Контурасы айқын бірен-саран қараюлар 6 страница

#611

*!Жаңа туылған нәрестенің айқын атетоз тәрізді қозғалыстары ОЖЖ қандай ерекшеліктерімен АНАҒҰРЛЫМ байланысты?

* Детриттердің әлсіз дамуымен

* Бас миының жетілмеуімен

* Мишықтың жеткіліксіз дамуымен

*Пирамидалық жолдардың жеткіліксіз миелинизациясымен

* Таламопаллидарлық жүйенің функционалдық басымдылығымен

#612

*!Жаңа туылған нәрестеге иммундық жүйе жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Жетілмеген фагоцитоз

* Вирусқа қарсы әлсіз қорғаныс

* Гуморальды иммунитет тапшылығы

* А және M классындағы иммуноглобулиндердің жеткіліксіздігі

*Септикалық жағдайға, үрдістің жайылмалы түрге ауысуына бейімділік

#613

*!Жаңа туылған нәрестеге эндокринді жүйе жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Қалқанша бездің морфо-функционалдық жетілмеуі

*Бүйрек үсті безінің морфо-функционалдық жетілмеуі

* Жыныс бездерінің төмен белсенділігі

* Инсулиннің төмен мөлшері

* Ерте гипогликемия

#614

*!Жаңа туылған нәрестеге эәр шығару жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* Төмен катаболизм

* Жиі зәр шығару

* Төмен концентрациялы зәр

*Су-тұз алмасуының тұрақсыздығы

* Проксимальды және дистальды түтікшелердің жетілмеуі

#615

*!Жаңа туылған нәрестеге қан жасау жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* ДВС синдромның ерте дамуы

* Эритроциттер мен гемоглобиннің төмен деңгейі

* Тромбоциттердің төмен агрегациялық қабілеті

*К витамині және К витаминіне тәуелді қан ұю факторларының төмен деңгейі

* Құрсақіші және құрсақтан тыс инфицирлену жағдайында нейтропенияның тез дамуы

#616

*!Туылғанға дейін стерилді жағдайда болатын нәрестенің ішегіне алғашқы микробтардың қоныстануының ЕҢ ықтимал жолы?

* Антенаталды, трансплацентарлық

* Постнаталды, «теріге тері» жанасуда

* Постнаталды, мед. персоналмен қатынас болғанда

*Постнаталды, емшекке алғашқы салғанда

* Интранаталды, босану жолдарынан өткенде

#617

*!Шала туылған нәрестенің емшек ему мүмкіндігін АНАҒҰРЛЫМ анықтайтын қай фактор?

* Дене салмағы

* Гестация мерзімі

* Анасының тілегі

* Босандыру әдісі

*Сору рефлексінің жетілгендігі

#618

*!Нәрестелер үшін қоңыр майдың төменде көрсетілген қай қызметі АСА маңызды?

*Энергетикалық депо

* Салмағын арттырады

* Ақуыз алмасуына қатысады

* Ауырсыну стресінен қорғайды

* Көмірсу алмасуына қатысады

#619

*!Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестенің анасындағы гипогалактияның ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

* Нәрестені емшекке кеш салу

* Сүт бездерінен сүтті сығып тұрмау

* Шала туылған нәрестені сағатпен емізу

*Сору рефлексінің әлсіздігі

* Аралас тамақтандыру

#620

*!Нәресте 1 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 2240,0гр., бойы 43cм.

Шала туылған нәрестені күтіп баптауға көрсетілгендердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ кері әсер етеді?

* Жасанды тамақтандыру

* Жағдайының ауырлығына байланысты оқшаулау

* Инвазивті процедуралар

* Полипрогмазия

*Гипотермия

#621

*!Шала туылған нәрестелерді күтіп баптауда «жылу тізбегін» сақтау қандай АНАҒҰРЛЫМ оң нәтиже береді?

