С) Атропин 1,0 бұлшықетке 1 страница

D) Кордиамин 1,0 бұлшықетке

E) Натрий тиосульфаты 10,0 көктамырға

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Руководство для врачей скорой помощи. Ред.;В.А Михайлович.,

-С.П.б:Невский диалект -2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА

$$$030

59 жасар ер кісі. Аштық сезіміне, тершеңдікке, дірілге шағымданады. кенет естен танды. Қарағанда кіндік аймағында инъекциялардың іздері, қарашығы кеңейген, бұлшықеттердің гипертонусы, бірен-саран клоникалық тырысулар. Пульсі минутына 102 рет, қысымы 75/40 мм.сбб. жүрек тондары тұйық, аритмиялы. Инсулинмен терапия қабылдайды: таңертең 10 ед. жай + 16 ед. ленте, кешке 10 ед. жай + 8 ед. ленте. Қандағы қант: таңғы 8 - 7,7 ммоль/л, сағат 12 - 7,2 ммоль/л, сағат 24 - 3,2 ммоль/л.

Аталған жағдайлардың ішінде қайсысының дамуы ЕҢ ықтимал?

А) Гипогликемия

В) Мориак синдромы

С) Кетоацидоз

D) Гипергликемия

E) Киммелстил-Уилсон синдромы

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Руководство для врачей скорой помощи. Ред.;В.А Михайлович.,

-С.П.б:Невский диалект -2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$031

Жедел панкреатит үшін қандай патоморфологиялық сурет ЕҢ тән болып келеді?

А) Ұйқы безінің ісінуі

В) Ұйқы безінің фиброзы

С) Ұйқы безінің аутолизі

D) Ұйқы безінің атрофиясы

E) Ұйқы безінің кальцинозы

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

$$$032

70 жасар ер кісі, ішіндегі қатты ауру сезіміне, көп реттік құсу, қан араласты нәжіс, іштің кебуіне, нәжісі мен газдардың шықпауына, метеоризм ,қалтырауға шағымданады. Объективті: терісі бозарған, дене температурасы 38,8оС, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 120 рет, қысымы 75/50 мм.сбб., тілі құрғақ. Іші ауырады, кернелген. Қан анализінде: эритроциттер 4,5х1012/л, лейкоциттер 16х109/л, гемоглобин 115г/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

А) Перитонит

В) Ішектің ісігі

С) Шажырқай артериясының тромбозы

D) Ішектің өтпеуі

E) Асқазан жарасының перфорациясы

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$033

46 жасар ер кісі, слесарь, қанды құсуға, кенет диурездің төмендеуіне, қыжылға, ісінулерге шағымданады. Алкогольге әуес, соңғы уақытта іші үлкее басталды. Объективті: беті ісінген, тілдің, қолдың треморы, “мойын аймағында” телеангиэктазиялар, бет, аяқ-қолдарының бұлшықеттері атрофияланған, гинекомастия, пульсі минутына 112 рет, аритмиялы. Іші үлкейген, бауыр пальпациясы қиынға соғады, аяқтарында айқын ісінулер.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Бауырдың алкогольді ауруы

B) Созылмалы холангит

C) Рефлюкс-эзофагит

D) Токсикалық гепатит

E) Бауыр рагі

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Руководство для врачей скорой помощи. Ред.;В.А Михайлович.,

-С.П.б:Невский диалект -2005

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$034

50 жасар әйел, семіздікпен ауырады, кенет оң жақ бұғана үсті аймағына берілетін оң қабырға астында және эпигастрийдегі қатты ауру ұстамасы пайда болды. Науқас мазасыз, төсегінде орын таппай жатыр. Қарағанда: терісі қалыпты түсті, іші жұмсақ, Ортнер симптомы оң, бауыры 9х8х7 см. Қанда: эритроциттер 4х1012/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 21 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Жедел холецистит

B) Жедел панкреатит

C) Жедел холангит

D) Өт-тас ауруы

E) Жараның пенетрациясы

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық} = Руководство для врачей скорой помощи. Ред.;В.А Михайлович.,

