Кесте. ҚР мен Ресейде тіркелген Пневмококты вакциналар
Вакцина | Құрамы |
Пневмо23-23-валентті полисахаридті санофи Пастер, Франциялық | Полисахаридті серотиптер (25 мкг бойынша) 1,2,3,4,5,6В,7F,8,9N,9V,10A,11A, 12F,14, 15B, 17F, 18C, 19F, 19A,20, 22F, 23F, 33F |
Превенар-7-валентті конъюгирленген, Пфайзер, АҚШ | 4,6В,9V,14,18C,19F,23F серотптерінің полисхаридті ақуыздарымен конъюгирленген, АКДС 2-3 дозасымен+қайта вакцинациялаумен бірге жүргізіледі |
Превенар-13- валентті конъюгирленген, Пфайзер, АҚШ | 1,3,4,5,6А,6В,7F,9V,14,18C,19A,19F,23F, серотптерінің полисхаридті ақуыздарымен конъюгирленген, АКДС 2 дозасымен+қайта вакцинациялаумен бірге жүргізіледі |
Синфлорикс-10-валенті конъюгирленген, ГлаксоСмит-Кляйн, Бельгия | 1,3,1,5,4,6В,7F,9V,14,18C,19F,23F, серотптерінің полисхаридті H.influenzae D капсулалы ақуыздарымен конъюгирленген, АКДС екі мәрте+қайта вакцинациялаумен бірге жүргізіледі (тіркегенде) |
СинфлориксЕуропа үшін маңызды, балалардағы инвазивті ауырып-сырқаудың 20%-ына себеп болатын 1 және 5 серотиптерден тұрады, ал серотип 1 20% Ресейдегі плеврит әсерінен асқынған пневмонияға себепші болады. 7F серотипінен болған ауырып-сырқаулар көп жағдайда өлімге душар етеді. Синфлорикстіңиммуногендігі Преневарменсәйкес келеді [55]. Чехиядағы зерттеу нәтижелері Синфлориксвакцинасы егілген балаларда капсуласыз H.influnzae әсерінен болған отит 30% аз болғанын көрсетті.
Полисахаридті вакцина (ППВ)
Пневмо23(санофи пастері) – оларға қаннан бөлінетін 90 штамм және Ресейде айналыста жүрген көптеген штамдар кіретін пневмакоктың 23 серотипті бар тазартылған капсулалы полисахаридтерден тұратын қоспа. Осыған ұқсас вакцина Пневмококс 23тіркеуден өткен (Мерк, Шарп пен Доум, АҚШ).
Пневмо23-тің бір дозасы (0,5 мл) пневмакоктардың 23 штамы және буфер мен консервант ретінде 1,25 мг фенол бар 25 мкг полисахаридтен тұрады. 1 дозадағы шприц түрінде шығарылады. 2-8 температурада сақтау керек. Сақталу мерзімі 2 жыл. Егу – 1 дозамен бір реттік. 2 жастан бастап, барлық жастағыларға теріастына ең дұрысы б/і (бұлшық ет ішілік). Бұл жергілікті реакция жиілігін азайтады. Мұның алдында бала басынан өткерген пневмококтық жұқпа (инфекция) вакцинацияға қарсы көрсетілім болмайды.
Пневмо23-пен вакцинациялау 5-8 жыл сақталатын антидененің қорғаныс деңгейін 3-4 аптада қалыптастырады. Қайтадан вакцинациялау (0,5 мл бір рет) иммундық тапшылық кезінде кем дегенде 3 жылдан кейін жасалады (мерзімі төменде көрсетілген).
КАП-пен иммунизациялау кестесі.
Преневар2-60 айлық балаларға жаппай вакцинация жасауға арналған. Біріншілік сериясы 2-6 айлық балаларға дозалар арасына кемі 1 ай үзіліс жасай отырып б/і салынатын 3 дозадан тұрады. 4-дозасын (ревакцинация) 15 айлық кезде жасайды. Бірқатар елдерде біріншілік дозасы иммуногендікті көп жоғалтпай отырып-ақ 2 дозаға дейін азайтады [55]. Алты айға дейін егілмеген балаларға екпе төмендегі кесте бойынша жасалады:
° 7-11 айлық кезінде вакцинация жасай бастағанда: 0,5 мл-ден 2 доза кем дегенде 1 ай үзіліспен ал үшінші дозасын (ревакцинация) баланың өмірінің 2 жылында жасау керек;
° 7-11 айлық кезінде 0,5 мл-ден 2 доза олардың жарсына кем дегенде 2 ай үзіліспен;
° 2 мен 5 жас аралығында 1 дозамен бір рет жасалады.
