Аяқтың варикоздық ауруы. птфс.

1. Потстромбоздық аурудың реканализацияланған формасы кезінде трофикалық жара рецидивінің алдын алуға көмектесетін оперативтік әдісті атаңыз:

2. Хирургиялық стационарға ұзақ уақыт бойы оң аяқтың варикоздық ауруымен ауыратын 55 жастағы науқас әйел түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Оң жақ санының ауырсынуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Санның медиалды бетінде тізе буыны деңгейінен ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін гиперемия жолағы көрінеді және тығыз ауырсынатын шнуртәрізді тяж пальпацияланады. Аяғы ісінген. Хоманс симптомы теріс. Қандай емдеу шараларын қолданған жөн?

3. Аяқтардың посттромбоздық ауруы ненің салдары болып табылады?

4. Сан венасының функциональды жетіспеушілігі кезінде варикозды ауруға байланысты жасалған радикальды венэктомияны немен толықтыру керек?

5. 35 жастағы науқаста 3 жыл бұрын аппендэктомиядан 3 тәуліктен кейін сол аяқтың ісінуі және цианозы анықталды. Консервативті емделген. Біртіндеп ісік қайтты, алайда айдан кейін беткей веналардың варикозды кеңеюі пайда болды. Қарап тексеруде сирақтың медиалды бетінің терісінің айқын трофикалық жаралары анықталды. Дистальды флебография кезінде сол аяқтың терең веналары толығымен реканализацияланған, балтыр деңгейінде терең веналардан беткей венаға қан лақтырысы анықталды. Балтырдың трофикалық жарасы рецидивінің алдын алуға қандай операция көмектеседі

6. Аяқтың варикозды ауруының дамуына қатыспайтын факторды атаңыз:

7. Аяқтың варикозды ауруына келесі клиникалық белгілер тән:

8. Посттромбоздық аурудың негізгі клиникалық симптомдарына жатпайытын симптомды атаңыз:

9. Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 26 жастағы науқаста асқынбаған шұғыл босанудан кейін 8-ші күні санның ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін үлкен теріасты венасының бойымен ауырсыну, гиперемия және тығыздалу пайда болды. Науқас қантамырлық бөлімшеге ауыстырылды. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз:

10. Аяқтың варикозды ауруының асқынуы болып табылмайтын асқынуды көрсетіңіз:

11. Аяқтың варикозды ауруына тән симптом:

12. Варикозды аурудың субкомпенсацияланған формасымен ауыратын науқастар қандай шағым айтады?

13. Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 5 жастағы науқас 5 күн бұрын пайда болған гипертермия, сол санның беткей веналары бойымен ауырсыну, қызару, тығыздалу шағымдарын айтты. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Сол аяқтың ісінуі мен цианозы жоқ. Сол санның ішкі бетінде варикозды кеңейген веналар бойымен гиперемия анықталады және санның ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін ауырсынатын тяж пальпацияланады. Сіздің тактикаңыз?

14. 37 жастағы науқас Ю. аяқтың веналарының варикозды кеңеюі клиникасымен түсті. Бұл патологиямен 8 жыл бойы ауырады. Соңғы кезде аяқ терісінің трофикалық бұзылыстары дамығанын байқады. Бұл немен байланысты болғанын айтыңыз:

15. Аяқ веналарының варикозды кеңеюімен науқас түсті. Түпкілікті тексеру және зақымдану дәрежесін анықтау үшін флебография тағайындалған. Бұл әдіс аса кең таралғанын ескеріп, науқасқа қандай флебография әдісін жүргізуді ұсынасыз?

16. Науқаста тері және теріасты шелмайының айқын трофикалық өзгерістерімен аяқтардың коммуникантты веналарының шамасы жоқтығы, қандай операция тағайындаған жөн?

17. Аяқтың терең веналарының тромбозының аса қауіпті асқынуы қандай?

18. Операциядан кейінгі кезеңде аяқтардың қан ағысын жақсартуға ықпал ететін факторды атаңыз:

19. Жүктіліктің 38 аптасындағы 20 жастағы науқас әйел үйіне жедел жәрдеммен шақыртылдыңыз. Қарау кезінде Сіз илиофеморальды веналық тромбозды диагностикаладыңыз. Не істеген жөн?

20. Гинекологиялық бөлімшеде жатқан 50 жастағы науқаста миомаға байланысты жатырды алып тастағаннан екі тәуліктен кейін илиофеморальды веналық тромбоз диагностикаланды. Сіздің тактикаңыз?

21. Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 26 жастағы науқас әйелде асқынбаған шұғыл босанудан 8 тәуліктен кейін санның жоғарғы 1/3 бөлігі деңгейіне дейін үлкен теріасты венасы бойымен ауырсыну, гиперемия және тығыздалу пайда болды. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз:

22. Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 50 жастағы науқас 5 күн бұрын пайда болған гипертермия, сол санның беткей веналары бойымен ауырсыну, қызару, тығыздалу шағымдарын айтты. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Сол аяқтың ісінуі мен цианозы жоқ. Сол санның ішкі бетінде варикозды кеңейген веналар бойымен гиперемия анықталады және санның ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін ауырсынатын тяж пальпацияланады. Ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша аяқтың терең магистральды веналары толығымен өтімді. Сіздің тактикаңыз.

23. Хирургиялық стационарға ұзақ уақыт бойы оң аяқтың варикоздық ауруымен ауыратын 55 жастағы науқас әйел түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Оң жақ санының ауырсынуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Санның медиалды бетінде тізе буыны деңгейінен ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін гиперемия жолағы көрінеді және тығыз ауырсынатын шнуртәрізді тяж пальпацияланады. Аяғы ісінбеген. Хоманс симптомы теріс. Қандай емдеу шараларын қолданған жөн?

24. Операциядан кейінгі кезеңде аяқты эластикалық бинтпен бинттаудың мақсаты не?

25. Аяқтардың флеботромбозы несімен қауіпті?

26. Сіз хирургиялық стационар жағдайында 3 күн бойы ауырған науқасты 30 жыл бойы оң жақ балтырдың терең веналарының жедел тромбозына байланысты емдеудесіз. Сіздің тағайындауларыңыз:

27. Ревматикалық митралды стеноз және жыпылық аритмиямен ауыратын 66 жастағы науқаста кенеттен оң аяқта ауырсыну пайда болды. Қарау кезінде оң аяқтың айқын ісінуі байқалды. Аяқтың тері жабындылары цианотикалық, теріасты веналық суреті күшейген. Санның тамырлық шоғыр аймағын пальпациялағанда ауырсынады. Хоманс симптомы оң. Табан артерияларындағы пульсация айқын анықталады. Диагнозды көрсетіңіз:

28. Веналарда тромбтүзілуіне ықпал ететін факторларды атаңыз:

29. Аяқтың теріасты веналарының жедел тромбофлебиті кезінде келесі препараттар қолданылады:

30. Аяқтың варикозды ауруы кезінде оперативті араласудың мақсаты:

Наши рекомендации