Биохимия кафедрасының меңгерушісінің м.а.

Медициналық-профилактикалық факультеттің (Қоғамдық денсаулық сақтау және Медициналық-профилактикалық іс мамандықтары) 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтиханның ІІ сатысы - тәжірибелік дағдыларды қабылдауға арналған жағдайлық есептер

Жағдайлық есеп №1

Зерттелетін ерітіндімен сапалық реакциялар жүргізу барысында анықталды: биурет реакциясы –оң, нингидрин реакциясы – оң, Шульце-Распайль реакциясы – теріс, Адамкевич реакциясы – теріс. Ерітіндіде қандай белок бар – құнды ма немесе құнсыз ба? Жауабыңызды түсіңдіріңіз. Белок ерітіндісінде алмастырылмайтын амин қышқылдары бар екенін дәлелдеу үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?

Жағдайлық есеп №2

Казеиноген белогының ИЭН-сі рН=4,7. Қандай жағдайда (рН- 3,7; 4,7; 8,0) осы белок тұнбаға жеңіл түседі? Неге?

Жағдайлық есеп №3

Белок ерітіндісіне оған бірдей көлемдегі қаныққан аммоний сульфатын қосқанда тұнба түзілді. Қандай белок тұнбаға түсті? Неге? Бейтарап тұздарын қосу арқылы ерітіндіден белокты бөліп алу әдісі қалай аталады?

Жағдайлық есеп №4

Белоктың қышқылдық гидролизінің дәрежесін анықтаңыз, егер белгілі болса:

1) Биурет реакциясы – оң, тұздалу реакциясы – тұнба;

2) Биурет реакциясы – әлсіз күлгін түс, тұздалу реакциясы – тұнба пайда болмады;

3) Биурет реакциясы – теріс, тұздалу реакциясы – тұнба пайда болмады.

Жағдайлық есеп №5

Дезоксирибонуклеопротеиннің жекелей қышқылдық гидролизі жүргізілген. Гидролизатта УМФ, ЦМФ, дАМФ барын анықтауға бола ма? Жауабыңызды түсіңдіріңіз.

Жағдайлық есеп №6

Рибонуклеопротеиннің жекелей қышқылдық гидролизі жүргізілген. Гидролизатта ТМФ, ГМФ, ц.АМФ барын анықтауға бола ма? Жауабыңызды түсіңдіріңіз.

Жағдайлық есеп №7

Ашытқыны тоңазытқышқа қойды, бір тәуліктен кейін ашытқыға глюкоза ерітіндісін қосты, кейін термостатқа +370С температураға қойды. Осы жағдайда глюкозаның ашуы байқалады ма? Неге? Ал егер ашытқыны қайнатса не болады?

Жағдайлық есеп №8

Белгісіз ерітіндіге оптималды температура жағдайында сілекей амилазасы қосылды. Йод қосқан кезде сұйықтық сары түске боялды. Пробиркада қандай заттың ерітіндісі болды? Қандай өнім түзілді?

Жағдайлық есеп №9

α – Аланин және α –кетоглутар қышқылының қоспасы бар пробиркаларға: біріншісіне-бауыр гомогенаты, екіншісіне – алдын ала қайнатылған бауыр гомогенаты қосылды. Пробиркаларды оптималды температура жағдайында 30 минутқа қойылды. Қандай және қай пробиркада реакция жүреді? Қандай өнім пайда болады? Неліктен басқа пробиркада реакция жүрген жоқ? Түсіндіріңіз.

Жағдайлық есеп №10

Науқаста қанның биохимиялық зерттеу барысында аспартатаминотрансфераза ферментінің активтілігі жоғарлағаны анықталды. Қандай ағзалар немесе тіндер зақымдағаны туралы ұйғаруға болады? Қанда аминотрансферазаларды анықтаудың клиникалық маңызы қандай?

Жағдайлық есеп №11

Науқаста бауыр аурулардың белгілірі байқалады. Қандай ферменттерді анықтау дәрігерге зақымдаған жерді анықтауға көмектеседі?

Жағдайлық есеп №12

Пробиркаға гидрохинон ерітіндісін, сутек асқын тотығын және желкек сығындысын қосты. Екінші пробиркаға – аталған реактивтер, сутек асқын тотығыдан басқа, қосылды. Қай пробиркада гидрохинон тотығады? Неге? Желкек сығындысының құрамында қандай фермент бар?

Жағдайлық есеп №13

Жасушада анаэробты жағдай қалыптасты. Үш карбон қышқыл циклының (ҮКЦ-ның) реакцияларында не байқалады? Неліктен? Активті сірке қышқылының бір молекуласының тотығуының энергетикалық балансы қандай?

Жағдайлық есеп №14

Қан сарысуында пируваттың мөлшері жоғарылады, кейін осы қышқыл зәрдің құрамында пайда болады. Қай витаминнің авитаминозы кезінде бұл жағдай байқалады? Осы авитаминоз кезінде пируват мөлшерінің жоғарлау механизмін түсіңдіріңіз. Осы витаминнің тәуліктік мөлшері қандай? Негізгі тағам көздері.

