Анның биохимиялық анализы

ЖМ 4 курсына арналған фтизиатрия пәнінен тәжірибелік емтихан

Медициналық симуляциясының сценариясы

Клиникалық жағдай: «Өкпенің инфильтратты туберкулезі»

Ситуация:Сіз – қалалық клиникалық аурухананың пульмонология бөлімінің дәрігерісіз. Жедел жәрдем арқылы 28 жастағы ер адам жеткізілді.

- пациенттен шағымдарын, анамнез жинаңыз, қарап тексеру жүргізіңіз;

- клиникалық, зертханалық, аспапты зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз;

- клиникалық және анықталған аурудың жағдайының жіктелулеріне сәйкес болжама диагнозды қойыңыз;

- науқасты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз.

Қорытынды нәтижесі:

- өкпенің инфильтратты туберкулезімен ауырған науқасқа сұрау және физикальды тексеру жүргізудің нәтижелері;

- зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау беру: қанның, зәрдің жалпы анализдері, қанның биохимиялық анализі, қақырықты ТМБ-на зертеу (бактериоскопия, G-xpert, BACTEC) кеуде торша ағзаларының рентгенограммасының нәтижесі.

- аурудың жағдайына және клиникалық жіктелуіне сәйкес болжам диагнозын қою;

- өкпенің инфильтратты туберкулезімен науқасты жүргізу тактикасы және емі.

Бағалау парағы (чек-парақ)

Клиникалық жағдайы бойынша:«Өкпенің инфильтратты туберкулезі»

Қадамдарды бағалау Балмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады Орындамады
Шағым жинау 1,0 0,5
Анамнез жинау 1,0 0,5
Өмір анамнезін жинау 1,0 0,5
Эпид.анамнез жинау 1,0 0,5
Аурудың ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
Тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Жүрек қан тамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын белгілеу 1,0 0,5
Ажырату диагностикасының жоспары 1,0 0,5
Зертханалық әдіспен зерттеу тәсілдеріне талдау беру 1,0 0,5
ТМБ-на қақырық микроскопия-сының нәтижесін талдау 1,0 0,5
G-Xpertнәтижесін талдау 1,0 0,5
ВАСТЕС нәтижесін талдау 1,0 0,5
Кеуде торша рентгенограммасын талдау 1,0 0,5
Өкпенің инфильтратты туберкулезіне күмәнданған науқастың түрін және категориясын жіберілген диагнозында көрсету 1,0 0,5
Химиотерапияны тағайындау 1,0 0,5
Емнің нәтижелігін бақылау 1,0 0,5
Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және қорқыныш сезімін басу 1,0 0,5
  Балдың жиынтығы

Максимальды балл -20,0

Стандарттылған актерге (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін суреттеу:

28 жастағы ер адам.

Шағымдары: оқтын-оқтын температурасы 38ºС дейін көтерілуі, қан түкіруі, аздаған қақырықты жөтел, жалпы әлсіздік.

Сауалдың мәні Сұрақ қою Жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Осы жағдайыңызды немен байланыстырасыз?   Тұмаумен, суық тигенмен байланыстырамын.  
Ауру қалай басталды? Суық тигеннен кейін әлсіздік, дімкәстік, соңғы 2 айда дене салмағым төмендеп, шамамен 5кг жүдегенімді, тәбеттің нашарлағанын байқадым, мезгілмен дене температурасы 37,2 – 37,50 С дейін көтеріліп, жөтел мазалайтын болды.
Сізде жөтел алғашқы рет қашан пайда болды? Үш апта бұрын жөтел алғашқы рет басталды.
Жөтел қақырықпен болады ма? Ия, жөтел ақ түсті қақырықпен, күні бойы, иісі жоқ.
Амбулаториялық ем Сіз дәрігерге қаралдыңыз ба? Дәрігерге қаралған жоқпын және ешқандай дәрілер ішпедім, тек ыстық бал қосылған сүт, жөке шайын іштім. Өзімнің дімкәстігімді ауыр физикалық жүктемемен байланыстырамын. Бүгін кешке қатты жөтелден кейін қан аралас қақырық түсті. Жедел жәрдем шақырдым
Ауыртпалы фактордың анализы   Сіз темекі шегесіз бе?   Ия, 13 жасымнан шегімін.  
Қосарланған аурулар Осы уақытқа дейін қандай аурулармен ауырдыңыз?     Туберкулезбен, гепатитпен, АИТВ мен ауырған жоқсыз ба? Суық тиіп ауырғаннан басқа аурулармен ауырған жоқпын.     Жоқ, ауырған жоқпын.
Кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің тұрмыс жағдайыңыз және жұмысыныз қандай?   Сіздің отбасыңызда, туысқандарыңыздың және жұмыстастарыңыздың арасында туберкулезбен ауырғандар болды ма? 3-бөлмелі пәтерде тұрамын. Үйленгенмін. 2 балам бар. Монтаж бригадысында жұмыс істеймін. Білмеймін, туберкулезбен ауырғандар болмаған сияқты.

