Крму 200 каз 05_01_овп_каз 6 страница

С) Тері жамылғысының цианозы

D) Естің бұзылуы

Е) Ақ дақ симптомы оң мәнді

$$$003

Сізді таңертең жүгіріп жүргенде есінен танып қалған 32 жастағы науқасқа қабылдау бөліміне шақырып жатыр. Бұрын осындай естен танулар болып тұрған. ЭКГ-да I, аVL, V2-V6 тіркемелерінде Т сермесі терең инверсияланған. Анамнезінде төс артының ауыруы және ентігу ешқашан мазаламаған. Ойлауға болатын ауру:

+А) дилатациялық кардиомиопатия

В) миокард инфаркты

С) миокардит

D) тұрақты стенокардия

Е) гипертрофиялық кардиомиопатия

$$$004

Арнайы емес жаралы колит емінде дұрыс емес жауап қайсысы?

+А) стероидтарды жергілікті қолдануға болмайды

В) стероидтардың сульфаниламидтерге қарағанда әсерлілігі жоғары

С) иммуносупрессорлармен мақсатты терапия

D) ем әдетте сульфосалазиннен басталады

Е) ем бірнеше айға жалғасады

$$$005

Жедел холецистит диагностикасы кезінде Ортнер симптомына тән:

А) musculus stemodaidomastoideus аяқшалары арасында оң жақ бұғанаүсті аймағын пальпациялағанда ауырсыну

В) дем алғанда оң жақ қабырға доғасының терең пальпациясында ауырсыну

+С) оң жақ қабырға доғасын соққылағанда ауырсыну

D) іш аймағының қуысты жерлерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

Е) өт қапшығы проекциясында қысым жасағанда немесе соққылағанда ауырсыну

$$$006

АПФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Науқаста болған жағдай:

+А) бүйрек артериялары тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған

В) жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы дамыған

С) зәр шығару жолдарының инфекциясы қосылған

D) амилоидоз дамыған

Е) науқаста созылмалы бүйрек жетіспеушілігі үдеген

$$$007

Шағымдары, анамнезі, қарап тексеру мәліметтерінің нәтижесінде Сіз «Созылмалы панкреатит, рецидивті ағымды, өршу кезеңі» диагнозын қойдыңыз. Сіздің диагнозыңызды дәлелдейтін клинико-лабораторлық зерттеулер:

А) қант деңгейін анықтау

+В) қан және зәрдегі диастаза белсенділігін анықтау

С) қандағы холестерин деңгейін анықтау

D) қандағы АСТ және АЛТ белсенділігін анықтау

Е) қандағы α-фетопротеин деңгейін анықтау

$$$008

Науқас, 54 жаста, "кофе тұнбасы" түсті құсуға, үлкен дәреттің қара түске өзгеріп жиілеуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. АҚ=90/60 мм сын. бағ., пульсі - 98 рет/мин. Тік ішекті саусақпен тексергенде қара түсті нәжіс анықталды. Төмендегі аталғандардың ішінен болжам диагнозды таңдаңыз:

А) қан кетумен асқынған асқазанның ойық жара ауруы

В) Меллори-Вейс синдромы

+С) аталғандардың кез келгені болуы мүмкін

D) өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кету

Е) қан кетумен асқынған ІІІ дәрежелі гастроэзофагеалді рефлюкстік ауру

$$$009

Миокард инфарктын алған науқаста 6 аптадан кейін кеудесінде ауырсыну мен қызба пайда болды. Тексеру барысында перикардит пен плеврит анықталды. Болжам диагнозы:

А) нейроциркуляторлы дистония

В) миокардит

С) кардиомиопатия

D) диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

+Е) Дресслер синдромы

$$$010

Тұмау эпидемиясы кезінде бұрын көктамырға нашаны қабылдап жүрген 17 жасар адам басының ауыруына, денесінің дел-салдығына, мазасыздануына, оянған кездегі жарықтан қорқуына шағымданды. Дене қызуы 37,30С, желке бұлшық еттерінің ширығуы. Дәрігер төсектік тәртіп, көп сұйықтық ішу, панадол қабылдауды ұсынған. 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, басы ауырған. Науқас ұйқылы-ояу күйде болды. Шақыруға келген кезекші дәрігер науқасты ауруханаға жатқызды. Диагнозы болуы мүмкін:

А) СПИД-энцефалопатия

+В) менингококкты менингит

С) герпестік энцефалит

D) лейкоэнцефалит

Е) ауыр тұмау

$$$011

Жас әйелді алдын ала тексеру кезінде АҚ 160/90 мм сын. бағ. дейін көтерілгендігі анықталды. Мерзімді түрде мазалайтын бас ауруына шағымданған. Несеп талдауында дерттану табылмаған. ЭКГ: ST сегментінің айрықша емес өзгерістері. 10 жыл бойы оральді контрацептивтерін қабылдайды. АҚ көтерілуі туындауының едәүір пайда болу себебі:

+А) оральді контрацептивтерін қабылдау

В) артериялық гипертензия

С) нейроциркуляторлы дистония

D) оральді контрацепцияны дұрыс пайдаланбау салдарынан болған жүктілік

Е) электролиттік бұзылыстар

$$$012

35 жасар әйел кейде пайда болатын, 5-10 минутқа созылатын кеуде тұсындағы ауырсынуға жалпы тәжірибелік дәрігерге шағымданды. Ауырсыну тыныш күйде де, дене жүктемесі кезінде де пайда болады, ешқайда берілмейді. Қазір темекі тартпайды, АҚ бұрын көтерілмеген. Отбасы мүшелерінің екеуі (50 және 56 жастА) жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде - науқастың жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын. бағ., ЖСЖ 70 рет/мин. Жүрек ұшы түрткісінің күшеюі анықталады, кеуденің сол жақ бойында систолалық шуыл естіледі, шуылдың қарқындылығы тұрған күйде күшейеді. ЭКГ: ST және Т арнайы емес өзгерістері. Алдын ала қойылған диагноз:

А) митральды стеноз

В) қолқалық стеноз

С) гипертрофиялық кардиомиопатия

+D) функционалды шуыл, вегето-тамырлық дистония

Е) өкпе артериясының стенозы

$$$013

24 жасар емделуші жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38,60С дейін көтерілуіне, басының ауыруына, мойынының тартылуына, арқасының ауырсынуына, жүрегі айнып, құсатындығына, тамағының ауырсынуына шағымданды. Әйгіленістері екі күн бұрын саяжайда пайда болған. Бүкіл денесінде шеті анық көріне қоймаған қызыл дақтар түрінде бөртпелер бар. Қарап тексергенде - жағдайы қанағаттанарлық, мойнының лимфа түйіндері ұлғайған, ұлғайған көкбауыры пальпацияланады, аңқасы қызарған, желке бұлшық еттері ширыққан. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) вирусты менингит

В) этиологиясы белгісіз сепсис

+С) ЖРВИ

D) Лайм ауруы

Е) тағаммен улану

$$$014

Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардияны басу үшін едәуір әсерлі дәрі-дәрмекті (таңдамалы дәрі-дәрмек) таңдаңыз:

А) новокаинамид

В) верапамил

С) лидокаин

D) ритмилен

+Е) аденозинтрифосфат

$$$015

Инфаркттан кейінгі кардиосклерозы мен І-ІІ дәрежелі жүрек жетіспеушілігі бар 68 жасар науқастың жыбыр аритмиясына (тұрақты, 4 жыл бойы) қатысты дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:

+А) жүрек глюкозидтері көмегімен жыбыр аритмияның нормосистолалық түрін сақтау, ал жеткіліксіз әсерде - β-адреноблокаторларды үйлестіру

В) стационарда жыбыр аритмияны синусты ырғаққа ауыстыру (хинидин немесе ЭИТ көмегімен)

С) синусты ырғақты қалпына келтіру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен (немесе балама дәрі-дәрмектермен) алдын ала емдеу

