Дәрістердің тақырыптық жоспары

Дәрістердің тақырыптары Сағаттар саны
  Тыныс алу жүйесі  
  1 кезең  
Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулардың маңызы. Пропедевтикалық клиниканың міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Науқасты жалпы қарау және сұрастыру.
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері: кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Перкуссия. Балалардағы ерекшеліктері.
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері: аускультация тәсілінің техникасы және ережелері. Балалардағы ерекшеліктері.
  Барлығы: 3 с
  2 кезең  
Тыныс алу жүйесі патологиясы бар науқастарды сұрастыру және қарау. Патологияда жүрек пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы ның диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы. Балалардағы ерекшеліктері.
Өкпеде қуыс пайда болуы синдромы. Плевра қуысына сұйықтық және ауа жиналу синдромы. Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы. Балалардағы ерекшеліктері.
  Барлығы: 3 с
  Жүрек-қан тамырлар жүйесі  
  1 кезең  
Жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеу әдістері: жүрек аймағын қарау және пальпация жасау. Жүрек ұшы түрткісі, қалыпты жағдайда оның қасиеттері. Жүректің перкуссиясы. Қалыпты жүрек шекаралары. Балалардағы ерекшеліктері.
Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеу әдістері: ірі және шеткі қан тамырлар аймағын қарау және пальпация жасау. Артериялық пульсті анықтау, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері.
Жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеу әдістері: жүректің аускультациясы. Жүрек соғуы дыбыстары сипаттамасы, қалыпты жағдайда олардың пайда болу механизмі. Балалардағы ерекшеліктері.
  Барлығы: 3 с
  2 кезең  
1.1.Жүрек-қантамырлар жүйесінде патологиясы бар науқастардан шағым жинау және оларды қарау. Пато-логияда жүрекке пальпация және перкуссия жасаудың диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері.
1.2. Жүректің аускультациясы: патологияда жүрек тондары. Жүрек шулары, диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері.
Жүрек қақпашасы аппаратының зақымдану синдромы. Себептері. Гемодинамикасы. Симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
Коронарлық жіті жетіспеушілік синдромы. Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері.
Эссенциалық артериалық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
Жүректің жіті солқарыншалы және созылмалы тотальды жетіспеушілік синдромы. Қан тамырлардың жіті жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок). Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері.
  Барлығы: 6 с
  Асқорыту жүйесі  
1.1 Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқастардан ауру шағымын, ауру анамнезін, өмірлік анамнезін жинау. Балалардағы ерекшеліктері.
1.2 Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқасты жалпы қарау. Іштің беткейі мен терең пальпация жасауы. Балалардағы ерекшеліктері.
1.3 Асқорыту жолдары ның зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері. Балалардағы ерекшеліктері.
1.4 Дисфагия, асқазан-ішектік диспепсияның синдромдары. Себептері. Симптомдары. Диагностикасы. Балалардағы ерекшеліктері.
Ұйқыбездің сырттай бөліну қызметінің жетіспеушілігінің синдромдары. Себептері. Симптомдары. Диагностикасы. Балалардағы ерекшеліктері.
Синдромдар: сарғаю, бауырдың жетіспеушілігі. Себептері. Симптомдары. Диагностикасы. Балалардағы ерекшеліктері.
  Барлығы: 6 с
  Несептік-жыныстық жүйе  
  1 кезең  
Несеп шығару және жыныс жүйесін физикалық тексеру әдістері. Несеп шығару және жыныс жүйесін физикалық зерттеудің балалардағы ерекшеліктері.
  Барлығы: 1 с
  2 кезең  
Несеп шығару жүйесі бұзылыстарының негізгі клиникалық синдромдары: несептік, нефриттік, нефротиқалық.
Несеп шығару жүйесі патологиясының негізгі клиникалық синдромдары: бүйрек қызметі созылмалы жетіспеушілігі.
  Барлығы: 2 с
  ЖИЫНЫ: 24 с

Наши рекомендации