Of test on antibodies to HIV

Жалпы ережелер

1. Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу тәртібін айқындайды.

2. ОсыҚағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;

2) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;

3) ерікті түрде зерттеп-қарау – алынған ақпараттың негізінде адамдардың қалауы бойынша зерттеліп-қаралуы;

4) анонимдік қарап-тексеру – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық қарап-тексеру;

5) құпия медициналық зерттеп-қарау – дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

6) психоәлеуметтік консультация беру – АИТВ-инфекциясына тестілеуден алынған нәтижені пациентке түсіндіру.

2. АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медициналық

зерттеп-қарау жүргізу тәртібі

3. АИТВ-инфекциясына ерікті түрде медициналық зерттеліп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар өздерінің таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:

1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);

2) құпия (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекенжайы ұсынылады).

4. АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуына зерттеліп-қаралу ЖИТС орталықтарының зертханаларында құпиялылық жағдайында жүргізіледі.

5. Қан алу меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдардың емшара кабинеттерінде жүргізіледі.

6. Анонимдік қарап-тексеру кезінде, тексерілушіге ауызша хабарланатын жеке цифрлық код беріледі.

7. АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуына зерттеу жүргізу үшін қанның сынамалары ЖИТС орталықтарына жеткізіледі және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жолдамамен жіберіледі:

жеке – бір данада (№264-8/е нысан);

тізіммен – екі данада (№264/е нысан).

8. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АИТВ-инфекциясының болуы туралы нәтиже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде аумақтық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарына береді.

9. Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына тестілеудің нәтижелері олардың заңды өкілдеріне беріледі.

10. Анонимдік қарап-тексеру кезінде теріс нәтиже цифрлық кодты көрсеткеннен кейін ауызша хабарланады, оң нәтиже цифрлық кодты жазбаша түрде психо-әлеуметтік тесттен кейінгі консультация беру барысында хабарланады.

11. Адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификатты ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың талаптары бойынша жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

3. АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша консультация жүргізу тәртібі

12. Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарға консультация беру олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

13. АИТВ-инфекциясына тесттің оң нәтижесі алынған жағдайда психоәлеуметтік консультация беруді ЖИТС орталықтарының мамандары жүргізеді, олар сақтану шараларын, медициналық көмек ұсыну тәртібін, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін түсіндіреді.

АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша

тегін негізде Қазақстан Республикасы

азаматтарды және оралмандарды

ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия

медициналық зерттеліп-қаралу және

консультация алу қағидаларына

1-қосымша

Ересектерде АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі

1- кезең. ЖИТС ОҚО (ЖИТС РО) – АИТВ-ға антиденелерді және вирустық антигенді анықтауға арналған ИТА әдісімен скринингілік зерттеулер

1.1ИФТ-дағы бірінші зерттеу
теріс нәтиже
оң нәтиже
теріс нәтижені беру
ЖИТС ОҚО (ЖИТС РО) – ИФТ-да қосымша екі қайтара зерттеу (антигендердің/антиденелердің құрамы бойынша біріншісінен ерекшеленетін басқа өндірушінің тест –жүйелері)

екі оң нәтиже (ЖИТС РО-бірінші сарысудың оң нәтижесі туралы ақпарат аумақтық ЖИТС ОҚО жіберіледі)  
екі теріс нәтиже

ЖИТС ОҚО – ИФТ-да зерттеу үшін екінші сарысудын, пациенттің жеке басын куәландыратын құжаты болғанда алуды ұйымдастыру

екінші сарысудың оң нәтижесі**
екінші сарысудың теріс нәтижесі

ЖИТС ОҚО - ИФТ зерттеу үшін, жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, үшінші сарысуды комиссиямен алу.  

