Крандар. Құрылыста көтергіш тасымалдау машиналары болып табылатын бұрылмалы крандар кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен жүктерді жоғары, горизонталь және қиғаш көтеруге, сондай-ақ кран мұнарасының вертикаль осіне айналдыра тасымалдауға болады.

Бір орынға орналастырып, монтаждау процесі кезінде сол орыннан жылжымайтын тұрақты, ал монтаждау процесі кезінде жылжып отыратын крандарды жылжымалы (өздігінен жүретін) крандар деп атайды. Жылжымалыға шынжыр табанды, автомобильді, пневмодоңғалақты крандар жатады.

Крандар сонымен қатар мұнараның орналасу әдісіне қарай:
айналмалы және қозғалмайтын болып, ал тіреу түріне қарай сыртқы тірегі бар және онысы жоқ болып ажыратылады. Мұнаралы крандар өздігінен жүк көтеретін және жылжымалы болып келеді. Өздігінен жүк көтеретін крандарды көп қабатты үйлерді салғанда қолданады. Оларда үйлерді құрсауына немесе жылжымалы порталға монтаждайды.

Жылжымалы мұнаралы крандарды салынып жатқан объектінің жанына орналастырады. Олар сол салынып жатқан үйдің бойымен төселген рельстер арқылы жылжиды. Мұндай кран түрлерінің бұрылмалы мұнарасы болады.

Құрылыс конструкциясын монтаждау үшін өздігінен жүретін
стрелалы крандар: шынжыр табанды, автомобильді және т.б. қолданылады, крандардың қозғалуы кең, оларды орнату жылжыту үшін рельс жолдары қажет емес.

Лебедкалар. Лебедкалар арнайы және жалпы пайдаланылатын болып ажыратылады. Арнайы лебедкалар крандарда жүкті көтеріп түсіру және мұнара стреласын өзгерту үшін қолданылады.

Орналастыру әдісіне қарай лебедкалар тұрақты және жылжымалы болып ажыратылады.

Жалпы жұмыстарға пайдаланылатын лебедкалар қолмен және механикаландырылған жетекті (электр двигателінен немесе
іштен жанатын двигательдер көмегінен) болады.

Қол жетекті лебедкалар редукторлы, реверсивті және фрикционды болып тағы да бөлінеді. Монтаждайтын лебедкалар көбінесе реверсивті болады, яғни барабан екі жағына да айнала алады. Лебедканың барабан айналымындағы өзгерістер тек электр двигатель айналу өзгерісінен болады. фрикционды лебедкалар бір, екі, үш барабанды болып келеді.

Лебедкалар орнықты және мықты етіп бекітілуі керек.Көбіне көп лебедкалар сол жағдайда якорды алмастыра алатын тұрғызылған үй-жай конструкциясына бекітіледі. Лебедканы бекіту үшін сым арқанның бірнеше тарамын оны рамасы және үй-жай конструкциясы, құрылыс арқылы өткізеді. Лебедкамен жұмыс істеуде оның құрылысын жақсы білетін және оны басқара алатын жұмысшылар жіберіледі. Іске қоспастан лебедка механизмінің үйкелетін бөлшектерін майлап, олардың дұрыстығын және қалай бекітілгенін тексеру қажет. Сонымен қатар сым арқанның бекітілуімен болт қосылыстарының іске қосқыш аппаратураны тексереді.

Лебедкамен жұмыс істеп тұрғанда, арқанның барабанға бірінің үстіне бірі шатаспай, біркелкі оралуын қадағалап, ал арқан тартылғанда барабанда оның екі орамнан кем қалмауын қадағалау керек. Арқан барабанға жақсылап бекітілуі тиіс. Жүкті төмен түсіргенде немесе көтергенде жайымен, жұлқып тартпау керек. Көтеретін жүктің салмағы паспортта көрсетілген мөлшерден аспау керек. Жұмыс істеп тұрған кезде лебедканы майлауға, тазартуға және жөндеуге болмайды. Лебедканың барлық айналмалы бөлшектері (шестернялар, ременьдер және басқалары) қоршалған болуы керек.

Арқандар. Ағаш конструкцияларды монтаждау, жүкті көтеру түсіру үшін кендірден, болаттан және капроннан жасалған арқандар қолданылады.

Кендір арқандар блок арқылы қолмен жүк көтеру үшін, сонымен қатар көтергіш және тартқыштарды орналастыру қызметін атқарады. Арқандардың шайыр жағылған және боялған екі түрі шығарылады. Боялған арқандар неғұрлым иілімді және жұмыс барысында ыңғайлы, бірақ дымқылданған жағдайда өзінің беріктігін жоғалтып, шіруге бейім болды, ыстық сіңірілген шайыр арқандар боялған арқандарға қарағанда, берік және ұзаққа
төзімді, ылғал жеріне азырақ ұшырайды, көбінесе монтаждау
жұмыстарында қолданылады.

