Эндокринология» блогы бойынша рубежді бақылау өткізуге арналған тесттік тапсырмалар 2 страница
Осы жағдайға аталған диагноздың қайсысы БАРЫНША ТӘН?
* гиперосмолярлы кома
* лактацидозды кома
* кетоацидозды кома
* +гипогликемиялық кома
*жедел жүрек-өкпелік жетіспеушілік
! 27 жастағы ер кісі қабылдау бөліміне естүссіз жағдайда жеткізілді. Іштің терісінде инъекция іздері бар. Қарап тексеруде: тамақтануы нашар, тері жабындысы ылғалды. Бұлшықет тонусы жоғарылаған. Қарашығы кеңейген, жарыққа әсері жоқ. Тілі ылғалды, алқызыл. Тыныс алған ауасы ерекше иіссіз.ТАЖ - 24 минутына. Пульсі- 105 минутына. Бауыр қабырға доғасынан 4 см сыртқа шығып тұрады,тығыз. Қанда: лейкоциттер - 8,6 мың., ЭТЖ-22 мм/сағ. Зәр анализінде: уд. сал-1029; лейкоциттер-10-12 в к/ал, ақуыз жоқ.
Аталған команың қай түріне тән?
* Бауырлық
* гиперосмолярлық
* кетоацидоздық
* лактацидоздық
* +гипогликемиялық
! 65 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы қант диабетімен ауырады, адебиттің 2 таблеткасын күніне 3 рет қабылдайды. Бір апта бұрын тұмаудан кейін жөтел пайда болған. Қабылдау бөліміне естүссіз жағдайда жеткізілген, оған дейін 1 рет құсқан. Тері жабындысы құрғақ, бозғылт.Тыныс алған ауасында ацетон иісі жоқ. Куссмауля тынысы, АҚ 50/30 мм.сын.бағ. ЖСЖ-120 уд/мин. Қандағы қант - 12 ммоль/л, зәрдегі қант - 6%, сүт қышқылының деңгейі - 2 ммоль/л.
Аталған команың қай түріне тән?
* Бауырлық
* уремиялық
* гиперосмолярлы
* кетоацидозды
+ лактатацидозды
! Қабылдау бөліміне қант диабетімен ауыратын 60 жастағы әйел естүссіз жағдайда жеткізілді. Соңғы 2 күнде құсу, жиілеген сұйық дәрет, тырысулар болған. Қарап тексеруде әйел сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. Қарашығы кеңейген. Терісі құрғақ,тургоры төмендеген. Көз алмасы жұмсақ. ТАЖ-22 мин., АҚ - 60/40 мм.сын.бағ. ЖСЖ-110 минутына. Қанда: эритроциттер-6,5 млн., лейкоциттер-12,8 мың., ЭТЖ-8 мм/сағ. Қандағы қант -65 ммоль/л.
Осы команың дамуында ҚАЙ ФАКТОР БАРЫНША МАҢЫЗДЫ:
* гипоксия
* интоксикация
* +ағзаның сусыздануы
* бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
*көмірсуды қабылдаудың жеткіліксіздігі
! 62 жастағы әйел жедел жәрдемнің көмегімен естүссіз жағдайда жеткізілді. Туысқандарының айтуына қарағанда қант диабетімен ауырады. Соңғы 5 күнде құсу, жиірек сұйық дәрет, тырысулар болған. Әйел сыртқы тітіркенгіштерге жауап қайтармайды. Қарашығы кеңейген. Көз алмалары жұмсақ. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген . ТАЖ-24 мин., АҚ - 50/30 ммы.сын.бағ. ЖСЖ-120 мин. Қандағы қант -58 ммоль/л. Қан сарысуының осмолярлығы>350 ммоль/л. Зәрде ацетон теріс.
Аталған команың қай ТҮРІ БАРЫНША ТӘН?
