Арым-қатынастарды/көзқарастарды қалыптастыру
Осал топөкілдері қауіпсізірек иньекциялық және жыныстық мінез-құлықты елемеуінің себебі білім деңгейінің немесе дағдыларының аздығынан ғана емес, сондай-ақ, көп жағдайда денсаулықты сақтауға деген уәждеме деңгейі төмендігінен де болады. СП қызметкерлері мен клиенттерінің дұрыс жасалынған оқу үрдісі уәждемелік жұмыс элементтерін қамтуы қажет:
1) Қауіпті инъекциялық мінез-құлықты өзгерту уәждемесі.
2) Қауіпті жыныстық қатынасты өзгерту уәждемесі.
3) Өзінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау уәждемесі.
4) ЗТ бағытталған қызметтерді алууәждемесі.
5) Бағдарламаға бейімділікті қалыптастыру.
2.5.4 АБК қызметтеріне мыналар кіреді:
1) Басылым өнімдерін тарату (буклеттер, жадынамалар,брошюралар және т.б.) ;
2) Видеоөнімдерді көрсету;
3) Формальді тренингтер өткізу;
4) Жеке және топтық кеңес беру;
5) «Тең-теңіне» қағидаты бойынша оқыту.
Нормативтік– құқықтық база:
1) ҚР ДСМ 28.02.2013ж. №115 «ҚР ДСМ 2004ж.9 наурыздағы№228 «Иньекциялық есірткілер тұтынушыларға сенім пункттерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы.
2) ҚРДСМ м.а. 11.08.2010ж. №629. «Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын жетілдіру туралы» бұйрығы.
3) 29.11.10ж. №1113Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы.
ИЕТ үшін ақпараттық-танымдық материалдар ЖҚ қаражатыесебінен де, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен де басылып шығарылады.
ҚР ДСМ №115 бұйрығында жылына 1 ИЕТ-ға 2 дана (әр түрлі тақырыпта) бойынша норматив жазылған.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында 4 облыста (Маңғыстау,Атырау,Ақмола және СҚО) ИЕТ арасында АБК жүргізу үшін аутрич жұмысшылардың мөлшерлемесін қаржыландыру қарастырылған.
ИЕТ үшін АТМ басылымдарын тарату өңірлер бойынша әр түрлі, кейбір өңірлерде АТМ қаражат бөлінбейді.
«Зиянды төмендету» бағдарламалары және ВГ,туберкулез,ЖЖБИ алдын алу,емдеу мәселері бойынша АТМ басылымдары және дайынықтан өткен аутрич-жұмысшылар жетіспейді.
ИЕТ мен олардың серіктестеріне бағытталған АТМ шеңберіндегі мақсатты бағдарламаларға қол жеткізуді шектеу болатын неізгі тосқауылдары:
1) қаржыландырудыңжеткіліксіздігі;
2) шектеулі техникалық мүмкіндіктер (АТМ және ВГ және ЖЖБИ бойынша дайындалған аутрич-+жұмысшылардың жетіспеуі);
2.6 Антиретровирустық терапия (АРВТ)
АРВТ – инфекциясы бар адам ағзасындағы АИТВ-ны жаншуға бағытталған,бекітілген сызбаларға сәйкес антиретровирустық препараттарды үздіксіз қабылдау. АРВТ АӨА денсаулық жағдайын жақсартуды және өмірінің сапасын арттыруды өзіне мақсат ретінде қояды.
Нормативтік-құқықтық база:
1) 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізімін бекіту туралы» Қаулысы;
2) 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Паллиативтік көмек пен медбикелік күтім алуға тиісті тұрғын халық дәрежелерінің тізімін бекіту туралы» Қаулысы;
3) ҚР ДСМ 16.05.07ж.№314 «АИТВ-инфекциясы бар және ЖИТС-пен ауыратын адамдарға тегін медициналық және дәрілік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2011ж. 5 қаңтардағы №8 «АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-ты диагностикалау мен емдеу хаттамаларын бекіту туралы» бұйрығы;
5) АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-ты диагностикалау, емдеу және медициналық көмек ұсыну жөніндегі клиникалық нұсқау;
6) ҚР ДСМ 30.09.2009 ж.№630 «Денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты» бұйрығы.
Соңғы жылдарда елде АӨА-дың антиретровирустық терапияға қолжетімділігі қамтамасыз етілген, сонымен қатар, АИТВ-ны жұқтырғанн есірткі тұтынушылар, ИЕТБ-мен бірдей АРТ-ға қол жеткізе алады. АРТ-ны жүргізу барысына тұрақты түрде вирусологиялық және иммунологиялық зертханалық бақылау жүргізіледі. АӨА-ды АРВ терапиясымен қамту 2013 жылдың аяғында 76,5% құрады (2012 жылы 80,4%). Ем қабылдайтын адамдардың 50% есірткі тұтынушылар болып табылады. АРТ препараттарды сатып алу Қазақстанда ересектер мен балалар үшін мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі. Жаңа халықаралық ұсынымдарға сәйкес 2010-2012 жылдарда АИТВ-инфекциясыжәне ЖИТС-ты диагностикалау, емдеу және медициналық көмек көрсету жөніндегі клиникалық нұсқау мен ересектер және балаларда АРТ жүргізу хаттамалары (стандарттары) қайта қаралған болатын.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға емделуге, күтім мен қолдауға қол жетімділікті қамтамасыз етуді ұлттық деңгейде барынша күш салу қолға алынып отыр.
Оппортунистік инфекцияларды емдеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бірақ әр түрлі облыстардағы ахуалдарға байланысты айырмашылықтар болады.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДСЖ) енгізу шеңберінде тұрақты мекен-жайы және толтырылған құжаттары болмағандықтан АИТВ-ны жұқтырған ИЕТ-ды диспансеризациялау және ИЕТ емделуге бейімдеу мәселелері туындап жатады.
Сондай-ақ, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттардың болмауынан өкпеден тыс туберкулезді,гепатиттерді және басқа да оппортунистік ауруларды анықтау қол жетімсіз жағдайда болады.
Сонымен,оппортунистерді диагностикалауға, ИЕТ-дың емделуге бейімділігіне кедергі болатын бірден бір жағдай - құжаттар мен тұрақты мекен-жайдың болмауы.