Парасимпатикалық НЖ Бассүйек бөлігі.
ПНЖ бассүйек бөлігі ортаңғы ми бөлігіне ,pars mesencephalica ,оның орталығы мидың суқұбыры түбінде ,төрт төбешіктің алдыңғы төмпешіктері деңгейінде жатады және ромбтәрізді (бульбарлы ) бөлікке ,pars rhombencephalica , оның орталығы сопақша ми аймағында ораласады.
Парасимпатикалық және сегізкөз бөлігі.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің сегізкөз бөлігінің орталығы жұлынңың сұр затында ,ми конусы аймағында , жұп оң және сол парасимпатикалық сегізкөз ядролары ,nucleus parasympathicus sacralis , түрінде І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз сегменттерінде орналасады.
Осы жасушалардың өсінділері –преганглионарлық талшықтар жұлынның алдыңғы түбіршіктері арқылы өтіп, І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтарының құрамында жүреді.Олармен бірге алдыңғы сегізкөз тесіктері арқылы шығып, сегізкөз нервтерінен бөлініп , ағзалық сегізкөз нервтері ,nn.splanchnici sacralis ,атауын алады, бөлігімен құрсақасты өрімнің , жамбас астауы ағзалары, ішек өрімдерінің (сигматәрізді жиек ішектен жоғары) экстрамуралды түйіндерге , бір бөлігімен осы ағзалардың интрамуралды түйіндеріне барады.
Осы түйіндерде преганглионарлық талшықтар перифериялық нейрондарға алмасып, постганглинарлық талшықтар түйінінде несепқуыққа , несеп жібергіш өзекке, ішектерге , ішкі және сыртқы жыныс ағзаларына жатады.Еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің тамыр кеңейткіш талшықтары қоздыратын нервтер,nn.erigentes атауын алады.
223. В.Н.Ж.Симпатикалық бөлімі. ОРталық, перифериялық органдары
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі орталық және перифериялық бөлімнен тұрады. Орталық бөлігі С8-L2-3 –де 15-16 сегмент бойы сұр затттың бүйір бөлігінде орналасқан жұлынның тораколюмбалды бөлігінің латеральді аралық ядролары болып табылады. Бұл ядролардың ұсақ мультиполярлы нейрондарынан барлық преганглионды талшықтар басталады. Олар жұлыннан жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршектері арқылы шығады.
Перифериялық бөлімі құрамына кіреді:
1. С8-L2-3 жұлын сегменттерінің жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршіктері арқылы шығатын преганглионды симпатикалық талшықтар;
2. Паравертебралды түйіндерден және олардың байланыстарынан (симпатикалық бұтақ және нервтер)тұратын симпатикалық сабау;
3. Құрсақтық аорталы өрім, жоғарғы және төменгі мықындық өрім – олар, превертабралды түйіндер және олардың байланыстары, тамырлар бойымен орналасқан ұсақ түйіндер.
4. Паравертебралды түйіндерден соматикалық нерв құрамымен органдар мен ұлпаларға баратын симпатикалық талшықтар;
5. Симпатикалық органдық және тамырмаңылық өрімдер;
6. Симпаткалық нерв ұштары.
226. құрсақ және жамбас бөлімдерінің симпатикалық өрімдері
Рсақтық өрім
Құрсақтық өрім,plexus coeliacus,құрамында превертебоһралды құрсақтық түйін, gangl. Coeliacum, немесе жартылай ай тәрізді түйіндер, gangl. Semiulnaria, бар вегетативті өрімдер ең ірі өрімі.
Құрсақтық өрімге келесі тармақтарын береді:
1) Үлкен ағзалық нерв,n.splanchnicus major,
2) Кіші аағзалық нерв, n.splanchnicus minor
3) Кезбе нерв, n.vagus, құрсақтық тармақтарын, r. Coeliaca
4) Симпатикалықсабаудың (оң және сол) бел түйіндері, , gangl. Lumbalia trunci sympatici
5) Кеуде қолқа өрімі, plexus aorticus thoracicus
6) Көкет нерві, n. phrenicus, тек соңы құрсақтық өрімнің парасимпатиалық бөлігінің қалыптасуына оң және сол көкет нервтер қатысады. Құрсақьық өрімінің құрамына кезбе нервтің жалпы артқы сабауының көп бөлігі кіреді. Құрсақтық өрімнен екінші реттік өрімдер түзетін ұзындығы мен қалғдығы әртүрлі нерв тармақтары таралады. Осы тармақтар жолында және түзетін екінші реттік өрімдер тармақтары ішінде ганглионарлық жасушалар бар.
Екінші реттік өрімдер жұп және тақ болып бөлінеді.
