Медициналық алдын алу шараларын өткізу

Кәсіпорында ҚР Еңбек кодексінің 317 бабы, 1- тармағы, 15- тармақшасының негізінде міндетті мерзімдік медициналық тексерулер мен ҚР -сы заңнамасымен көзделген жағдайла–да қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық куәландыру өткізу ұйымдастырылған. Қызметкерді еңбек жағдайлары өзгеретін басқа жұмысқа ауыстыру немесе кәсіптік ауру белгілері пайда болған кезде медициналық тексеру міндетті түрде өткізіледі.

Жыл сайын МедСанчастың бас дәрігері медициналық мекемемен бірге еңбектің зиянды жағдайларына байланысты қызметкерлерді міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырады. Мұндай медициналық тексеруден өткізу туралы кәсіпорын бойынша бұйрық дайындалады. Алдын алу тексердің өткізу графигін бас дәрігер әзірлейді және бұйрықтың қосымшасы қызметін атқарады.

Алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен қамтамасыз ету, жинақтау мен олардың қажетті дәрі – дәрмектермен өз уақытында толықтыру АҚ медпункті арқылы жүргізіледі.Бөлімшелерді дәрі –дәрмектермен өз уақытында өтінімдер бойынша қамтамасыз ету бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарыны жауапкершілікте болады.

Қызметкерлер жарақаттар алған жағдайда Медсанчас фельдшерлері алғашқы медициналық көмек көрсетеді және зардап шегушіні медициналық мекемеге жеткізуді ұйымдастырады.

«КазФерроСталь» ЖШС еңбекті қорғау саласындағы саясатының аса маңызды бағыты қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың басымдығын қамтамасыз ету болып табылады.

2.3.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде жұмысшыларға жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және беру тәртібі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың негізгі құрамдастарының бірі – жеке және ұжымдық қорғаныстың сапалы құралдарын пайдалану. Кәсіптік аурулардың алдын алуда жеке қорғану құраладарының (ЖҚҚ) маңызы зор және бастапқы алдын алудың неғұрлым тиімді бағыттарының бірі болып табылады.

Осы зауытта қызметкерлерді ЖҚҚ –мен қамтамасыз етудің тәртібі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-ө бұйрығымен бекітілген« Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық – тұрмыстық үй жайлармен, құрылғылармен, қамтамасыз ету ережесіне» және кәсіпорынның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес белгіленген.

Зауытта жеке қорғану құралдарының мынадай негізгі түрлері қолданылады:

- арнайы киім ( комбинезондар, жартылай комбинезондар, күртешелер, шалбарлар, костюмдер, халаттар, жамылғылар, алжапқыштар, жеңселер);

- арнайы аяқкиім ( етіктер, галоштар, киіз етіктер, қонышты жұмсақ етіктер);

- қолдарды қорғау құралдары (қолғаптар, бес саусақты қолғаптар);

- басты қорғау құралдары( телпектер, дулыға астынан киілетін баскиімдер және басқалар);

- тыныс алу органдарын қорғайтын құралдар( газтұтқырлар, тұмылдырықтар);

- бетті қорғау құралдары( қорғаныс қалқаншалары);

- есту органдарын қорғау құралдары( құлаққаптар, ішпектер);

- көздерді қорғау құралдары( қорғаныс құралдары);

- сақтандырғыш айлабұйымдар( сақтандырғыш белдіктер, диэлектрлік кілемшелер, қол қармағыштары);

- дерматологиялық қорғаныс құралдары(сықпалар, кремдер, майлар).

ЖҚҚ қабылдап алуды ұйымдастыру

Өнім берушіден жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қабылдап алудың маңызы зор. Қоймаға түсетін әрбір партияны қабылдап алуды бас директордың бұйрығымен беітілген комиссия жүргізеді. Комиссияның міндеті кәсіпорында ассортимент, үлгілер, мөлшерлерге, бойға, түс реңктері мен тиісті стандарттар, техникалық құжаттамалар белгілеген сапалық көрсеткіштер бойынша өтінімге сәйкес келмейтін ЖҚҚ – н пайдаланудан сақтандыру болып табылады.

ЖҚҚ орамындағы стандартты таңбалау мәліметтерінің, оның ішінде қорғаныстық қасиеттері бойынша мәліметтердің барлығы тексеріледі.

ЖҚҚ – н қабылдаған кезде комиссия олардың негізгі қасиеттері мен белгілерін бөліп көрсетеді. Бұл мақсат үшін қорғаныс құралдарын олардың қасиеттеріне қарай 5 дәреже бойынша бағалау жүйесі құрылған.

Наши рекомендации