Дәрігер науқастан диагнозын жасыруға құқылы ма?

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Дәрігер – қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы - өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді. Дәрігерлік мамандық – жауапкершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Оның жұмысында ұсақ-түйек болмайды, себебі, оның жұмысы адамның бұл өмірдегі ең қымбат денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты мамандық. Түптеп келгенде, оның қолында адам өмірі, болашақ тағдыры болады. Алдына үміт артып келген науқасқа көмек көрсету – дәрігердің ең басты міндеті.Ақ халатты абзал жандардың абыройлы парызы науқастарға шүбәсіз, әрі адал көмек көрсету және қамқорлық көрсету екендігін сөзсіз білеміз. Бұл тек міндеті, ал сол жандардың құқығы жайлы біле бермейміз.Өкінішке орай болашақ дәрігерлерде өз құқықтарын біле бермейді. Дәрігер мен емделушінің арасында көптеген түсініспеушіліктер қалыптасады.

Мысалы, науқастың психикалық,соматикалық немесе жасына байланысты дәрігер сырқаттың себептерімен пайда болуы жайлы толық мағлұмат жинай алмаса, дәрігердің іс-әрекеттері өзіндік сипатқа ие болады. Ал, бұл өз кезегінде қауіп -қатер деңгейін жоғарылатады.

Дәрігерлердің құқықтары.

Әрбір дәрігер өз құқықтарымен танысып, оларды пайдалана білуі керек. Болашақ дәрігерлер өзінің құқықтарын біле жүріп оқыған дұрыс емес, өйткені бұл оның өмірлік маңызы емес. Дегенмен, дәрігерлер өз құқықтарын білгені жөн және ол әрқашан ескертіліп тұруы қажет. Дәрігерлер көптеген жағдайларда науқастардан және оның туысқандарынан жағымсыз сөздер естіп жатады. Міне, осындай кездерде дәрігердің де құқығы, намысы қорғалуы керек. Ең бірінші, дәрігердің негізгі құқығы ол – медициналық тұлға атауына ие болу. Екінші, құқығы ол – кез келген дәрігер науқасты емдеуден бас тарта алады. Егер ол науқас кейбір ережелерді сақтамаса, яғни дәрігердің тағайындауларын тиянақты орындамаса. Бұндай жағдайда бас дәрігерге хабарласып, науқасты ары қарай емдеуден бас тартуға құқылы. Үшінші, дәрігерлер медициналық ассоциацияны құруға құқылы. Төртінші, дәрігер эвтаназияға құқылы (науқас сұрауы бойынша).

Дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы.

Бәрімізге мәлім, науқас өзі емделетін дәрігерін таңдауға және емделу орнын таңдауға құқылы. Ал дәрігер ше? Дәрігерде науқасты емдеуден бас таруға құқығы бар ма? Бұл экстренді жағдайларға және дәрігердің квалификациясының ары қарай науқасты емдеуге деген төмен болуына қатысы жоқ.

Егер науқас дәрігердің тағайындауларын орындамаса, ол кезде дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Науқас емдеу орталығындағы заңдарды бұзғаны үшін дәрігер ары қарай емді үзуге құқылы.

Дәрігер науқасты емдеуден бас тарта алады, егер бұл науқастың өміріне қауіпсіздік тудырмаған жағдайда. Дәрігер өзінің әріптестерімен ақылдаса отырып та бұл құқықты жүзеге асыруына болады. Тек бұл науқастың өміріне және қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Бірақ науқасты емдеуден бас тарту, ойластырылмаған жағдайларға жатады. Поликлиникаларда бұл құқық жүзеге асырылмайды. Науқасты емдеуден бас тарту өте сирек кездеседі.

Дәрігер қиын науқастарды емдеуге міндетті емес. Оны ешкім мәжбүрлей алмайды. Дәрігер мен науқас арасында әрқашан сенімділік болу керек. Өйткені бұл ары қарай емнің дұрыс жүргізілуне және науқастың жазылуына маңызды рөл атқарады. Дәрігер мен науқастың арасында сенімділіктің болмауы есебінен дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Бұл кезде дәрігер басқару органдарын бәрін дерлік ескертіп, науқастан емді басқа дәрігермен жүргізуін сұрау керек.

Дәрігер науқастан диагнозын жасыруға құқылы ма?

Шындығында, кейбір кездерде науқасқа диагнозын жасыруға тура келеді. Бұл емдеу барысымен байланысты. Жалпы, науқас өзінің ауруы туралы бәрін білуге құқылы. Кейбір науқастар өздерінің диагноздары туралы білгілері келмейді. Өйткені ол науқасқа қиындық тудырып, өзін жаман сездіруге ықпал тигізуі мүмкін. Соның есебінен науқастар өз диагнозын, дәрігердің жасыруын сұрайды. Сол себепті кейде дәрігерлер науқастың диагнозын жасырады. Бұл науқастың үмітін үзбеуге бағытталған.

Дәрігердің құқықтары:

· Медициналық іс-әрекеттерін бекітілген тәртіпте алып бару құқығы (фармацептикалық салада, жеке медициналық практикада, емшілікте).

· Еңбек келісімі бойынша жұмыс алып бару құқығы (еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жұмыс алып баруға жағдай жасау, өзінің мамандық ар намысын қорғау құқығы).

