ИЕТ мен олардың жыныстық серіктестерін презервативтермен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар

ИЕТ мен олардың жыныстық серіктестеріне презервативтерді беру бағдарламасы ИЕТ мен олардың жыныстық серіктестері арасында коммерциялық секс-қызметтерді көрсету кезінде де және басқа да жыныстық қатынастар кезінде де АИТВ-ның жыныстық берілу жолының алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ, бағдарлама АИТВ супер-инфекциясын алдын алуға да бағытталған.

Бағдарламаға мыналар кіреді :

1) Презервативтерді тарату;

2) Презервативтерді әрдайым қолдану мотивациясын қалыптастыру;

3) Презервативтерді дұрыс қолдануды үйрету;

4) АИТВ-ның алдын алуға арналған басқа да материалдарды тарату (лубриканттарды);

5) АИТВ және ЖЖБИ жыныстық жолмен берілу мәселелері жөнінде ақпараттық және танымдық материалдар;

Нормативтік-құқықтық база :

1) 29.11.10ж. №1113Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы.

2) 28.02.2013ж.№115 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 9 наурыздағы№228 «Инъекциялық есірткі тұтынушыларға арналған сенім пункттерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы.

ЖИТС орталықтарынан жұмыс істейтін СП үшін презервативтерді сатып алу мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асады, ал ҮЕҰ үшін – ЖҚ есебінен жүзеге асырылады.

ҚР ДСМ №115 бұйрығына сәйкес,ИЕТ үшін презервативтерді беру нормасы бір жылға 1 ИЕТ-ға 120 данадан кем берілмеуі керек(презервативтерді сатып алу үшін –аймақтар бойынша есептеу жұмыстары ИЕТ-дың бағалау санына байланысты болады).

Презервативтерді сатып алуды қаржыландыру ҚР барлық аймақтары үшін 2014-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасында қаралған.

ЗТ бағдарламалары үшін презервативтерді сатып алуға жергілікті бюджеттен бөлінетін ақша өңірлер бойынша ажыратылады. Кейбір өңірлерде, жергілікті билік органдарының мәселеге түсінушілікпен қарауының нәтижесінде қаржылану жеткілікті болып жатады, бірақ жағдайдың нашарлануына байланысты, бюджеттік қаражат жетіспеу ахуалы туындап, бағдарамаларды қаржыландыру төмендеуі мүмкін. Басқа аймақтардағы жоғарғы инстанцияларда жергілікті деңгейде бағдарламаны қаржыландырып отыру керек екендігін тұрақты түрде дәлелдеп отыруға тура келеді.

2011 жылдан бастап сотталған адамдар үшін презервативтерді сатып алу мен АТМ басылымдары кіретін профилактикалық бағдарламалар атқарылып келеді, бұл бағдарламаға қаражат мемлекеттік бюджет есебінен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасышеңберінде бөлінеді.

ИЕТ жыныстық серіктестері АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің алдын алу бағдарламасымен толықтай қамтылмаған. Көп жағдайда бағдарлама клиенттері мен олардың тұрақты жыныстық серіктестері тұрақты қатынастардың өзі қорған бола алады деген жаңсақ ойдың арқасында жыныстық жолмен берілудің қауіпін сезбейді.

ЗТ бағдарламаларындағы ИЕТ-дың жыныстық серіктестеріне арналған көрсетілетін қызметтер әлі толығымен өз шешімін тапқан жоқ.

ИЕТ жыныстық серіктестеріне арналған профилактикалық бағдарламалар әзірлеу және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында, ИЕТ серіктестерінің популияциясын зерделеу үшін 2013 жылы био-мінез-құлықтық зерттеу жүргізілген болатын.

Презервативтерді бағалық ұсынымдарды салыстыру әдісімен таңдау немесе тендерді жүргізуде ЕЖЕ арасындағы шығын материалдарынан едәуір бас тартуы нәтижесіне байланысты ұсынылатын материалдардың сапасының төмендігі байқалады.

ҚР ДСМ №115 бұйрығында көрсетілгендей, презервативтердісатып алу алдында ИЕТ арасындағы мұқтаждықты анықтау үшін топтардың фокусын жүргізу қажет, бірақ қолданыстағы тендер мен сатып алу жүйесі клиенттердің қажеттіліктеріне орай материалдарды сатып алуға мүмкіндік бере бермейді.

ЖҚ жұмысы аяқталғаннан кейін, ең алдымен, ҮЕҰ жүзеге асыратын компоненттерді, зиянды төмендету бағдарламаларын жеткілікті және тұрақты түрде қаржыландыруда сенімсіздік туындайды.

ИЕТ және олардың серіктестерін презервативтермен қамтамасыз ету бағдарламаларына қолжетімділікті шектейтін тосқауылдар төмендегідей:

1) ИЕТ жыныстық серіктестерінің арасында АИТВ-ның алдын алу бағдарламалары жоқ ;

2) Шығын материалдарын лайықты қаржыландырудың мүмкін болатын жетіспеушілігі;

3) Шығын материалдарының сапасыздығы ;

4) СП-де ұсынылатын қызметтердің географиялық нашар бөлінуі.

Наши рекомендации