Реабилитация бағдарламасын жекешелендіру.

Реабилитациялық шараларды қолдану себебіне, науқастың мүгедектік жағдайының ерекшелігіне, олардың функционалдық мүмкіншілігіне, белсенді қозғалысына, жасына, жынысына байланысты, мамандар құрамы әдіс құралдар әр түрлі болады. Яғни, науқастың реабилитациялық шараларды қолдануға реакциясын ескере отырып жеке қарауды талап етеді. Заманауи реабилитация науқастың белсенді қатысу принципімен тығыз байланысты, сондықтан қалыпқа келтіру емінде қолданылатын пассивті әдістер өз позициясын жоғалтуда.

Реабилитация процессінің кезеңділігі:

Медициналық реабилитацияда 3 және 4 этапты ажыратады.

3 этапты реабилитацияда:

-мамандандырылған реабилитация орталығы мен санаторий;

- Емханалық реабилитация бөлімшесі;

-мамандандырылған стационар.

Травматологияда қолданылатын 4 этапты реабилитация:

-Жедел жәрдем мамандандырылған бригадасы;

-мамандандырылған травматикалық стационар;

- Реабилитацияның стационарлық орталығы;

-Емханалық реабилитация бөлімшесі.

Екінші жағдайда қалыпқа келтіру шаралары жедел жәрдемнің мамандандырылған бригадасымен жүргізіледі. Шокты алдын алу және емдеу, қан кетуді тоқтату, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру,т.б. Ең маңыздысы ауырсынуды басу, толық транспорттық иммобилизация,т.б. Травматикалық стационарда оперциялық және консервативті шараларға ерекшк мән беріліді. Ең бірінші күннен бастап емдік гимнастика, массаж, физиотерапиялық шаралар жүргізіледі.Емхананың реабилитация бөлімшісіне толық қорытынды және қалпына келтіру емін алу үшін стационар орталығында реабилитациялық шаралардың негізгі курсын алған , қозғалыс функциялары қалпына келтірілген науқастар көшіріледі. Көрсетілген реабилитациядың 3 және 4этаптың схемасына қарағанда бас және жұлын ми жарақаты бар науқастарды қалыпқа келтіру жүйесінде реабилитациялық стационардың орталығында қайталап госпитализациялау , қайталап қалыпқа келтіру курстары емханалық реабилитация бөлімшелерінде немесе стационар және үйде ауыспалы курстар қарастырылады. Реабилитациялық процестің нәтижелілігі тапсырмалардың дұрыстығына байланысты. Бұдан басқа әрбір реабилитация фазаларының алдына қойылған тапсырмаларға фазалардың ұзақтығы және оның организациялық құрылымы байланысты.

Реабилитациялық процесс келесі түрлерге бөлінеді:

1 кезең.-қалыпқа келтіру терапиясы;

2кезең. – реадаптация

3кезең.- Реабилитация

1кезең тапсырмалары- Науқасты белсенді ем мен РМ жүргізуге психологиялық және функционалды дайындау, қызмет ақауының дамуын ескерту, мүгедектік.

2кезең тапсырмалары- барлық РМ көлемінің өсуімен сипатталатын сыртқы орта шарттарына науқасты бейімдеу.

3кезең тапсырмалары- қоршағандардан тәуелділікті болдырмайтын тұрмыстық бейімделу, әлеуметтік және ауруға дейінгі еңбек статусын қалпына келтіру.

Реабилитациялық шаралардың сабақтастығы мен үздіксіздігі бір этап шегінде, сонымен қатар біреуінен келесісіне өту кезіндеде маңызды. Организмнің әр түрлі жүйелерінің функциональды жағдайы жақсарады, жаттығуы жоғарылайды, ал РМ қолданудағы азды- көпті ұзақтықты үзіліс барлығын қайтадан бастау керек кезде оның нашарлауына әкелуі мүмкін.

Реабилитацияның ең маңызды принципі кезең кезеңге,бір медициналық мекемеден басқасына ауысуындағы сабақтастық болып табылады. Бұл үшін маңыздысы, әр бір кезеңде реабилитационды картада қандай реабилитация әдістері мен ем құралдары қолданғаны, реабилитацияланушының функциональды жағдайы қалай болғанының құжатталғаны. Бұл мақсатта сонымен қатар алмастыру картасы колданылады, оған науқастың клинико-функционалды жағдайының қысқаша мәліметін, физикалық жүктемені көтере алушылықты, реализациялық заттар мен реабилитациялық әдістер,т.б жатады.

РМ әлеуметтік бағытталуы. Реабилитация мақсаты- науқастарды және мүгедектерді тұрмыстық және еңбек процесіне ,қоршаған ортаға, қоғамның толық құқылы мүшесі ретіндегі жеке қасиеттерін калпына келтіру. Медициналық реабилитацияның оптималды нәтижесі денсаулығының толық қалпына келуі және үйреншікті профессионалды еңбекке оралуы болып табылады. Алайда науқастардың белгілі бір проценті денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін толық қалпына келтіре алмайды,ең энергетикалы емдік- реабилитациялық шараларға қарамастан,сондықтан қабылдауды шектеуге тура келеді.Мұндай нәтиже медико-биологиялық және әлеуметтік мәселелерді көтереді, ол еңбекке қабілеттілігі шектелген адамдарда, профессиональды переориентация мен жұмысқа орналасу қажеттілігіне, зардап шеккендерге еңбекке қабілеттілігі мен қоғамдық толыққанды сенімділігін кайтаруға психологиялық дайындауға негізделген.

Әлеуметтік –еңбектік реанимациямен әлеуметтік қамтамасыз ету органдары айналасады.Дәрігерлік еңбек эксперттік комиссиясынаүлкен мән беріледі. Олар еңбекке жарамдылық дәрежесін анықтайды, профессионалды ориентацияны қамтамасыз етеді.Мүгедектерді мамандарға оқыту олардың бақылауда болады.Бұл сұрақтар бойынша ДЕЭК-сы әлеуметтік қамтамасыз ету мен денсаулық сақтау органы арасындағы байланыстырушы болып табылады.Еңбектік реабилтация реабилитация алушының еңбекке тұруымен аяқталмау керек.Ол, мүгедектің психикалық және физикалық қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін, еңбекке жарамдылықты жоғарылатуға және оның оптималды деңгейде сақталуына бағытталуы керек. Бұл проблеманы шешу жолы мүгедектің денсаулық көрсеткішінің және функциялық жағдайын жақсартуына бағытталатын РШ-ның курстарыг мерзңмңнде өткізу болып табылады

Реабилитация тиімділігі мен жүктеме адекваттылығын қадағалау әдістерін қолдану.Реабилитация процессі осы немесе басқа функция ауруларының қалпына келу сипаты мен ерекшеліктері есепке алынған жағдайда табысты бола алады.Адекватты комплексті диффиринцацияланған қалпыа келу емін тағайындау үшін,реабилитация тиімділігіне қажетті, науқастың жағдайын белгілі параметрлер бойынша бағалау керек. Осы мақсатта реабилитация процессі кезінде науқастын жағдайын бақылайтын арнайы диагностикалық әдістер қолданылады.Олар төмендегідей бөлінеді:

А)медициналық диагностика

Б)функционалды диагностика

В)мотодиагностика

Г)психодиагностика

Сұрақ.

Наши рекомендации