* бауырлық
*+ гиперосмолярлы
* кетоацидозды
* гипогликемиялық
* лактатацидодемиялық
! Қабылдау бөліміне 67 жастағы ер кісі естүссіз жағдайда жеткізілді. Туысқандарының айтуына қарағанда қант диабетімен ауырады, бигуанидтерді қабылдайды. 3 күн алдын құсу болған, сұйық дәрет, ұйқышылдық пайда болған. Объективті: тері жабындысы құрғақ, бозғылт. тынысы Куссмауль. АҚ - 53/32 мм.сын.бағ. ЖСЖ-112 уд/мин. Қандағы қант - 12 ммоль/л, қандағы сүтқышқылының деңгейі - 5,5 ммоль/л.
Аталған препараттардың қайсысын таңдау барынша тиімді?
* +қысқа әсерлі инсулин 5%- к глюкозамен
* ұзақ әсерлі инсулин 5% глюкоза еріт.
* Қысқа әсерлі инсулин 0,9% натрий хлор ерітіндісімен
* Қысқа әсерлі инсулин 0,45% натрий хлор ерітіндісімен
* Орташа әсерлі инсулин 5% глюкоза ерітіндісімен
! 47 жастағы ер кісі жұмыстан келгеннен кейін шаршағыштыққа шағымданды. Диванға жатты да, ұйықтап қалды. Анамнезінде: 5 жыл бойы қант диабетімен ауырады, инсулинтерапия қабылдайды. Бір сағ.кейін әйелі күйеуінің терлеп жатқанын, ұйқының шынайы еместігін байқайды..
Осы жағдайда қай емдеу әдісі БАРЫНША ТИІМДІ?
* регидратация жургізу
* адреналинді теріастылық енгізу
* Теріастылық 10 ЕД Актрапидті енгізу
* +30 мл 40% глюкоза еріт.енгізу
* 20 мл 1%-қ метилен-көгі ерітіндісін В/В тамш.енгізу
! 28 жастағы ер кісі диабеттік кетоацидозды кома жағдайында реанимация бөліміне түсті.
Аталған препараттардың қайсысын бірінші кезекте қолдану тиімді ?
* реополиглюкин
* 5% глюкоза еріт.
* 40% глюкоза еріт.
* 7,5% хлорлы калий еріт.
* +0,9% хлорлы натрий еріт.
! 47 жастағы ер кісі жұмыстан келгеннен кейін шаршағыштыққа шағымданды. Диванға жатты да, ұйықтап қалды. Анамнезінде: 5 жыл бойы қант диабетімен ауырады, инсулинтерапия қабылдайды. Бір сағ.кейін әйелі күйеуінің терлеп жатқанын, ұйқының шынайы еместігін байқайды..
Осы жағдайда қай емдеу әдісі БАРЫНША ТИІМДІ?
* регидратация жургізу
* адреналинді теріастылық енгізу
* Теріастылық 10 ЕД Актрапидті енгізу
* +1 мл глюкагонды енгізу
* 20 мл 1%-қ метилен-көгі ерітіндісін тамш.енгізу
! Кетоацидозды кома себептері
* +интеркуррентті аурулар (миокард инфаркты, инсульт, жедел хирургиялық патология)
* инсулиннің артық дозасы
* бигуанидтерді қабылдау
* алкоголь қабылдау
* ұзақ физикалық жүктеме
! Гиперосмолярлы команың негізгі даму себептері:
* алкоголь қабылдау
* бигуанидтер қабылдау
* жүктілік
* +сусыздану
* шектен тыс физикалық жүктеме
! Сүтқышқылды ацидоздың негізгі себебі :
* тиазидты диуретиктерді қабылдау
* 1 тип қант диабетінің манифестациясы
* Инсулинді өз еркімен тоқтату
* +тіндік гипоксия (СЖЖ, ЖИА, анемия, тыныс алу жүйесінің аурулары)
* жас адамдар
! Гипогликемияның негізгі себептері
* Инсулинді өз еркімен немесе тоқтату
* 1 тип қант диабетінің манифестациясы
* +инсулиннің артық дозасы
* бауыр жеткіліксіздігі
* күйіктер
