Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

ЕСЕП № 7

2008 жылдың 21-ші қазанында сағат 7-де ОҚО-ның Арыс АІІБ-не ауыл тұрғыны П.З.Сәрсеновтен ОҚО-ның Арыс ауданы «Көкарал» ауылының сиыр фермасы құрылысында зорлықтан өлген белгілері бар көрші ауылдың тұрғыны 54 жастағы М.М. Қамбаровтың мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Мәйіттің басының желке тұсында темір күректің қырымен келтірілген 2 жарақат. Бетінде, екі иықтарының сыртқы жақтарында – көптеген жаңадан пайда болған орта көлемдегі қанталаулар. Сыртқы киімінде – зақымдарды келтірген сәтте дене вертикалды болғанын куәлендіретін қанның іздері. Оқиға болған жерде болжамды жарақат қаруынан басқа, есіктің кілті мен темекі қорабы табылған. Өлім 20-қазанда

22 сағатта болған. Ауа температурасы 21-қазанға қараған түні - +0-2ْ .

Тапсырма

1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте анықталған зақымданулардың объективті суреттемесін беру;

в) киімдегі қанның іздерінің сипатын суреттеу;

г) айғақты зат ретінде алынған объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

ЕСЕП № 8

2008 жылдың 2-ші желтоқсанында сағат17-де Шымкент қаласының Еңбекші АІІБ-не азамат Н.С. Павловтан жекеменшікті жиһаз ұстаханасының егесі 57 жастағы Вихров Ю.А.-ның 2-желтоқсан күні 16.00 сағат шамасында өзінің кабинетінде өлігі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Павлов-тың айтуына қарағанда, Вихровты оның қызметкерлері 2-желтоқсан күні 14.00 сағат шамасында өз кабинетіне кіріп бара жатқанын көрген.

Оқулық мәліметтер

Кенеттен болған өлім. Өлім 2008-жылдың 2-желтоқсанында 13.00 сағат шамасында болған. Мәйітте оң қолының сыртқы жағында 4-5 күн алдын болған орташа көлемдегі қанталау анықталған. Іштің алдыңғы қабырғасының орта сызығы бойынша – ескі операциядан кейінгі (лапаротомия) тыртық. Температура - +22ْ .

Тапсырма

1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуіге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

ЕСЕП № 9

2008 жылдың 12-ші тамызында 12 сағат 20 мин. АІІБ-не азамат С.Т. Дербесовтен Шымкент қаласы Демеуов көшесі № 49 үйде тұратын 55 жастағы азаматша Сидорова А.Н. өзінің моншасында өлі күйінде табылғандығы туралы хабар келіп түсті. Азаматша Сидорова А.Н. 2008-жылдың 11-тамызында өз моншасын жаққан және 20.00 сағат шамасында шомылуға кіргені белгілі, ал таңертең 10.00 сағат шамасында көршілері оны өлі күйінде тауып алған.

Оқулық мәліметтер

Көміртегі тотығынан улану. Мәйіттің денесінде зақымданулар бар: оң қолының сыртқы жағынад 3-4 күн алдын пайда болған 2 орта көлемдегі сыдырулар, оң иығының алдыңғы жағында жаңадан пайда болған шектелген қанталаулар.

Тапсырма

1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) мәйіттік құбылыстардың айқындылығын суреттеу;

б) мәйітті сыртқы қарап тексеруде анықталатын көміртегі тотығымен уланғандағы белгілерін суреттеу;

в) мәйітте табылған зақымданулардың объектілерді суреттемесін беру.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Наши рекомендации