АнемиялардыҢ жіктелу Ұстанымдары

Этиологиясы бойынша   Тұқымқуалайтын және жүре пайда болған
Патогенезі бойынша а) қансыраудан –постгеморрагиялық б) эритроциттердің күшейген гемолизінен –гемолиздік в) қан өндіруі бұзылуынан –дизэритропоэздік
Қан өндіру түрі бойынша Нормобластық және мегалобластық  
Сүйек кемігінің қалпына келу қабілетіне орай регенераторлық (ретикулоциттер –0,2-1% одан артық) гипорегенераторлық (ретикулоциттер – 0,2%-ден аз) арегенераторлық (ретикулоциттер – 0%)
Түстік көрсеткіші бойынша (ТК) нормохромды (ТК- 0,85-1,05) гипохромды (ТК- 0,85-ден аз) гиперхромды (ТК – 1,05-ден артық)
Эритроцитдің орташа диаметрі бойынша (ЭОД) нормоциттік (7,2-8 мкм) микроциттік (7 мкм-ден аз) макроциттік (8 мкм-ден артық) мегалоциттік (12 мкм-ден артық)
Ағымы бойынша Қауырт және созылмалы

анемиялардыҢ жіктелу Ұстанымдары - student2.ru

Постгеморрагиялық анемия

 
  анемиялардыҢ жіктелу Ұстанымдары - student2.ru

қауырт созылмалы=темір тапшылықты

ҚАУЫРТ ПОСТГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АНЕМИЯ

Себептері: қауырт қансырау, сатылары:

жасырын (қансыраудың алғашқы тәуліктері) Нормоцитемиялық гиповолемия (қан плазмасында эритроциттер ¯). Қанның көлем бірлігінде гематокрит, Нb мөлшері, эритроциттер қалыпты.  
гидремиялық (қансыраудан соң 2-3- тәулікте) Олигоцитемиялық гипо- немесе нормоволемия. Қанның көлем бірлігінде Нb, эритроциттер¯. ТК қалыпты. Қан көлемінің тамырға тінаралық сұйықтықтың түсуімен қалпына келуі және бүйректен судың шығуы төмендеуі
Сүйек-кеміктік (қансырадан соң 4-5 тәулікте) Эритропоэз ­ Шеткері қан көрінісі: ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобластар пайда болады; ТК <0.85; ядролыұ солға жылжыған нейтрофильдік лейкоцитоз.

Қауырт постгеморрагиялық анемия:

Сүйек кемігінің қалпына келу қабілетіне қарай- регенераторлық,

Қан өндіру түріне қарай – нормобластық,

ТК бойынша - нормо- немесе гипохромды,

ЭОД бойынша – макроциттік.

Гемолиздік анемиялар

 
  анемиялардыҢ жіктелу Ұстанымдары - student2.ru

Жүре пайда болған Тұқымқуалайтын

ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ГЕМОЛИЗДІК АНЕМИЯЛАР

Иммундық - Тобы сәйкессіз қан құйғанда; - Анасы мен ұрықтың резус – қайшылығында; - Өз эритроциттеріне аутоантидене түзілуінде.  
Уланулық - Гемолиздік улардың әсері (мышьяк, қорғасын, фенилгидразин, саңырауқұлақ, ара, жылан улары, гемолиздік стрептококк, стафилококк, малярия плазмодийі токсиндері, сульфаниламидтер, фенацитин).  
Эритроциттердің механикалық зақымдануы - Жүрек және таиыр қақпақшаларын протездеу, - Тастақ жерде ұзақ жүгіру.  

Шеткері қан көрінісі:

- физиологиялық регенерация жасушалары:

ретикулоциттердің ­, полихроматофилдер мен нормобластардың пайда болуы

- эритроциттердің дегенеративті түрлері: пойкилоцитоз, анизоцитоз (макроциттер), базофилді түйіршікті эритроциттер. Ядролық солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз.

Наши рекомендации