Түсіндірме жазбахат (өзектілігі). Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина» Бағыт бойынша интернатура «Дәрігер терапевт» Пән «Нефрология»

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Бағыт бойынша интернатура «Дәрігер терапевт»
Пән «Нефрология»

Оқу сағаттарының көлемі: 90 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 30 сағат

ОИӨЖ: 30 сағат

ИӨЖ: 30 сағат

Курс: VII

Семестр XIII-XIV

Бақылау түрі: Емтихан.

Алматы 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы «Жалпы медицина» - 051301 мамандығы бойынша 2006 жылғы ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалынған , интернатураның типтік бағдарламасы негізінде № 10 инструктивтік хатқа сәйкес құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасы Нефрология модулінің отырысында талқыланған

« »___________________ 2013ж., хаттама №

Модуль меңгерушісі, м.ғ.д., доцент

Қ.А.Қабылбаев

___________________________

Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ ішкі аурулар бойынша білім беру бағдарламалары Комитетінің отырысында талқыланды

« __ » __________ 2013 ж., №_____хаттамасы

ББК Төрайымы
м.ғ.д., проф. К. Е. Ердесова
___________________________

Жұмыс бағдарламасы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесімен талқыланды

«_____» ____________2013_ ж., №____хаттамасы

Әдістемелік кеңестің төрағасы

м.ғ.д., профессор

К.А. Тулебаев

___________________________

Жалпы мәліметтер

ЖОО атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Кафедра: Нефрология модулі,

Пән: Нефрология

Оқу сағаттарының көлемі (кредит): 2 кредит (90 сағат), оның ішінде

- жанама сағаттар –28 модулде – 2 аралық бақылау (1 кредитке 1 аралық бақылау)

- ОСӨЖ – 30, СӨЖ - 30

Оқыту курстары мен семестрлері: VII курс, XIII-XIV семестрлер

Түсіндірме жазбахат (өзектілігі).

Нефрология физиология, молекулярлы биология, морфология, генетика және басқа да ғылымдардың жетістіктерінің арқасында қарқынды дамып жатқан медицинаның арнайы бөлімі болып табылады. Соңғы жылдары «Нефрология» мамандығы балалар мен ересектерде бүйрек ауруларының ерте сатысынан бастап терминальды СБЖ-не дейін диагностикасы мен емімен, сонымен қатар бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды жүргізумен айналысатын жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады.

Бүйректің созылмалы ауруларының себептерінің ішінде қантамырлық патология фонында бүйректің екіншілік зақымдалуы бірінші орынға шығады, және бұл бүкіл әлемде тез өсуге тенденциясы бар (диабет, гипертония, васкулиттер). Нефрологияның интеграциялық рөліне байланысты, нефрологияны арнайы және тереңдетіп оқыту өзектілігі заманауи этапта медицинаның дамуына ықпал етпей қоймайды.

Бұл пәнде артериалды гипертония, қант диабеті, подагра және т.б ішкі ағзалар ауруларында бүйрек зақымдалуын ерте диагностикалау мен анықтау сұрақтары қарастырылады. Одан басқа, кең саладағы дәрігерлер- терапевттер үшін нефрологиядағы негізгі синдромдардың диагностикасын, бүйрек қызметін адекватты бағалау, сонымен қатар бүйрегі зақымдалған терапевтикалық науқастарды емдеу мен жүргізу және алдын алуды өткізу мүмкіншілігі қалыптасады. Интерндердің диагностика мен көмек көрсетудің жетілдірілеген әдістерімен қарулануы бүйрек ауруларында ішкі аурлар бойынша мамандарды дайындауда маңызы зор

Пәннің мақсаты: бүйрегі зақымдалған терапевтикалық науқастарды емдеу мен жүргізу және алдын алу сұрақтары бойынша білімін, дағдылары мен тәжірибелік машықтарын қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

· бүйрек зақымдалуының негізгі клиникалық симптомдарын ажырат а білуді үйрету;

· бүйрек зақымдалуымен науқастарды зерттеу бойынша тәжірибелік машықтарын жетілдіру;

· әртүрлі аурулармен науқастарды заманауи зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін және диагностикасын интерпретациялауда интерндердің білімін тереңдету;

· бүйрек ауруларына ажырату диагностикасын жүргізуде ептілігін жетілдіру;

· нефрологиялық науқастарды емдеу принциптерімен таныстыру;

· өзіндік тәжірибелік әрекетке дайындалудың профессионалды деңгейі мен дайындық дәрежесін жоғарлату;

· ағымдағы дәрігерлік медициналық және тіркеу-есептеу құжаттарын жүргізуді интерндерге үйрету ;

· жеке адамдар арсындағы қарым-қатынас пен науқастарға кеңес беру дағдыларын жетілдіру;

· науқас денсаулығын сақтаудың нормативті-құқықтық аспектілері жайында білімін жетілдіру;

· ақпараттармен (оқу, анықтамалық, нормативті, ғылыми) өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Наши рекомендации