Жұп өрімдер :
1) Көкеттік өрім (төменгі), plexus phrenicus (inferioir), a. Phrenica inferioir , жолында жатады. Оның тармақтары: құрсақ қуысын тесіп өтетін көкеттік , нрвтің құрсақтық тармақтарымен байланысады, оосы жерде оң жағынан көкеттік түйін , , gangl. Phrenicum, орналасады. Көкеттік өрім тармақтары буйрекусті безе, төм. Кус веенаға жүріп, бауырлық және асқазандық өрімдері құрамана кіреді.
2) Буйрек үсті өрімі, plexus suprarenalis, осы өрімнің тармақтары құрасақтық өрімнің көршілес жатқан түйіндерімен жзүріп буйрек үсті артерия тармақтарымен жүріп қосарлана жүреді. Өрімге кейбір тармақтар бауырлық өрімнен және кіші ағзалық нервтен келеді.
3) Буйрек өрімі, plexus renalis, оның қалыптасуына құрсақтық өрімнің тармақтары мен бәрге іштік қолқа тармақтары, сонымен қатар кіші ағзалық нерв бөлігі және ең кіші ағзалық нерв қатысады
4) Атабез өрімі, plexus testicularis, іштік қолқаның және буйрек өрімі тармақтарымен түзіледі; ерлерде ол a. Testicularis - пен қосарлана жүріп, атабезге жетеді. Әйелде plexus ovaricus атауын алады.
Тақ өрімдер:
1) Бауыр өрімі, plexus hepaticus, құрсақтық өрімнен тамақталытын сабаушалармен түзіледі. Сонымен қатар, кезбе нервтердің жалпы алдыңғы сабаы және оң , сол төменгі көкет өрімдері қатысады.
2) Көкбауыр өрімі, plexus lienalis ; оның түзілуіне құрасақтық өрім және кезбе нервтердің жалпы артқы сабау тармақтары қатысады
3) Жоғарғы асқазан өрімі, plexus gastricus suoerior, оның түзілуіне құрасақтық өрім және кезбе нервтердің жалпы сабаулары , тармақтары қатысады.
4) Төменгі асқазан өрімі, plexus gastricus inferior, оның құрамына құрасқтық және жоғарғы шажырқай өрімдерінің нервтері кіреді, ол асқазан- он екі елі ішек артериясы мен оның тармақтарымен қосарлана жүреді
5) Ұйқы без өрімі, plexus pancreaticus, оның құрамында құрсақтық бауыр,жоғарғы шажырқай және көкбауыр өрімдерінің тармақтары және сол буйрек өрімінің тармақтары кіреді
6) Жоғарғы шажырқай өрімі , plexus mesentericus superior; оның қалыптасуына құрсақтық өрім тармақтары мен ішкі қолқасы өрімінің бөлігі қатысады. Оның негізгі массасы жоғарғы шажырқай артерия негізінде орналасады. Осы жерде 1-2 кішкене жоғарғы шажырқай түйіндері,gangl. mesenterica superior , жатады.
7) Төменгі шажырқай өрімі plexus mesentericus inferior, төменгі шажырқай артерия түбіндегі 1-2 кішкене төменгі шажырқай түйіндерімен ,gangl. Mesenterica inferior, бірге жатады. Өрім өзінің ірі ілмектерімен төм. шажырқай артерияны қоршап,оның тармақтарына өтеді және сигматәр. Жиек ішекке жиектік тармақтар, r. colici, түрінде жетеді. Жоғарғы тік ішек нервтері , түрінде төмен түсіп, жоғарғы тік ішек өрімінің түзілуіне қатысады, ортаңғы және төменгі тік ішек нервтерімен, n.rectalis medii et inferioris қосылысы бар
8) Іштік қолқа өрімдері, plexus aorticus abdominalis, ірі әртүрлі көлемді ілмекті құрылым түрінде жоғарғы және төменгі шажырқай артериялры арасындағы деңгейде, іштік қолқаның алдыңғы және латералды бетінде жатады. Жоғарыдан іштік қолқа өрімі құрсақтық өріммен латыралды жағынан қос буйрек өрімдерімен , төменнен оның жалғасы саналатын жоғарғы құрсақ асты өріммен байланысады
9) Жоғарғы құрсақ асты өрімі, plexus hypogastricus superior, жоғарыдан іштік қолқаның екі жалпы мықын артерияларға бөлінген жерімен латералды қос мықын артериямен, төменнен мүйістен 0,5 -1 см төмен жерімен шектелген кеңістікте жатады. Ол кішкене жалпайған, тығыз, жоғарыдан төмен керілген нерв табақшасы түрінде, онда әртүрлі пішінді және көлемді нерв сабаулары қалыңдығында сабау ішкі нерв жасушаларының көп мөлшері бар
Жоғарғы құрсақ асты өрімінен жалпы мықын артерия мен венаны қоршайтын өрімдерге сабаушалар кетеді:
А) мықын өрімі , plexus iliacus, оң және сол , жалпы мықын артерияны қоршайды
Б) сан өрімі, plexus femoralis, оң және сол сан артерияны қоршап оның тармақтарына жалғасады.