Преневардыемшектегі балалардың бәріне жасауға болса да, екпе жасауда басымдылықты жоғары қауіп тобындағы балаларға беру керек:
° гестациялық жасы 37 аптадан кем шала туған балалар;
° перинатальдық зақымы барлар (оның ішінде орталық парезі (шала салы) және ұстамасы барларға);
° аралас не/немесе жасанды тамақтандыруға ерте көшірілген балалар;
° гипогаммаглобулинемиялы, аспелениялы, комплемент тапшылықты, АИВ-инфекциялы, гемоглобинапатиялы балалар;
° жілік кемігін ауыстырыпп салғаннан кейін онко-гематологиялық ауруға ұшыраған балалар.
Преневар-7-ні(оның ішінде екі жастан кейін қосымша Преневар-23-пен вакцинация жасау арқылы) көп балалы отбасындағы 5 жасқа дейінгі балаларға, менингитті, бас сүйегі, омыртқасы зақымданған, нейро-хирургиялық араласу болған, оның ішінде шунт салынған, реконвалесценттерге ОСО сондай-ақ 24-35 ай аралығындағы барлық балаларға, Солтүстіктің жергілікті халықтарының балаларына, МБМ-ға баратын балаларға егуге болады.
Преневарды инактивирленген және тірі вакциналармен бір мезгілде де (БЦЖ-дан басқа) (әртүрлі шприцтермен дененің әртүрлі бөліктеріне), сондай-ақ кез келген екпеге дейін немесе кейін сала беруге болады.Преневардықолдана отырып Күнтізбелік аясында 1,4 кестеде көрсетілген иммунизациялау тәртібі 1 сессия кезіндегі инъекциялық жүктемені азайтады және неғұрлым жоғарырақ реактогенділікпен сипатталатын АКДС-мен бір мезгілде салынбауын қамтамасыз етеді.Қажет болған жағдайда біріншіАКДС-ті сонан кейінПреневардыенгізу керек. Бұл ауру сезімін азайтады.
Преневар-7-ден Преневар-13-ке өтуден ешқандай қиындық тумайды. Франциядан алынғын мәліммет бойынша Преневар-7-нің 1-3 дозасын алған балалар Преневар-13-тің 1 немесе 2 дозасына жақсы төзеді.
ППВ-мен иммунизациялау кестесі.
Пневмо23-пен иммунизациялау жоғары қауіп тобындағы балаларға 2 жастан бастап 0,5 мл-ден бір реттік инъекция түрінде жасалады. Вакцинаны тұмауға қарсы инактивтелген вакцинамен және басқа да вакциналармен (БЦЖ-дан басқа) бір күнде әртүрлі шприцтермен дененің әртүрлі бөліктеріне жасауға болады.
Пневмо23-пен иммунизациялау тәртібі: бір реттік вакцинация 2 жастан асқан қарсы көрсетілімі жоқ жоғары қауіп тобындағыларға:
· 65 жастан асқандарға; егер вакцинация осы жасқа дейін жасалған болса, бір реттік қайталама вакцина кемі 5 жылдан кейін жасалады.
· өкпенің (созылмалы обструкциялы аурулар, эмфизема), жүрек-қан тамырлар жүйесінің (ИБС, жүрек жетіспеушілігі, кардиомиопатия және т.б.) бауырдың (оның ішінде бауыр циррозы да) созылмалы ауруларымен ауыратындарға. Ең бірінші вакцинация осы топтағылардың ауруханаға жиі түсетіндеріне:
· туберкулез микобактериясын жұқтырғандарға;
· қант диабетімен (сусамырмен) ауыратындарға;
· бронхылық демікпемен ауыратындарға – бұнымен ілесе жүретін сазылмалы бронхит кезінде, ауру жиі қайталанған кезде және жүйелік стероидтарды ұзақ уақыт қабылдағандарға;
· ликворрея мен аурулар, сондай ақ кохлеарлы имплантация ауырғандар;
· жиі ауыратын балалар, балалар мекемесіне барар алдындағы дені сау балалар;
· әлеуметтік мекемелердегі немесе арнайы жағдайлардағы тұлғалар, сондай-ақ ұйымдастырылған ұжымдардағы (МДМ, мектеп, аптасына 3 сағаттан артық уақыт болатын балалар үйі, мүгедектер мен қарттар үйі). Ұжымға түскенде бірден немесе 3 апта алдында егуге кеңес беріледі;
· 19 жастан асқан шылым шегушілер.
Төмендегілер қайта вакцинациялауды қажет етеді (ревакцинация), ол 10 жастан асқан науқастарға 5 жылда бір рет жасалынады, ал 10 жастан кіші науқастарға - алғашқы егуден 3 жыл өтккенде қайта жасалынады:
· Анатомиялық немесе функционалдық аспления бар тұлғалар (орақтәріздес-жасушалы анемия және спленэктомиямен ауырғандарды қоса);
· Полисахаридтерге жауап реакциясы төмен науқастар: туа біткен иммундытапшылық, АИВ – инфекция, онко-гематологиялық аурулар, жұлын немесе басқа да маңызды мүшелер трансплантантының реципиенттері, нефротоксикалық синдром немесе созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар иммуносупрессивті терапия тұлғалары.