! Диабетикалық команың алғашқы сағатында қысқа әсерлі инсулиннің тамыр ішілік дозасы:
* 100Б/сағ
* 50Б/сағ
* 20 -16Б/сағ
* 2 - 4ед/Б/сағ
* +0,1Б/кг/сағ
! Қандай комада 40% глюкозаны тамыр ішілік енгізу негізгі емдеу әдісі болып табылады:
* +гипогликемиялық
* кетоацидозды
* лактацидемиялық
* гиперосмолярлы
* гипотиреоидты
! Диабетикалық кетоацидоздан шығару кезінде инфузионды терапияны мына ерітіндіні тамырішілік енгізуден бастайды :
* 5% глюкоза ерітіндісін
* 0,45% натрий хлоридінің гипотоникалық ерітіндісін
* реополиглюкин
* 10% альбумин ерітіндісін
* +0,9% натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін
! Гиперосмолярлы команың негізгі клиникалық көрінісі:
* +полиурия, бас ауру, терінің және шырышты қабаттарының құрғауы
* бас ауру, көру алаңының төмендеуі
* терінің және шырышты қабаттардың құрғауы, брадикардия, іш қатуға бейімділік
* аштық сезімі , тремор, гипергидроз
* гипергидроз, жыпылықтаушы аритмия, экзофтальм
! Сүтқышқылды ацидоздың негізгі клиникалық көрінісі:
* Аштық сезімі, тремор, гипергидроз
* полиурия, бас ауру, терінің және шырышты қабаттардың құрғауы
* гипергидроз, жыпылықтаушы аритмия, экзофтальм
* брадикардия, тері жамылғыларының құрғауы, іш қату
* +ұйқышылдық, бұлшық еттердегі тұрақты ауру сезімі, бас ауру
! Гипогликемияның клиникалық көрінісі:
* +тершеңдік, аштық сезімі, агрессивтілік, жүрек қағуы
* ауыз құрғауы, шөлдеу, полиурия
* аяқтағы тремор, жүрек қағу, арықтау
* брадикардия, тері жамылғыларының құрғауы
* жүрек айну, құсу, іштегі ауру сезімі
! Жеңіл гипогликемиялық жағдайдағы науқасқа алғашқы көмекке кіреді:
* 40% глюкозаны көк тамыр ішіне тікелей салу, 20 – 100 мл көлемде
* 5% глюкоза қосындысын көк тамыр ішіне тамшылатып салу
* 1 мл глюкагонды тері астына салу
* Адреналин астына салу
* +жеңіл таралатын көміртегіні (қарапайым) 1-2 НБ қабылдау
! 1 типтегі қант диабеті бар науқас физкалық жүктемеден кейін есін жоғалтты, гликемия 1,0 ммоль/л. Дәрігер не істеу керек ?
* Инсулин енгізу;
* Глюкагон енгізу;
* +40% глюкоза ертіндісін енгізу;
* Коллоидты ерітінді салу;
* NaCl 0.9% ерітінді салу.
! Стационарға қант диабетінің 2 типімен ауыратын 77 жастағы әйелді алып келді. 2 күн бойы құсу, шөлдеу. Айқын тері мен шырышты қабаттардың құрғауы. Сөйлеуі қиын, жеке бұлшық еттің қимылы. Бауыр ұлғаймаған. Іші ауру сезімсіз.Гликемия 37 ммоль∕л, зәрде ацетон жоқ. ЭКГ – синусты тахикардия, ишемия жоқ. Осы бастапқы көрініс қай комада болады?
* Кетоацидотикалық
* Сүттіқышқылдық
* Гипогликемиялық
* +Гиперосмолярлық
* Гипотиреоидтық
! Науқас Е., 65 жаста, ауруханаға коматозды жағдайда түсті. Науқастың туыстарының айтуы бойынша: науқас әлсіздікке, жүрек айну, құсу, іш аймағының және бұлшық еттің ауру сезіміне шағымданған. Анамнезінде – қант диабетінің 2 типі, ЖИА, инфарктан кейінгі кардиосклероз, метформин 3000 мг/тәул қабылдаған.