Жағдайлық есеп №15

Науқаста амин қышқылының алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі зақымданған, дерматит ауруы байқалды. Қай витаминмен емдеу қажет? Осы витаминнің тәуліктік мөлшері қандай? Негізгі тағам көздері. Жалпы дерматит кезінде қандай витаминдерді қолдануға болады?

Жағдайлық есеп №16

Науқаста қатерлі Аддисон-Бирмер анемиясы (пернициозды анемия, немесе мегалобласты анемия). Бұл жағдай қай витаминдердің жетіспеушілігінен болады? Неліктен осы витаминдердің жетіспеушілігінде анемия дамиды? Осы витаминдердің тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

Жағдайлық есеп №17

Науқастың кешке қарай көру қабілеті төмендеген. Көз жанары мен кілегей қабаттары құрғаған, терісі құрғап түлей бастаған. Қандай витамин жетіспегенде мұндай құбылыстар дамиды? Тәуліктік қажеттілігі және табиғатта тарауы. Осы витаминнің провитамины қандай? Қай жерде осы витаминнің провитамины жеткілікті мөлшерде болады?

Жағдайлық есеп №18

Науқас баланың басы үлкен, еңбегі бітпеген, аяқ сүйектері қисайған. Емдеу үшін қандай витамин тағайындау керек? Неге күннің көзінде көп жүретін балада осы белгілер байқалмайды? Осы витаминнің тәуліктік мөлшері және табиғатта таралуы.

Жағдайлық есеп №19

Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері 1) 2,0 және 2) 8,5 ммоль/л тең. Осы жағдайдайлар қалай аталады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері қандай? Глюкозаның осы аталған мөлшерінде бауырда қандай үрдіс күшейеді - гликогеногенез бе немесе гликогенолиз бе?

Жағдайлық есеп №20

Глюкозаның аэробты тотығу кезінде қанша НАДН2, ФПН2, ацетилКоА және АТФ молекуласы түзіледі? Санаған кезде АТФ түзілетін реакцияларын схема арқылы көрсетіңіз.

Жағдайлық есеп №21

Глицерин тотыққанда қанша НАДН2, ФПН2, ацетилКоА және АТФ түзіледі? Санаған кезде АТФ түзілетін реакцияларын схема арқылы көрсетіңіз.

Жағдайлық есеп №22

Тристеарин тотыққанда қанша НАДН2, ФПН2, ацетилКоА және АТФ түзіледі? Санаған кезде АТФ түзілетін реакцияларын схема арқылы көрсетіңіз.

Жағдайлық есеп №23

Бета-гидроксимай қышқылы тотыққанда қанша НАДН2, ФПН2, ацетилКоА және АТФ түзіледі? Санаған кезде АТФ түзілетін реакцияларын схема арқылы көрсетіңіз.

Жағдайлық есеп №24

22 көміртектен тұратын май қышқылының синтезіне қанша АТФ пен НАДФН2 жұмсалады? Осы май қышқылының синтезін схема арқылы көрсетіп, дәлелдеңіз.

Жағдайлық есеп №25

Науқаста өт қышқылдарының түзілуі төмендеген. Бұл қандай жағдайға әкелу мүмкін? Өт қышқылдарының қызметтерін атаңыз.

Жағдайлық есеп №26

Май қышқылы тотыққанда 148 АТФ түзілді. Қандай май қышқылы тотығуға түсті? АТФ түзілетін реакцияларын схема арқылы көрсетіп, дәлелдеңіз.

Жағдайлық есеп №27

5 мл асқазан сөлін титрлеген кезде бос тұз қышқылын бейтараптауға 2,5 мл 0,1 н NaOH ерітіндісі жұмсалды, В көлемі 3 мл-ге тең, барлық қышқылдық заттарды бейтараптауға 4,5 мл NaOH жұмсалды. Жалпы қышқылдық, бос және байланысқан тұз қышқылының қышқылдығын есептеңіз. Алынған нәтижелерге түсінік беріңіз.

Жағдайлық есеп №28

Науқас асқазан маңының шаншып ауыратынын айтты, әсіресе аш қарынға және түнде, қыжыл мазалайды, кекіреді. Асқазан сөлін зерттеу кезінде қанға сапалық реакция оң болды, жалпы қышқылдық 90 мМоль/л тең. Асқазанның қай ауру туралы ойлауға болады?

Жағдайлық есеп №29

Науқас асқазан тұсының ауыратына, кекіргенде күкіртсутек иісі (шіріген жұмыртқа иісі) шығатына шағымданды Асқазан сөліне талдама жасағанда бос тұз қышқылының жоқ екені анықталды. Осы жағдай қалай аталады? Қандай асқазан ауруында ол байқалады?

