Бап. Әскери-медициналық ведомстволары (бөлімшелері) бар мемлекеттік органдардың құзыреті

1. Әскери-медициналық ведомстволары (бөлімшелері) бар мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, сондай-ақ ішкі істер органдарының әскери-медициналық қызметтерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
3) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарын, әскери және арнаулы қызметтерді медициналық қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жүзеге асырады;
4) ведомстволық денсаулық сақтауға бағынысты ұйымдар мен бөлімшелердің бастықтары лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) ведомстволық денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) ведомстволық бағынысты медициналық қызмет ұйымдарында медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;
7) ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдары мен бөлімшелерінің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді; ұйымдар мен бөлімшелердің үлгілік штаты мен штаттық нормативтерін; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, сондай-ақ ішкі істер органдарын медициналық қамтамасыз ету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
8) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
9) бейбіт және соғыс жағдайындағы медициналық мүліктің штаттары мен табельдеріне сәйкес комплектті-табельдік жарақтандырудың тізбесі мен құрамын анықтайды және бекітеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға әскери бөлімдер мен мекемелер шоғырланған аумақта шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оның күшін жою) туралы ұсыныс енгізеді;
11) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде медициналық қарап тексерулер жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді.

Бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының денсаулық сақтау саласындағы құзыреті

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары:
1) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындалды;
3) тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін бекітеді, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстар үлесін айқындайды;
4) азаматтарға бюджет қаражаты есебінен емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген дәрілік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;
7) донорларды қосымша көтермелеу көрсету туралы шешім қабылдайды;
8) денсаулық сақтау ұйымдарын, оларды толық көлемде орындау шартымен, денсаулық саласындағы уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;
9) салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі және меншік нысанасына қарамастан жұмыс берушілердің салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды ынталандыруы мен көтермелеуі туралы шешім қабылдайды.
2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) тиісті аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
4) қан мен оның компоненттерінің ерікті қайтарымсыз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды;
8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;
9) төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетуді, оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
10) мыналарды:
республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тысқары жерлерге таралатын жеке және заңды тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтер көрсетуді және еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптаманы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасын қоспағанда. медициналық қызметті; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
12) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді;
13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
14) халыққа алғашқы медициналық-санитариялық, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мен олардан емдеуді, оған қоса белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, тегін медициналық көмектік кепілді көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
15) ата-анасының және өзге заңды өкілдерінің келісімі бойынша балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардағы "тәуекел" топтарына жіберуді қамтамасыз етеді;
16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
17) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттіктері шегінде:
1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен медициналық білім беру саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
3) азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі функциясын жүзеге асырады;
6) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;
7) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық емдеу деңгейіне арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;
8) медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
9) денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік ақпараттың және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
12) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беріп отырады;
13) төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетуді, оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады және
үйлестіреді;
15) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды және қалыптастыруды ұйымдастырады;
16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс- қимыл жасайды;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады.

Наши рекомендации