Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Сезімталдық жүйесі. Сезімталдық анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Сезімталдық және оның бұзылыстары. Зерттеу әдістері.

2. Бас аурулары. Бас ауруларның эпидемиологиясы және замануи классификациясы. Цефалгияның этиопатогенетикалық факторлары. Патогенез, клиника, диагностикалық критерийлері және кернеулі бас ауруының емі.

3. Эпилептикалық статус кезіндегі алғашқы көмек көрсету алгоритмі: болган жердегі жедел көмек, «жедел жәрдем» машинасындағы көмек, реанимация бөлімшесіндегі көмек.

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Еркін қозғалыс жүйесі. Қозғалыс анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Орталық және шеткі салдану белгілері. Зерттеу әдістері.

2. Бас сақинасының классификациясы, патогенезі, бас сақиналық ұстаманың клиникасы, асқынуы, дифференциалды диагнозы, диагностикалық критерийлері, емі, профилактикасы.

3. 52 жастағы ер адамда ауыр салмақты көтергеннен соң бел-сегізкөз омыртқа аймағында қатты ауырсыну сезімі сол жақ аяққа иррадиация, ұюы. Объективті қарағанда бел-сегізкөз бөлігінде анталгиялық сколиоз, бел бұлшық етінің сол жақта айқын дефансы,ауырсынуға байланысты қимыл қозғалысы шектелген, бел-сегізкөз аймағында парвертебральды ауырсыну, пальпациялағанда ауырсыну сол аяққа беріледі. Лассега симптомы сол жақта айқын.Сан мен тізенің артқы-сыртқы беткейінде гипестезия. Сол жақта Ахиллов рефлексі болмайды, сол жақ табанның бүгілуі әлсіз.Сіздің диагнозыңыз? Перифериялық нерв жүйесінің қай бөлігі зақымдалған? Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістері қолданылады? Жедел кезеңдегі емдеу жоспары?

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Экстрапирамидалық жүйе. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдалу синдромдары.

2. Бет нервісінің нейропатиясы. Этиология, патогенез, клиникасы, диагностикасы, емдеу әдістері.

3. 47 жастағы науқас жұмыс уақытында стрестен кейін кенеттен өзін жайсыз сезінді, қатты бас ауыру, бирнеше рет құсу, стридорозды тыныс, беттің қызаруы, естің шатасуына алып келетін психомоторлы қозу, оң жақ аяқ-қолдардың әлсізденуі, сөйлеу бұзылысы. Жедел жәрдем бригадасы АҚ 240/120 мм.с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз? Жедел көмек тактикасы? Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдістері? Жедел кезеңіндегі емдеу принциптері?

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 4 БИЛЕТ 1. Мишықтың құрылысы, функциясы және байланысы. Мишық зақымдалуының клиникалық белгілері. Зерттеу әдістері. 2. Үшкіл нервтің невралгиясы. Этиология, патогенез, клиника, диагностика, емдеу әдістері. 3. БМСК деңгейіндегі жедел қанайналым бұзылысы кезінде науқасқа жедел көмек көрсету алгоритмі. Инсульттің алғашқы белгілері. Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 5 БИЛЕТ 1. Бас миы қыртысы, оның құрылымы. Жоғары жүйке қызметі, ми қыртысында қызметтердің орналасуы, зерттеу әдістері. 2. Мидың созылмалы ишемиясы. Этиология, патогенез, клиника, емдеу және диагностика әдістері. Алдын алу іс-шаралары. 3. Омыртқа остеохондрозы. Қауіп факторлары, патогенез, клиника, диагностика, емдей принциптері. Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Сезімталдық жүйесі. Сезімталдық анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Сезімталдық және оның бұзылыстары. Зерттеу әдістері.

2. Транзиторлы ишемиялық шабуыл, этиология, патогенез, клиника. Диагностика және емдеу тактикасы. БМСК деңгейіндегі алғашқы көмек.

3. 45 жастағы әйел жүрекшелік фибрилляцияның тұрақты формасымен зардап шегеді. Кенеттен болған жалпы әлсіздік, ентігу,бас ауыру, оң жақ аяқ-қолдарында әлсіздену, сөйлеу бұзылысы, әлсіздікке шағымданды, науқас тежелген. Болжам диагноз? Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдістері?