теріс нәтижені беру  
2 -кезең. ЖИТС РОII (III) сарысуларын тексеру (антигендері/антиденелері құрамы бойынша ерекшеленетін басқа өндірушінің тест жүйелерінде)
екі теріс нәтиже
екі оң нәтиже
2.1. ЖИТС РОрастаушытест (иммундық блотинг әдісі, сызықтық иммундық тест)
теріс нәтижені беру
бір оң бір теріс
теріс нәтиже  
оң нәтиже

теріс
күдікті  
оң
ИФТ, ИБ 2 аптадан, 3 және 6 айдан кейін зерттеуді қайталау (Егер ИФТ-да теріс нәтиже алынса,онда әрі қарай ИБ зерттеу талап етілмейді. ИФТ-да оң нәтиже алынса, онда ИБ-да тесттен өткізу қажет. ИФТ-да әртүрлі өндірушілердің тест-жүйелерінде оң нәтижелер динамикасы болмаса және АИТВ-ға бірінші зерттеуден кейін 6 айдан соң антиденелердің пайда болу динамикасы иммуно-блотта болмаса, АИТВ-ға антиденелердің спецификалық емес реакциясы туралы мәселені емдеу-профилактикалық бөлім мен эпидемиологиялық бөлімнің дәрігерлері бірлесіп шешеді)  
ИФТ, ИБ 2 аптадан, 3 және 6 айдан кейін зерттеуді қайталау (Егер ИФТ-да теріс нәтиже алынса, онда әрі қарай ИБ зерттеу талап етілмейді. ИФТ-да оң нәтиже алынса, онда ИБ-да тесттен өткізу қажет. ИБ-да нақты емес (күдікті) нәтиже алынған жағдайда жүкті әйелдерді (кодтары 109.2, 109.3) ПТР әдісімен зерттеу қажет – ЖИТС РО зертханасында сапалық немесе сандық тест өткізу.  
АИТВ-ға антиденелер анықталды

Профилактикалық, эпидемияға қарсы және емдеу-диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында зерттеулер қорытындысын ЖИТС ОҚО беру керек.

*ЖИТС РО – екінші сарысуды алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, АИТВ-ға антиденелердің болуына және болмауына бірінші сарысу бойынша қорытынды бермейді (өлім, ҚР тыс шығу, жасырын зерттеп-қарау)

** ЖИТС ОҚО эпидемиологиялық зерттеу сапасын арттыру мақсатында екінші қан сарысуын ИФТ әдісімен anti HCV-да зерттеу ұсынылады

Аббревиатураларды ашып жазу:

ИБ – иммуноблот

ИФТ – иммуноферменттік талдау

ЖИТС ОҚО – ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық және қалалық орталықтар

ПТР – полимераздық тізбектік реакция

ЖИТС РО - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша

тегін негізде Қазақстан Республикасы

азаматтарды және оралмандарды

ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия

медициналық зерттеліп-қаралу және

консультация алу қағидаларына

2-қосымша

Н ы с а н

CERTIFICATE

А Н Ы Қ Т А М А - С Е Р Т И Ф И К А Т

Of test on antibodies to HIV

адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы

I am (Мен) _____________________________

(name of doctor) (Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда)

hereby certify that (осымен келесіні растаймын)_________________________________________________________

_____________________________________

(name of patient) (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) латын әріптерімен)

____________________________________

Пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) кириллицада

___________________________ was tested on (тексерілді) __________________________________________________

(date of birth of patient) (пациенттің туған датасы) (date) (дата)

For the presence in his/her blood of antibodies to the human immunodeficiency virus (HIV) and that the result of the test was NEGATIVE.

Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) антиденелердің болуына теріс нәтижемен.

Аталған анықтама-сертификат зерттеу жүргізілген күннен бастап үш ай бойы жарамды.

Stamp:

Мөр:

Signature:

Қолы:

Ескертпе: анықтама - сертификатты толтыру бойынша түсініктеме

1.Анықтама-сертификат тек бір адамға ғана беріледі, ұжымдық куәліктер беруге рұқсат етілмейді.

2. Сертификат баспалық латын әріптерімен толтырылады, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз деп танылады.

3.Зерттеуді жүргізу және туу даталары келесі реттілікте толтырылады: күні, айы, жылы, айдың атауы цифрмен емес, әріппен.

4. Анықтама-сертификатқа дәрігер қол қояды және ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дөңгелек мөрі басылады.

Наши рекомендации