D) тұрақты электрокардиостимуляцияға өту мақсаттырақ

Е) мұндай науқасқа тұрақты терапия талап етілмейді

$$$016

64 жасар емделуші басының айналуына, әлсіздікке, қолдарының діріліне, көз алдында «шібін-шіркей ұшуына» байланысты жалпы тәжірибелі дәрігерді үйіне шақырды. Ол ІІ типті қантты диабетпен ауырады, осыған орай глибенкламидті (манинил) қабылдайды. Емделушінің үйінде сіз шұғыл әдіспен қандағы 3,1 ммоль/л қант деңгейін анықтадыңыз және шағымдану себептерінің пайда болуынан 2 күн бұрын тізе буындарының ауыруына байланысты "американ аспиринін" қабылдағанын білдіңіз. Осы жағдайда жедел жәрдем шараларынан басқа сіздің ұсыныстарыңызға енуі тиіс:

А) глибенкламид мөлшерін төмендету (артритті емдеу мерзімінде)

+В) емдәміне тәулігіне бір рет картоп немесе макарон өнімдерін қосу

С) аспирин мөлшерін ұлғайту

D) емдәмді бұдан да қатаң сақтау

Е) ревматолог кеңесі

$$$017

І дәрежелі жүрек жетіспеушілігін емдеудің дәрі-дәрмектердің оңтайлы кешенін таңдаңыз:

А) β-блокаторлар мен добутамин

В) диуретиктер, жүрек гликозидтері мен милринон

+С) диуретиктер мен ААФ ингибиторлары

D) β-блокаторлар, жүрек гликозидтері мен лидокаин

Е) кордарон, кальций антагонистері мен жүрек гликозидтері

$$$018

Науқас A., 34 жаста, ауыр вирустық инфекциядан (тұмау) кейін 2 аптадан соң әлсіздік, ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖСС 80 рет/мин тыныштық жағдайда, I тон әлсіреген. ЭКГ: Т тісшесі V1-V4 шықпаларында теріс Т сермесі. Жоғарыда берілген мәліметтерге қарап науқасқа миокардит диагнозы қойылған. Неғұрлым дұрыс болып табылатын ем:

А) ААФ ингибиторларын, рибоксинді тағайындау

В) тыныштық, төсектік тәртібі, симптомдық ем

С) антибиотиктерді тағайындау

D) СЕҚҚП тағайындау

+Е) глюкокортикостероидтарды тағайындау

$$$019

ААФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Бұл жағдай бүйрек артерияларының тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған деп анықталған. Бұндай жағдайда тағайындауға қажет ем:

А) кальций антагонисттерін тағайындау

+В) ААФ ингибиторларын АТ ІІ рецепторларының блокаторларына ауыстыру

С) нитраттардың үлкен дозаларын тағайындау

D) гидралазинді изосорбид динитратымен біріктіріп тағайындау

Е) гемодиализ жүргізу

$$$020

WPW синдромы бар науқас бөлімшеге жүрекшелер жыбыры мен жиіленген қарыншалық ырғағымен түскен. Тұрақты гемодинамика кезінде жедел түрде енгізу қажет препарат:

А) дигоксин

В) кальций антагонисті

С) АТФ

+D) прокаинамид

Е) β-блокатор

$$$021

52 жасар науқас әйел трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді қызба, ентігу, буындарының ауыруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Инфаркттан кейінгі асқыну Дресслер синдромы анықталған. Ең тиімді ем:

А) антибиотиктер

В) ААФ ингибиторлары

+С) жоғары дозадағы аспирин немесе преднизолон

D) диуретиктер

Е) диуретиктермен қосарласқан жүрек гликазидтері

$$$022

Климактериялық кезеңдегі әйелде остеопороз белгілері бар АГ-ны емдегенде тағайындау керек:

+А) ААФ ингибиторларын

В) орталық әсерлі дәрілерді

С) тиазидті диуретиктерді

D) β-блокаторларын

Е) α-адреноблокаторларын

$$$023

Шағымдары, анамнезі, қарап тексеру мәліметтерінің нәтижесінде Сіз «Созылмалы панкреатит, рецидивті ағымды, өршу кезеңі, ауыру түрі» диагнозын қойдыңыз. Науқасты емдеудің басты мәселелерін анықтаңыз:

А) массивті инфузиялық терапия

В) орынбасушы полиферменттік ем

С) ұйқы безінің сыртқы секреция қызметін реттеу

D) ауыру синдромын басуға бағытталған терапия

+Е) қабынуға қарсы антибактериалді терапия

$$$024

Науқасты зерттеу және бақылау нәтижесінде «Өттас ауруы, өт шаншуы» диагнозы қойылып, зерттеу әдістері тағайындалды. Төмендегі зерттеу жоспарының қателігін табыңыз:

А) өт қапшығының УДЗ

В) жалпы қан және зәр анализі

С) жалпы билирубин мен оның фракцияларын зерттеу

+D) АЛТ және АСТ зерттеулеріне қан тапсыру

Е) дуоденальді сүңгілеу

$$$025

Науқас 65 жаста. Бойы 160 см, дене салмағы 105 кг. Шағымы жоқ. Аш қарындағы қандағы глюкоза деңгейі - 6,2 ммоль/л. Осы емделушіні жүргізу тактикасын таңдаңыз:

А) науқаста - қантты диабет, емдәм сақтап, қарқынды күйдегі қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет

+В) емделушіні жүргізу тактикасын шешу үшін пероральды глюкозаға толеранттылық тестілеуін жүргізу қажет

С) емделушінің дені сау, бұдан әрі зерттеу мен емдеуді қажет етпейді

D) емделушіде - гипогликемия, анамнезін мұқият жинау керек

Е) несептегі глюкозаның деңгейін анықтау қажет

$$$026

Науқас, 35 жаста, құрғақ жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. 10 жылдан бері темекі шегеді. Анамнезінде: суық тигеннен кейін жедел ауырып қалды. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген және екі жақтан да инфильтратты ошақтар, көбінесе орталық бөліктеріне шоғырланған. ЖҚА: ЭТЖ 36 мм/сағ. Аускультацияда: екі өкпесінен де майда көпіршікті ылғал және құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі, перкуссияда дыбыс сол жерден тұйықталған. Науқасқа диагноз қойып, ем тағайындаңыз:

+А) «Пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы»; ципролет 500 мг әр 12 сағат сайын, бромгексин 2 таб. х 3 рет, эуфиллин 0,15 мг 1 таб. х 2 рет тағайындау

В) «Созылмалы бронхиттің өршуі»; ампициллин 0,5 г х 4 рет б/е, қақырық түсіргіш дәрілерді тағайындау

С) «Пневмония, созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі»; теотард 200 1 капс. х 2 рет, эритромицин 0,5 әр 6 сағат сайын, бромгексин 2 таб. х 3 рет тағайындау

D) «Пневмония, қосымша: ӨСОА»; амоксиклав 0.625 г әр 8 сағат сайын, ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау

Е) «Пневмония»; цефазолин 1 г әр 12 сағат сайын б/е, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау

$$$027

Жедел коронарлық синдром байқалады:

+A) жедел миокардтың инфарктін күманданатын синдромдармен

В) НЦД

С) тұрақты стенокардиямен

D) миокардтың ауырсынусыз ишемиясымен

Е) кардиомиопатиямен

$$$028

35 ж., науқас жүрек айну және құсумен сипатталатын қатты бас ауру ұстамасына шағымданады. Қарағанда: терлегіштік, терісі боз, дірілі бар, тахикардия, АҚ - 230/140 мм. с.б.б. Гипергликемия. Глюкозурия. Протеинурия. Лейкоцитоз. Болжам диагноз:

A) қант диабет

+B) феохромоцитома

C) Иценко-Кушинг ауруы

D) Конн синдромы

E) гипоталамикалық синдром.

$$$029

42 ж., науқас, геолог, жанұя дәрігерінде П-түрдегі орталық ауырлықтағы, компенсациялық кезеңдегі қант диабет ауруымен диспансерлік есепте тұрады. Науқастың еңбек түрін анықтаңыз:

A) П топтық мүгедектікті анықтау үшін ӘМСКжіберу

B) ПІ топтық мүгедектікті анықтау үшін ӘМСКжіберу

+C) ауа райы қолайлы жерде жұмыс жасау тұжырымын ДККберу

D) мамандығын өзгерту туралы кеңес беру

E) жұмыс түрін өзгертуге мәжбүрлі емес.

