Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:Зəр, қан амилазасы, қанның жалпы анализі, С-рективті ақуызды анықтау, АЛТ мен АСТ анықтау, жалпы билирубин мен фракцияларын анықтау, сілтілік фосфатазаны анықтау, ГГТП, қан липазасы,қан глюкозасы, қанттық қисық, копрограмма,ұйқы безі, өт қабын УДЗ, гастроэнтеролог консультациясы.

Емі

Медикаментозды емес:

Диета №5

Медикаментозды:

1. Ауыру жəне төмен құрамдағы майлар мен клетчаткалар жоқ бөліктеп тамақтану. Науқасқа ішімдікті пайдалануды тоқтату.

2. Орын алмасулық (панкреатин 50 000-150 000 БІРЛІК*) терапия.

3. Антисекреторлық (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу ішке) немесе протондық помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəу, Пантопразол 40-80 мг/тəу, Рабепразол 40 мг/тəу).

4. Қантты диабетті емдеу (жеңіл пайда болатын гликемияны ескеріп, инсулинді аз дозада тағайындау қажет).

Дәрігерлік еңбек сараптамасы.

Жеңіл даму барысының қайталауында 10-14 күн, орта ауыртпалықты түрінің қайталауында – 18-30 күн (стационарда 3 аптаға жуық), ауыр даму барысының қайталауында – 6-8 апта.

Болжамы

Қолайлы

Алдын алуы.

Бірінші ретті профилактика шараларына қауіпті факторларға әсер ету жатады: ішімдіктен бас тарту, дұрыс қоректену, семіздікпен күрес, организмнің реактивтілігін күшейту және дене тәрбиесімен шұғылдану. Екінші ретті профилактика шаралары болып диетаны сақтау, орнын толтыру емін жүргізу, ауру қайталаған кезде сәйкес ем жасау табылады.

Жара ауруы. Асқазан жара ауруы.Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.

Анықтамасы

Жара ауруы– асқазандағы ойық жаралы ақау, патологиялық процесске жиірек ас қорыту жүйесінің басқа ауруларының қосылуы мен көптеген асқынулардың дамуы, негізгі морфологиялық субстрат болып табылатын созылмалы рецидив беретін ауру.

Этиопатогенезі

1. Хеликобактер пилориді жұқтыру.

2. Жедел және созылмалы психоэмоциональдық стресс жағдайлары.

3. Алиментарлық фактор.

4. Алкогольді, кофені шамадан тыс қолдану, шылым шегу.

5. Дәрілер. Ульцерогендік әсер ацетилсалицил қышқылында және басқа да бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілерде (индометацин т.б.), резерпинде, глюкокортикоидтарда болады.

Қазіргі кезде жара ауруы асқазан сөлінің агрессиялық факторлары (Helicobacter pilori, тұз қышқылы, ульцерогендік алиментарлық фактор, дуоденогастральды рефлюкс) мен кілегей қабықтың қорғаныс факторларының (кілегейдің бөгеті, эпителийдің активті регенерациясы, кілегей қабығының қанмен қалыпты қамтамасыз болуы, антродуоденальды қышқыл тежеуіші, простагландиндердің, эндорфиндердің және энкефалиндердің және қорғаныс медиаторларының жергілікті синтезі, қарсы ульцерогенді алиментарлық факторлар) арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда дамиды деген пікір бар. Қалыпты күйде бұл факторлардың арасындағы тепе-теңдікті нерв және эндокрин жүйелері арасындағы өзара келісімді іс-әрекет қамтамасыз етеді.

Ауіп факторы

Helicobacter pylori дің болуы, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар, стероидтық гармондарды қабылдау, отбасылық анамнездің болуы, дəрілік заттарды ретсіз қабылдау,темекі тарту, алкоголь ішу.

Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі.

Диагностика

Қанның жалпы анализі, қандағы сарысулық темірді анықтау, жасырын қанға нəжіс анализі, зəрдің жалпы анализі, мақсатты биопсиямен ЭФГДС (көрсетімдер бойынша), биоптатты гистологиялық зерттеу, биоптатты цитологиялық зерттеу, Нр тест.

Емі

Медикаментозды емес:

Диета №1 (1а, 15) аурудың клиникалық көріністерін тудыратын жəне күшейтетін тамақтарды алып тастау (мысалы, ащы приправалар, маринадталған жəне қақталған өнімдер). Тамақтану дүркін дүркінді, тəулігіне 5~б рет.

Медикаментозды:

Бірінші тізбектегі терапияПротондық насос ингибиторлары (омепразол* 20 мг, рабепразол* 20 мг) немесе ранитидин-висмут-цитрат* стандартты дозада + кларитромицин* 500 мг + амоксициллин* 1000 мг немесе метронидазол* 500 мг; барлық дəрілік заттарды 7 күн бойы күніне 2 реттен қабылдайды. Кларитромициннің амоксициллинмен қосындысы, кларитромициннің метронидазоломмен қосындысынан тиімдірек, себебі екінші тізбектегі терапияны тағайындау кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кларитромицинді 500 мг күніне 2 рет қабылдау дəрілік затты 250 мг күніне 2 рет қабылдаудан тиімдірек.

Ранитидин-висмут-цитрат пен протондық насос ингибиторларының тиімділігі бірдей екендігі көрсетілген.

Екінші тізбектегі терапияны қолдану, бірінші тізбектегі препараттардың тиімсіздігі кезінде ұсынылады. Протондық насос ингибиторлары стандартты дозада күніне 2 рет + висмут субсалицилаты 120 мг күніне 4 рет + метронидазол** 500 мг күніне 3 рет + тетрациклин** 100-200 мг күніне 4 рет.

Наши рекомендации