Медициналық симуляцияның сценариі. Клиникалық жағдай: « Гипотониялық қан кету кезіндегі жедел көмек»

Клиникалық жағдай: « Гипотониялық қан кету кезіндегі жедел көмек»

Ситуациялық тапсырма: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Акушерка сізді босану бөліміне шақыртып жатыр. Босанға әйелде босанудан кейінгі ерте кезеңде атониялық қан кету басталды.

Соңғы нәтижесі (outcomes):

1. Босанудан кейінгі қан кетуді уақытында диагностикалау.

2. Акушерлік қан кету кезіндегі күтірмейтін көмек бойынша халықаралық стандарттарды білу.

3. Босанудан кейінгі қан кету кезіндегі күттірмейнін көмектің ережесі мен тәртібі.

4. Дағдылар: науқастың жағдайын бағалау, қан жоғалту көлемін анықтау әдістері, ұйымдастыру іс шаралары, қан кетуді тоқтату әдістері.

5. Медбикелермен топтасып жұмыс істеу, лидердік қасиеттер

6. Стресстік жағдайда өз өзін ұстану және шыдамдылық таныту.

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмасы бар парақ.

2. Волонтерларға арналған сценарилер: науқас, дәрігер анестезиолог, анестезисткалар, лаборант, мединалық кіші қызметкерлер.

3. Қадамдарды бағалау қағидалары.

4. Босануда бала жолдасымен жүргізуге арналған акушерлік фантом – 1 дана.

5. Т\і егуге арналған қол.

6. Акушерлік айналар – 2 дана.

7. Корнцангтар – 2 дана.

8. Хирургиялық латексті биялайлар – 6 пар.

9. Тонометр – 1 дана.

10. зарасыздандырылған төсек жабындылары (комплект) – 1 дана.

11. Зарасыздандырылған төсек тыстары – 2 дана.

12. Төсеніш жабындылары - 1 дана.

13. Көрпе – 1 дана.

14. Төртбұрышты ыдыс – 1 дана.

15. Бүйрек тәріздес ыдыс – 1 дана.

16. Фолей катетірі – 1 дана.

17. Жоғалқан қан көлемін өлшеуге арналған ыдыс– 1 дана.

18. Мақталы және дәкелі сүркіштер.

19. Окситоцин – 40 БІРЛІК - 8 амп.

20. Шприцтер 5 мл – 5 дана.

21. Т\І инфузияға арналған системалар – 2-3 дана.

22. №14 немесе №16 перифериялық тамырішілік катетер– 2 дана.

23. Спирт 70 % - 10 мл.

24. Өлшегіш колба.

25. 0,9% натрий хлор ерітіндісі – 5 флакон 500 мл\ден

26. Оттегі беру жүйесі

27. Медициналық таразы.

Актерлар құрамы:

1. актер – науқас,

2. актер – акушерка,

3. актер – акушерка,

4. актер – дәрігер анестезиолог,

5. актер – лаборант,

Жасалған жағдай: оқу бөлмесі – босану палатасы

1. Кушетка – 1

2. аспаптарға арналған үстел – 1

Стандартталған актерға (акушеркаға)арналған сценарии тексті және оның рөлінің жазбасы:

Дәрігер палатаға кіреді. Палатада босанған әйел, акушерка, және санитарка бар.

Акушерка дәрігерге баяндап және бірмезгілде шынтақ көктамырына перифериялық катетер енгізеді:

Жатыр тонысын кезекті бақылау барысында босанған әйелдің жыныс жолдарынан 200 мл көлемінде қан ұйындысы бөлінді және қан ағу басталды. Босану 30 минут бұрын аяқталған, асқынусыз. Дәл осы сәтте АҚҚ – 100/74 мм.сб.б., ЖСЖ – 80 соққы минутына.

Дәрігер акушер-гинеколог күттірмейтін көмек көрсетуді бастады.

