Жүректің көлденеңенін анықтау.

Дәрістің тақырыбы:Жүректі перкуссия әдісімен зерттеу.Жүрек аускультациясы.Қалыпты және патологиялық жүрек үндері.

Дәрістің жоспары:

1. Жүректі перкуссия жасаудың ережелері.

2. Жүрек аускультациясы.Жүрек тондарының бір-бірінен айырмашылығы.

3. Жүрек шулары.

Перкуссия көмегімен жүректің көлемі яғни шекарасы, пішін үйлесімі (конфигурациясын), тамырлар шоғырының көлемі анықталады. Жүрек - ауасыз тығыз ағза, перкуссиялағанда қатаң дыбыс, оны қоршаған өкпеге перкуссия жасағанда анық көтеріңкі өкпелік дыбыс анықталады. Жүректің өкпе жапқан ауалы жерлері тықылдатқанда қатандау дыбыс шығарады, оның көлемін анықтау - «жүректің қатаңдау дыбысты шекарасы» деп аталады (граница относительной тупости сердца). Қатандау дыбысты шекара бұл жүректің шынайы шекарас Жүректің өкпе жаппаған оң қарыншаға сәйкес келетін алдыңғы жақ іргесін тықылдатқанда қатаң дыбыс шығарады, оның көлемін анықтау «жүректің қатаң дыбысты шекарасы» (граница абсолютиой тупости сердца) болып табылады. Жүрекке перкуссия жасаудың шарттары:

1. Жүрекке перкуссия жасағанда науқастың хал - жағдайын ескерген жөн. Егер науқастың жағдайы көтерсе қолдарын төмен түсіріп тұрған қалпында, жағдайы ауыр болса төсекте жатқан қалпында жасалады.

2.Науқастың тыныс алуы бірқалыпты үстіртін болғаны дұрыс.

З.Дәрігер науқастың жанына перкуссия жасау үшін ыңғайлы

Орналасуы керек.

4.Перкуссиялағанда плессиметр саусақ кеудеге тығыз

жанастырылып, анықталатын шекараға параллель қойылады.

5.Қатаңдау дыбыс шекарасын анықтағанда тықылдың күші орташа, ал жүректің екпе жаппаған ашық жерін яғни қатаң дыбыс шекарасын анықта ғанда тықылдың күші ақырын болуы керек.

6. Тықылдатып соғу анық (ашық) дыбысты аймақтан, қатаң дыбыс

шығатын аймаққа қараған бағытта жасалады.

7. Шекара анықталғанда нүкте плессиметр саусақтың ашық дыбысты

жағына қойылады.

Перкуссия жасау реті:

Алдымен жүректің қатаңдау дыбысты шекарасының үш нүктесі (оң жақ, сол жақ, үстіңгі) анықталады, кейін жүректің көлденең ені мен пішін үйлесімі, жүректің қатаң дыбысты шекарасы, тамырлар шоғырының көлемі. Жүректің қатаңдау дыбысты шекарасын анықтау. Жүректің қатаңдау дыбысты шекарасының оң жақ нүктесін анықтау. Оң жақ нүктені анықтау оң жақ өкпенің төменгі шегін анықтаудан басталады, себебі ол диафрагманың деңгейіне сәйкес болады. Ол үшін плессиметр саусақ үшінші қабырға аралығына бұғана орта сызығы бойына қабырғаларға параллель қойылады да, тықыл осы сызық бойымен қатаңдау дыбыс пайда болғанша яғни өкпенің төменгі шегіне тура келетін 6 қабырға аралығына дейін жасалады. Содан кейін плессиметр саусақты бір қабырға аралық ойық жоғарылатып (қ/ж 4 қабырғааралық ойыққа) анықталатын шекараға параллель қойып, жүрекке қарай перкуторлық дыбыс қатандау шыққанша тықылдату керек. Нүкте плессиметр саусақтың ашық дыбысты жағына қойылады.

