Бал. психиатриялық стационарға орналастыру
1. Адам психикасының бұзылуы мен психиатр-дәрігердің оған
тексеру жүргізу немесе стационар жағдайында емдеу туралы шешімі
немесе сот ұйғарымы оны психиатриялық стационарға орналастыру үшін
негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажетті де психиатриялық стационарға орналастыру үшін негіз болуы мүмкін.
3. Осы Кодекстің 70-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға орналастыру оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.
4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата- анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімі бойынша орналастырылады.
5. Заңда белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам психиатриялық стационарға оның заңды өкілінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша орналастырылады.
6. Заңды өкілі қарсы болған немесе өзге заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға орналастыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол жөнінде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазылып ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр дәрігер қол қояды.
8. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға салу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.
9. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған адамды алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы кемінде айына бір рет куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр дәрігерлер комиссиясының жүгінуі негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
10. Ауруханаға еріксіз түрде орналастырылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың тілегі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Осы кодекстің 70-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған адамды ол жатқызылған сәтінен бастап 48 сағат ішінде жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс. Жатқызу негізді деп танылған және жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайда ол дереу шығарылуы тиіс.
11. Еріксіз түрде психиатриялық стационарға орналастырылуына келісім бермеген, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуі мүмкін.
Бап. Заңды өкілдерінің өтініші немесе келісімі бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмағандарды және іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарды куәландыру
1. Заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды және заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды осы Кодекстің 99-бабымен көзделген тәртіппен психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс.
2. Бұл адамдарды ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр дәрігерлер комиссиясы куәландырады, ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
3. Психиатр дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға орналастыру кезінде қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.