Медициналық симуляциясының сценариы

ЖМ 4 курсына арналған фтизиатрия пәні бойынша тәжірибелік емтихан

Медициналық симуляциясының сценариы

Клиникалық жағдай: «Туберкулезді плеврит»

Ситуация:Сіз – қалалық клиникалық ауруханасының пульмонология бөлімшесінің дәрігерісіз. Жедел жәрдеммен 32 жастағы пациент жатқызылды.

- пациенттен анамнез жинаңыз, қарап тексеру жүргізіңіз және аурудың ауырлығын бағалаңыз;

- клиникалық, зертханалық, аспапты зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз;

- клиникалық және анықталған аурудың жағдайының жіктелуіне сәйкес болжама диагнозды қойыңыз;

- науқасты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз.

Қорытынды нәтиже:

- плевритпен ауырған науқасқтың сұрау және физикальды зерттеу нәтижелері;

- клиникалық-лабораториялық, аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау: жалпы қан және зәр сараптамасы, биохимиялық анализ, экссудат сипаттамасы, туберкулез микобактерияларына(ТМБ) қақырықты және плевра сүйықтығын зерттеу (бактериоскопия, G-xpert), кеуде торы ағзалары рентгенограммасының нәтижесі.

- пациентты жүргізу жолы және емдеу жоспары.

Бағалау парағы (чек-парақ)

Клиникалық жағдайы бойынша: «Туберкулезді плеврит »

Қадамдарды бағалау Балмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады Орындамады
1. Шағым жинау 1,0 0,5
2. Ауру намнезін жинау 1,0 0,5
3. Өмір анамнезін жинау 1,0 0,5
4. Эпид.анамнез жинау 1,0 0,5
5. Аурудың ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
6. Физикальды зерттеуді жүргізу – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
7. Тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
8. Болжама диагноз 1,0 0,5
9. Зерттеу жоспарын белгілеу 1,0 0,5
10. Ажырату диагностикасының жоспары 1,0 0,5
11. Зертханалық әдіспен зерттеу тәсілдеріне талдау беру 1,0 0,5
12. ТМБ-на қақырықтың микроско-пиясының нәтижелерін талдау 1,0 0,5
13. G-Xpertнәтижесін талдау 1,0 0,5
14. Плевральды экссудаттың нәтижесін талдау 1,0 0,5
15. Кеуде торша рентгенограмма нәтижесін талдау 1,0 0,5
16. Плевра қуысының УДЗ нәтижесін талдау 1,0 0,5
17. Туб.плевритке күмәнданған науқастың түрін және категориясын жіберілген диагнозында көрсету 1,0 0,5
18. Химиотерапияны тағайындау 1,0 0,5
19. Емнің нәтижелілігін бақылау 1,0 0,5
20. Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және қорқыныш сезімін басу 1,0 0,5
  Балдың жиынтығы

Максимальды балл -20,0

Стандарттылған актерге (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін суреттеу:

32 жастағы пациент.

Пациент денесінің температурасы 38º- 39º С жоғарлауына, кеуденің ауырсынуына, ентігуге, жөтелгенде кеуде ауырсынудың күшеюіне шағымданады.

Сауалдың мәні Актерге берілетін сауалдар Жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Осы жағдайыңызды немен байланыстырасыз?   Суық тигенмен және тұмаумен байланыстырамын.  
Ауру қалай басталды? Дене температурасының 38ºС көтерілуі-мен, құрғақ жөтелмен, кеуденің ауырсынуымен, тыныс алудың қиындауымен басталды.
Сізде кеуденің ауырсынуы алғашқы рет қашан пайда болды? Алғашқы рет бір апта бұрын, кеудеде басып тұратын ауырсыну сезімі пайда болды, тыныс алғанда күшейеді.
Ауырсыну сезімі қақырықты жөтелмен қоса жүрді ме? Ия, бірінші күннен бастап дене температурам жоғарлағанда, ауырсыну сезіммен жөтел болды, негізінде көбінесе жөтел құрғақ, қақырықсыз.
Аурудың тағы қандай симптомдары мазалайды? Бір аптадай жалпы әлсіздік, тәбетім төмендеп, түнде тершеңдік байқалды.
Амбулаториялық ем   Сіз дәрігерге қашан қаралды-ңыз?     Ем тағайындады ма? Ауру басталысымен дәрігер-терапевтке қаралдым. Қабырғааралық невралгия диагнозымен амбулаторлы ем қабылдадым. Тағайындалған ем көмектеспеді. Әлсіздік, дене температурам 38оС-қа жоғарлап, кеуденің ауырсынуымен және ентігу күшейе бастады. Жедел жәрдем шақырдым.
Ауыртпалы фактор-дың анализы Сіз темекі шегесіз бе?   Ия, 18 жасымнан шегімін.  
Қосарланған аурулар Осы уақытқа дейін қандай аурулармен ауырдыңыз?   Туберкулезбен, гепатитпен, АИТВ мен ауырған жоқсыз ба? Суық тиіп ауырғаннан басқа аурулармен ауырған жоқпын.   Жоқ, ауырған жоқпын.
Кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің тұрмыс жағдайыңыз және жұмысыныз қандай?   Туберкулезбен ауырған науқаспен контакта болдыңыз ба? 3-бөлмелі пәтерде тұрамын. Жеке меншік фирмада дизайнер болып жұмыс істеймін.   Жоқ, болған жоқпын.

