Савари және Миллер бойынша ГЭРА эндоскопиялық жіктелуі

Дәрежесі Эндоскопиялық көріністері
І Бір немесе бірнеше оқшауланған овальді немесе сызықты эрозиялар, өңештің кілегей қабығының бір көлденең қатпарында орналасады.
ІІ Көптеген эрозиялар,олар бір-бірімен бірігуі мүмкін, бір немесе бірнеше көлденең қатпарда орналасқан.
ІІІ Эрорзиялар циркулярлы орналасқан (қабынған кілегей қабықта)
ІV Кілегей қабықтың созылмалы қабынуы: бір немесе бірнеше жаралар, бір немесе бірнеше стриктура немесе қысқа өңеш. Сонымен қатар І-ІІІ дәрежедегі өзгерістер болуы мүмкін.
V Өңештің көп қабатты жайпақ эпителийі асқазан мен ішектің цилиндр тәрізді бір қабатты эпителийімен ауысқан (Баррет өңеші), оған эзофагиттің I-IV ауырлық дәрежесіндегі өзгерістер де кездесуі мүмкін.

Клиникалық көріністері:ГЭРА ең жиі симптомдары – қыжыл, ауыру, регургитация, сілекей ағу, дисфагия, ықылық ату және құсу, өңештен тыс симптомдар.

Қыжыл – төс артының күйдіру сезімі, семсерше өскіннен жоғары қарай тарайды.

Төс артының ауыруы қарқындылығы әр түрлі, төс артын жырып кеткен сияқты сезімнен, немесе тағамның өңеш бойымен жүргенін сезуден өте күшті, анальгетиктер қолдануды қажет қылатын ауырғандыққа дейін жетеді.

Регургитация кезінде жақында қабылдаған тамақ, кілегей, қышқыл немесе ащы дәмді сұйықтық (асқазан сөлі, өт) кері құйылады немесе ауа шығады.

Сілекей ағу – ауызда сілекейдің көбейгенін сезу, әдетте қыжылмен бірге пайда болады және эзофаго – сілекей рефлексімен байланысты болып келеді.

Дисфагия – тамақты жұтудың қиындауы; өңеш дискинезиясы, кейде өңештің кілегей қабығының кебуі (темір жетіспеушілік анемияда, склеродермияда, Шегрен синдромында) тудырады.

Ықылық кейде науқас адамды азапқа салатындай жиі байқалады, ол диафрагма нервісінің қозуына, диафрагманың тітіркенуі мен жиырылуына байланысты туындайды.

Экстраэзофагеальды синдромдар кездеседі: өкпе ауруы синдромы, оториноларингофарингеальдық синдром , анемиялық синдром , кардиальдық синдром .

Қосымша зерттеу әдістері:

- ЭГДС (асқынған түрінде өңештің кілегей қабатының биопсиясымен);

- Кеуде клеткасының, өңештің, асқазанның рентгенгенографиясы (полипозиционды) – өңештің функциональды және органикалық патологиясын анықтау (стриктура, жара және ісіктер, диафрагмалық жарық);

- ЭКГ ( ЖИА-мен дифференциальды диагностика жасау үшін);

- Іш қуысы органдарының УДЗ (қосымша патологияны анықтау үшін);

- Стационарда: өңеш пен асқазанның 24-сағаттық рН-метриясы (өңештің және асқазанның рН, рефлюкстің жалпы уақытын бағалау), өңешішілік манометрия (өңештің моторлық функциясы, төменгі өңештің сфинктері функциясын бағалау);

- Лаборторлы зерттеулерде: патогномиалық көрсеткіштері жоқ;

- Мамандар консультациясы: кардиолог, пульмонолог, оториноларинголог

Емі: Медикаментозды емес емі:

- тағамды шамадан тыс қабылдамау; тамақ ішкеннен соң алға еңкею және горизонтальды қалыптан қашу; соңғы тамақтану ұйқыдан 3 сағат бұрын болу керек;

- Төменгі сфинктердің қысымын түсіретін және кілегей қабатын тітіркендіретін тағамдарды қолданбау ( майлы сүт, торт кілегейі, майлы балық және ет, алкоголь, кофе, қою шай, шоколад, цитрустық жемістер, томат, жуа, сарымсақ, қуырылған тамақтар, газдалған сусындар.)

- Науқас адам басын жоғары салып ұйықтауы керек.

- Физикалық жүктемені азайту, қысып тұратын белбеу қолданбауға тырысу керек.

- Шылым шегуден бас тарту; артық дене массасын азайтуы керек.

- ГЭРА туғызатын дәрілік препараттарды қолданбау: седативті, транквилизаторлар, кальций каналдары ингибиторлары, α немесе β-адреноблокаторлар, теофиллин, нитраттар, БҚҚД, ГКС, калий препараттары)

Медикаментозды ем:

ГЭРАның ауырлық дәрежесіне байланысты прокинетикалық, антисекреторлық, антацидты препараттарды қолданылады.

Прокинетикалық препараттар мақсаты: өңештің төменгі сфинктерінің тонусын күшейту, асқазан тағамнан босануын стимуляциялау. Прокинетикалық препараттар ішінде жаңа класс препараты – итоприд (<50 мг күніне 3 рет)

Антисекреторлық терапия мақсаты: асқазанның қышқылдық агрессиясын төмендету. Таңдау препараттары Протон помпасының ингибиторлары.

Эрозиясыз рефлюксті ауруда ППИ тәулігіне бір рет, (20 мг омепразола, немесе 30 мг лансопразола, немесе 40 мг пантопразола, немесе 20 мг эзомепразола таңғы астан бұрын) ұзақтығы 4-6 апта.

Эрозиялы формаларында:

І дәреже – ППИ 4 апта

ІІ-ІІІ дәреже – ППИ 8 апта. Жазылу динамикасы жеткіліксіз болса ППИ дозасын екі еселеу және ұзақтығын 12 аптаға созу. Сүйемелдеуші терапия стандартты дозада немесе жарты дозада 6-7 ай бойы.

Антацид пен алгинаттар (гель немесе саше түрінде, алмагель, фосфалюгель, маалокс) жиі емес қыжылды басу үшін қолдану. ( тамақтан кейін 40-60 минуттан соң және түнде).

ГЭРА IV активтілік дәрежесінде емнен оң мәнді нәтиже болмаса омепразолды 80 мг/тәул. дозасында қабылдауға көшеді немесе хирургиялық жолмен емдеу сұрақтарын шешу керек.

ГЭРА V дәрежесінде хирургиялық ем қолданылады.

Уақытша еңбекке қабілетсіздік, диспансерлеуорташа 12-21 күнді құрайды.

Болжамы:Аурудың өршуі аурудың болжамын анықтайтын асқынулармен жүреді. Бағытталған шаралар Баррет өңеші мен өңеш рагінің алдын алуға бағытталған болуы тиіс

Профилактикасы. Алдын алу шараларын диафрагманың өңештік тесігінің жарығы мен өңештің склеродермиялық зақымдануында және кардия ахалазиясына байланысты жасалған кардиодилатациядан кейінгі кезеңде жасау керек. Бұл адамдар диетаны сақтаулары керек және өмір салтын өзгерту жөнінде берілген кеңестерді орындаулары керек.

Наши рекомендации