Оқытудың біріктірілген әдісі

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырып №2: «Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру».

Факультет – жалпы медицина

Курс - 5

Құрастырушы: доцент Ибраева К.Е.

2016 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

Хаттама №____, «_____»____________2016ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Исаева Б.Г.

1.Тақырып №2: «Ерте жастағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру».

2.Мақсаты:ерте жастағы балалардың тамақтануы жөнінде білімді, кәсіби шеберлікті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:

-студенттерді Қазақстан Республикасындағы балаларды тамақтандыру Ұлттық стратегиясымен таныстыру

- студенттерді ерте жастағы балалардың ұтымды тамақтануындағы қиындықтарымен таныстыру;

- студенттерде емшекпен тамақтандырудың жетістікті принциптерін енгізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыру

- ұтымды тамақтану және тамақтандырудың принциптерін меңгеру;

- дұрыс тамақтанудың бала дамуына әсері туралы кәсіби білімдерін қалыптастыру;

- ерте жастағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру әдістемесі бойынша кәсіби шеберліктерін бекіту;

- ДДҰ және ЮНИСЕФ Бағдарламасының негізгі принциптерін үйрету: «Емшекпен ұтымды тамақтандырудың он принципі»

- табиғи тамақтанатын дені сау бала үшін тамақты есептеу тәжірибелік дағдысын қалыптастыру

- бір жастан асқан балаларды емшекпен емізу және тамақтандыру тиімділігін бағалаубойынша кәсіби шеберліктерін қалыптастыру;

- дәрігер-педиатр қызметінің құқықтық және адамгершілік қалыптарын тәрбиелеу;

- ата-анамен қарым-қатынас жасау, сонымен қатар тамақтандыру жөніндегі өзінің ұсыныстарын анық және нақты жеткізе білу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру

- студент «Дені сау бала бөлмесіндегі жұмыс» тақырыбында реферат дайындау арқылы өз бетімен білімін жетілдіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасындағы балалардың Ұлттық тамақтану стратегиясы.

2.Балалардың ұтымды тамақтану принциптері.

3. Емшекпен емізуді қорғау, қолдау және кеңейту.

4. БДҰ ерте жастағы балалардың тамақтануы және емшекпен емізу жөніндегі бағдарламасы.

5. Емшекпен емізудің жетістікті он принципі .

6. Баланың дұрыс тамақтануының оның дамуына әсерін бағалау.

7.Ерте жастағы балалардың тамақтануын ұйымдастырудың негізгі принциптері.

8. Ерте жастағы балалардың тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігі;

9. Ерте жастағы балалардың асқазан-ішек жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;

10. Қосымша тамақтардың сипаттамасы;

11. Қосымша тамақтарды енгізу тәртібі;

12. Табиғаи, аралас және жасанды тамақтандыру

13. Балаларды жасанды тамақтандыруда қоспаларды таңдау тәртібі;

14. Емшекпен емізудің ана мен бала үшін артықшылығы.

15. Гипогалактия: диагностикасы, емі, алдын-алу.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Оқытудың біріктірілген әдісі

№n\n Пайдаланылған оқыту әдісі Нәтижесі
Аз топпен жұмыс Сабақ тақырыбы бойынша білімді еркін меңгеру,топпен жұмыс істеу қабілеттілігі,өз көзқарасын нақты дәлелдермен қорғау
Дәрігерлік қабылдауда жұмыс және тақырыптық науқастың амбулаторлық картасын талдау Алған білімдері негізінде науқаспен қарым-қатынас дағдыларын, науқасты тексеру әдістерін,диагноз қою және қойылған диагнозға қарай емдеу әдістерін таңдау дағдыларын қалыптастыру. Қолданыстағы заң актілеріне,ҚРДСМ бұйрықтарына сәйкес науқасты емдеу тактикасы бойынша шешім қабылдауда жауапкершілік алуға тәрбиелеу.
Ситуациялық есептерді шешу Диагноз үшін маңызды мәліметтерді анықтау негізінде диагноз қою шеберлігін қалыптастыру, науқасты емдеу тактикасын дайындау.
Презентациялар Кәсіптік білім алуға қажеттілікті және оқып жатқан тақырыпқа қызығушылығын қалыптастыру.
Амбулаторлық науқасты қабылдау (үйде қызмет көрсету) Сабақ такырыбы бойынша балаларды қарау,пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау тәжірибелік дағдылары бойынша, артериялық қысымды өлшеу,пульс және тыныс жиілігі,дене және нерв-психикалық дамуын бағалауды меңгеру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Рахимова К.В. Первичное звено здравоохранения: принципы диспансеризации детей. Алматы, 2014.

2. Калмыкова А.С. Поликлиническая педиатрия. Москва, 2008.

Қосымша:

1. Фурцев В.И. Питание детей первого года жизни. Красноярск, 2008.

2. Парменова Л.П. и соавт. Руководство по диететике: Питание здоровых и больных детей в амбулаторных условиях. Смоленск., 2011

3. Программа ВОЗ и ЮНИСЕФ: « Десять принципов успешного грудного вскармливания»


7. Бақылау:

Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:

№n\n Бағалауға қолданылатын әдіс Бағаланатын біліктілік
Тест тапсырмаларын шешу Когнитивті компонент: сабақ тақырыбы бойынша меңгерген білімдері
Тақырыптық науқастың амбулаторлық картасын талдау Когнитивті, операциялық, аксиологиялық,құқықтық компоненттер
Ситуациялық есептерді шешу Когнитивті, операциялық, аксиологиялық,құқықтық компоненттер
Презентацияларға дайындық Өзін-өзі жетілдіру қабілеттілігі
Науқасты амбулаторлық қабылдау (үйде қызмет көрсету Когнитивті,операциялық, аксиологиялық,құқықтық компоненттер

Тесттік тапсырмалар (25),

Наши рекомендации