· Қолы жеткен практикалық және теориялық даярлық дәрежесіне байланысты квалификацияланған категорияларды алу құқығы.

· Егер өмірге немесе денсаулыққа қауіп тудыратын жұмыс болса, оны міндетті түрде сақтандыру құқығы.

· Егер азаматтың денсаулығына зиян, дәрігердің қателігіне байланыссыз келтірілген болса, оны міндетті түрде сақтандыру құқығы.

· Егер азаматтың өміріне қауіп туып тұрған жағдайда ешқандай кедергісіз мекеме, ұйым және басқа да азаматтарға тиісті байланыс құралдары мен транспорт түрлерін пайдалану құқығы.

· Отыз күнге дейінгі мерзім мен жұмысқа қабілетсіздігі жөнінде парақ беру құқығы.

· Дәрігердің тәртібіне көнбейтін науқастардан бас тарту құқығы.

· Өзінің құқықтарын қорғау үшін мамандалған ассоцияциялар мен және басқа да ұйымдар құру құқығы.

ОРЫТЫНДЫ

Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек. Дәрігерлер де соның есебіне өз міндеттерін тиянақты орындап, қателікке жол бермеуі тиіс.Әрбір дәрігер өз құқығын толық, жетік меңгерген жағдайда ғана, көптеген жетістіктерге жете алады. Жұмысында да, ем жүргізу процесінде де талай оң нәтижелерге қол жеткізері сөзсіз. Бекітілген дәрігер құқығын бұлжытпай орындауы нәтижесінде, өзінің әріптестерімен де науқастармен де жақсы қарым қатынаста бола алады. Өз лауазымын көтеріп, әріптестері арасында ерекше құрметке, сыйластыққа ие болып, болашақта үлкен табыстарға қол жеткізуі әбден мүмкін. Ал керісінше дәрігерлік құқық жөнінде мүлдем хабарсыз дәрігерсымақ азаматтар, денсаулығы төмен науқастарға көмек беріп, жағдайын жақсарту орнына керісінше оның денсаулық көрсеткіштерін мүлдем нашарлатып алуы ғажап емес. Сондықтан әрбір медициналық жоғары оқу орындарының студенттері болашақта жетік нағыз маман дәрігер болу үшін өз құқықтарын білуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» Алматы -1967ж.

2. «Медицина тарихы» - А.М Алиев, Алматы 2007

3. Купреев Е. « Дәрігер парызы» 1998ж.

3.С. Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы-1995ж.

4.«Жетісу» журналы - «Бас хирургтың әңгімесі» - 2006ж,

Мемлекеттік меншік құқығы[өңдеу]

Мемлекеттік меншік құқығы (ағылш. right of state ownership) - Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жерді пайдалану құқығы[өңдеу]

Жерді пайдалану құқығы (ағылш. land right) - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Айрықша құқық[өңдеу]

Айрықша құқық (ағылш. exclusive right; prerogative) - Автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы. Мүлік заңсыз тартылып алсынса, заң аясында қылмыс істеуші қудаланады.

Қолайлы қоршаган ортаға құқық[өңдеу]

Қолайлы қоршаган ортаға құқық - экологиялық құқық тобына жататын, адамның негізгі конституциялық құқықтарының біреуі. Бұл құқық ен жас «ұрпақ буынына» қатысты болып саналады. Ол басқа экологиялық құқықтармен: коршаған ортаның жағдайы туралы шынайы ақпарат алу құқығы және экологиялық құқық бұзушылықпен адамның денсаулығы және мүлкіне келтірілген залалды өтеу құқығымен бекітіліп, толықтырылады.

Өмір сүру құқығы[өңдеу]

Өмір сүру құқығы (ағылш. right for life) - халықаралық құқық пен көптеген демократиялық елдердің конституциясымен қорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі. Өмір сүру құқығының мазмұны көп қырлы және әр түрлі елдерде (елім жазасының түрліше режимдері сақталуы себепті) өзара айырмашылығы болады. Қазіргі заманғы конституциялардың бірқатарында, өмір сүру құқығы, заңмен өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс шеңберін белгілеу, сондай-ақ өлім жазасы түрінде жазалау қолданылмайтын адамдар тобын көрсету арқылы нақтыланады.

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы[өңдеу]

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. right for private life secrecy) - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.

Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және баска құжаттарды жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардын қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамнын артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін

Некеге тұрған азаматтардың құқықтары[өңдеу]

Некеге тұрған азаматтардың құқықтары (ағылш. rights of getting married couple) - Неке және отбасы, ана, әке, бала мемлекеттің қорғауында болады.

Некеге тұруы кезінде және отбасылық ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу.

Азаматтардың неке-отбасы қатынастардағы құқықтары заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері[өңдеу]

Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері (ағылш. rights and duties of individuals for civil defence) - Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар: осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзінің өмірі мен денсаулығын қорғауға құқылы; азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленеді; сондай-ақ азаматтар: Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге; «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабыл беру бойынша іс-қимыл жасаудың тәртібін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесін, корғанудың негізгі әдістері мен зардап шеккендерге алғашкы медициналық көмек керсету тәсілдерін білуге және орындауға міндетт

Наши рекомендации