Стол N 4. Іш өтумен жүретін, ішектің жедел аурулары кезінде, асқынулармен

Құрамы: қою қара шай, какао, қою кофе, қатқан ақ нан кеппесі, үгітілген ірімшік, күніне бір жұмыртқа бітеудей пысқан, күріш, манка ботқасы үгітілген суға пысқан, қайнатылған ет, балық, майлы емес үш күндік айран, қара қарақаттан қайнатылған сусын, черника, кисел. Тұзды шектеу, витаминдер қосу С, В1, В2, РР. Тамақтану 5-6 рет күніне.

Стол N 4а. Ірумен (брожение) жүретін колит кезінде.

N4 диета сияқты, бірақ көмірсуға бай тағамдарды шектеу (ботқа; нан 100 г артық емес; қант 20 г артық емес); ақуызды тағамдарды көбейту, олар ет, ірімшік және т.б.

Стол N 4б. Созылмалы колит, асқынулары баяулаған кезде.

Стол N 4. Іш өтумен жүретін, ішектің жедел аурулары кезінде, асқынулармен - student2.ru
Эта хитрость приносит миллионы! Почему раньше этого никто не замечал?
Доход для сайтов

Құрамы: кешегі пысқан ақ нан, құрғақ бисквит; дақылды көже ет және балық сорпасында, фрикаделька аралас көже, тарыдан басқа, суға пысқан 1/3 сүт қосылған ботқалар, пысқан көкөністер, сыр қышқыл емес, қышқыл емес қаймақ, айран, компот, кисель, шай, сүт қосылған кофе, сары май (дайын тағамдарға қосу үшін). Ас тұзы күніне 8-10 г. С, В тобындағы витаминдер. Тамақтану 4-6 рет күніне. Тағам жылы түрінде пайдаланған дұрыс.

Стол N 4в. Ішектің жедел аурулары кезінде сауығу сатысында, рационалды тамақтануға көшу ретінде; ішектің созылмалы аурулары кезінде асқыну басылған кезде, ас қорыту мүшелерінің басқа ауруларының асқынусыз кезеңінде

Бұл диета кейбір ішектің жеткіліксіздігінде толықтай тамақтану үшін қолданылады, нәтижесінде ішектің басқа әрекетінің қалпына келуіне әсер етеді. Ол физиологиялық толық диета, ақуызды жоғарылату, ал ас тұзын азайтумен жүреді. Ішектің механикалық және химиялық тітіркендіргіштерін алдын алу және ішекте ашу процесін жоғарылататын тағамдарды шектеумен көрініс береді. Тамақты ұсақталған түрде буға жасайды. Тамақтану режимі: 5 рет күніне.

Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы:

  • ақуыз — 100-120 г (60 % малдың),
  • майлар — 100 г (15-20 % өсімдік тектес),
  • көмірсу — 400-420 г,
  • ас тұзы — 10 г,
  • бос сұйықтық — 1,5 л.
  • Калориялық — 2900-3000 ккал.

Стол №5

Стол N 5. Бауыр, өт жолдары ауруларының асқынусыз сатысында.

Құрамы: вегетариандық жемістер, сүтті көжелер, дақылды көжелер, қайнатылған ет, майлы емес құстың еті, сүт, айран, ацидофильді сүт, ірімшік 200 г дейін, ботқа және ұнды тағамдар, ақ нан, қара кептірілген нан, пысқан жемістер, жидектер (қышқыл түрлерінен басқасы), көкөністер пысқан және шикі түрінде (сәбіз, қызылша), тоспа, бал, қант ( 70 г дейін), жемістерден жасалған шырындар, қою емес шай сүтпен. Шектеу майлы тағамдар (қаймақ, сары май 10 г дейін, өсімдік майы 20-30 г), жұмыртқа (күніне біреу). Ас тұзы 10 г дейін. Қосымша витаминдер A, C, B1, B2, B12, фолий қышқылы, PP, K.

Тағамдану 5 рет күніне ұсақталған түрінде.

Тиым салынады: алкогольды сусындар, бауыр, ми, саңырауқұлақ, шпинат, щавель,сарымсақ, еттің майлы түрлері, балық, қуырылған, ашты тағамдар, тағамдық хош иістендіргіштер, уксус, консерв тағамдары, балмұздақ, какао, газдалған сусындар, шоколад, крем (өттің тұрып қалуымен жүретін, өт қабының созылмалы аурулары кезінде майды 120-150 г дейін жоғарылату қажет, соның ішінде 60% өсімдік майлары).

Стол N 5а. Созылмалы панкреатит кезінде.

N5 диетадан айырмашылығы ақуыз көп мөлшерде қолданылады ( 150 г дейін, солардың ішінде 80-85% малдың ішкі майы), көмірсуларды азайту. Барлық асты буда, үгітілген түрінде, ұсақталған түрінде дайындалады.

Стол №6

Наши рекомендации