Объективті: ерні цианозды, терісі бозғылт, әдеттегі ылғалдылық, қарашығы ұлғайған, жарыққа реакциясы жоқ, тілі ылғалды. Тыныс алуы терең, шулы. ТАЖ – 28 рет мин. Жүрек тондары тұйық, ритмді. ЧСС – 110 в мин. АҚ – 80/50 мм рт ст. Іші кернеулі, пальпацияда сезімтал, бауыры 3 см. Тексеру кезінде: гликемия – 5,8 ммоль/л, рН – 7,0.
Клиникалық көрініс кандай комаға сәйкес келеді?
* Кетоацидотикалық
* +Сүтқышқылды
* Гипогликемиялық
* Гиперосмолярлық
* Гипотиреоидтық
! Науқас 30 жаста, қабылдау бөліміне ес-түссіз жағдайда алып келді. Қалтасында – диабеттік төл құжаты. Тері жамылғысы құрғақ, бұлшық ет тонусы төмендеген. Қарашық тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Тілі құрғақ, таңқурай тәрізді. Тыныс алған ауасы спецификалық деммен. Тыныс алуы шулы, дұрыс емес, 24 в 1 мин, ЧСС –60 в 1 мин, бауыр 2 см қатысады. Науқаста қандай кома басталды?
* лактатацидотикалық
* гиперосмолярлы
* +кетоацидотикалық
* гипогликемиялық
* бауырлық
! 32 жастағы әйелде жалпы әлсіздік, шаршағыштық байқалады. Қарап тексергенде қалқанша безінің ассимметриялық ұлғаюы, пальпацияда еркін ығысатын, шекарасы анық, жұмсақ түйін анықталды.
Қай жүргізу әдісі барынша тиімді?
* тиреостатиктер
* йод препараттары
* +оперативті ем
* тиреоидты гормондар
* қабынуға қарсы заттар
! 25 жастағы әйел құлаққа берілетін мойын аймағындағы ауру сезіміне, жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын ЖРВИ-мен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы - 37,8ºС. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін ұлғайған, тығыз, пальпацияда ауру сезімді, аз қозғалмалы. Пульсі - 96 мин, АҚ - 120/80 мм.сын.бағ. Қан анализінде: Нв - 134 г/л, Лейк - 9,8 мың., СОЭ - 30 мм/с. Тироксин – 100 нмоль/л.
Аталған диагноздардың қайсысы барынша тән?
* Тиреотоксикоз
* +жеделдеу тиреоидит
* Фиброзды тиреоидит
* Аутоиммунды тиреоидит
* Жедел іріңді тиреоидит
! 33 жастағы әйел әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады . Анамнезінде: қалқанша безінің субтотальді резекциясы, 50 мкг L-тироксин қабылдаған. Объективті: беті бозғылт, жүрек тоны тұйықталған. АҚ - 100/70 мм. сын.бағ. ЭХОКГ-да перикардтың қуысында сұйықтық көрінеді.
Аталған зерттеу әдістерінің ішіндегі барынша тиімдісі?
* ЭКГ
* Қанға бак.себу
* Төс мүшелерінің КТ-сы
* +Тз және Т4деңгейін анықтау
* АҚ тәуліктік мониторингі
! 20 жастағы қызды 1 жыл бойы жүрек қағысы, вспыльчивость, тітіркенгіштік, нашар түс, арықтау, қолдың дірілі мазалайды. Объективті: бойы- 162 см, дене салмағы – 54 кг. Терісі ылғалды. Экзофтальм, көздің жылтырауы, қол саусақтарының ұсақ дірілі байқалады. Кохер симптомы оң. Қалқанша безі 2-ші дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ. АҚ – 130/60 мм.сын.бағ., пульсі – 118 уд/мин, жүрек тоны жоғары, жүрек ұшында және боткин-Эрба нүктесінде систолалық шуыл естіледі.