Болат арқандарды жүктерді көтеру, түсіру және орнына жылжыту, жүк асатын арқандарды бекітетін және тартқыштарды дайындау үшін пайдаланылады. Олармен жүк көтеретін механизмдерді — крандар, лебедкалар, полиспас, тали және басқаларын дайындайды. Арқанды мейлінше көбірек иілімді ету үшін болат орамдардың арасына кендірден немесе асбестен өзектерге салынады. Арқандардың өрімдері олардың элементтерінің үйлесімдігіне қарай біржақты немесе қиылысқан болуы керек. Өрімі бір жақты арқандарда сымдардың оралу бағыты, арқандардың оралу бағыты арқандардағы оралымға сәйкес бағытта жүргізіледі. Қиылыстыра өрілген арқандарда сымдардың оралу бағыты, арқандардағы оралымға кері бағытта өріледі.

Арқандар бір өрімді, қос өрімді және үш өрімді болады. Арқандар оң, және сол бағытқа да өрілуі мүмкін. Өрімнің адымы өз осінің айнала өрілімнің толық айналым жасайтын участке ұзындығын айтады.

Бір өрімді арқандар неғұрлым иілімді болады, бірақ көбіне
қиылыстыра өрілген арқандарға қарағанда ауыр салмақ түсіп немесе жаншылғанда тез тартылады, сондықтан крандар, лебедкалар және такелаж жұмыстары үшін қиылыстыра өрілген арқандар қолданылады.

Пайдалану процесі барысында арқандардың жарамдылығын
үнемі қадағалап отыру керек. Пайдаланылуға жарамдылығын тозу
дәрежесі бойынша, жеке сымдардың үзіліп кетуінен, өрілім адымының ұзындығы және тотығып мүжілуінен анықтауға болады. Арқанның тіпті болар болмас үзілген жері оның беріктігін нашарлатып және арқанды алмастырудың негізі болып табылады. Арқанның ширатылған бұрымы үздіксіз және ешқандай томпақсыз болуы керек.

Пайдалануға берместен бұрын арқанның бетін техникалық
вазелинмен, солидол немесе арқан майымен майлайды. Монтаждау жұмыс кезінде жүкті көтергенде арқандарды түю және күрмеу арқылы бекітеді. Арқан ұштарын бір-бірімеи берік әрі сенімді байлау үшін оның ұштарын өру (түю) болып табылады; арқандардың байланысқан тұстарында арқан жуан болмауы керек.

Арқандармен жұмыс істемей тұрғанда, олардың лебедка барабанына және ілмешек жерге бекітілу беріктігі мен мықтылығын тексерген жөн. Лебедка барабанына арқанды барабанның еңкіш тесігінен өткізіп алып бекітеді. Арқан қиылып кетпес үшін, барабандағы тесіктің еңкіштігі арқан орамы бағытына сәйкес келуі қажет.

Арқанды тесіктен өткізген соң және 4-5 орам оралғаннан кейін арқан ұшын қысып қояды.

Арқандағы қысқыштар арқанның жұмыстық жағында тартқыш гайкалар болатындай етіп, арқанға орналастырылады. Арқандарды мықтап бекіту үшін гайкаларды біркелкі етіп тарту керек. Қысқыштар аралығы арқанның алтыдан бір диаметрінен кем болмауы тиіс.

Жүк асатын арқандар. Жүкті кранның ілгегіне асу үшін болаттан жасалған және сирек кезде кендір арқаннан жасалған жүк
асатын арқандар қолданылады. Көбінесе жиі қолданылатыны әмбебап жүк асатын арқандар, оның өзі күрмеу түріндегі тұйық арқаннан тұрады. Олардың диаметрі 19,5…31 мм, ұзындығы15 м жұмсақ болаттан дайындайды.

Жеңілдетілген жүк асатын арқан – ұштарында ожауы және ілгегі, немесе екі ілмек, екі ожауы – бар болат арқанның бір бөлігі болып табылады.

Көтеретін жүктерді байлау және шешу – көп еңбекті қажет ететін операция, сондықтан да қарапайым жүк асатын арқанды
жартылай автоматтымен алмастырады, мұның өзі жүктарді көтеруді және оларды босатуды анағұрлым жеңілдетеді.

Тақталарды, қосалқы қабырғаларды көтеру үшін төрттармақты жүк асатын арқандар пайдаланылады.

Өздігінен теңгерілетін жүк асатын арқандар ауырлық центрін анықтайтын симметриялы емес күштерді көтеру үшін қолданылады. Мұндай жүксіз қалпында сым арқан (3) құлыптың жырашығымен еркін жылжиды. Жүкті көтерген кезде қысқыштар арқанды құлыпқа қыса түсіп, жұмыстық қалпында бекітеді.