* Тыныс бұзылу синдромының азаюы

* Гипогликемияның дамуы

*Тірі қалу мүмкіндігі жоғарлауы

* Шала туылған нәрестеге оптималды температурлық режим қалыптастыру

* Экстремальді төмен салмақты нәрестелердің күтім болжамын жақсарту

#622

*!Шала туылған нәресте күтімінде инкубаторды қолданудағы ЕҢ келеңсіз фактордың бірі

* қолдану инструкциясын бұзғанда нәрестенің тоңуы

* жарық-шуыл изоляциясын сақтамағанда

*нәрестенің инфицирлену қаупі

* ылғалдандыру тәртібінің бұзылуы

* қызып кетуі

#623

*!Нәресте мерзімінен бұрын 27 аптада туылды. Туылған кездегі жағдайы өте нашар. Нәрестені қарағанда жүрек соғысы, тынысы,бұлшық етінің жиырылысы жоқ, тек әлсіз кіндік пульсациясы анықталды.

Бұл клиникалық белгілер қандай жағдайға АНАҒҰРЛЫМ тән?

* «Жаңа ғана туылған нәресте» синдромы

* Ұрықтың антенатальды өлімі

* Орташа асфиксия

*Ауыр асфиксия

* СДР

#624

*!Терең шала туылған нәресте жылу жоғалтқандағы ЕҢ маңызды асқыну

* өлім

* лейкоцитоз

*гипогликемияның дамуы

* АЛТ, АСТ деңгейінің жоғарлауы

* тікелей емес билирубиннің жоғарлауы

#625

*!Нәресте жүктіліктің 38 аптасында 2900,0 гр. салмақпен, ұзындығы 49 см,Апгар бағанасы бойынша 4-5 балмен ауыр жағдайда туылды. Денесінде көптеген айқын ұсақ түйінді-папулезді бөрітпелер бар. Алғашқы тәуліктерде дене қызуы 390, жағдайы үдемелі түрде нашарлаған.Сарғаю пайда болды, бауыры 2,5-3,5-4,0 см., көкбауыры 1,0 см. ұлғайған. Қосымша анамнезден: анасы базарда ет сатады.

ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

* Туа біткен мерез

*Туа біткен листериоз

* Туа біткен ЦМВ-инфекция

* Туа біткен токсоплазмоз

* Туа біткен қызамық

#626

*!Нәресте 3-ші жүктіліктен,1 мерзімінен ерте босанудан туылған. Алғашқы 2 жүктілік – өлі туылумен аяқталған. Анасының анамнезінде жүктіліктің 12-14 апта мерзімінде қызуы көтеріліп ЖРВИ болған.Нәрестеде туылғаннан кейін гипертермия, тыныс алу бұзылысы байқалған. Нәрестенің жағдайы үдемелі түрде нашарлап, өмірінің 15 тәулігінде тыныс алу жетіспеушілігінен шетінеді. Мәйітті тексеру барысында жұтқыншақтың артқы қабырғасында, ми тіндерінде гранулемалар анықталды, субарахноидалды кеңістік қою іріңді экссудатпен толған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

* Токсоплазмоз

*Листериоз

* Цитомегалия

* Мерез

* Пневмония

#627

*!Жаңа туылған нәрестеде туыла салысымен гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөртпелер, менингоэнцефалит белгілері байқалды. Қаннық жалпы талдамасында айқын лейкоцитоз, нейтрофилез. Алдын ала болжамалы диагноз: Туа біткен листериоз.

Келтірілгендердің ішінде қайсысы ЕҢ ықтималды патоген болып табылады?