Осы аурудың емінде барынша қолдану тиімді:
* +Тиреостатиктерді
* калии препараттарын
* Транквилизаторларды
* кальций антогонистерін
* Тиреоидты препараттарды
! 38 жастағы әйел дене салмағының ұлғаюын, тер бөлінуінің азаюын, беттің бозғылттығын байқайды. Ұзақ уақыт бойы созылмалы тонзиллитпен ауырады. Объективті: бойы-158 см, салмағы-89 кг. Стриялары жоқ, айқын гиперкератоз. Беті бозғылт, жұмулы көз алмаларымен. ЖСЖ-56 мин. АҚ-100/60 мм.сын.бағ. Қанда: эритроциттер-3,2 млн., лейкоциттер-7,5 мың., Нв-82 г/л, СОЭ-14 мм/сағ, глюкоза - 3,3 ммоль/л, қан сарысуының ақуыздарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.
Қай жүргізу әдісі барынша тиімді?
* Витаминотерапия
* Зәр айдағыш заттарды тағайындау
* Қабынуға қарсы заттарды тағайындау
* Субкалорилі емдәмді тағайындау
* +Тиреоидты препараттарды тағайындау
! 35 жастағы әйел басынан өткен стресстен кейін көбірек терлейтінін, тітіркенгіштігін, дене салмағының азаюын байқаған. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, созылған қол саусақтарының дірілі білінеді. Жүрек шекарасы солға жылжыған, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖСЖ - 150 мин, АҚ - 140/70 мм.сын. бағ. Қалқанша безінің 2-ші дәрежеге дейін ұлғайғаны анықталды. Негізгі зат алмасу 20%-ға жоғарылаған. Аш қарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Қандағы холестерин деңгейі - 7,0 ммоль/л.
Аталған зерттеу әдістерінің ішіндегі аса маңыздысы ?
* ЭХОКГ
* АҚ тәуліктік мониторингі
* қалқанша безінің пункциясы
* +Т3, Т4, тиреотропты гормонды зерттеу
* гликозирленген гемоглобинді анықтау
! 23 жастағы Т., деген науқаста диффузды токсикалық жемсау бойынша жасалған струмэктомиядан кейінгі 2-ші күні қол және аяқ аймақтарында парестезия пайда болды. Науқасқа артериалық қысымды өлшеу үшін манжетканы салғанда қолының саусақтарында " акушер қолы" тәріздес діріл пайда болды. Емдеу жоспарына аталған препараттардың қайсысын қосқан барынша тиімді?
* тиреостатиктер
* нейролептиктер
* калидің препараттары
* + кальции препараттары
* тиреоидты гормондар
! 22 жастағы әйел жүрек соғысының жиіленуіне, эмоционалді лабилдікке, ашуланшақтыққа, 2 айдың ішінде 8 кг салмақ жоғалтуына шағымданып келді. Әйел астеникалық типті, терінің гипергидрозы ,«телеграф бағаны» симптомы байқалады. ЖСЖ-120 минутына. Қалқанша безі бірдей ұлғайған, әлсіз экзофтальм көрінеді.
Аталған препараттардың ішінен қайсысын бірінші кезекте тағайындау БАРЫНША ТИІМДІ?
* +Тиреостатиктер
* β – блокаторлар
* калии препараттары
* Тиреоидты препараттар
* Седативті препараттар
! Диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын науқаста Николаев бойынша жасалған субтоталды струмэктомиядан кейін 3 -5 сағ. соң гипертермия 40º С-қа дейін көтерілді, АҚ 180/50 мм рт. ст. болды, тахикардия 120-140 минутына., психикалық қозу пайда болды.
Аталған ерітінділердің қайсысын ТАҒАЙЫНДАУ БАРЫНША ТИІМДІ?