қа дам№ Критерии оценки шагов Уақыт (сек) Балл бойынша бағалау
Дұрыс орындалды орындалмады
1. Дәрігер жатыр тонусын бағалайды және қан ағу себебі жатыр атониясы екенін анықтайды. «Жатыр жиырылмайды. Қан ағу жалғасуда. Босанған әйелде атониялық қан ағу». 0,5
2. Акушеркаға көктамыр ішіне 5 БІРЛІК окситоцинді 500 мл физ.ерітіндіні жылдам енгізе отырып, кристалоидтар (физиологиялық ерітінділер енгізу үшін шынтақ көктамырына перифериялық катетерді орнатуды бұйырды. 1,0
3. Қуық катетерін орнату. 0,5
4. «Босануда қанша қан жоғалту болды?» деп акушеркадан сұрады. 350 мл деп акушерка жауап берді. 0,5
5. Санитаркаға босану жолдарын қарауға арналған аспаптарды дайындауға және анестезиологты, лаборантты және барлық бос адамдарды шақыруды бұйырды. 0,5
6. Науқасты оның жағдайы туралы, жасалатын шаралар, олардың мақсаты мен маңызы туралы ақпарат береді. 0,5
7. Босану жолдарын қарауды жүргізу, ол үшін алдымен артқы айнаны енгізу қажет (айнаны бүйір қабырға бойымен енгізу тәртібі сақталады, сосын төмен бұрайды және аралықты басады), сосын жоғарғы айнаны да, тәртіп бойынша енгізеді. Қынап шырышын және жатыр мойнын қарайды, босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылуы бар жоғына назар аударады. Осыдан кейін айналарды шығарады – алдымен алдыңғы, сосын артқысын. «Босану жолдары бүтін» 0,5
8. Жатырдың бимануальді компрессиясын бастайды: зарарсыздандырылған биялайларды киіп, қынап ішіне қолды енгізеді және жұдырықтайды. § Жұдырықты алдыңғы күмбезге орналастырады және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасына басады. § Ал екінші қолымен іштің алдыңғы қабырғасы арқылы қынап ішіндегі қол бағытына қарай жатырдың артқы қабырғасына қысым көрсете отырып басады. § Қан ағу тоқтағанша және жатыр жиырылуы басталғанша қысым көрсету арқылы басуды жалғастыра береді. 2,0
  Палатаға анестезиолог, лаборант, екінші акушерка және санитарка кіреді
9. Екінші акушеркаға: «Жоғалтып жатқан қан көлемін бақылаңыз. Ыдыстағы барлық қанды өлшеуші ожауға құйыңыз және қан сіңіп қалған барлық төсек тыстардың салмағын медициналық таразыда өлшеңіз және құрғақ пен қан сіңіп қалған тыстар айырмашылығын анықтаңыз. Алынған жоғалтқан қан көлемінің нәтижесіне тағы 15% қосу қажет» деп бұйырды. 1,0
10. Анестезиологқа: « Тамыр соғысының, қан қысымының, енгізіп жатқан және шығып жатқан сұйықтық көлемін бақылаңыз. Минутына 8 л жылдамдықтағы маска арқылы оттегі берілуін қамтамасыз етіңіз» деп бұйырды. 1,0
11. Лаборантқа дереу қан талдауын: жалпы қан талдауын, коагулограмма алыңыз деді. 0,5
12. Шаруа бикесіне: «Әйелді көрпемен жабыңыз» деді. 0,5
13. Анестезиолог: АҚҚ 100/60, тамыр соғуы 90 соққы минутына деп баяндады. 0,5
Екінші акушерка жоғалтқа қан көлемі 600 мл деп баяндады
14. Қан ағу жалғасып жатқанын бағалайды 0,5
15. Бірінші акушеркаға: начинайте инфузию 20 бірлік окситоцинді 500 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп көк тамыр ішіне минутына 60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізуді бастаңыз деп бұйырады. 1,0
16. Екінші акушерка: қан жоғалту көлемі 750 мл болды деп баяндады Анестезиолог баяндайды: АҚҚ 90/60 мм.сб.б, ЖЖЖ 100 соққы/мин дейін, жақсы толуымен. Көктамыр ішіне 1500 мл физиологиялық ерітінді енгізіліп, 200 мл зәр шығарылды. ЖҚТ: Гемоглобин 100 г/л, Эр. –3,37х1012/л, қан ұю уақыты 7 мин. Сухарев бойынша. Коагулограмма: ПТИ -95%, ФГА – 2,66г/л, ФГБ –теріс., этан.тест – теріс. 2,0
17. ЖҚТ, коагулограмма, гемодинамика, бүйрек қызметнің көрсеткіштерін бағалайды. 1,0
18. Қан жоғалту жалғасуын ескере отырып дәрігер:« Кеңесшіні шақырыңыз және отаны дайындаңыз» деді. 2,0
19. Бір мезгілде тік ішекке 1000 мл мизопростол (5 дана дәріні) енгізді. 0,5
20. Бірінші акушеркаға: «ЖМП, эритромасса. Қан препаратттарының барын тексеріңіз» деп тапсырды 0,5
21. Жатыр тонус және жыныс жолдарынан бөлінділіерді тексеріп былай деді: «Жатыры тығыз. Қан жоғалту тоқтады». 0,5
Акушерка: жалпы қан жоғалту 850 мл деп баяндады. Анестезиолог: АҚҚ 100/60 мм.сб.б, ЖЖЖ 88 соққы/мин,жақсы толуымен деп баяндады.
22. Көрсеткіштерді бағалайды: гемодинамика тұрақты 1,0
23. Бірінші акушеркаға: «Физиологиялк ерітіндінің инфузиясын 2500 мл дейін жалғастыра беріңіз», әйелдің АҚҚ,тамыр соғысын, жатыр тонусын және жыныс жолдарынан кетіп жатқан бөлінділерді әр 30 минут сайын қадағалап тексеңіз деп тапсырма берді. 0,5
24. Көмек көрсерту барысында – толық өзін өзі ұстай білу, сенімді түрде орындауы 1,0
  БАРЛЫҒЫ:
           

Кезара бойынша ең жоғарғы балл – 20

Наши рекомендации