Жүректің қатаңдау дыбысты шекарасының сол жақ нүктесінанықтау.

Жүректің сол жақ шекарасы әдетте жүрек ұшы түрткісіне сәйкес, 5 қабырға аралық ойықта. Оны анықтау үшін пальпация тәсілімен жүрек ұшы түрткісін тауып алу керек. Содан кейін плессиметр саусақты сол қолтықтың ортаңғы сызығы тұсына параллель қойып, 5 қабырға аралық ойықпен жүрекке қарай қатаңдау дыбыс пайда болғанша тықылдату керек. Нүкте плессиметр саусақтың ашық дыбысты жағына қойылады. Қалыпты жағдайда жүректің қатаңдау дыбысты шекарасы сол бұғана сызығында немесе одан 1-2 см ішкерірек жайғасады жэне сол қарыншаға тап келеді.

Жүректің қатаңдау дыбысты жоғарғы шекарасын анықтау.

Жүректің жоғарғы шекарасын анықтау үшін плессиметрді төссүйегінің сол жақ қырына қабырғаға параллель қойып, бірінші қабырға аралық ойықтан бастап төмен қарай орташа күшпен жиі-жиі қатаңдау дыбыс пайда болғанша тықылдату керек. Нүкте плессиметр саусақтың ашық дыбыс жағына яғни жоғарғы қырына қойылады. Қалыпты жағдайда жүректің жоғарғы шекарасы сол жақта 3 қабырғаньщ жоғарғы қырына сәйкес келеді. Жүректің жоғарғы шекарасы өкпе артериясына, сол жүрекшеге тура келеді.

Жүректің көлденеңенін анықтау.

4 қабырға аралық ойықтағы жүрек шекарасының оң жақ нүктесі мен төссүйегі орта сызығы аралығын анықтайды (өлшейді), ол қалыпты жағдайда 3-4 см-ге тең, одан кейін осы төссүйегі орта сызығынан 5 қабырғааралық ойықтағы жүректің сол жақ нүктесіне дейінгі аралықты анықтайды . Бұл аралық қалыпты жагдайда 8-9 см-ге тең болады.

Жүректің көлденең ені 11 — 13 см.

Жүрек пішін үйлесімін анықтау.( конфигурациясын)

Жүректің шынайы шекарасының үш нүктесін анықтаумен қатар қосымша перкуссия жасалып, жүректің пішін үйлесімі - тамырлар шоғырының екі жақтағы шекарасын 2 қабырғааралық ойық бойы тықылдату және жүректің қатаңдау дыбысты аймағының оң жақ шекарасын 3, 4, қабырғааралық ойықтар, сол жақ шекарасын 5, 4, 3 қабырғааралық ойықтар бойы тықылдату арқылы анықталады. Анықталған нүктелерді бір бірімен сызық арқылы қосқанда жүректің пішіні үйлесімі анықталады. Жүректің қатаң дыбысты аймағының оң жақ кескіні 2, 4 ойықтарды қамтып, 3 ойықта жоғарғы қуыс венасына, 4 ойықта оң құлақшаға сәйкес келеді. Сол жақ кескіннің үстіңгі бөлігін 2 қабырға деңгейінде қолқа доғасы мен өкпе артериясы, 3 қабырға деңгейінде сол құлақша, ал 4-5 ойықтар аралығында сол жақ қарыншаның жіңішке ғана жолағы қалыптастырады. Митральді қақпақша ақауларының соңғы сатысында (митральді қақпақшаның жетіспеушілігі мен стенозы) жүректің барлық бөлігінің (сол қарынша мен жүрекше, жүректің оң жақ бөлігі) ұлғаюынан «митральді ақауға тән жүрек пішіні» - (митральная конфигурация сердца) пайда болады. Қолқа қақпақшасы ақауларында, гипертония аурында сол қарынша ұлғайып «жүректің аортальды пішіні» - (аортальная коңфигурация сердца) пайда болады.

Наши рекомендации