*Грам оң флора

* Грам теріс флора

* Фильтрленуші вирус

* В тобындағы стрептококк

* Спирохета

#628

*!Нәресте ауыр жағдайда,Апгар бағанасы бойынша 3-5 балмен туылды. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында,бадамшаларда, конъюнктивада көптеген ақшыл сары ұсақ түйін тәрізді бөрітпемен бірге петехиалды бөрітпелер байқалады. Өмірінің алғашқы тәуліктерінде дене температурасы 390С.Жағдайы біртіндеп нашарлап, сарғаю, гепатоспленомегалия қосылды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

* Туа біткенмерез

*Туа біткен листериоз

* Энтеровирусты инфекция

* Туа біткен токсоплазмоз

* Цитомегаловирусты инфекция

#629

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 мерзімінен бұрын босанудан туылды,бірден даусын шығарып жылады, анасының анамнезінде 2 түсік тастау болған. Анасы ауылдық жерде тұрады, жүктіліктің соңғы апталарында дене қызуы 39одейін көтеріліп, бел омыртқасы тұсындағы ауырсынуға, кіші дәретке жиі баруына шағымданған. Нәресте туылған соң 2 сағаттан кейін нәрестенің температурасы 38,5одейін көтеріліп, тыныс жетіспеушілігі байқалған. Денесінде тәулік соңына қарай петехиалды және ақшыл сары түсті түйінді бөрітпелер, гепатоспленомегалия пайда болған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Листериоз

* Цитомегалия

* Токсоплазмоз

* Қызамық

* Феталді гепатит

#630

*!Көрсетілген симптомдардың қайсысы нәрестелердің ҚІИ-на ЕҢ тән болып келеді?

*СДР

*ҚІДК

*Экзантемалар

*Ауыр неврологиялық бұзылыстар

*Жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

#631

*!Нәрестеге вирусты гепатит В қарсы активті-пассивті иммунизация жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады

* вакцинаны арнайы иммуноглобулиннің алдында 2 сағат бұрын енгізу

* вакцинаны арнайы иммуноглобулиннің алдында 1 тәулік бұрын енгізу

* вакцинаны арнайы иммуноглобулиннен соң 2 сағаттан кейін енгізу

* вакцинаны арнайы иммуноглобулиннен соң 1 тәуліктен кейін енгізу

*вакцинаны және арнайы иммуноглобулинді бір мезгілде енгізу

#632

*!Неонаталдық гепатитке АНАҒҰРЛЫМ тән

* АЛТ, АСТ төмендеуі

* гипергликемия, глюкозурия

*холестаз маркерларының жоғарлауы

* бауырдың синтездеу қызметінің бұзылуы

* тікелей билирубиннің сағаттық өсуі 9 мкмоль/л/сағ артық болуы

#633

*!Нәресте 38-39 аптада салмағы 2100,0гр., бойы 49cм. болып қанағаттанарлық жағдайда туылды. Дем алысы қалыпты, жүрек соғысы жиілігі минутына 130-дан жоғары, тері жамылғысының түсі қызыл, бұлшық еттің гипотониясы, ему рефлексі әлсіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың ЕҢ дұрысы қайсысы?

* Өте аз салмақпен мерзімінде туылған нәресте

*ҚІДК-мен мерзімінде туылған нәресте

* ҚІДК-мен шала туылған нәресте

* Аз салмақпен шала туылған нәресте

* Өте аз салмақпен шала туылған нәресте

#634

!Нәрестеге тексеру жүргізген кезде алақанына салынған дәрігердің саусағын қатты қысады.

Бұл рефлекс қалай аталады?

* Перес

* Бабкин

* Галант

* Қорғаныш

*Робинсон

#635

*!Жаңа туылған нәрестенің алақанының тенорға жақын маңайын үлкен саусақпен басқан кезде нәресте ауызын ашып басын бұрады.

Бұл рефлекс қалай аталады?

* Галант

* Қорғаныш

* Ұстау

* Перес

*Бабкин

#636

*!1күндік мерзіміне жетіп туылған нәресте.Емшекті жақсы емеді, құспайды. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады. Жалпы қарағанда ағзалар мен мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Анамнезінде: антенатальды және интранатальды кезеңдер ерекшеліксіз өткен. Анасының шағымы нәрестенің зәрі болмаған. ЖҚА,ЖЗА қалыпта, өзгеріссіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?

*Нәрестенің физологиялық ануриясы

* Анурияның экстренальды формасы

* Анурияның субренальды формасы

* Анурияның аренальды формасы

* Анурияның ренальды формасы

#637

*!Нәрестені қарап тексеру барысында неврологиялық статусын анықтау үшін қай параметр ЕҢ ақпаратты?