Жүктерді көтерген кезде жүк асатын арқанды дұрыс таңдай
біліп, оны жүкке сенімді түрде бекітеді. Жүк асатын арқанның
майысқан, ілмек немесе қайта төккен жері болмау керек.

Екі немесе бірнеше тұсынан ілмектерді қажет ететін конструкцияларды көтеру үшін траверс қолданылады, олар асқышы бар түтіктен жасалған қарапайым арқалық түрінде болады. Траверс, жүк көтеретін арқан, көтергіш түріндегі такелажды тетіктерді жүк көтергіш машиналардын жұмыс органына сақиналар, ілмек, ілгешектер арқылы бекітеді.

Керамика(грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалықемес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфоржатады.

рылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары - student2.ru

Керамика дегеніміз не?

Керамика - қыштан керамиқалық бұйымдарды жасау өнері. Көзеші күнделікті шыныаяқ пен тәрелкелерді 5000 жылдан аса уақыт бойына жасап келеді. Керамикалық бұйымдардың үлгілері ретінде саз балшықтан жасалған табақшаларды, гректік және қытайлық құмыралар мен бастарды, сонымен қатар саз мүсіндерді алуға болады. Боялған және лакталған фарфор ( кәрлер ) ( керамикалық бұйымдардың ең әдемі түрі ) Қытайда шамамен 1300 жыл бұрын жасалған

рылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары - student2.ru

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен «keramos» деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.

Қазіргі кезде құрылыстық керамикалық тастар өндірісінде басты назар өнімнің сапасын жақсарту мен өндірісте жаңа технологияларды пайдалану болып табылады. Жаңа өндіріс орындарын тұрғызуда автоматтандырылған және жоғарғы механикаландырылған жергілікті және шетелдік қондырғылармен жабдықтау ескерілуде. Сонымен қатар кәдімгі керамикалық тастарды алмастыратын жаңа эффективті ірі қуысты тастар қабырға тұрғызуда қолданылып келеді. Бұл тек шикізатты үнемдетіп қана қоймай, тастардың жылу қорғау қасиетін сақтай отырып қабырғалардың массасы мен қалыңдығын төмендетеді.

Ешқандай материалдар керамикалық материалдардың орнын толық ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен жасалынған керамикалық тастар да бар. Оның өзі үлкен қолданыста. Оны едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға, баспалдақтарға және т.б. жерлерде қолданады.

Керамикалық бұйымның тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш пен керамикалық тастар – аз және көп қабатты ғимараттар мен салулар үшін; керамикалық плита мен беттік кірпіш – ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар – жол құрылысына және жер асты коммуникацияларына; черепица – жамылтқы құрылғысына; жеңіл керамикалық бұйымдар – жылу оқшаулау үшін.

Құрылыстық керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл.

Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.

.Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.

рылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары - student2.ru

Жоғары молекулалы қосылыстар көбіне молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — полиэтилен, оның мономері — этилен. Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар, нуклеин қышқылдары, табиғи шайырлар), жасанды (табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) болып үш топқа бөлінеді. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар Биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған (қ. Полимерлер). Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. көптеген салаларда кеңінен қолданылады.

рылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары - student2.ru

Жоғары молекулалы қосылыстардың жалпы ортақ қасиеттері болады. Бірақ оны классикалық үлгідегі химия тұрғысынан түсіндіру қиын. Сондықтан полимерлердің қасиеттерін қарастыру үшін тиісті жаңа түсініктерді енгізуге тура келеді.

Полимерлердің молекулалық массасы әр түрлі және құрылымының айрықша сипаты болуына байланысты, олардың қасиеттерінің кіші молекулалы заттардың қасиеттерінен айтарлықтай өзгешелігі болады. Кіші молекулалы заттар, әдетте, өздеріне тән балқу, қайнау температураларымен және басқа да тұрақты шамалармен, яғни константалармен сипатталады.

Жоғары молекулалы қосылыстардың бірінші ерекшелігі — мүлде жаңа орташа молекулалық масса түсінігінің болуы. Кіші молекулалы заттар қасиеттерінің тұрақты болуы, олардың молекулалық массаларының тұрақтылығында, ал жоғары молекулалы қосылыстардың молекулалық массасы құрылым буындарының санына байланысты өзгеріп отырады. Осыған сәйкес қасиеттері де елеулі түрде өзгереді. Ұзындықтары әр түрлі, бірақ бірдей химиялық буындардан тұратын макромолекулалар полимергомологтар деп аталады.