Анамнезінде:

Ауру анамнезі: тұмаудан және суық тигеннен кейін бір аптадан астам өзін аурумын деп санайды. Ауру дімкәстіктен, әлсіздіктен басталды. Дене температурасы 37,5 - 38оС-қа жоғарлап, кеудесінің оң жақ бөлігінде ауырсыну сезімі анықталып, тыныс алуы қиындаған. Науқастың тәбеті төмендеп, түнгі тершеңдік пайда болған. Дәрігер-терапевтке қаралып, қабырғааралық невралгиядан емделді. Ем барысында жалпы жағдайы жақсармады. Жалпы әлсіздік, дене температурасы 38ºС көтерілді, және кеудедегі ауру оң жағында күшейе бастады.

«Плеврит» деген диагнозбен қалалық клиникалық ауруханаға пульмонология бөлімшесіне жедел жәрдеммен әкелді. Ауруханада кең спектрлі антибиотиктармен 10 күн емделді. Цефтриаксон тәулігіне 1,0 г 2 рет, метрогил 200мл көк тамырға тамшылап жіберді, солютаб 500мг тәулігіне 2 рет, флунол 150мл күніне 1 рет №1. Қабылдаған емнен жағдайы біршама жақсарғандай болған, кеудесіндегі ауырсыну сезімі біршама азайып, жалпы әлсіздік және тершеңдік сақталды.

Өмір анамнезі: 18 жасынан темекі шегеді, күніне 1 қорап. Науқастың сөзіне қарағанда алкогольді жиі ішпейді. Наркотикалық дәрілерді қабылдамайды. Кеуде торша ағзаларының соңғы ФГ-сы 2013 жылы жасалған, патология анықталмаған (емханалық картада нәтижесі жазылған). Көп қабатты пәтерде тұрады, дизайнер болып жұмыс істейді, отбасының материалдық жағдайы қанағаттанарлық. Отбасылы, 11 жаста қызы бар.

Эпидемиологиялық анамнез: Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас болған жоқ дейді.

Қарап тексергенде/объективты: бойы -178, дене салмағы - 65 кг. Интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындысы ылғалды, түсі бозғылт, дене температурасы 38ºС, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды. Мұрынмен еркін тыныс алады.

Кеуде торшасы астеникалық, тыныс алуда кеуде торшасының оң жағы қалып қоюда, ТЖ-минутына 22 рет. Салыстырмалы перкуссияда оң жақтың 4 қабырғадан төмен бұғананың ортаңғы сызығы, қолтықтың сызығы бойынша перкуторлы дыбыс қысқарған. Дауыс дірілі анықталмайды. Аускультацияда - өкпенің оң жағында тыныс естілмейді. Жүрек тоны ашық, дыбысты, ритмі дұрыс. ЖСС – 74 рет минутына. АҚ – 110/70 мм с.б.. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр палпацияланбайды, зәр шығару өзгеріссіз.

Жалпы қан анализы

Көрсеткіштер Нәтиже
Эритроциттер 4,2 млн.
Гемоглобин 138 г/л
Түсті көрсеткіш 0,89
Лейкоциттер 13,8*109
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы
Сегментоядерлы
Эозинофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Тромбоциттер 285*109
ЭЖШ 45 мм/сағ

Наши рекомендации