*Сана

* Тырысу

* Тексеруге реакциясы

* Шартсыз рефлекстердің болуы

* Спонтанды қозғалыс белсенділігі

#638

*!Жаңа туылған нәрестені күтіп баптауда келтірілгендердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ жағымды әсер етеді?

* Туылғаннан кейін анасымен «терімен тері» жанасуы

* Медицина қызметкерлерінің дұрыс көзқарасы

* Туылғаннан бастап емшекпен емізу

* Ана мен баланың бірге болуы

*Аналық сезімін білдіруі

#639

*!Нәрестені "еркін киіндірудің" АНАҒҰРЛЫМ басым артықшылығы қандай?

* Еркін тыныс алады

* Белсенді қозғалады

*Гипотермияның алдын алады

* Сору рефлексі белсенді болады

* Еркін жағдайда тыныш ұйықтайды

#640

*!22 жастағы ана, соматикалық жағынан денсаулығы жақсы. Жүктіліктің 16-шы және 38-шіаптасында патронаж жасалған. 2-ші босануы. Жүктілік пен босану ерекшеліксіз, қалыпты өткен.Нәрестенің туылғандағы салмағы 3450,0, бойы 52 см, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Анасының кеудесіне 30 минуттан кейін салынды, белсенді емді. Қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Соматикалық жағынан өзгерістері жоқ. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады.

Осы нәрестені қай денсаулық тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

* ІІ

* ІІІ

* ІV

* V

*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *3*56*1*

#641

*!Жергілікті педиатр жаңа туылған нәрестені қарау кезінде нәресте флегмонасын қойды.

Науқасқа байланысты қандай тактика ЕҢ дұрыс болып табылады?

* Зақымданған жерді бриллиант көгінің 3% ертіндісімен үй жағдайында өңдеу

*Нәрестені шұғыл түрде нәрестелердің хирургиялық бөліміне жіберу

* Нәрестені күндізгі стационар бөлімінде бақылауға қалдыру

* Антибиотиктер тағайындап нәрестені үйде қалдыру

* Дәрігер дерматологқа кеңеске жолдау

#642

*!Нәрестеде туылғаннан бастап көзінен шырышты-серозды бөліністер байқалды. Апта соңына қарай көзінен көп мөлшерде іріңді бөліністер бөліне бастады, 2-3 аптасында күшті жөтел қосылды. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, эозинофилия,кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе мен бронхтардың жоғарғы бөлігінің зақымдануы байқалады: паренхима құрылымының зақымдануы майда торлы сипатта.

Көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?

*Эритромицин

* Цефтриаксон

* Метронидазол

* Ванкомицин

* Виферон

#643

*!Нәрестеде 2-ші тәулігінде тері жамылғыларының сарғаюы пайда болды. Емшекті емеді, құспайды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен 40 апта мерзіміндегі 1 босанудан. Туылғандағы салмағы 3200,0 бойы 51см.

Анасының қан тобы О(I) бірінші, Rh()оң, баланың қан тобы (ІІІ) үшінші, Rh(-)теріс

Нәрестені ары қарай ЕҢ дұрыс жүргізу тактикасы қандай?

* Емшек сүтімен емізуді жалғастыру және ары қарай бақылау

* Фототерапия тағайындау және емізуді жалғастыру

* Ана мен баланың қан тобын, резус-факторын анықтау

*ЖҚА,б/х қан талдауын тағайындау,билирубиннің сағаттық өсуін бақылау

* ПИТ бөліміне ауыстыру, шұғыл түрде қан алмастыру отасын бастау

#644

*!Нәрестенің тынысы жоқ,терісі көк, тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы минутына 90 рет, аяқ қолдары салбыраған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалаудың Ең ықтималды балы қайсы?

