Тақырыбы: ИБ медициналық қалдықтарды ұйымдастыру.

Мақсаты:Студенттерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қалдықтарды залалсыздандыру, оларды шығару түрлерімен таныстыру.

Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша 5 класына бөлінеді.

Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:

- Қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру.

- ЕСҰ аймағында (А класы) және арнайы ажыратылған бөлмелерде (Б, В, Г, Д класы) медициналық қалдықтарды контейнерлерде уақытша сақтау.

Қалдықтарды жоюға тасымалдау.

Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз түстері бар:

Акласы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы – радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.

Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба қолданылады.

Тиым салынады:

- арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға; қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.

- Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу, зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.

А класының қалдықтары – қауіпсіз - әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.

Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) - операциялық, реанимациялық және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме, әжетханаларда болады.

В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында, 1-2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық қалдықтар.

Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып, қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады. Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды. Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц, ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады, жоюға жіберіледі.

Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар - диагностикалық, химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық лабораторияларда болады: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар, вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік класына сай жүргізіледі.

Д класы қалдықтары - радиоактивтік медициналық қалдықтар - құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.

Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек, тасымалдауды арнайы дайындалған қызметкер орындайды.Начало формы

Конец формы

Кілтті жағдай.

Оқыс жағдай бөлімінің немесе қабылдау бөлімінің медициналық қызметкері өзінің қорғанысы үшін қорғаныс шараларын орындау қажет, сонымен қатар бүкіл науқастардың жекелендіруін бірден жүргізу қажет.

Анық дәлелдер.

Адамның иммунодефизит вирусы немесе басқа инфекция қоздырғышы үшін арнайы қоздырғыштың шаралары енгізіледі.

Спорлы сұрақтар.

науқастың медициналық қызметкерлерге қан арқылы инфекция берілу қаупі күмән тудырмайды;

медициналық қызметкерлердің науқастар арасында инфекцияны жұқтыру қаупі бар науқасты табу жөніндегі тиімді әрекеті жөнінде мәлімет жоқ.

Наши рекомендации