$$$030

ЖИА, күштемелі стенокардиясы, ҚЖ IІ бар 55 ж., ер кісіде ауырсыну ұстамасы, жүрек қағуы мен бетінің қызаруы кезінде қолданылатын препарат:

A) тіл астына нитроглицерин (шектеусіз)

B) кардикет 20 мг 3-4 рет тәулігіне

C) тромбоАсс 100 мг тәулігіне

+D) метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет

E) симвастерол 10 мг тәулігіне

$$$031

Науқас 5 жыл бойы ревматоидты артритпен аурады. Индометацин 25 мг 3 рет, метотрексат 7,5 мг - аптасына қолданылады. Жалпы қан анализі: Нв 92 г/л, эрит. 3-10№І/л, лейкоц. 6,8*109/л, ӘТЖ-48 мм/сағ, трансферрин және темір төмендеген. Грегерсен реакциясы (-) теріс. Анемияның себебі:

A) асқазан – ішектен СЕҚҚП қолданғанда ассоцирленген гастропатия болғандағы қан кету

B) метотрексат қолданғандағы фоли-жетіспеушілік анемиясы

+C) ревматоидты қабынудан болған гипохромды анемия

D) гипопластикалық анемия

E) гемолитикалық анемия

$$$032

20 ж. науқаста бiр жыл бойы АҚҚ 170/120мм.с.б.б. көтерілген, гипотензивтi терапияға рефрактерлi. Iшек аймағында толғақ тәрiздi ауырсынуға шағымданады. Кiндiк үстiнен систолалық шу естiледi. Болжам диагноз:

A) Қолқа коарктациясы

+B) Бүйрек артериясының атеросклероздық стенозы

C) Бүйрек артериясының аневризмасы

D) Нефроптоз

E) Феохромоцитома

$$$033

47 жастағы ер адам 2 ай бойы орташа темппен 500м жүргеннен кейін, 3-этажға көтерілгеннен кейін пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағым айтады. Сирек ауырсыну тыныштық кездеде пайда болады. Стенокардияның осы түрін былай жіктеуге болады:

A) тұрақсыз стенокардия

B) ЖИА-ның аралық формасы

+C) тұрақты күш түсу стенокардиясы

D) вариантты стенокардия

E) алғаш пайда болған стенокардия

$$034

Науқас В. 33 жаста, профосмотр кезінде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты көлеңке анықталған. Анамнезінде: кейінгі 2 апта ішінде әлсіздік, шырышты қақырықпен жөтел, кеудесінде шәншіп ауырсыну байқалады. Қанның жалпы зерттеуінде: Нв- 128 г/л, Л- 9,8*109/л, ЭТЖ- 21 мм/сағ. Пневмониямен өкпенің қатерлі ісігінің ажырату диагностикасын өткізу үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі.

A) өкпе рентгенографиясы

B) қақырықты атипты жасушаларға зерттеу

+C) компьютерлық томография

D) бронхография

E) қанның иммунологиялық зерттеуі

$$$035

Асқазанның ойық жара ауруы бар науқас ранитидин (150 мг 2 рет күніне) қабылдап жүр. Зерттей келе осы науқаста созылмалы бүйрек жетіспеушілігі анықталды (кретинин клиренсы 50 мл/мин аз) . Дәрігердің тактикасы.

A) ранитидинның орнына циметидин тағайындау

B) ранитидинмен қатар диуретиктер тағайындау

+C) ранитидинның орнына антацидтар тағайындау

D) ранитидинның дозасын екі есе азайтып, емді жалғастыру

E) ранитидинның орнына омепразол тағайындау

$$$036

72 жастағы ӨСОА науқас суық тиген соң басталған дене қызуының жоғарылауына, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтрация анықталады. Қай ем дұрыс?

A) тетрациклин + метрогил + лазолван

B) амоксиклав + гентамицин + бромгексин

C) кларитромицин + преднизолон + бромгексин

D) метронидазол + амброксол + ипратропиум бромиді

+E) кларитромицин + амброксол + ипратропиум бромиді

$$$037

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек.