* 2

* 4

* 3

*1

* 0

#645

*!Нәресте 5-жүктіліктен, 40 аптада 3босанудан туылды. Анамнезінде: жүктілік 1-жартысындатоксикозбен, жүктіліктің екінші жартысысозылмалы пиелонефриттің өршуімен асқынған.

Нәрестенің туылғандағы жағдайының ауырлық дәрежесін қай бағана бойынша бағалау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

*Апгар

* Сильверман

* Дубович

* Дементьев

* Полачек

#646

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 38 аптада 2 босанудан, жамбаспен туылған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша ЕҢ дұрысы туылғаннан кейін қай минуттарда бағалаған жөн?

* 1 және 3

*1 және 5

* 1 және 10

* 1 және 15

* 1 және 20

#647

*!Жаңа туған нәрестеде1 минутта жүрек соғысы әлсіз,сирек, тынысы жоқ, тері жамылғысы боз, аяқ-қолдары салбыраған.Жүргізілген реанимациялық шаралардан соң 5 минуттан кейін жүрек соғысы 90, тыныс алуы пайда болды,бірақ тұрақсыз, акроцианоз, атония, арефлексия байқалды.

Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?

* 1-4

* 0-2

* 0-3

* 1-2

*1-3

#648

*!Бал емізетін анада дене қызуы 37,5ºС дейін көтеріліп,сүт бездерінде қатаю, ауырсыну, аздаған қызару пайда болды.Сүт бездерін сыққанда түсі өзгермеген,қан және ірің жоқ.

Нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс жолы қандай?

* Емшекпен емізуді тоқтату

* Жасанды тамақтандыруға ауыстыру

* Ана сүтіне бактериологиялық зерттеу тағайындау

* Сауылып қайнатылған емшек сүтімен тамақтандыру

*Емшек емуді жалғастыру,қалған сүтті сауып отыру

#649

*!Нәресте жүктіліктің 38 аптада туылған. Дене салмағы 3400,0 гр., бойы-52см. Бірден айқайлады. Емшекті бірден емді. 2 сағаттан кейін анасымен бірге палатаға ауыстырылды.

Кіндік қалдығының ЕҢ дұрыс күтімі қандай?

* Спиртпен өңдеу

* Лигатура салу

* Таңғыш салу

*Құрғақ және ашық ұстау

* Қою марганец ерітіндісімен күйдіру

#650

*!Нәресте 2-жүктіліктен, 38 аптада 1 жедел босанудан туылды.Туылғандағы салмағы 2300,0 гр., бойы 49см.Бірден айғайлады. Туу залында бірден анасының көкірегіне жатқызылды, емшекті жақсы емеді.

Геморрагиялық синдромның алдын алу үшін К дәруменін енгізудің қандай нұсқасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* 3 тәулікте көк тамырға бір рет

* 3тәулікте бұлшық етке бір рет

* Туылған соң алғашқы тәулікте бұлшық етке бір рет

* Туылған соң алғашқы тәулікте көк тамырға бір рет

*Туылған соң босану бөлмесінде бұлшық етке бір рет

#651

Нәресте ВИЧ-инфицирленген анадан туылды. Нәрестені объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жасанды тамақтандырылады. Нәрестенің салмағы 4800,0 гр. Ішкі ағзалар бойынша ауытқулар жоқ.

Нәрестеге перзентханада екпе жасауға байланысты дәрігер-неонатологтың ЕҢ дұрыс тактикасы қандай болу керек?

* Екпе жасауға рұқсат беру

*СПИД орталығы дәрігерінің қарауынан соң екпе жасауға рұқсат беру

* Инфекционист дәрігерінің қарауынан соң екпе жасауға рұқсат беру

* 6 айға екпеден медициналық шегеру

* Екпеден тұрақты медициналық шегеру

#652

*!1 айлық нәресте, кесар тілігі арқылы, 2800,0 грамм салмақпен,бойы 50 см.болып мерзімінде туылған, табиғи тамақтандырылады. Анасы бронхиальды астмамен ауырады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, белсенді, физиологиялық рефлекстері шақырылады. Кіндік жарасы құрғақ.Тынысы пуэрильді.Жүрек тондары анық,ритмі дұрыс. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1 см. шығыңқы. Нәжісі күніне 5 рет, сары түсті, ботқа тәрізді.

