Сұрақ: Аллаһ барлық заттың себебі болып табылады ма?

Жауап:

Бұлай деп сұрақ қою дұрыс емес, біз Аллаһ жайында Ол – себеп деп айта алмаймыз. Аллаһ себеп те, нәтиже де емес. Аллаһ себептің де, нәтиженің де жаратушысы. Аллаһ бір нәрсенің болуын қаласа, оған тек: «Бол!» - деп әмір береді. Ол нәрсе бірден болады және Аллаһ себепсіз нәтиже жаратады. Аллаһ барлық нәрсеге құдіретті.

Дәлел: «Шын мәнінде Ол бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған: «Бол!» - деу, сонда ол бола қалады». (Ясин; 82);

«Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте - жарықта жүреді де, оларға қараңғы болған заманда - тұра қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жояр еді. Аллаһтың әр нәрсеге толық күші жетуші». (әл-Бәқара; 20);

«Бір аятты ауыстырсақ, немесе ұмыттырсақ, одан жақсысын, не сол сияқтыны келтіреміз. Әрине, Аллаһтың әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе? Көктер мен Жердің иелігі Аллаһқа тән. Сендер үшін Аллаһтан өзге не дос, не жәрдемші жоқ. Немесе Пайғамбарларыңнан бұрынғы Мусадан сұралған тәрізді (жоқтан өзгені) сұрағыларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауыстырса, расында ол - тура жолдан адасқан болады». (әл-Бәқара; 106-108).

Сұрақ: Аллаһ себептерді не үшін жаратты?

Жауап:

Аллаһ себептерді бізді сынау үшін жаратты. Мысалы, кім Аллаһтың әмірлерін орындап, тыйғандарынан тыйылып, себебін жасаса, нәтижеде мәңгілік ләззат мекені болған Жәннәтқа кіреді. Бірақ, намаз оқығаны, ораза тұтқаны үшін, немесе басқа құлшылықтарды қылғаны үшін Жәннәтқа кірмейді, бұлар тек себептер. Жәннәтқа Аллаһ қалағанын Өзінің рахметімен кіргізеді. Сол үшін Пайғамбарымыз : «Сіздердің ешқайсыларың амалдарыңмен Жәннәтқа кірмейсіңдер, тек Аллаһтың рахметімен кіресіңдер», -деген.

Дәлел: «Ол сондай Аллаһ, қайсыларың амалдарыңмен жақсырақ болатындарыңды сынау үшін өлім мен өлімді жаратқан. Ол тым Үстем, аса Жарылқаушы».(әл-Мүлік; 2)

«Адамдар: «Иман келдтірдік!» - деумен, сыналмай қалдырылады деп ойлай ма? Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ, Аллаһ әлбетте, шыншылдарды да, өтірікшілерді де біледі». (әл-Анкәбут; 2-3);

«Әрине, сендерді қауіп-қатермен, ашаршылықпен және малдардан, жандардан, сондай-ақ, өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. (Мухаммад, сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!» (әл-Бәқара; 155);

Демек, бізге нәтижеге жету үшін, себепті дұрыс жасау - міндетті нәрсе. Ол нәтиже болуы да, болмауы да мүмкін. Өйткені, бүкіл істің нәтижесі Аллаһтың қолында. Бұл туралы Аллаһ Құранда:«Кім өзін Аллаһқа тапсырып, игілік істесе, сонда ол расында берік тұтқаны ұстаған болады. Бүкіл істердің соңы Аллаһқа тән»,- дейді.(Лұқман; 22)

Сұрақ: Таухид рубубияны (Аллаһтың жалғыз Раббы екендігін) бұзатын Аллаһқа серік қосудың (ширктің) түрлері қандай болуы мүмкін?

Жауап:

1. Өзін Аллаһқа теңеу, немесе өзін Құдай, немесе Раббы деп жариялау.

Мысал: «Муса Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті. Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты. Кейін теріс айналып, жүгірді. Адамдарды жинап, айғай салып: «Мен - сендердің ең ұлы раббыларың!» - деді».(ән-Нәзиъәт; 19-24)

2. Жаратылысты Аллаһқа ұқсату.

Бұларға Перғауынның айналасындағылар сияқты адамдар, сопылар, християндар, қубурия (қабірге табынушылар, яғни Аллаһ қана құдіретті болған нәрсені қабірдегі өлілерден сұрайтындар, соларға арнап құрбандық шалатындар), шиғалар және осы сияқтылар жатады.

3. Аллаһты жаратылысқа ұқсату.

Бұлардың қатарына мушәббихалар сияқтылар кіреді. Аллаһтың ешбір сипатын көзге елестетуге, ұқсатуға, «мына сияқты» деп айтуға шариғатта қатаң тиым салынған.

Ал соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Наши рекомендации