-С.П.б:Невский диалект -2005

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$035

56 жасар ер кісі, эпигастрийде кешеуілдеген және “түнгі” ауру сезіміне, қыжылға, жүрек айнуға, бас айналуға, тік тұрғанда күшеетін құлағындағы шуға, нәжістің қараюына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, бозарған. Пульсі минутына 100 рет, артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. жүрек тондары тұйықталған. Іші кепкен, эпигастрийде ауырсынады.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

А) Уреазды тест

В) Грегерсен сынамасы

С) Асқазанның рентгеноскопиясы

D) Компьютерлік томография

E) Фиброгастродуоденоскопия

{Правильный ответ}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клинический анализ лабораторных исследований. Капитаненко А.М. 1988)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

$$$036

32 жасар әйел, жүктіліктің 28-29 аптасы, таңертең жыныс жолдарынан шамалы қанды бөліністер пайда болды. Он екінші жүктілігі. 9 – артифициальді аборт. Екеуі реобразиямен. Объективті: Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Ұрық көлденең қалыпта, басы оң жағында. Пальпация кезінде жатырдың төменгі сегментінде қамырлық сезімі бар. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 134 рет, ырғақты.

Аталғандардың ішінде қандай плацентаның орналасуы ЕҢ болжамды?

A) Жатыр түбінде

B) Жатырпдың алдыңғы қабырғасымен

C) Ішкі аранның деңгейінде

D) Жатырдың артқы қабырғасымен

E) Жатырдың бүйір қабырғасымен

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

$$$037

47 жасар ер кісі. әлсіздікке, бас айналуына, ал-қызыл қанмен құсуына, нәжісінің қара болуына шағым айтады. Бір жыл ішінде 12 килограммға арықтады, тәбетінің жоғалуын, жүрек айнуын, эпигастрийдегі тұрақты ауру сезімін байқады. Объективті: жүдеген, бозарған. Пульсі минутына 110 рет, артериалды қысымы 100/90 мм.сбб. Іші жұмсақ эпигастрийде ауырады, 5х6 см көлеміндегі түзіліс пальпацияланады. Қан анализі: эритроциттер 2,8х1012/л, гемоглобин – 89 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Асқазанның ойық жара ауруы

B) Асқазан ісігі

C) Ұйқы асты безінің рагі

D) Созылмалы гепатит

E) Біріншілік билиарлы цирроз

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$038

30 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде оң жақта қатты ауруына, әлсіздікке, көз алдында қарауытуына, таңертеңгілік құсуға шағымданады. Етеккірі 2 аптаға кешігіп жатыр. Апта ішінде жыныс жолдарынан жағылатын қанды бөліністерді байқады. Сақтанбайды. Объективті: терісі және шырыштары бозғылт. Пульсі минутына 110 соққы. Артериалды қысымы 80/50 мм.сбб. Іші шамалы керілген, оң жақ мықын аймағында қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Дисфункционалды қан кету

B) Басталған аборт

C) Сальпингит

D) Аднексит

E) Түтіктік жүктілік

{Дұрыс жауабы}=E

{ Күрделілігі}=2

{ Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

$$$039

25 жасар әйел. Жүктіліктің 27-28 аптасы. Толық тыныштық фонында кенеттен шамалы қан кетуге шағымданады. Анамнезінде 3 медициналық аборт, 1 реобразиямен. Объективті: тері және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Пульсі минутына 78 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры жұмсақ, қозғыш емес. Ұрықтың жатуы қисық. ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 140 соққы, ырғақты.

Төменде көрсетілген зерттеулер ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

A) Ультрадыбыстық зерттеу

B) Допплерометриялық зерттеу

C) Қынаптық зерттеу

D) Айналармен қарау

E) Лабораторлық зерттеу

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

$$$040

27 жасар әйел. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Соңғы 2 күн ішінде ішщтің төменгі бөлігінде, белінде сыздаған және тартылған ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде овариальді-етеккір циклінің бұзылуы. Күйеуге тиген, 3 жыл біріншілік бедеулік. Объективті: пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Іштің пальпациясында қасаға үстінде ауырады.