Осы нәрестеге екпелер жасау бойынша қандай тактика қолданған дұрыс?

* Салыстырмалы медициналық шегеру

* Абсолюттік медициналық шегеру

* Қалыпты күнтізбе бойынша қалыпты әдіспен

*Қалыпты мерзімде алдын-ала дайындықпен

* Жеке күнтізбе бойынша жеңілдетілген әдіспен

#653

*!Нәресте мерзімінен бұрын 34 аптада,салмағы 2200,0 гр.,бойы-42см., Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды.ЖТЖ тазартып,тітіркендіргеннен кейін айқайлады. Жылауы орташа, акроцианоз, гипотония, гипорефлексия байқалды. Кезекші неонатолог баланы одан әрі бақылау үшін екпінді емдеу палатасына ауыстыруға шешім қабылдады.

Бала мен ананы бөлу қандай ЕҢ ықтимал ауыртпалыққа әкелуі мүмкін?

* Ананың психо-эмоционалдық күйзелісіне

* Аналық сезімнің басылуына

* Нәрестенің дисбактериозына

* Нәрестенің мазасыздығына

*Гипогалактияға

#654

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 2240,0гр., бойы 43 cм.

Көрсетілгендердің қайсысы Шала туылған нәрестеге қолданатын ЕҢ нәтижелі перинаталдық көмек болып табылады?

* Жасанды дем алу аппаратын қолдану

* Түтік арқылы тамақтандыру

* Сурфактантты енгізу

*Жылу тізбегін сақтау

* Нәресте күтіміне ана-анасының қатысуы

#655

*!Акушер-гинеколог қабылдауына ішінің ауруына шағымданып асқынған акушерлік анамнезбен жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі - 30 апта. Тексеруден кейінгі диагнозы: Мерзімінен бұрын босану қаупі.

Жүкті әйелді ары қарай жүргізу тактикасының ЕҢ дұрыс жолы қандай?

* Үйде бақылау

* Амбулаторлық ем тағайындау

* I деңгейлі перзентханаға жатқызу

* II деңгейлі перзентханаға жатқызу

*III деңгейлі перзентханаға жатқызу

#656

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 3 босанудан, жүктіліктің , 27 аптасында мерзімінен ерте,Апгар бағанасы бойынша 4-6 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 930,0гр., бойы 35 cм.

Шала туылған нәрестені күтіп-баптауда кувездің төменде көрсетілген тиімділіктерінің қайсысы ЕҢ маңызды?

* Ауаның оптималды ылғалдығын қалыптастыру

* Оптимальді оксигенациямен қамтамасыз ету

* Шуыл мен жарық әсерін азайту

*Құрсақ ішіндегі жағдайға ұқсас оптимальді микроклимат қалыптастыру

*Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен шала туылған нәрестені оқшаулау

#657

*!Нәресте 2 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 33 аптасында мерзімінен ерте, Апгар бағанасы бойынша 7-8 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 2060,0гр., бойы 42 cм.

Шала туылған нәрестені перзентханадан үйіне шығару үшін төменде көрсетілген көрсеткіштің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ маңызды?

* Қалыпты дене температурасын сақтау тұруы

* Тәулік сайын тұрақты салмақ қосуы

* НСГ-ның қалыпты көрсеткіштері

*Белсенді сору рефлексі

* Тұрақты гемодинамика

#658

*!Гестациялық мерзімі 32 апталық, салмағы 2000,0 гр., шала туылған нәресте туылғаннан кейін анасының кеудесінде жатыр.

Шала туылған нәрестені анасының кеудесіне қоюдың ЕҢ негізгі мақсаты кандай?
* Психологиялық аспект

* Лактацияны белсендіру
* Гипоксияны төмендету
* Гипотермияның алдын-алу

*Ана флорасының нәрестеге қоныстануы

Наши рекомендации