* Рингер ерітіндісі
* +Люголь ерітіндісі
* Метилен көгі
* Сутегінің асқын тотығы
* Хлорлы кальции ерітіндісі
! Гипотиреозбен есепте тұратын әйел, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін 3 аптадан соң өзіндегі әлсіздіктің үдеуін, ұйқышылдықты байқады. Қарап тексеруде: әйел тұйық . Беті бозғылт, с узкими көз алмасымен. Тері жамылғысы бозғылт, салқын. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс. ТАЖ - 14 минутына. АҚ - 85/50 мм.сын.бағ.
Аталған диагноздың ішінен қайсысы БАРЫНША ТӘН?
* перикардит
* Пиквик синдромы
* +гипотиреоидты кома
* нефротикалық синдром
* ревматикалық емес миокардит
! Қалыпты жағдайда әйелдерде қалқанша безінің көлемі (УДЗ бойынша) қанша болады:
* 16 мл
* +18 мл
* 20 мл
* 25 мл
* 30 мл
! Тиреотоксикозға тән гормональді статус :
* +ТТГ↓, Т3 и Т4↑
* ТТГ↑, Т3 и Т4↑
* ТТГ қалыпты, Т3 и Т4↑
* ТТГ↑, Т3 и Т4↓
* ТТГ, Т3 и Т4 қалыпты
! Біріншілік гипотиреоз анықтауда мәліметтісі:
* тироксиннің бос деңгейі
* негізгі алмасу
* холестериннің қандағы деңгейі
* +тиреотропты гормонның деңгейі
* трийодтирониннің деңгейі
! Қалқанша безіне жіңішкеинелі аспирационды биопсияға басты көрсеткіш:
* тиреотоксикоздың клиникасының басталуы
* гипотиреоздың клиникасының басталуы
* +түйіндердің пайда болуы, 1 см диаметрден жоғарылауы
* туыстарында түйіндердің пайда болуы
* жедел тиреоидиттің клиникасының басталуы
! Претибиалді микседема – бұл:
* қабақ терісіне холестериннің жиналуы
* инсулин инекциясынан кейінгі тері асты тінің өзгеруі
* стероидты гормондардың катаболикалык әсері нәтижесінде дамитын тері қатпарларына сәйкес тік және көлденең жолақтар
* тері капиллярларлары жүйесінің кеңеюі нәтижесіндегі бетте, маңдайда, жоғарғы қабақтағы қызару
* +балтырдың алдыңғы бетінің ісінуі, тығыздануы және гипертрофиясы
! Диффузды токсикалық зобқа тән ырғақ бұзылысы:
* пароксизмалды тахикардия
* ұрақты тахикардия
* +жыпылықтаушы аритмия
* атриовентрикулярлы бөгеме
* тұрақты тахикардия және жыпылықтаушы аритмия
! Тиамазолды қолдануға абсолютты қарсы көрсеткіш болып табылады:
* +агранулоцитоз
* жүктілік
* йод препараттарына аллергиялық реакциялар
* гиповолемия
* қарттық жас
! Тиреотоксикоздың хирургиялық еміне негізгі көрсеткіш:
* алғаш анықталған тиреотоксикоз
* жүктілік
* +үлкен зоб (40 мл жоғары)
* егде науқастар
* синустық тахикардияның болуы
! Науқаста қалқанша безі көлемінің ұлғаюы фонында ТТГ жоғарылауы, бос Т4, бос Т3 қалыпты екендігі анықталды. Келесі ауру туралы ойлауға болады:
* эутиреоз
* манифестті тиреотоксикоз
* субклиникалық тиреотоксикоз
* манифестті гипотиреоз
* +субклинический гипотиреоз
! Науқаста жүрегінің жиі соғуы, тітіркенгіштік, дене салмағының 6 кг-ға төмендегені анықталды.Об-ті: тері жабындылары жылы, гипергидроз, қабағы және қол саусақтарының треморы. Дене температурасы 36,6. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, үстінен тамырлық шу естіледі. Көздері жылтырайды, экзофтальм. Пульсі минутына 108 рет, дұрыс. АҚҚ 150/70 мм.с.б. Диагноз қойыңыз.