Анамнез

Ауру анамнезі: суық тигеннен кейін үш-төрт аптадан астам өзін аурумын деп санайды. Ауру жалпы әлсіздіктен, дімкәстіктен, тәбетінің төмендеуінен, дене салмағының 5 кг дейін төмендегеннен басталды. Жөтел пайда болды, дене температурасы 37,2 – 37,50 С дейін жоғарлады. Дәрігерге қаралмаған, дәрілік препараттарды қолданбаған. Соңғы аптада жалпы хал жағдайы нашарлады, дене температурасы 38ºС көтерілді, жалпы әлсіздік үдей бастады, тершеңдік, жөтел шырышты қақырықпен бөлінді және қан түкірді.

«Пневмония» деген диагнозбен қалалық клиникалық ауруханаға пульмонология бөлімшесіне жедел жәрдем арқылы жатқызылады. Ауруханада кең спектрлі антибиотиктермен 10 күн емдейді. Цефамед тәулігіне 1,0г 2 рет, солютаб тәулігіне 500мг 2 рет, микосист 100мл күніне 1 рет №5, гемостатикалық терапия қабылдады. Қабылдаған ем нәтижесінде жағдайы біршама жақсарып, 3 күннен кейін қан түкіруі тоқтады, дене температурасы субфебрильді болып қала берді, ылғалды жөтел, жалпы әлсіздікпен және тершеңдік сақталды.

Өмір анамнезі: 13 жасынан темекі шегеді, күніне 1 қорап. Науқастын сөзіне қарағанда алкоголь ішпейді. Наркотикалық дәрілерді қабылдамайды. Кеуде торша ағзаларының соңғы ФГ 2014 жылы жасалған, патология анықталмаған (емханалық картада нәтижесі жазылған). 3 бөлмелі пәтерде тұрады, жұмысы тұрақты, материалды-әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық, үйленген, 2 баласы бар.

Эпидемиологиялық анамнез: туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынаста болмаған.

Қарап тексергенде: бойы - 180, дене салмағы - 62 кг. Интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындысы құрғақ, түсі бозғылт, тері эластикасы төмендеген, дене температурасы 38ºС, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды. Мұрнымен еркін тыныс алады.

Кеуде торшасы астеникалық, деформация жоқ, пальпация кезінде ауырмайды, тыныс алуда кеуде торшасының қозғалымы симметриялы, ТЖ- минутына 18 рет. Салыстырмалы перкуссияда оң жақтын 2 қабырға аралығында бұғанының ортаңғы сызығы бойынша перкуторлы дыбыс қысқарған, ал басқа қалған өкпе алаңында симметриялы ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда өкпенің оң жағында бірен саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тоны ашық, дыбысты, ритмі дұрыс. ЖСС – минутына 68 рет . АҚ – 110/70 мм с.б.. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр палпацияланбайды, зәр шығару өзгеріссіз.

Жалпы қан анализы

Көрсеткіштер Нәтиже
Эритроциттер 4,3 млн.
Гемоглобин 120 г/л
Түсті көрсеткіш 0,89
Лейкоциттер 12,8х109
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы
Сегментоядерлы
Эозинофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Тромбоциттер 195х109
ЭЖШ 36 мм/сағ

анның биохимиялық анализы

Көрсеткештер Нәтиже
Жалпы белок/протеин 64 г/л
Альбуминдер 42,0 г/л
Мочевина 4,2 ммоль/л
Креатинин 112 ммоль/л
Глюкоза 4,8 ммоль/л
АЛТ 35 б/л
АСТ 27 б/л
Билирубин 11 ммоль/л
Холестерин 4,0 ммоль/л

Наши рекомендации