Тамақтан улану кезінде дәрігер бірінші орында қай шараны қолданады?

* тамақпен қатысы бар жұмысшыларды жұмыстан босату;

* гигиеналық шаралардың жүргізілуін қатаң қадағалау;

*+ эпидемиялық қауіпті тамақтардың таратылуын тоқтату;

* қауіпті тамақтарды таратушыларға әкімшілік шара қолдану;

* медициналық тексеруден жұмысшылардың өтуін қадағалау

Табиғаты микробты тамақтан уланудың айқын клиникалық белгісі анықталғанда не істеу керек?

*+ тамақ өнімдерін бактериологиялық лабораторияға жолдау;

* тамақ өнімдерін лабораторияға жолдаудың қажеті жоқ;

* тамақ өнімдерін химиялық зерттеуге жолдау;

* химиялық зерттеуге жолдаудың қажеті жоқ;

* жоғарыдағының бәрі дұрыс емес.

Тамақтан уланудың қай жағдайында құрал саймандардан және жұмысшылар қолынан шайынды алынады?

* азық-түлікте зиянды қосылыстар табылғанда;

* табиғатынан улы тағамдарды тапқанда;

*+ тамақпен уланудың микробты этиологиясына күмән туғанда;

* тағамда ауыр металл тұздары анықталғанда;

* жоғарыдағылардың бәрі дұрыс емес.

Тағамдық токсикоинфекция кезінде зардап шеккендердің қан сарысуымен агглютинация реакциясы қандай мақсатта қойылады?

* тағамның токсикалық қасиетті қабылдау механизмін талдау үшін;

* бактериологиялық зерттеуге жіберілген материалдарға теріс нәтиже алынғанда;

* бак. зерттеу деркезінде жүргізілмегенде;

*+ тамақтан уланудың алдын ала қойылған диагнозын бекіту үшін;

* жоғарыдағылардың бәрі дұрыс емес.

Тұрмыста тамақтан улануды кім тексереді?

* кез келген дәрігер;

* жалпы білімді санитарлық дәрігер;

*+ тағам бөлімінің гигиенист дәрігері;

* эпидемиолог;

* учаскелік терапевт

Кондитерлік өндірісте стафилококты тамақтан улануға күмән туғызғанда гигиенист-дәрігер нені анықтауы тиіс? 3

*+ іріңді аурулардың болуын;

* +азықтың жылумен өңделу жағдайын

* +крем дайындау технологиясын;

* +асқазан-ішек ауруларының қабынуын

* туберкулез ауруын

Мекемеде санитариялық режим орындалуының кемшіліктерін қай микробиологиялық көрсеткіш бойынша анықтайды?

* санитарлық маңызды бактериялардың анықталуы;

* таза орындардан алынған шайындыда шартты-патогенді бактериялардың анықталуы;

*+ жұмысшылардың қолы мен таза орындардан алынған шайындыда санитарлық маңызды және шартты патогенді бактериялардың анықталуы;

* дайын тамақтардың санитарлық маңызды микроорганизмдермен жоғары деңгейде ластануы.

* бәрі дұрыс емес.

Санитариялық-бактериологиялық бақылаудың ақырғы мақсаты қандай?

* гигиеналық сараптама жүргізу;

* эпидемиологиялық жағынан сапалыы тағам жасап шығаруды қамтамасыз ету;

* кінәлі адамдарды анықтау;

*+ эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз тағамдарды сауда орындарында сатылуы мен шығарылу нәтижесінде тамақтан уланудың алдын-алу;

* азық-түліктің сатылу тәртібін бекіту.

Жылдың жылы мерзімінде эпидемиологиялық жағынан маңызды мекемелер жоспарлы түрде неше рет тексеріледі? 2

*қоғамдық тамақтандыру мекемелерін айына 1 рет;

*+ қоғамдық тамақтандыру мекемелерін айына 2 рет;

* сауда мекемелерін айына 3 рет;

* сауда мекемесін айына 2 рет;

*+ сауда мекемесін айына 1 рет.

Жылдың суық мерзімінде қолайлы мекемелер жоспарлы түрде неше рет тексеріледі? 2

* қоғамдық тамақтандыру мекемелерін айына 1 рет;

* қоғамдық тамақтандыру мекемелерін айына 2 рет;

* сауда мекемелерін 2 айда 1 рет;

*+ сауда мекемесін 4 айда 1 рет;

*+ қоғамдық тамақтандыру мекемелерін 2 айда 1 рет;

Санитарлық киім, ыдыс, қондырғылардан шайынды алу қандай бактериологиялық көрсеткіштерді анықтайды? 2

*+ коли-титр;

* патогенді микроорганизмдер;

* зең саңырауқұлақтар;

* микотоксин;

*+ жалпы микроб саны.

Азық-түліктердің жалпы ластануын көрсететін көрсеткіш.

* микробтық ластану деңгейін анықтау;

* токсиндерді индикациялау;

* санитарлық көрсеткіштік микроорганизмдерді титрлеу;

*+ жалпы микроб саны;

* клостридияны табу.

! Тамақтан улану кезінде тағамдық заттардың нәжістік ластануын көрсететін негізгі көрсеткіш:

* стафилококктар;

*+ ішек таяқшасы тобының бактериялары;

* сальмонелла;

* полифагтар;

* стрептококктар.

Сынамалардан протейдің анықталуы нені көрсетеді?

*+ нәжіспен ластанғанын;

* тамақтың бұзылғанын;

* тағамның сапалылығын;

* оң қалыпты флораға жатады;

* еш маңызы жоқ.

Наши рекомендации