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 7 БИЛЕТ 1. Жоғарғы ми қыртысының қызметі. Қызметінің бұзылу синдромы. Үлкен жартышарлар бөліктерінің зақымдалу беогілері, зерттеу әдістері. 2. Ишемиялық инсульт. Этиология, қауіп факторлары. Ишемиялық инсульттің патогенетикалық типтері. Жедел церебральды ишемияның патоморфологиясы. Клиника, диагностика. Емі. 3. 48 жастағы әйелде беттің сол жақ бөлігіндегі айқын қысып ауыратын, бірнеше секундқа созылатын көп реттік ұстамамен, сол жақ маңдай аймағында, жоғарғы және төменгі жақта сөйлеу және шайнау кезінде ауырсынудың күшеюіне шағымданды. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Неврологиялық статуста нені көреміз. Емдеу әдістері.   Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 8 БИЛЕТ 1. Орталық және шеткері жүйке жүйесі, жүйке жүйесінің сұр және ақ заты. Нейронның құрылымы мен қызметі. Нерв талшықтары. Нерв импульсының генерациясы және таралуы, нейроглия, гематоэнцефалдық тосқауыл. 2. Эпилепсия. Классификациясы, диагностикалық критерийлері, дифференциальды диагностикасы. Болжамы мен емдеу принциптері. 3. 33 жастағы әйел ұйқысыз өткен түннен кейін басының өспелі қатты ауырғандығына, басының оң жақ жартысында интенсивті ауырсыну, өспелі құсу, жарықтан қорқу, дыбысқа және тактильді тітіркендіргіштерге тітіркену, орбитада ауырсыну, басы қатты ауырғанда құсу болғандығына шағымданды. Құсудан кейін өзін жақсы сезінгендей болып, ұйқыға кетті. Келесі күні жағдайы қалыпқа келді. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Жүргізілетін тактика? Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні
№ 9 БИЛЕТ 1. Неврологиядағы зерттеу әдістері. Нейровизуализациялық диагностика. Неврологиялық ауруларды зерттеу әдістеріндегі КТ, МРТ рөлі. Функциональды зерттеу әдістері. Церебральді және прецеребральді қантамырларды зерттеу әдістері. 2. Менингиттер. Этиология, клиника, диагностикасы, емі. 3. Науқас Ф 31 жаста дәрігер қабылдауына келіп бүгін таңертең болған сол жақ беттің ассиметриясына, көзден жас ағуына шағымданды. Қарау кезінде сол жақ маңдай бұлшықетінің әлсіздігі, Белла симптомы,оң жақта Шарко симптомы. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Жүргізілетін тактика? Қандай ем жүргізуге болады?     Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.  
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Үшкіл және бет нервтерінің анатомиясы және қызметі. Зақымдану симптомдары. Зерттеу әдістері.

2. Энцефалиттер. Классификациясы, этиология, патогенез, клиникасы, диагностикасы мен емдеу принциптері.

3. Қабылдауда 27 жастағы ер адам, таңертең ұйқыдан тұрып, сол жақ қол ұшының әлсіреуін, оны жаза алмауын, сол жақ шынтақ аумағының ауырсынуын сезінді. Анамнезінен: тенниспен кәсіпқой шұғылданады. Қарағанда: сол жақ қол ұшы солбыраған, күші 3 баллға дейін төмендеген, сол жақ қол ұшы саусақтарының қозғалысы бар, қимыл кезінде шынтақ аумағында ауырсыну сезінеді. Сіздің болжамалы диагнозыңыз? Қауіп факторлары, емдеу тактикасы.

Кафедра меңгерішісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Қозғалыс жүйесі. Қозғалыс анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Орталық және шеткері салдану белгілері. Зерттеу әдістері.

2. Субарахноидальді қан құйылу. Себептері, патогенезі. Диагностика. Емдеу әдістері. БМСК деңгейінде алғашқы көмек көрсету алгоритмі.

3. Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын 60 жастағы ер адамда оң жақ көзінде «қараңғылану» байқалды, бірнеше секундта оң көзі толықтай көрмей қалды, сол қолдың саусақтары ұйып калғандай жансыздану болды. Ауыз бұрышы сол жақа төмен түскен. Жәдел жәрдем келгенде неврологиялық белгілер басылып қалды. АҚ 160/100 мм.с.б. Болжамды диагноз? Емдеу және диагностикалау тактикасының алгоритмі?

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Бульбарлы топ нервтерінің анатомиясы және функциясы. Зақымдалу симптомдары және тексеру әдістері.

2. Геморрагиялық инсульт. Миішілік қанқұйылу. Классификация. Себебі, патогенез, клиникасы, диагностикасы. Консервативті және хирургиялық емдеу әдістері. Алдын алу.

