Сабақ беру және оқыту әдістері.

Дәрістер:тақырыптық, мәселелік.

Тәжірибелік сабақ:

ауызша сұрау, ситуациялық есептерді және тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топта жұмыс жасау, пікірталас, кейс-стади және т.б., амбулаторлық қабылдау (немесе үй жағдайында қызмет көрсету)

Студенттің өзіндік жұмысы– тәжірибелік сабақтың жекелеген мәселелерін тереңдетіп оқу, әдебиеттермен, электронды мәліметтер базасымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, амбулаторлы карта сызбасын рәсімдей отырып жаңа туған нәрестелерді үй жағдайында патронаж, жеке егу жоспарын құру; дені сау бала кабинеті жұмысының есептемесін дайындау; амбулаторлы жағдайда науқастарды қараудың (дәлелді медицина қағидаларының негізінде), перзентханадан ерте шығарылған ана мен жаңа туған нәрестенің күтімі мен медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері бойынша өзекті сұрақтар.

Рәсімдеу талаптары: презентациялар, диспансерлік бақылау жоспары, жеке егу күнтізбесі, амбулаторлы карта сызбасы, есептемелер.

Ø Амбулаторлы картаның сызбасы:

Ø 1. Рәсімдеу талаптары:жұмыс көлемі 3-4 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалалуы тиіс.

Ø 2. Амбулаторлы қартаның үлгілік сызбасы:сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді); кіріспе ( 112-форма бойынша рәсімделеді, баланың туған жылы, айы, күні, тұратын мекенг-жайы, ата-анасы туралы мәлімет); негізгі бөлім (биологиялық, генеалогиялық, әлеуметтік анамнездер; объективті қарау, баланың жағдайын бағалау); қорытынды (шешімдер мен ұсыныстар).

Ø Егудің жеке күнтізбесі:

Ø 1. Рәсімдеу талаптары:жұмыс көлемі 3-4 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалалуы тиіс; мәтінді баяндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме болуы тиіс; библиография дұрыс рәсімделуі керек.

Ø 2. Күнтізбе құрылымына кіреді:сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді); кіріспе (тақырыптың өзектілігін негіздеу); негізгі бөлім (күнтізбеде негізгі егулер, баланың жасы және егу әдістері, егуге көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер дәлелді түрде көрсетілуі керек); қорытынды (қорытынды жасалады немесе тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады); әдебиеттер тізімі (2007 ж. кейінгі 7-10 әртүрлі әдебиеттер).

Ø Диспансерлік бақылау үлгісі::

Ø 1. Диспансерлік бақылау үлгісін рәсімдеу талаптары:жұмыс көлемі 3-4 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалалуы тиіс; мәтінді баяндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме болуы тиіс; библиография дұрыс рәсімделуі керек.

Ø 2. Диспансерлік бақылау үлгісінің құрылымы:сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді); кіріспе (тақырыптың өзектілігін негіздеу); негізгі бөлім (үлгіде диспансерлік бақылау мерзімі, емханада диспансерлік бақылаудың алғашқы және келесі жылдары бақылау жиілігі көрсетілуі керек); қорытынды (қорытынды жасалады немесе тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады); әдебиеттер тізімі 2007 ж. кейінгі.

Ø Есептеменің сызбасы :

Ø 1. Рәсімдеуге қойылатын талап:жұмыстың көлемі 3-4 баспалық парақтан немесе слайдтан тұруы керек; жұмыс, мәдениетті түрде баяндауды сақтай отырып, сауатты орындалуы керек; библиографияны дұрыс рәсімдеу.

Ø 2. Есептеменің үлгілік сызбасы:сыртқы беті (формасы бойынша рәсімдеу); негізгі бөлімі (көбіне кеңес алған балалар, қандай мәселемен келді, ұсыныс мәліметтері); қорытынды (шешімдер), әдебиеттер тізімі (2007 жылдан бергі 7 – 10 әртүрлі ақпарат көзінен).

Ø Презентация:

Ø 1. Рәсімдеуге қойылатын талап:жұмыстың көлемі 3-4 баспалық парақтан немесе слайдтан тұруы керек; жұмыс, мәдениетті түрде баяндауды сақтай отырып, сауатты орындалуы керек; библиографияны дұрыс рәсімдеу.

Ø 2. Есептеменің үлгілік сызбасы:сыртқы беті (формасы бойынша рәсімдеу); негізгі бөлімі (тақырытың өзектілігі, педиатриядағы диагностика мен емдеу әртүрлі әдістерінің тиімділігі мен қолайлылығына негізделген); қорытынды (шешімдер), әдебиеттер тізімі (2007 жылдан бергі 7 – 10 әртүрлі ақпарат көзінен).

2.11. Студенттің білімін бағалау ережелері мен критерийлері:әр деңгейде білімін бағалау шкаласы мен критерийлері (ағымдық, рубеждік, қорытынды бақылау), барлық сабақ түрлерін бағалау ережесі (аудиториялық, СӨЖ).

Наши рекомендации