Гипертензияны бақылау.

А) Натрийді тәулігіне 3-5 г дейін , ауыр гипертензияда ас тұзын 1-2 г дейін шектеу.

Б) СБЖ бар науқастардың 90% гипертония натрий мен сұйықтықтың ұсталуынан болатын гипергидратацияға байланысты. ШФ жоғарылатын натрийуретиктерді тағайындау – фуросемид (160-240 мг/тәу), урегит (до 100 мг/тәу) калий экскрециясын жоғарылатады. которые увеличивают ШФ и повышают экскрецию калия. Тиазидті диуретиктерді ШФ төмендететіне байланысты тағайындауға болмайды.

В) Бүйрек қан айналымын төмендетпей, ШФ жоғарылататын адренергиялық препараттар (допегит, клофеллин) гипертониялық криздерді емдеуде қолданады.

Г) В-адреноблокаторы – пропранолол (анаприлин, обзидан), атенолол, метопролол ренин секрециясын төмендетеді. СБЖ В-блокаторлардың фармакокинетикасына әсер етпейтіндіктен, оларды тәулігіне 360-480 мг/тәу. қолдануға болады Жүрек жетіспеушілігі болғанда В- блокаторларды жүрек гликозидтерімен қосып абайлап қолданған дұрыс.

Д) Перифериялық вазодилятаторлар (гидралазин, миноксидил), апрессину, повышающему оның ішінде ШФ жоғарылататын апрессин назар аудартады, 25 мг/тәу, мах-200 мг/тәу тағайындалады.

Е) Кальций каналдарының блокаторлары (амлодипин, верапамил) СБЖ бар науқастардың бүйректік гипертензиясында соңғы кездері кеңінен қолданылып келеді. Олар бүйрек гипертензиясына оң әсер етеді, прегломерулярлық қан тамырлардың кедергісін азайту арқылы ШФ жоғарылатады - Верапамил, изоптин 160-240 мг/тәу, амлодипин 10 мг/тәу.

Ж) ААФ ингибиторларының (каптоприл, эналаприл, лизиноприл) көбісі организмнен бүйрек арұылы элеминацияланады. Фозиноприл, рамиприл өзгермеген түрде тек бүйрек арқылы ғана емес, өт арқылы да шығарылады.выводятся в неизмененном виде и в виде метаболитов не только с мочой, но и с желчью. СБЖ қолданғанда олардың жанама әсерлері біраз жоғарылауы мүмкін, әсіресе гиперкалиемия.

З) Ангиотензин 11 рецепторларының блокаторлары: лозартан (25 мг/тәу), валсартан (80 мг/тәу), эпросартан(600 мг/тәу) СБЖ бар науқастарда дозировкасын азайтудың қажеттілігі шамалы және ААФ ингибиторлары сияқты жанама әсерлері аз (жөтел, ангиоісіну).

5. Анемияның емі. СБЖ бар науқастардағы анемияны емдеуде қазіргі таңдағы еффективті ем рекомбинантты эритропоэтинмен – рекормон болып табылады.

Препараттың инъекция үшін ампулада 1000 МЕ болады. Препарат тек тері астына енгізіледі, алғашқы дозасы аптасына 3 рет 20 МЕ/кг, бұдан кейінірек эффективтілігі көрінбесе инъекция санын айына 3-ке жоғарылату керек. Максимальді дозасы аптасына 720 ЕД/кг. Гематокритті 30-35% кқтерген соң сүйемелдеуші дозасы, гемотокритті төмендеткен дозаның жартысы тағайындалады, препарат 1-2-апталық үзіліспен қолданылады.

Рекормонның жанама әсері: АҚҚ жоғарылауы, тромбоциттер санының жоғарылауы, емнің басында грипке ұқсайтын синдромның пайда болуы.

Темір препараттарымен емдеу СБЖ бар науқастарда қабылданудың нашарлығына, асқазан-ішек жолдарының бұзылғандығына байланысты пероральді қабылдағанда эффективтілігі аз. Темір препараттары к/т және б/е тағайындалады.

Эритроцитарлық массаны құю анемияның ауыр сатыларында ( Нв деңгнйі50-45 г/л төмен болғанда) қолданылады.

6. Инфекциялық асқынуларын емдеу.Антибактериальді терапияны тағайындағанда дәрілік заттардың нефротсикалығы жоқтығын және бүйректердің шығару функциясы төмендегенде олардың фармакодинамикасы өзгеретінін есте ұстау керек.

Ең нефротоксикалығы жоғары – аминогликозидтер (гентамицмн, канамицин, тобрамицин). Осы антибиотиктердің диуретиктермен қосылуы токсикалығын өзгертеді.

Келесі препараттардың нефротоксикалығы жоқ - левомицетин, макролидтер –эритромицин, олеандомицин, оксациллин, ампициллин, пенициллин тобының препараттары. Бұл препараттарды қалыпты дозада тағайындайды. Инфекциялық асқынуларында цефалоспориндер мен пенициллиндерге көңіл бөлген дұрыс. Нитрофуран препараттарын СБЖ латентті сатысында ғана қолданады.

7. Уремиялық остеодистрофияның емі. кальций мен фосфорды қалыптыға жақын дозада ұстап тұруға, қалқанша маңы бездерінің активтілігін төмендетуге, ренальді остеодистрофияны және метастатикалық кальцинацияны емдеуге бағытталған.

Негізіне қанда кальций азайған, ал фосфор жоғарылаған болады. Науқасқа кальций препараттары кальций карбонаты ШФ 10-20 мл/мин болғанда тәулігіне 3г, ал ШФ 10 мл/мин аз болғанда 5г тағайындалады. Тағаммен фосфаттардың қолдануын азайту керек Алмагельді 10 мл тәулігіне 4 рет қолдану көрсетіледі.

Витамина Д препараттары кальцийдің ішекте сіңірілуін жақсартып, оның қанда көбейтіп, қалқанша маңы бездерінің жұмысын тежейді. Витамин Д майлы және спиртті ерітінділерін (эргокальциферол) 100 000-нан 300 000 ХБ дейін қолданады.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:

- бағдарламалық гемодиализ,

- перитонеальды диализ,

- бүйрек трансплантациясы.

Наши рекомендации