Тақырып №3: Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы - 3.
2. Мақсаты:білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру:
- фармакология пәні және оның мақсаттарына;
- фармакологиялық заттарға сипаттама бергенде қолданылатын терминологияларға;
- дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарына;
3. Оқыту мақсаты:
1. Жалпы фармакология сұрақтары бойынша студенттердің білімін жүйеге келтіру:
- фармакологияның міндеттері мен мақсаттары;
- жалпы фармакологияның негізгі түсініктемелері, фармакокинетика және фармакодинамика заңдылықтарын талқылау;
- дәрілік заттардың ағзаға тигізетін әсерінің негізінде жатқан жалпы заңдылықтарды оқып білу;
2. Cтуденттерді дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамика сипаттамасына байланысты әсерлеріне анализ жасауды үйрету:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жалпы фармакологияның мақсаты және анықтамасы. Фармакологияның негізгі бөлімдері.
2. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы. Дәрілік препараттардың енгізу жолдары.
3. Дәрілік заттардың енгізген жерден сіңірілуі. Дәрілік заттардың жақсы сіңуіне жағдай жасайтын факторлар.
4. Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілердің таралуына әсер ететін гистогематикалық тосқауылдардың маңызы.
5. Дәрілік заттардың ағзадағы метаболизмі. Дәрілік заттардың метаболизмі реакциясының түрлері.
6. Дәрілік заттардың метаболизм реакциясында бауырдың микросомальді ферменттерінің рөлі. Микросомальді ферменттердің индукциясы және депрессиясы.
7. Дәрілік заттардың және олардың метаболиттерінің экскрециясы. Элиминация, жартылай элиминация кезеңі.
8. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы. Дәрілік заттардың әсер ету механизмі. Арнайы рецепторлар туралы түсінік.
9. Дәрілік заттардың әсерінің рецепторлы теориясының маңызы. Аффинитет, ішкі белсенділік. Арнайы рецепторлардың агонисттері, антогонисттері, миметиктері және блокаторлары.
10. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері (жергілікті, резорбтивті, рефлекторлы).Негізгі және қосымша (негізгі емес) фармакологиялық әсерлер. Дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы түсінік.
11. Дәрілік заттардың терапиялық әсерінің кеңдігіне әсер ететін фармакологиялық және физиологиялық факторлар.
12. Мөлшер. Фармакологиялық әсерлердің мөлшерге байланыстылығы. Мөлшердің түрлері: табалдырықты, орташа және жоғарғы терапиялық мөлшер. Препараттың терапиялық әсерінің кеңдігі.
13. Дәрілік заттарды біріктіріп қолданғанда, олардың өзара әсерлесуі. Өзара әсерлесудің түрлері: фармацевтикалық, фармакологиялық. Дәрілік заттардың синергизмі и антагонизмі.
14. Дәрілік заттарды қайта еңгізгенде әсерінің өзгеруі. Дәріге тәуелділік (физикалық және психикалық), бейімділік (толеранттылық), сенсибилизация, кумуляция.
15. Дәрілік заттардың уытты әсерлері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, ақуалды есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.
2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.
2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.
3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.
4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.
5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...
6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.
7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.
Ағылшын :
Негізгі:
1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.
2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p
7. Бақылау: ауызша сұрау, бақылау билеті (тақырып бойынша сұрақтар).