Терапиялық стоматология қаз
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АО «Медицинский университет Астана»
«Утверждаю»
руководитель организации образования
__________________________________
ученая степень, должность, Ф.И.О.
Тестовые задания по дисциплине
«Терапевтическая стоматология»
Для специальности Стоматология
Составитель:
К.м.н., проф. Суманова А.М.
Зав. кафедрой стоматологии и челюстно-лицевой хирургии
к.м.н., профессор Батыров Т.У.
Терапиялық стоматология қаз
$$$001
Пульпиттің ең жиі ұшырасатын себептері:
А) Химиялық жарақат
В) Жіті механикалық жарақат
С) Тіс қуысындағы дентиклдер және петрификаттар
D) Созылмалы механикалық жарақат
Е) Микроорганизмдер және олардың тіршілік етудің өнімдері
{Дұрыс жауап}= Е
{Күрделілік}= 1
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапевтическая стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
Терапиялық стоматология қаз
$$$002
Ауыз қуысының сілемейлі қабығының обыр алды облигатты ауруларына жатады
А) Папилломатоз
В) Лейкоплакия, веррукозды түрі
С) Боуэн ауруы
D) Қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі
Е) Сәулеліктен кейінгі стоматит
{Дұрыс жауап}=С
{Күрделілік}= 1
{Оқулық}=(Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапевтическая стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
Терапиялық стоматология қаз
$$$003
32 жастағы науқас сол жақтағы жоғары жақсүйектегі тістің өз бетімен, сыздап ауыратынына шағымданды.Ауру сезімі қысқа аралықта басылады. Мазасыздық екінші тәулікке созылған, ыстық ауруды үдетеді, ал суық аз ғана бәсеңдетеді. Осыған ұқсас мазасыздану 1 ай бұрын болған. Объективті: 2.6 тісте тіс қуысымен байланысып жатқан терең тісжегі қуысы бар. Тістің сауыт бөлігін сүңгілегенде ауырсыну реакциясы жоқ, ал түбір каналдары сағасы аймағында ауырсыну туындайды. Тісті тықылдатқанда ауырсыну бар. Алдын-ала диагноз:
А) 2.6 тістің созылмалы фиброзды пульпиті
В) 2.6 тістің созылмалы фиброзды пульпитінің өршуі
С) 2.6 тістің жіті периодонтиті, экссудация сатысы
D) 2.6 тістің созылмалы гангренозды пульпитінің өршуі
Е) 2.6 тістің диффузды жіті пульпиті
{Дұрыс жауап}= D
{ Күрделілік }= 2
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
Терапиялық стоматология қаз
$$$004
18 жастағы бозбала оң жақтағы төменгі жақсүйектегі тіс шайнағанда қанағыштығына және ауратынына шағымданды. Аталған симптомдар шамамен 2 ай бойы байқалады. Тіс бұрынырықта емделген, пломбасы түсіп қалған. Объективті: 3.6 тісте ашық қызыл түсті өсіп кеткен етпен толған, тіс қуысымен байланысты терең тісжегі қуысы бар, сүңгілегенде қанталайды, орташа ауырсынады. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция әлсіз. Алдын-ала диагноз:
А) 3.6 тістің созылмалы фиброзды пульпиті
В) 3.6 тістің созылмалы гипертрофиялық пульпиті
С) 3.6 тістің созылмалы фиброзды пульпитінің өршуі
D) Гипертрофиялық гингивит, шектелген түрі (3.6 тіс аймағында)
Е) 3.6 тістің созылмалы гранулденген периодонтиті
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілік}= 2
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
Терапиялық стоматология қаз
$$$005
25 жастағы науқас бір апта бұрын тілдің сол жағында пайда болған бір бөртуге шағымданды. Анамнезі бойынша бұл бөртудің ешбір жергілікті жарақатпен байланысы жоқ екендігін көрсетеді. 2 апта бұрын бейтаныс әйелмен кездейсоқ жыныстық қатынаста болған. Объективті: жақсүйекасты және тіласты лимфа түйіндер ұлғайған, консистенциясы нығыз, бірікпеген. Ауыз қуысындағы сол жақ тілде сопақ формалы, диаметрі 1 см, жиектері көтеріңкі, тегіс, етті-қызыл түсті беткейлік жара анықталды. Саусақпен басып көргенде негізінде нығыз, шеміршекке ұқсас, ауырсыну туғызбайтын инфильтрат байқалады. Қырғанда тоң май қағы бар. Алдын-ала диагноз:
А) Милиарлы-жаралық туберкулез
B) Папулезді сифилис
C) Туберкулезді жегі
D) Біріншілік мерез
E) Декубиталды жара
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілік}= 2
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
Терапиялық стоматология қаз
$$$006
Науқастың жасы 25-те, ауыз қуысын тексеріп қарағанда 4.5 тіс сауытының барлық беткейінде көптеген нүктелі шұңқырлар бар, кейбір жерде эмаль жоқ, тіс беткейі теңбіл, дақтың түсі ақтан ашық-сары түсті. Қалған тістердің аймағында ұқсас өзгерулер байқалмайды. Анамнезде балалық шақта оң жақтағы төменгі сүт молярлары аймағында қабыну процесі болғандығы анықталды, салдарында олар алынып тасталған. Мүмкін болатын диагноз:
A) Жүйелі гипоплазия, нүктелі форма
B) 4.5 тістің эндемиялық флюорозы, бортәрізді-ойықты түрі
C) 4.5 тістің жергілікті гипоплазиясы
D) Жүйелі гипоплазия, дақты түрі
E) 4.5 тістің эмаль аплазиясы
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілік}= 2
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12