3. Науқас А 23 жаста. Жедел ауырған, дене температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, мойынға, арқаға берілетін қатты бас ауру, жүрек айну, құсу пайда болды. Бір күннен соң жағдайы нашарлап, есінің бұлыңғырлануына байланысты стационарға жеткізілді. Қарау барысында жағдайы ауыр, T-39, жалпы милық синдром, ес деңгейі-сопор, теріде жұлдызша тәріздес геморрагиялық бөртпе, Керниг, Брудзинский симптомдары оң. Қан анализінде: лейкоцитоз 15*109/л, лейкоцитарлы формула солға ығысқан, ЭТЖ 45 мм/сағ. Анамнезінде бір апта бұрын тұмау белгілері және көмейдегі ауру сезімі байқалған. Диагноз қойыңыз ?

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

  «Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 13БИЛЕТ   1. Жұлынның топографиялық анатомисы. Жұлынның сегментарлық және өткізгіш жүйесі. Жұлынның зақымдалу синдромдары. 2. N. peroneus, n.fibialis-тердің нейропатиялары, этиологиялық факторлары, патогенезі, клиникасы, диагностика және емдеу принциптері. 3. Үйге шақырылу. 6 жасар балада, анасының сөзінен, 2 күннен бері дене қызуы 39*-қа көтеріліп, катаралды белгілер байқалған. Бүгін басы айналып, басы ауырған, бірнеше рет құсып, жүрегі айныған. Жарыққа қарай алмайды, қараған кезде көздерінде жіті ауыру сезімі пайда болады. Жалпы қарағанда: бала жағдайы ауыр, сұрақтарға пауза жасап, әрең жауап береді. Беті симметриялы. Көз өлшемдері тең, анизокория, жанына қарағанда диплопия бар. Сіңір рефлекстері қол-аяқтардан жоғарылаған, тең. Менингеальды белгілері: Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), «үшаяқ» оң. Сіздің болжамалы диагнозыңыз? Диагнозды негіздеңіз. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулер жүргізесіз? Керниг симптомын тексеру әдістемесін айтыңыз.     Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.  
«Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология купсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні
№ 14 БИЛЕТ    

1.Көз қозғалтқыш, шығыр, әкетуші нервтерінің анатомиясы мен қызметтері. Зақымдалу симптомдары. Зерттеу әдістері.

2. Омыртқа остеохондрозы. Қауіп факторлары. Патогенез. Бұлшықет-тоникалық және радикулопатиялық синдромдардың клиникасы. Емдеу. Ортопедикалық профилактика.

3. 62 жастаға ер адам кенеттен оң көзінен көрмей қалды, сол сәтте сол жақ қол ұшында ыңғайсыздық пен жансыздану сезінді, беттің ассиметриясы байқалды. 2 минуттан соң неврологиялық белгілер жоғалды. Анамнезінде: 2 жыл бұрын миокард инфарктісі, аяқ қантамырларының облитерерациялаушы атеросклерозымен сырқаттанады. Ең тиімді диагноз қойыңыз, оның себебі қандай? Қосымша зерттеу әдістері. Госпитализацияға көрсетулер қандай? Жүргізу тактикасы.

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

«Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология купсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. N. ischiadicus –тың зақымдалу симптомдары. Себептері. Патогенезі. Клиникасы. Емі.

2. Бас-ми жарақаттары (БМЖ). Эпидемиологиясы, патофизиологиясы, мидың біріншілікті және екіншілікті зақымдалулары. Клиникалық түрлері. Диагнозы, емі, бас-ми жарақаттарының қарқынды терапия принициптері, асқынулары.

3. 29 жасар ер адам спортпен айналысу уақытында мойын-шүйде аймағында қатты бас ауыру, құсу, есеңгіреумен ауысқан қозуды сезінді. Қарау барысында: ошақтық неврологиялық симптомдар айқын емес, шүйде бұлшықетінің серпімділігі мен Кернинг симптомы анықталады. Болжамалы диагноз? Диагностика және емдеу тактикасы.

Кафедра меңгерішісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология купсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Вестибулярлы аппараттың анатомиясы және қызметтері. Орталық және шеткері бас айналу.

2. Кластерлік бас ауыру, патогенезі, клиникасы, диагноз критерийлері. Фармокотерапия және алдын алу әдістері.

3. 45 жастағы әйел соңғы жарты жылда мойын бөлігінің ауырсынуына, кейде ауырсынудың үдейуіне, бұлшықеттердің кернелуіне шағымданады. Сонғы айда мойындағы ауырсыну күшейіп, сол қолдың ауырсынуы және жансыздануы, сол жақ бас бармағында ұйығандық байқалды. Қарау барысында: мойын бұлшықеттерінде ауырсыну мен айқын дефанс бар. Гипестезияның түбірлік типі (корешковый тип) сол жақ С6 аймағында байқалады. Аяқ-қол күштері сақталған. Сіңірлік рефлекстер екі-жақты сақталған. Болжамалы диагноз? Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдіс жүргізесіз? Емдеу тактикасы?

