Клиникалық фармакология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Берілген дәрілік препараттың бронходилятирлеуші әсер ету механизмі ацетилхолиннің М-холинорецепторлармен постсинаптикалық мембрана деңгейінде өзара әсерінің әлсіреуі немесе мүлдем тоқтауымен байқалады. Дәрілік затты анықтаңыз:

A) Тиотропиум бромиді

B) Монтелукаст

C) Сальбутамол

D) Формотерол

E) Теофиллин

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =1

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$002

30 жастағы науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы алты айда меноррагиялардың болуына шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаты бозғылт, тырнақтары көлденең жолақты, койлонихиялар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,7, лейкоциттер-4,2 мың, тромбоциттер-192 мың. ЭТЖ-22 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сары сулық темір – 11 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Сорбифер тәулігіне 200 мг 3 ай бойы Нв деңгейі қалыптанғанша

B) Феррум-лек 2,0 бұлшық етке 1 апта бойы

C) Феррум-лек 5,0 көктамырға 1 апта бойы

D) Тұтас қан құю

E) Эритроциттік масса құю

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$003

Науқас 28 жаста, диабеттік кетоацидоздық кома жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ең алдымен ... тағайындаған тиімді.

A) 0,9% натрий хлоридін

B) Реополиглюкинді

C) 5% глюкозаны

D) 40% глюкозаны

E) 7,5% калий хлоридін

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$004

Науқас 46 жаста, екінші қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға және ентігуге шағымданады. Дәрігер тәулігіне 100 мг аспиринді күн ара ішуді тағайындады. Бір айдан кейін науқаста эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған. ЭФГДС жүргізілген: эрозиялық гастродуоденит. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Аспириннің орнына тиклопидин

B) Аспириннің орнына диклофенак

C) Аспириннің орнына пентоксифиллин

D) Аспириннің тәуліктік мөлшерін 50 мг дейін азайту

E) Аспириннің тәуліктік мөлшерін 25 мг дейін азайту

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$005

65 жастағы науқас В., жүрек жетіспеушілігінің салдарынан пайда болған ісіну синдромын жою мақсатында диуретиктерді қабылдауда қосымша шағымдар пайда болды – есту қабілеті төмендеген. Жағымсыз әсер тудырған диуретик:

A) Фуросемид

B) Спиронолактон

C) Индапамид

D) Ацетазоламид

E) Гидрохлортиазид

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$006

Науқаста гипотензивті мақсатта препарат қабылдау саласында бетінің қызаруына, бас ауырсынуына және бас айналуға шағымдар пайда болды. Осындай жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін дәрілік зат:

A) Нифедепин

B) Эналаприл

C) Фуросемид

D) Бисопролол

E) Ацетазоламид

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$007

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, қарыншалар дилатациясы, жыпылық аритмиясы, шоқырақ ырғағы және іркілісті сырылдар анықталған науқастарды емдеу бағдарламасында неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Жүрек гликозидтері

B) Диуретиктер

C) Кортикостероидтар

D) Бета-адреноблокаторлар

E) Кальций антагонисттері

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$008

20 жастағы науқасты жарты жыл бұрын тізе және білезік буындарының ісіңкіреуі және ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқалары аймағында, сол жақ жамбас-сан буынында ауырсыну пайда болған. Объективті: омыртқалар бойында ауырсыну анықталады, омыртқада және сол жақ жамбас-сан буынында бүгілу шектелген, сол жақ төс-бұғана байламында деформация; ирит белгілері. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Преднизолон

B) Мовалис

C) Кризанол

D) Д-пеницилламин

E) Хлорохин

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$009

Науқас 34 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырсынуға және ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, шөлдеуге, аузындағы құрғауға шағымданады. Объективті: терісі сұрғылт-қошқыл түсті; бауыры үлкейген, пальпацияда тығыз. Қанда: сары сулық темір – 45 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Десферал

B) Лактулоза + неомицин

C) Д-пеницилламин

D) Преднизолон

E) Азатиоприн

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$0010

Вирусты С гепатитпен ауыратын науқас күн сайын интерферон 10 млн ЕД б/е қабылдайды. Емді бастағаннан кейін 2 апта өткенде екі жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы дамыды, қақырықта саңырауқұлақтар анықталды. ЖҚА: эритроциттер – 3,0 х 1012/л, лейкоциттер – 2,5 х109/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Интерферонның орнына флуконазол

B) Интерферонның орнына ламивудин

C) Интерферонның орнына ацикловир

D) Интерферонның орнына рибавирин

E) Интерферонның мөлшерін күн сайын 5 млн ЕД дейін төмендету

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$0011

Науқас В. 26 жаста диагнозы: бронх демiкпесi, аралас түрі, персистирлеуші ағымы, орташа дәрежелік ауырлықта, ремиссия фазасы, ТЖ(ДН) II қойылған. Осы науқасқа бронх демiкпенiң сатылы терапиясын есепке алуымен комбинирленген терапия көрсетiлген. Осы клиникалық жағдайда қолданылатын дәрілік заттардың жиынтығы:

A) Формотерол + будесонид

B) Сальметерол + формотерол

C) Формотерол + сальбутамол

D) Будесонид + кетотифен

E) Фенотерол + сальбутамол

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$0012

50 жастағы еркекте автобустық аялдамада кенеттен тырыспа пайда болып, естен танғанды. Оның әйелі жедел жәрдем дәрігеріне көп жылдар бойы қантты диабетпен ауыратыны жөнінде және ұстамаға дейін шприц-қалам көмегімен инсулин енгізгені жөнінде хабарлады. Қанша көлемде енгізгені жөнінде айта алмады. Бұл клиникалық жағдайда тағайындау қажет:

A) 40% глюкоза ерітіндісін 40-60 мл енгізу

B) Қысқа әсерлі инсулинді енгізу 8 Бірлік

C) Ұзақ әсерлі инсулинді енгізу 20 Бірлік

D) 5% глюкоза ерітіндісін 100 мл енгізу

E) Орташа әсерлі инсулинді енгізу 16 Бірлік

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

Наши рекомендации