Алқанша маңы безі аурулары

81. Қандай симптом гипопаратиреоздағы тырысуға бейімділікті дәлелдейді:

* Кохер симптомы

* Дальримпл симптомы

* Мари симптомы

* +Труссо симптомы

* Штельваг симптомы

82. Науқас У., 55 жаста. Шағымдары: қимыл қозғалыс кезіндегі сүйектегі ауру сезіміне шағымданды. Соңғы жылда қолынан 3 рет сынық алған. Рентгенологиялық зерттеуде: сүйек қанқасының остеопорозы, жіліншік және жамбас сүйектерінде ұсақ кисталар анықталды. Күнделікті диурез өсті, гематурия байқалады,бүйрек шаншу ұстамаларымен жүреді. Қандағы кальций деңгейі 3,5 ммоль / л, фосфор - 0,5 ммоль/л.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* +Біріншілік гиперпаратиреоз

* Екіншілік гиперпаратиреоз

* Витамин Д-мен улану

* Постменопаузалық остеопороз

* Остеоартроз

83. Науқас Д., 38 жаста, түтік сүйектердің бірнеше патологиялық сынықтармен, айқын қисықтық және қаңқалық кемістіктері бар, ауруханаға жатқызылды. Қабылдау бөлімінде науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, бұлшық гипотониясына, сүйектегі ауру сезіміне шағымданды. Ауру тарихында науқаста бүйрек тас ауруы бар екені көрсетілген. Қандағы кальций мөлшері - 3,0 ммоль/л, фосфор - 0,6 ммоль/л.

Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Екіншілік гиперпаратиреоз

* Д витаминімен улану

* Остеопороз

* Бехтерев ауруы

* +Біріншілік гиперпаратиреоз

84. Науқас К. 28 жаста біріншілік гиперпаратиреоз диагнозы қойылған.

Осы ауруда рентгенограмммада анықталатын ең ықтимал сүйек – буын патологиясы?

* Остеофитоз

* +сүйектегі кистозды түзілімдер /эпулидтер/

* «Бамбук таяғы» симптомы

* «Пробойника» симптомы

* Қол басының тырнақтық фалангаларының остеолизисі

85. М. атты науқас диффузды токсикалық жемсауға байланысты тиреоидэктомия отасын жасатты. Операциядан кейін 2 күні науқаста қол басының, аяқ саусақтарында парастезия сезімі мазалады; «акушер қолы» симптомы, Хвостек симптомы - оң.

Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?

* +Гипопаратиреоз

* Гипотиреоз

* Тиреотоксикалық криз

* Гипогликемия

* Гиперпаратиреоз

86. Науқас А, 36 жаста, анамнезінде – бүйрек тас ауруы, Қалқанша безінің УДЗ-де гипоэхогенді, капсуласы бар диаметрі 2 см түзілім анықталды. Қалқанша маңы безінің аденомасына күдік бар.

Қандай зерттеу осы жағдайда анағұрлым мәліметті?

* Жіңішке инемен аспирациялық биопсия

* Қалқанша безінің сцинтиграфиясы

* Мойын мен кеуде аралығының МРТ жасау

* +Қандағы иондалған кальций мен паратгормонның, фосфордың денгейін анықтау

* Қандағы ТТГ, бос Т4 және анти ТПО денгейін анықтау

87. Науқас М, 58 жаста, қалқанша маңы безінің қатерлі ісігі бойынша тиреоиэктомия жасалған. Операциядан кейнгі кезеңде аяқ қол тырысулары мазалай бастады. Хвостек симптомы - оң.

Тырысуға қарсы ең оңтайлы ем шарасын таңдаңыз?

* Мұрын арқылы кальцитонин

* 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға

* Кальцитриол 1 мкг, тамыр ішіне

* +10% глюконат ерітіндісін немесе кальций хлориді ттамыр ішіне

* Гипотиазид 25 мг

88. Д. науқас 42 жаста, омыртқаның қисаюы және қаңқа деформациясы, түтік сүйектердің көптеген сынықтарымен клиникаға түсті. Шағымдары: жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бұлшық еттік гипотония, сүйектердегі ауру сезімі. Анамнезінен - бүйрек тас ауруы бар. Қандағы кальций деңгейі - 4,0 ммоль/л, фосфор - 0,5 ммоль/л.

Науқасты емдеудегі ең оңтайлы ем қандай?

* +оперативті емге жіберу

* Мұрын арқылы кальцитонин тағайындау

* Кальцитриол тамыр ішілік тағайындау.

* Кальций Д3 остеофорте ұзақ уақыт тағайындау.

* Бифосфонаттарды тағайындау

89. Науқас Қ, 65 жаста, сүйектегі ауру сезімі және айқын жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде: 12 жыл бойы бүйрек тас ауруымен зардап шегеді, соңғы 2 жылда – иық және асықты жілік сүйектерінің кенет сынулары пайда болды. Зерттеу кезінде - қандағы иондалған кальций деңгейі – 3,8 ммоль/л, креатинин – 89 мкмоль/л.

Аталған жағдайда жасырын ағымды гиперпаратиреоздың хирургиялық еміне қарсы көрсеткіш болып табылады?

* Гиперкальциурия 400 мг/тәул жоғары

* Креатинин клиренсінің 70% - дан төмендеуі (жасқа байланысты нормасынан)

* Сүйектің минералды тығыздығының төмендеуі (Т-критерий < -2,5)

* Кальций құрамды нефролитиаз

* + 60 жастан асқандар

90. А. науқас, 58 жаста, 8 жылдан бері - менопаузада. Тырысулар мен сүйектеріндегі ауру сезімі мазалайды. Иық сүйегінің ультрадыбыстық денситометриясы нәтижесінде Т критерий – (-) 3,0.

Менопауза кезіндегі осы асқынуында қандай препараттады қолданған оңтайлы?

* анаболикалық препараттарды

* + кальций және витамин Д препараттарын

* Кальцитонинді

* Глюкокортикоидтарды

* андрогендер немесе оның эстрогендармен қосылысы

Наши рекомендации