Кафедра меңгерушісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Экстрапирамидалық жүйе. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, қызметтері, зақымдалу симптомдары, тексеру әдістері.

2. Полинейропатия синдромы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностика мен емдеу принциптері. БМСК деңгейінде медициналық көмек көрсету.

3. 4 ай бұрын науқас А невропатолог дәрігеріне аяқ-қол, дене бұлшықеттерінің дірілімен көрінетін естен тану ұстамаларының пайда болуына шағымданды. Ұстама алдынды науқас әртүрлі иістер сезеді. Ұстама 3 минутқа созылады. Ұстамадан соң науқас ұйқыға кетеді. Болжамалы диагнозыңыз? Эпилептикалық ұстамаларға тән критерийлерді айтыңыз. Емдеу принциптері.

Кафедра меңгерушісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1.Иіс сезу және көру нервілерінің қызметі, зақымдалу симптомдары, тексеру әдістері.

2. Ми қабаттарының анатомиясы және физиологиясы. Ликвор және оның айналымы. Ликвор қалыпты жағдайда, патологияда. Люмбальды пункция.

3. Науқас А 5 мамырда дене температурасының 38 градусқа көтерілуі, қатты бас ауру, жүрек айну, құсу, қалшылдау, жайсыз сезіну шағымдарымен қабылдауға келді. Анамнезінде: бірнеше апта бұрын тауда дем алған. Дәрігер қабылдауында генерализденген талма болды. Қарау барысында талмадан соң есеңгіреген, Кернинг симптомы, шүйде бұлшықеттерінің ригидттілігі оң. Болжамалы диагноз? Сіздің әрекеттеріңіздің алгоритмі.

Кафедра меңгерушісі____________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Неврологиядағы зерттеу әдістері. Нейровизуализациялық диагностика. Неврологиялық ауруларды зерттеуде КТ, МРТ әдістерінің рөлі. Функциональды зерттеу әдістері. Церебральді және прецеребральді қантамырларды зерттеу әдістері.

2. Церебральды инсульттың қауіп факторлары, инсульттың алдын алу, нейрореабилитация принциптері.

3. Науқас 37 жаста, аяқтардың әлсіреуіне, балтыр және табанда сезімталдықтың төмендеуіне шағымданды. Аяқтардағы әлсіздіктен өздігінен қимылдай алмайды. Анамнезінде: ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынған, наркологиялық диспансерде Д қарауда тұрады. Неврологиялық статуста: аяқ ұштарында жоғары гольф тәріздес сезімталдықтың бұзылуы байқалады, балтыр мен табан бұлшықеттерінің күші 3 баллға дейін төмендеген, бұлшықеттердің орташа гипотониясы байқалады. Жамбас қызметтерін қадағалайды. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады? Жүргізілетін тактика?

Кафедра меңгерушісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана медициналық университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Вестибулярлы-есту және қосалқы нервілерінің анатомиясы мен қызметі. Тексеру әдістері.

2. Қазақстан Республикасында БМСК деңгейінде неврологиялық қызмет көрсетудің ұйымдастыру аспектілері. Еңбектік экспертиза.Тұрғындарды санитарлық шараларға шақыру, салауатты өмір салтын ұйымдастыру, скрининг және сауықтандыру шараларын жүргізу, диспансерлік бақылауға алу шараларын ұйымдастыру.

3. Ер адам 32 жаста, аяқтардағы әлсіздікке, аяқтардың ауыруына, аяқ ұшы мен балтырдағы сезімталдықтың бұзылуына шағымданады. Өздігінен жүре алмайды, тынысы тарылған. Анамнезінде: жедел 3 күннің ішінде ауырған, 2 апта бұрын жіті респираторлық инфекциядан соң. Ең әуелі аяқ ұштарында әлсіздік пайда болып, кейін балтыр мен аяқтардың проксимальды бөліктерінде әлсіздік байқалды. Тағы 2 күннен соң қолдарында және тыныс алу бұлшықеттерінде әлсіздік байқалды. Неврологиялық статуста: терең перифериялық тетрапарез, аяқ ұштарында плегияға дейін, бұлшықет тонусы төмендеген, терең рефлекстер жоғалған, сезімталдықтың аяқ-қол ұшатрында бұзылуы полиневритикалық түрімен көрінген, аяқтарда түбіршектік ауырсыну байқалады. Жамбас қызметтерін қадағалайды. Қандай диагноз жайлы ойлайсыз? Жүргізілетін тактика?

Кафедра меңгерушісі_____________________Жусупова А.С.

Наши рекомендации