Аталған дәрілік заттардың ішінен қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

A) Витамин Е 10 мг х 1,0 бұлшық етке

B) Прогестерон 5 мг х 2 рет ішке

C) Аскорутин 0,5 мг 1 таблеткадан 3 рет ішке

D) Дексаметазон 0,002 1 таблеткадан 1 рет ішке

E) Дротаверин 2% ертінді 2,0 х 2 рет бұлшықетке

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

$$$041

Фосфорорганикалық заттармен уланғандағы қандай препарат АРНАЙЫ антидот болып табылады?

A) Атропин

B) Бемегрид

C) Прозерин

D) Налорфин

E) Пилокарпин

{Дұрыс жауабы} = A

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

$$$001

АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

В) Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

С) Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

Е) Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап}= B

{Қиындық} = 1

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар: Дүйсенова А.Қ. – 2009 ж., Алматы.

[Курс} = 7

{Семестр} =14

$$$002

Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән?

А) Аденовирусты инфекция

В) Энтеровирусты инфекция

С) Парагрипп

D) Грипп

Е) Риновирусты инфекция

{Дұрыс жауап}= D

{Қиындық} = 1

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар: Дүйсенова А.Қ. – 2009 ж., Алматы.

{Курс} = 7

{Семестр} =14

$$$003

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

{Дұрыс жауап}= E

{Қиындық} = 2

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар: Дүйсенова А.Қ. – 2009 ж., Алматы.

{Курс} = 7

{Семестр} =14

$$$004

20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.

Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?

А) 0 дәрежесіне

В) I дәрежесіне

С) II дәрежесіне

D) III дәрежесіне

Е) IV дәрежесіне

{Дұрыс жауап}= С

{Қиындық} = 2

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар: Дүйсенова А.Қ. – 2009 ж., Алматы.

{Курс} = 7

{Семестр} =14

$$$005

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Иерсиниоз

В) Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

С) Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

D) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) Жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап}= E

{Қиындық} = 2

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар: Дүйсенова А.Қ. – 2009 ж., Алматы.

{Курс} = 7

{Семестр} =14

$$$006

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Псевдотуберкулёз

В) Жәншау (Скарлатина)

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

{Дұрыс жауап}=A

{Қиындық} = 2

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар: Дүйсенова А.Қ. – 2009 ж., Алматы.

{Курс} = 7

{Семестр} =14

$$$007

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған.

Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.

Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

{Қиындық} = 3

$$$042

30 жасар ер кісі. Дәрігерге бас айналу, жүрек айну, қайталап құсуына, кеудесіндегі ауру сезімі мен жөтелге шағымданып келді. 10 сағат бойы ол автомобильді жөндеп отырды. Объективті: науқас қозған. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгерген.

Төменде келтірілген заттардың ішінен қандайымен улану болуы ЕҢ болжамды?

A) Аконитпен

B) Бензинмен

C) Бензолмен

D) Дихлорэтанмен

E) Кокаинмен

{Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$043

Мекен-жайы белгісіз 42 жасар ер кісі. Көз алдында «шыбын-шіркейлердің» болуына, заттардың бұлыңғыр көрінуіне, жүрек айнуына, қайталап құсуына, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: координациясы бұзылған, тері жабындылары гиперемирленген, шырышты қабаттардың цианозы байқалады, қарашықтары кеңейген. Тынысы минутына 15 рет. Пульсі минутына 100 соққы. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында ауырады.

Төменде келтірілген заттардың ішінен қандайымен улану болуы ЕҢ болжамды?

A) Опиаттармен

B) Барбитураттармен

C) Этил спиртімен

D) Метил спиртімен

E) Улы саңырауқұлақтармен

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$044

18 жасар ер кісі. Үйінде ауыр жағдайда тапқан туысқандары дәрігерді шақырды. Объективті: екі қолдың білектерінде инъекциялардан қалған іздер көрінеді. Естен танған, қарашықтары қатты тарылған, жарықққа реакциясы әлсіз, бұлшықеттердің гипертонусы байқалады. Тыныс жиілігі минутына 14 рет. Пульсі минутына 60 соққы. Артериалды қысымы 80/50 мм.сбб.

Төменде келтірілген қандай дәрілік затты қолдану ЕҢ тиімді?