* артериалды гипертензия
* жеделдеу тиреоидит
* мойын флегмонасы
* +диффузды токсикалық зоб
* вегето-тамырлық дистония
!18 жастағы қыз бала нейроинфекциядан кейін шөлдеуге, тәбетінің жоғарылауына, артық салмақ қосуға шағымданады. Қарап тексергенде: бойы–160 см, салмағы-80 кг. Денесінде қызғылт түсті стриялар бар, АД–140/90 мм рт. ст. глюкозаға толеранттылық тест 9,0 ммоль/л.
Қандай диагноз қоюға болады?
* Гипотиреоидты семіру
* Бүйрекүстілік семіру
* +Гипоталамикалық семіру
* Екіншілік ҚД
* Алиментарлы-конституциональды семіру
!Гипоталамикалық семіруге жатады:
* + аурудың нейроинфекциямен байланысы
* аурудың жиі еркектерде дамуы
* аурудың жиі 13-15 жастағы ұлдарда дамуы
* аурудың себебі артық тамақтану мен аз қимылдауға байланысты
* тұқымқуалаушылық
! 50 жастағы артық салмағы бар, ұзақ уақыт артериалды гипертензиямен ауыратын әйелде 2 рет , гликемияныңашқарынға 8-ден 10-ға ммоль/л дейін көтерілгені анықталды.
Осы жағдайдың дамуына қандай механизмдер әсер етеді?
* гликогенсинтетазаның белсенділігінің жоғарлауы
* + Инсулинге тәуелділік және гиперинсулинемия
* инсулин рецепторларының санының көбеюі
* инсулин рецепторларының белсенділігінің жоғарлауы
* транспортерлердің ( ГЛЮТ-2, ГЛЮТ-4) санының жоғарлауы
! Әйел адам 60 жаста семіздіктің нәтижесінде артериальды гипертензиямен зардап шегеді. Тексергенде: гликемия ашқарынға – 9 ммоль/л, жалпы холестерин – 7,0 ммоль/л.
Диагноз қойыңыз?
* Семірудің 3 дәрежесі
* ҚД 2 типі
* +Метаболикалық синдром
* Ащқарынға гликемияның бұзылысы
* ГГТ бұзылысы
! Науқас 36 жаста артық салмаққа шағымданып келді. ИМТ - 32 кг/м2. Ашқарынға гликемия 5,0 ммоль/л. Осы науқасқа тәулігіне қолдануға болатын калорияны көрсетіңіз?
* +1200 ккал
* 1400 ккал
* 1600 ккал
* 1800 ккал
* 2000 ккал
! Әйел адам 38 жаста шөлдеуге, артық салмаққа шағымданады. Объективті: бойы 162 см, салмағы 94 кг. Гликемия ашқарынға – 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин –5,4 ммоль/л, триглицеридтьер – 2,5 ммоль/л.
Ем тағайындаңыз?
* Симгал
* Манинил
* Диабетон
* +Ксеникал
* Новонорм
! 45 жастағы артық салмағы бар әйелде тексеруде ашқарынға гликемия - 10 ммоль/л, глюкозурия- 3%, зәрде ацетон анықталмады. Туған ағасы қант диабетімен ауырады.
Аталған диагноздардың қайсысына тән?
* екіншілік қант диабеті
* қант диабет 2 типі , жастарда (МОDY)
* қант диабет 1 типі, алғаш анықталған
* + қант диабет 2 типі, алғаш анықталған
* қант диабет 2 типі, инсулин тәуелді фаза
! 47 жасар әйел тәбетінің жоғарылауына, физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағымданады. Кондитер болып жұмыс жасайды. Семіздікке тұқымқуалаушылық бар. Объективті: бойы 160 см, салмағы 90 кг, тері асты шел май қабаты біртегіс таралған. АҚ 130/85 мм.с.б.б. Ашқарынға гликемия -5,6 ммоль/л.