Жағдайлық есеп №30

Науқаста қанның құрамындағы мочевина мөлшері қалыпты мөлшеден шамадан тыс болды. Қанның құрамындағы мочевинаның қалыпты мөлшері қандай? Қандай ағза зақымдағаны туралы болжауға болады? Қандай жағдайда осы көрсеткіш қанда күрт азаяды?

Жағдайлық есеп №31

Науқаста бауыры зақымдаған. Қандай билирубин түрі қанда көбейеді? Зәр анализі қалай сипатталады? Зәр мен нәжіс түсі қалай өзгереді? Бұл неге байланысты?

Жағдайлық есеп №32

Гемолитикалық сарғыштану кезінде қанда қандай билирубин түрі жоғарлайды? Зәр мен нәжіс түсі өзгереді ма? Жауабыңызды түсіңдіріңіз.

Жағдайлық есеп №33

Науқаста сарғыштанудың белгілері байқалады. Қанның құрамында тікелей және тікелей емес билирубин мөлшері, бауырлық ферменттер жоғарлаған. Науқаста сарғыштанудың қандай түрі анықталады? Бауыр зақымдағанда қанда қандай өзгеше ферменттер ұлғаяды? Зәр мен нәжіс түсі қалай өзгереді? Бұл неге байланысты?

Жағдайлық есеп №34

Зерттелетін зәрде глюкоза анықталды. Қанда глюкоза мөлшері жоғарлаған. Қан мен зәр құрамында кетон денелерінің мөлшері ұлғайған. Ауыздан ацетон иісі сезіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз? Неге осы жағдайда зәрде глюкоза анықталады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері.

Жағдайлық есеп №35

Қан сарысуын фракциялаған кезде анықталды: жалпы белогтың қалыпты мөлшерінде гамма-глобулиндердің мөлшері жоғарлаған. Бұл нені білдіреді? Электрофорез әдісінің мәні неде?

Жағдайлық есеп №36

Ерітіндіде белоктарды не арқылы тұнбаға түсіруге болады? Әрқайсының тұнбаға түсіру механизмін түсіндіріңіз.

Жағдайлық есеп №37

Бояу шығару өндірісінің қызметкерінде орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері байқалады, көру және есту қабілеттері нашарлаған, табан асты мен қолдары, ауыз айналасы мен кеуденің алдынғы жағы шаншиды. Дәрігер өндіріспен байланысты созылмалы интоксикацияны (улану) болжайды. Қандай улы элемент ағзада аталған өзгерістерді тудырады? Осы элементпен созылмалы уланудың арнайы аты қандай? Осы элемент ағзаға қандай жолмен түседі?

Жағдайлық есеп №38

Түсті металдар өндірісінің қызметкерінде анемия белгілері, жүйке жүйесінің, бүйректің зақымдануы байқалады. Зәрдің құрамында гем синтезінің өнімдері – копропорфирин мен аминолевулинаттың мөлшері жоғарлаған. Дәрігер өндіріспен байланысты созылмалы интоксикацияны (улану) болжайды. Қандай улы элемент ағзада аталған өзгерістерді тудырады? Осы элементпен созылмалы уланудың арнайы аты қандай? Осы элемент ағзаға қандай жолмен түседі?

Жағдайлық есеп №39

Металлургия компанияның қызметкері, осыған қоса көп темекі шегетін, дене салмағының азайғанына, жыныс бездерінің дисфункциясына, анемияға, тердің өзгеріске ұшырағанына шағымдады. Зерттеу барысында бүйректің, өкпенің зақымдағаны, остеомаляция анықталды. Биохимиялық анализ нәтижелерінде сілтілік және қышқылдық фосфатазаның, каталазаның бенселділіктері төмендеген. Дәрігер өндіріспен байланысты созылмалы интоксикацияны (улану) болжайды. Қандай улы элемент ағзада аталған өзгерістерді тудырады? Осы элементпен созылмалы уланудың арнайы аты қандай? Осы элемент ағзаға қандай жолмен түседі?

Жағдайлық есеп №40

Науқаста табан мен алақанның сүйелді гиперкератозы, алдын ала (ерте) шаш ағаруы, дәм мен иіс сезімі бұзылғаны байқалады. Зерттеу барысында бауырдың, жүйке жүйесінің, көздің, бронхтардың зақымдағаны анықталды. Науқас ұзақ уақыт гербицид пен пестицидтер шығару өндірісінде жұмыс істеген. Дәрігер өндіріспен байланысты созылмалы интоксикацияны (улану) болжайды. Қандай улы элемент ағзада аталған өзгерістерді тудырады? Осы элементпен созылмалы уланудың арнайы аты қандай? Осы элемент ағзаға қандай жолмен түседі?

Биохимия кафедрасының отырысында қарастырылды және талқыланды

Хаттама № _4 , « _29» __қараша 2011 ж.

Биохимия кафедрасының меңгерушісінің м.а.

Профессор Шарипов К.О.

Наши рекомендации