Біздің отбасы есірткіден алыс!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтқан болатын.

«Жаңа жүз жылдықта біз өз тұрмысымызды ,өз санамызды ,қоғамымызды ,жалпы алғанда әрбір жанұямызды салауатты өмір салтына ынталандыруды енгізуіміз қажет.Бұл еліміздің ,ұлтымыздың болашағы үшін басқа басымдықтардан маңызды болуы мүмкін».

Салауатты өмір салты,келеңсіз жағдайлардың алдын алу,адамдардың денсаулығын күшейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып отыр.

Денсаулық-ел дамуының басты арқауы.Адамның денсаулығы өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ.

Дүние жүзінде есірткі ауруы уақыт өткен сайын үдеп,бұл дертке шалдыққандар саны көбейе түсуде.

Адам психикасы – медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы , әсіресе, наркологиялық тұрғыда. Әдетте, жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн. Нашақорлыққа салынатындардың дені – жұмыссыздар , босқындар, қаңғыбастар, тағысын тағылар... Бір нашақорды емдеп, қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек десек, ондай қаражатты қалтасы көтермейтін адамдардың жағдайында не істеуге болады? Шу есірткі сорасын пайдаланатындар қазіргі кезде жастардың ішінен көптеп кездесуде. Қалтасында қаржысы жоқ жастар ұрлық жасайды, қарақшылық шабуылға барады. Қазір Шу есірткі сорасы Жамбыл облысының Шу, Меркі, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандарында бітік өсетіндігі белгілі. Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамызда нашақорлықтың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12 – 18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді денесі құрысып – тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын – буыны, аяқ – қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп - сұйық тер парлай бастайды. Мұны олардың тілінде «ломка» дейді. Нашақордың есіл – дерті қайдан болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлі нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап , тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табындай тарпа бас салады. Мұны медицинада «наркотизм», ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді. Грек тілінен аударғанда «нарк» - жасанды ұйқы, «мания» - есі кету, есіру деген ұғым береді.

Баланың бас ұстазы – ата-ана . Ұлтымызда «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы ,қамқоршысы, тірегі деп білсек, анна отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанүясын бақытқа бөлейді.

Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана , ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз.

Наши рекомендации