Бап. психиатриялық куәландыру

1. Психиатриялық куәландыру тексерілуші адамның психикасы бұзылғанын, оның психиатриялық жәрдемге мұқтаждығын және мұндай жәрдемнің түрлерін анықтау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздығы және мүгедектігі туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық қарау тексерілушінің өтініші немесе жазбаша келісімі, немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша арызы бойынша; кәмелетке толмаған және заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға - олардың заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.
Тексерілушінің психикалық денсаулығы жай-күйін психиатриялық куәландыру мен ол туралы қорытындының деректері медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.
3. Заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Осы баптың 5-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер тексерілуші мен оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
5. Тексерілуші психикасының бұзылуы асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, мұның өзі:
оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
егер адамға психиатриялық жәрдем көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты оған оның келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
6. Егер тексерілуші осы Кодекстің 100-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық бақылауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігер адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.
9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігер осы баптың 5-тармағында санамаланған осындай куәландыру үшін негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша қабылдайды.
10. Психиатриялық куәландыруға келісім беру туралы өтінішті психиатриялық куәландыруға жататын адамның заңды өкілі, кез келген медициналық мамандықтағы дәрігер және өзге де азаматтар беру, мүмкін. Көрінеу жалған арыз беру қылмыстық жауапқа тартылуға әкеп соғады.
11. Алынған мәліметтер бойынша адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда нақты адам ауызша немесе жазбаша арыз беруі мүмкін. Психиатр-дәрігер психиатриялық куәландыру туралы дереу шешім қабылдап, ол медициналық құжаттамаға жазумен ресімделеді де, кейіннен адамның заңды өкіліне хабарланады.
12. Адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы арыз жазбаша түрде берілуге, онда мұндай куәландырудың қажет екенін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның не оның заңды өкілінің психиатр-дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер болуға тиіс. Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратып алуға құқылы Психиатр дәрігер арызды осы Заңның баптың 5-тармағындағы үшінші және төртінші, абзацтарда көзделген мен-жайлардың болуын дәлелдейтін деректер жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан негіздей отырып, жазбаша түрде бас тартады.

Наши рекомендации