Жоғары молекулалы қосылыстардың молекулалық массалары үлкен болған сайын әр түрлі полимерлердің қасиеттеріндегі айырмашылықтар да азая береді, тіпті жеке зат ретінде айырмасы болмай қалады. Сондықтан полимергомологтарды жеке химиялық зат ретінде бөлу әдісі жоқ деуге болады. Полимергомологтардың қоспасын молекулалық массалары бір-біріне жуық шамадағы фракцияларға бөліп қарастырады.

Полимердің келесі маңызды қасиеті — олар механикалық берік келеді, әсіресе кеңістіктік құрылымды полимерлер ерекше берік болады. Беріктік қасиет полимерлердің тармақталу дәрежесі мен типіне байланысты. Тіпті молекулааралық байланыстар үлкейген сайын заттың қаттылығы да арта түседі, серпімділік модулі артып, салыстырмалы деформациялығы азаяды. Торлы құрылымды (кеңістіктік) полимердің қасиеттері алмаз тәрізді кристалл заттардың қасиеттеріне жақындайды. Сонымен полимерлердің беріктігіне әсер ететін факторлар қатарынамолекулалық массасы, табиғаты, макро-молекулалардың бағдарлануы, құрылымдарының сипаты, тізбектерінің тігілу дәрежесі және т.б. жатады.

Қандай да бір заттың балқуы, буға айналуы немесе еріп кетуі үшін қыздыру арқылы немесе еріткіштің әсерімен оның молекулалары арасындағы өзара тартылыс күшін жеңу керек. Кіші молекулалы заттардың молекулалары арасындағы өзара тартылыс күші оншалықты мықты болмайды. Сондықтан олардың молекулаларын бір-бірінен ажыратып бөлу қиынға соқпайды. Ал үлкен молекулалы заттардың молекулаларының өзара әсері анағұрлым күшті, өйткені олар толып жатқан бунақтары арқылы бірін-бірі тартып тұрады. Сондықтан ондай молекулалы затты буға айналдыру немесе балқыту үшін едәуір қыздыру керек. Сонда кейбір заттардың молекулаларындағы атомдар арасындағы байланыстар үзіле бастап, зат айырылады. Ондай макромолекулаларды еріткіш молекулаларының әсері арқылы ыдырату мүмкін емес.

Сызықтық құрылымды полимер мен кеңістіктік құрылымды полимерлердің қасиеттеріндегі айырмашылық каучук пен резеңке қасиеттерінен айқын байқалады. Сызықтық құрылымды молекулалардан құралған, вулканизацияланбаған каучук сұйық көмір-сутектерде ериді және механикалық беріктігі онша жоғары болмайды. Ондай каучукты созып тартса, үзіліп кетеді. Ал сызықтық молекулалардың арасы күкірт атомдары арқылы қосылған вулканизацияланған каучук (резеңке) еріткіштерде ерімей, тек ісінеді және бұлар едәуір берік болады.[2]

Полимердің электр өткізгіштігі, әдетте, өте нашар. Олардың электрлік қасиетіне оған электр өрісін бергенде көрсететін қасиеттері сияқты диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және электр өткізгіштер болып бөлінеді.

Көптеген полюсті және полюссіз полимерлер диэлектриктерге жатады. Диэлектриктерге өте ұсақталған электр өткізгіш толтырғыштар (техникалық көміртек-графит, ұсақталған металдар) енгізілсе, электр өткізгіш материалдар алынады.

Жартылай өткізгіштерге қосарланған байланысы бар және заряд тасымалы бар кешенді жүйелер жатады.

Полимерлердің электрлік қасиеттеріне электр өткізгіштік, электрлік беріктілік, диэлектрлік шығын, диэлектрлік өтімділік, электр-реттік эффект, термополюссіздену жатады. Осындай қасиеттеріне байланысты полимер материалдар техниканың маңызды салаларында қолданылады

Полимерлердің жылу өткізгіштігі нашар. Жылуөткізгіштік дегеніміз — жылудың полимердің жылырақ бөлігінен суығырақ жеріне тасымалдануынан температураның теңесу процесі.

Полимерлердің қолдану аясын кеңейте түсуге мүмкіндік беретін қасиеттерінің қатарына жеңілдігін, химиялық тұрақтылығын, әсемдігін және т.б. жатқызуға болады.

Қазіргі кезеңде жобаланған қасиеттері бар синтездік полимер материалдар алу үшін ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, яғни полимерлердің беріктігін арттыратын, морттығын төмендететін, созылғыштығын жоғарылататын молекуланың қолайлы құрылымын қалыптастыру тәсілдері қажет. Полимерлердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін оларға жылу төзімділігін, динамикалық беріктігін және т.б. негізгі қасиеттерін арттыратын арнайы қоспалар қосады.

Полимерлердің маңызы зор. Сондықтан оларды өндіру мен тиімді пайдалану — халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі.

Наши рекомендации