A) Налоксон

B) Ацетилцистеин

C) Дефероксамин

D) Дроперидол

E) Димеркаптол

{Дұрыс жауабы} = A

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = PA

$$$045

6 жасар ұл бала. Бас ауруына, көруінің төмендеуіне, жүрек қағуына, ауыздың құрғауына шағымданады. Анасының айтуы бойынша – туысқандарын танымай сандырақтайды. Достарымен сасық медуананың дәндерін жинаған. Объективті: қозғалыс және психикалық қозулары, кезеңмен бұлшықеттердің тырысуы. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ, гиперемирленген. Қарашықтары – кең, жарыққа реакциясы жоқ. Дене температурасы 37,50С. Пульсі минутына 130 соққы.

Қандай препарат ем үшін ЕҢ тиімді?

A) Унитиол 5% - 5,0 мл бұлшық етке

B) Дефероксамин 0,5 по 1,0 мл бұлшық етке

C) Налоксон 0,04% - 1,0 мл бұлшық етке

D) Галантамин 1% - 1,0 мл бұлшық етке

E) Тиосульфат натрия 10% - 10,0 мл көктамырға

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = PA

$$$046

Жедел ішек инфекциясы кезінде ІІІ дәрежелі дегидратация үшін дене салмағынан салыстырмалы қандай сұйықтық көлемін жоғалту тән?

A) 1% төмен

B) 1%-дан 3%-ға дейін

C) 4%-дан 6% ға дейін

D) 7%-дан 9% ға дейін

E) 10%-дан жоғары

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

$$$047

4 жасар бала. Жүрек айнуына, қайталап құсуына, бір реттік сұйық нәжісіне шағымданады. Қонақта болып торт жеген. Объективті: енжар, апатиялық. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ, бозарған. Температурасы 38,90С. Тынысы минутына 24 рет. Пульсі минутына 120 соққы. Іші жұмсақ, метеоризм белгілері.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Дизентерия

B) Тағамдық токсикоинфекция

C) Ротавирусты гастроэнтерит

D) Сальмонеллез

E) Энтеровирусты инфекция

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$048

14 жасар қыз. Көбінесе оң жағында орналасқан іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, ауру сезімімен дефекацияға шақыруларға шағымданады. Мектеп асханасының түскі тамағынан 4 сағаттан кейін ауырды. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Тынысы минутына 28 рет. Дене температурасы 38,20С. Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігінде, көбінесе оң жағында ауырсынады, сигма тәрізді ішек жиырылған. Нәжісі аз мөлшерде, шырышпен, қан қоспаларымен.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Дизентерия

B) Тағамдық токсикоинфекция

C) Тырысқақ

D) Сальмонеллез

E) Іш сүзегі

{Дұрыс жауабы} = A

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

$$$049

6 жасар бала. Анасының айтуы бойынша жоғары температура, қайталап құсу. Объективті: Дене температурасы 39,60С. Пульсі минутына 120 соққы. Тері бозарған, барлық денесінде геморрагиялық жұлдызшалы бөртпелер анықталады. Аңқасы гиперемирленген. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі. Керниг, Брудзинский симптомдары оң.

Төменде келтірілген қандай антибиотик тобын қолдану ЕҢ тән?

A) Сульфаниламидтер

B) Фторхинолондар

C) Макролидтер

D) Цефалоспориндер

E) Аминогликозидтер

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = PA

$$$050

28 жасар әйел. Бас ауруына, асқазан аймағында және оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуына, тәбетінің жоғалуына, бір реттік құсуға, әлсіздікке, тез шаршауына, буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. 6,5 ай бұрын ішіне өскен тырнақты алып тастаған. Объективті: дене температурасы 38,20С. Пульсі минутына 66 соққы. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. Алақандары мен көзге көрінетін шырыштары сарғыш түсті. Курлов бойынша бауыры 12-9-8 см, шеті домаланған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, ауырады. Зәрі күңгірт, нәжісі түссіз.

Төменде келтірілген зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді?

A) Сулем сынамасы

B) Аланинаминотрансфераза

C) g-глутаминтранспептидаза

D) Тимол сынамасы

E) Протромбинді индекс

{Дұрыс жауабы} =B

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Руководство для врачей скорой помощи/ред.:В.А. Михайлович.- Спб.: Невский диалект,2005)

Наши рекомендации