A) ауырған буынның пункциясы

B) қанның жалпы зерттеуі

+C) қанды зәр қышқылына тексеру

D) оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

E) зақымдалған буынның УДЗ

$$$038

Науқас 23 жаста, шағымдары: тізе және тобық буындары қатты ауырсынады, дене температурасы 37,5°С жоғарлайды, зәр шығаруы ауырсынумен өтеді, уретрадан ірің бөлінеді. Кәзіргі уақытта венерологиялық диспансерде емделіп жүр. Уретра жұғындысында гонококтар анықталған. Осы артритты емдеу үшін ең тиімді қай дәрі.

A) индометацин

+B) пенициллин

C) преднизолон

D) тетрациклин

E) диклофенак

E) зақымдалған буынның УДЗ

$$$039

Науқас 33 жаста, шағымдары: кеудесінде ауырсыну сезімі, кернеп тұрғандай. Алдынғы кеште балық жеп отырып қақалып қалған. Объективті: жұтыну ауырсынумен, температурасы 37.3°C, мойын тұсы және бетінің төменгі жағы ұлғайған, пальпация кезінде крепитация анықталады. Кеуде рентгенограммасында: средостение көлеңкесі кеңейген, паравертебрально газ көрінеді. Дәрігердің тактикасы қандай.

+A) жедел хирургия бөліміне госпитализация

B) мойын клетчаткасына пункция жасап, Дюфо инесін бекітү

C) эзофагоскопияға жолдамалау

D) антибиотик тағайындап, жұмыстан босату парағын беру

E) гастроэнтерологқа бағыттау

$$$040

3-жастағы баланың плевральды сұйықтығында нейтрофильдердің басым болуы орын алатын экссудативті плевриттің даму себебі болып табылады:

+А) Плевропневмония

В) Туберкулез

С) Обструктивті бронхит

Д) Муковисцидоз

Е) Созылмалы бронхит

$$$041

Стационарға Фалло Пентадасы іштен туа біткен ақауы бар науқас түсті. Оттегі жетіспеушілігі белгілерінің даму себебін атаңыз?

+А) Кіші қан айналым шеңберінің кедейленуі

В) Қарыншалардан қанның шығуына кедергінің болуы

С) Жүрекшелерден қанның шығуына кедергінің болуы

Д) Кіші қан айналым шеңберінің байытылуы

Е) Үлкен қан айналым шеңберінің кедейленуіне байланысты

$$$042

9 айлық бала өмірінің алғашқы жылында ауруханаға айқын токсикоз, дене қызуы t – 38оС және ентігумен түсті. Перкуссия кезінде қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі. оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагноз қойыңыз:

А) Обструктивті бронхит

В) Пневмония

С) Бронхит

+D) Бронхиолит

Е) Бронхты демікпе

$$$043

Баланың шолу рентгенограммасында плеврит анықталды. Дәлелдеу үшін міндетті түрде жүргізу керек:

А) Спирометрия және пикфлоуметрия

+В) Плевра қуысын пункциялау

С) Бронхография, бронхоскопия

D) Томография, бронхография

Е) Бронхоскопия, томография

$$$044

11 айлық бала, физикалық дамуы жағынан артта қалуда, салмағы 7 кг. Емізген кезде ентігу, ерін мұрын үшбұрышының цианозы. Тері жабындылар көкшіл түсті, шеткі цианоз, "барабан саусақтары, сағаттың шынысы". Жүректі шекаралары біраз ұлғайған. ЖСЖ-140 соғу/мин, ТАЖ-40 рет 1 минутқа. Төстің сол жағында қатқыл тембрлі систолалық шу, II тон II қабырғааралықта әлсіреген. Ж?А: Hb-170г/л, Эр-5,4х1012/л. Диагнозын атаңыз?

А) Қарыншааралық перденің ақауы

В) Жүрекше аралық перденің ақауы

+С) Тетрада Фалло ауруы

D) Үшашпалы қақпақшаның ақауы

Е) Эбштейн ауруы

$$$045

Балаға 11 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз:

Наши рекомендации